Вестник казнпу им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г



Pdf көрінісі
бет174/277
Дата23.09.2022
өлшемі3.48 Mb.
#461190
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   277
Хабаршы ҚазҰПУ 22.04.2022

Сайлау Батыршаұлының «Дипломатиялық қызмет және халықаралық қатынастар» еңбегі 
дипломатияның жалпы тарихын ғана емес, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қызметі 
мен жүйесін, Сыртқы саясат тұжырымдамасын жан-жақты талдаған қазақ тіліндегі тұңғыш еңбек болып 
табылады. Сонымен қатар Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысы, «Дипломатиялық қатынастар туралы 
Вена конвенциясы» және басқа да маңызды халықаралық құжаттарды қазақ тілінде сөйлеткен Сайлау 
Батыршаұлының «Дипломатиялық қызмет және халықаралық қатынастар» еңбегі халықаралық қатынас, 
аймақтану, халықаралық құқық және саясаттану саласының мамандарына таптырмас еңбек болып 
табылады. Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы дипломатиясы, оның тарихы, әлемдік дипломатия-
ның тарихы мен тәжірибесін қарастырады. Еңбекте нормативтік құжаттар, белгілі халықаралық қатынас 
мамандары, отандық және шетелдік ғалымдар, саясаттанушылар, заңгерлер, тарихшылар және тағы 
басқалардың еңбектері басшылыққа алынған. Еңбекте Дипломатия тарихы, сонын ішінде Қазақ хандығы 
Кеңес Одағы мен шетел дипломатиясының тәжірибесі, бүгінгі заманғы әлемдік саясат, БҰҰ және басқа 
халықаралық ұйымдардың жүйесімен таныстырады. Кітаптың «Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясаты» 
атты он екінші тарауында өз тағдырын өзі шешкен жас мемлекеттің жаһандық саяси және экономикалық 
үрдістерге қатысып дипломатиялық қатынастар орнатқандығы қарастырылады [7, 5-9 бб.].
2010 жылы Қазақ заң университетінің ғалымдары Хан Г.Б., Суворов Л.С., Рахманова Г.Б. дайындап 
шығарған «Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты» атты ұжымдық монография тәуелсіздіктің 
алғашқы онжылдығында қол жеткізген табыстарын жан-жақты, терең талдаған алғашқы іргелі еңбектің 
бірі деуге болады [8]. 2003 жылы бұл еңбек қазақ тіліне аударылып жарық көрді. Авторлар бұл еңбекте 
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тәуелсіз елдің сыртқы саясатының негізін қалаушы 
рөлін, стратегиялық мақсаты мен міндеттерін, оларды жүзеге асыруға негіз болатын негізгі критерилерді 
айқындап, тарих сахнасына жаңа шыққан жас мемлекеттің сыртқы саясатының негізгі бағыттарын 
белгілеп бергендігі туралы концептуалды тұжырым жасайды [8, 8-85 бб.]. Авторлар Қазақстанның ТМД 
елдерімен, Ресей және Қытай, АҚШ сияқты алып елдермен екі жақты тиімді ынтымақтастық қалып-
тастыру, Азия аймағы, Еуропа елдерімен, аймақтық және халықаралық ұйымдармен тиімді екі және 
көпжақты қатынастар қалыптастырғанын, Қазақ елінің аймақтық және әлемдік қауіпсіздікті нығайтуға 
қосқан үлесі нақты дерек-дәйектермен талдап баяндайды. Кітап авторлары Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 
сыртқы саясатты айқындаушы рөлі 1992 жылы 23 мамырда жарияланған «Қазақстанның егеменді 
мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» деген бағдарламалық мақаласында көрініс 
тапқанын және Сыртқы істер министрлігі мен қажеттілік туындағанда шетелдермен саяси, экономикалық, 
мәдени байланыстарға түсетін барлық мемлекеттік органдардың негізгі сүйенетін басты құжаты 
болғанын атап көрсетеді [8, 18-20 бб.]. Кітапқа алғысөз жазған заң ғылымдарының докторы, профессор 
М.С. Нәрікбаев тәуелсіздіктің алғашқы онжылдығында Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
басшылығымен республиканың сыртқы саясаты өзінің қалыптасу кезеңін сәтті және нәтижелі аяқтап, ол 
мемлекеттік саясаттың негізгі құрамдарының біріне айналды. Қазақстан өзінің мемлекеттік, ұлттық қауіп-


 Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы, №1(72), 2022 ж.
 
170 
сіздігін қамтамасыз етіп, дүниежүзілік экономикаға үйлесімді кірігуге жағдай жасалды деп бағалайды. 
Бұл монография тек 2001 жылға дейінгі кезеңді қамтиды және одан кейінгі кезеңді пайым-дайтын 
жалғасы жазылмай қалғандығы өкініш туғызады. 
Қазақстан Республикасының дипломатиялық әрекетінің тұтас бейнесін беретін Тимур 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   277




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет