Вестник казнпу им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г



Pdf көрінісі
бет178/277
Дата23.09.2022
өлшемі3.48 Mb.
#461190
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   277
Хабаршы ҚазҰПУ 22.04.2022

процессы» монографиясы жаһандану және аймақтандыру жағдайындағы Қазақстанның экономикалық 
дамуының өзекті мәселелеріне арналған. Автор Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыстарын 
кеңейту ерекшеліктері, сипаты, перспективалары, стратегиялық әріптестік проблемаларын, сондай-ақ 
Еуразиялық экономикалық кеңістігі шекарасындағы өңірлік экономика моделін қалыптастыру үрдістерін 
қарастырады. Жаһандану және аймақтандыру жағдайында Қазақстан Республикасының сыртқы эконо-
микалық саясаты, экономикалық құрылымы және стратегиялық экономикалық әріптестік бағыттарын 
қалыптастыру мәселелері осы зерттеудің құрылымын айқындайды. Бірінші тарауда, жаһандану және 
аймақтық интеграция жағдайында Қазақстанның сыртқы экономикалық саясатын қалыптастыру 
факторлары баяндалады. Халықаралық ұйымдардың заманауи жүйесінде Қазақстанның орны мен 
маңызын анықтау, сондай-ақ жаһандық экономикалық әріптестіктің басым салаларын көрсетуге 
талпыныс жасалған [17, с.9-35]. Екінші тарауда, Қазақстан экономикасының қазіргі заманғы құрылымы, 


ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г. 
173 
оның сыртқы және ішкі факторлардың әсерінен қалыптасу ерекшелігі талданады. Макроэкономика 
саласындағы үрдістер және Қазақстан сыртқы экономикалық қатынастарының перспективалары 
зерделенген [17, с.35-64]. Индустриялық-инновациялық экономика құру жағдайында елдің экономикалық 
құрылымының өзгеруіне сыртқы сауда саясатының әсері қарастырылады. Қазақстанның аймақтық 
экономикалық интеграция процестеріне қатысу проблемалары мен перспективаларына, республиканың 
әлемдік интеграциялық бірлестіктерге қатысушы елдермен сауда-экономикалық және инвестициялық 
ынтымақтастығын дамытудың қазіргі заманғы үрдістеріне және олардың ұлттық сыртқы экономикалық 
саясат векторларын қалыптастыруға әсеріне ерекше назар аударылады [17, с.36-42].
Сондай-ақ тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихы, Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаев туралы 
жазылған көптеген еңбектерде Президенттің сыртқы саясаттағы бастамалары қарастырылған. Мемлекет 
тарихы институты ғалымдары өз еңбектерінде Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың сыртқы саясаттағы рөлін 
пайымдауға айтарлықтай үлес қосты. 2010 жылы жарық көрген Қазақстандағы президенттік билік 
институты туралы ұжымдық монографияда мемлекет басшысының 1991-2010 жылдардағы сыртқы 
саясат саласындағы да қызметі нақты деректер негізінде талданған [18 ,368 б.]. «...Елбасы тәуелсіздіктің 
алғашқы күнінен бірінші болып қолға алған мәселе-шетел мемлекеттерімен заңды түрде достық және 
өзара ынтымақтастық келісім шарттар жасау болды. Екіншіден, бұрынғы КСРО елдері арасындағы сауда-
экономикалық қатынастарды сақтап қалуға баса назар аударылды. Себебі кезінде біртұтас жоспарлы 
экономикалық даму шеңберінде болған елдер үшін ендігі жерде жекедара даму өте көп қиындықтар 
туғызды. Үшіншіден, Қазақстан ядролық қаруы бар мемлекет ретінде танылды және осы себепті де 
әлемнің белді мемлекеттерінің назарын аударды. Ядролық қару мәселесін елдің егеемендігіне, қауіпсіз-
дігіне нұқсан келтірмей шешу міндеті қиын да болса тиімді шешілуі қажет болды. Төртіншіден, еліміздің 
табиғи байлықтары мен экономикалық әлеуетін тиімді пайдалану және ұйымдастыру арқылы нарықтық 
экономикаға көшіп, әлемдік экономикалық үдерістер қосылу міндетін ойдағыдай жүзеге асыру қажет. 
Бесіншіден, көп ұлтты мемлекет ретінде, ұлттар достығы және адам құқығы мәселесін демократиялық 
принциптерге сай жүзеге асыру асыру да бірінші кезектегі мәселе ретінде алда тұрды» - деп көрсетеді 
осы еңбектің авторлары. 
2010 жылы Мемлекет тарихы институты ғалымдары шығарған Қазақстан Республикасының 
Президенті Н.Ә. Назарбаевтың сыртқы саясаттағы бастамалары еңбегінде Қазақстан Республика-
сының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың XX ғасырдың соңы мен XXI ғасырдың алғашқы 
онжылдығы кезеңінде халықаралық қауіпсіздікті нығайту жолындағы бастамалары баяндалып талданады. 
Авторлар Қазақстан басшысының әлем назарын аударған осы бастамалары қолдау тауып ТМД, Азиядағы 
өзара ықпалдасу және сенім шаралары жөніндегі кеңес, ЕурАзЭҚ сияқты аймақтық құрылымдар құру 
арқылы жүзеге асқанын көрсетеді. Осы еңбектің авторлары Президенттің сыртқы саясаттағы 
бастамаларын төмендегі бағыттар бойынша жүйелеген: 
- Елбасының сыртқы саясаттағы құзіреті; 
- Президент және ТМД елдері: еуразиялық форматтағы Елбасының бастамалары; 
- Елбасының ғаламдық және аймақтық қауіпсіздікті нығайту бойынша бастамалары; 
- Қарусыздану және ядролық қаруды таратпау бойынша Президенттің көтерген бастамалары; 
- Қазақстан және әлемдік қауымдастық: ғаламдық, өркениетті және дағдарысқа қарсы бастамалар
[19, с. 369].
Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты ғалымдары 2011 жылы жазған 
«Тәуелсіз Қазақстан тарихы» ұжымдық монографиясы [20, с. 400] еліміздің сыртқы саясаты тарихын 
2011 жылға дейін ұзартып біршама жоғарыда айтылған олқылықтың орнын толтырғандай болды.
Монография республиканың жалпы тарихы дамуын талдағанымен, оның «Қазақстан және әлемдік 
қоғамдастық» аталатын еңбектің ¼ бөлігін қамтитын 7-ші тарауын Несіпбаева Ж.Ж., Нұрымбетова К.К., 
Нұрсұлтанова Л.Н., Оразбек Е.Ж., Мұстафаев Н.И., Қалиев Ж.А. сияқты сыртқы саясат саласын 
зерттеушілер жазған [20, с.7]. Бұл еңбектің бір ерекшелігі Қазақстанның әлемнің жекелеген елдерімен екі 
жақты қатынастары тарихында Азия мен Африка елдерімен саяси және экономикалық байланыстарына 
баса назар аударғаны. Мәселен, Моңғолия мемлекетімен қатынас тарихи, дәстүр, және мәдени дамудағы 
екі халықтың арасындағы ғасырлар тереңіне бойлайтын ортақ байланыстардың рөлі елеулі болғанына 
көңіл бөледі [20, с.317]. 1991-2006 жылдары екі ел астам экономика, кеден, салық, мәдениет салаларын-
дағы ынтымақтастық бойынша 40 астам екіжақты үкіметаралық, ведомствоаралық келісімшарттар жасап 
жүзеге асырғандығын келтіреді. Қазақстанның 90-шы жылдары Азия құрылығының қиыр шетінде 
орналасқан шағын ғана Тайланд мемлекетімен экономикалық жақсы байланыстар жасағаны да көп 
жазыла бермейтін тақырыптың бірі. Мәселен, осы еңбекте 1992 жылы Тайландтан 8,9 млн рубльге 


 Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы, №1(72), 2022 ж.
 
174 
микроЭВМ, есептегіш машиналар т.б. импортталса, 1993 жылдың тек бірінші тоқсанында ғана Қазақстан 
Тайландқа 12,76 млн долларлық өнім экспорттағаны жазылады. Бұл деректер Қазақстанның алғашқы 
жылдардан бастап сыртқы саясатты жүргізуде нақты бір мемлекеттер немесе аймақтармен шектеліп 
қалмай көпжақты сауда-экономикалық қатынастарды да қалыптастыруға ұмтылғанын көрсетеді. 
Авторлар Қазақстанның сыртқы байланыстары қызметін посткеңестік республикалар, Еуропа, Азия және 
Африка аймағы елдерімен, АҚШ және аймақтық ұйымдармен жүргізген бағыттарына қарай топтастыр-
ған. Осы тарауды жазуға аталған авторлар 156 дереккөзін пайдаланған [20, с.358-363]. Атап айтқанда ҚР 
Президенті архивінің 75-Н қорынан – он жеті, 7-ші қордан - екі, 5-ші қордан екі істі және бірнеше құжат-
тар жинақтарын, бірқатар ғылыми еңбектерді, халықаралық қатынастар мен сыртқы саясатты безбен-
дейтін «Дипломатический вестник», «Дипломатический курьер» сияқты арнайы ғылыми-ақпараттық 
журналдарды, сонымен бірге электронды дереккөздерін пайдаланулары еңбектің дереккөздерінің 
маңыздылығын көрсетеді. 
Біздің пайымдауымызша тәуелсіз еліміздің сыртқы саясатын зерделеген ғылыми басылымдарға 
жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқулықтарды да жатқызуға болады. Солардың қатарында 
ғылыми тұрғыдан маңыздысы Мемлекет тарихы институты шығарған «Қазіргі Қазақстан тарихы» 
оқулығы [21]. Оқулықтың 2-ші бөлімінің 5 тарауы «Қазақстан және қазіргі әлем» және 6 тарауының 6.3 
тақырыпшасы («Н.Ә. Назарбаевтың сыртқы саясаттағы басымдықтары») тәуелсіз еліміздің сыртқы 
саясатының тарихын баяндауға арналған. Тараудың соңында берілген әдебиеттерге қарағанда авторлар 
сыртқы саясатты баяндауда негізінен Н.Ә. Назарбаев пен Қ-Ж.К. Тоқаевтың еңбектеріне сүйенгені 
байқалады. Ғалымдар Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың сыртқы саяси доктрина-
сының діңгегі-көпбағытты саясат ұстану болды. Көпбағыттылық-әлемде елеулі рөл атқаратын және 
Қазақстан үшін қарым-қатынаста маңызды болып табылатын мемлекеттердің барлығымен достық әрі 
әріптестік байланыс орнатты деген сөз» деп түйін жасайды [21, 351 б.].
Еңбек авторлары пікірлерін Президенттің «Қазақстан геосаяси жағдайы және экономикалық 
әлеуетіне орай тар, аймақтық деңгейдегі мәселелермен шектеліп қалуға құқығы жоқ. Бұлай істеу, тек 
елдің көпэтникалы халқына ғана емес, сонымен қатар әлемдік қауымдастыққа да түсініксіз болар еді. 
Қазақстанның болашағы-Азиямен де, Еуропамен де, Шығыспен де байланысты. Осындай саясат жүргіз-
генде ғана біз Қазақстанның қауіпсіздігіне төнетін қатерлерден сақтана аламыз. Елдегі экономикалық 
және саяси жаңаруларға сыртқы саяси қолайлы жадайды нығайта аламыз. Сыртқы қоршаған орта қолай-
сыз болса, таяу және ұзақ мерзімге белгілеген мақсаттарымызға жетуіміз екі талай» деген пікірімен 
дәйектейді. Авторлар еңбекте республиканың әлемдік қоғамдастықпен және халықаралық ұйымдармен 
өзара қатынастарына баса ден қояды. Сонымен бірге басқа мемлекеттермен ынтымақтастығы мәселелерін 
де талдайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   277




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет