Вестник казнпу им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г



Pdf көрінісі
бет177/277
Дата23.09.2022
өлшемі3.48 Mb.
#461190
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   277
Хабаршы ҚазҰПУ 22.04.2022

 Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы, №1(72), 2022 ж.
 
172 
дерегі де республиканың сыртқы саяси қызметінің бір қырын аша түседі. Еңбек авторы Қазақстанның 
1992 жылы Таулы Карабах жері үшін бір бірімен қарулы қақтығысқа түскен Әзірбайжан мен Армения 
сыртқы істер министрлерін Алматыға шақырып кездестіріп, үш күн бойы келіссөздер жүргізуге 
араағайындық жасауы нәтижесінде екі мемлекет сол жылдың 1 қыркүйегінде әскери қимылдарды тоқтату 
туралы Меморандумға қол қоюы туралы маңызды дерек халықаралық аренаға енді қадам басқан 
Қазақстан Республикасының аймақтық қауіпсіздікті нығайтуға қосқан алғашқы үлесі ретінде бағалайды 
[14, с. 226-227]. 
А.Арыстанбекова мен С.Құрманғожиннің ғылыми еңбектері сыртқы саясат қызметі саласында тек 
мемлекет басшысы ғана емес, осы ведомствода жауапты қызмет атқарған тарихи тұлғалардың да елеулі 
рөл атқаратындығы туралы пікір қалыптастыруға негіз болады деп білеміз.
Қазақстандық дипломат, тарих ғылымдарының кандидаты Е.Х. Қазыхановтың жалпы редакция-
сымен шыққан «Казахстан в международном сообществе» кітапта Қазақстанның Еуразиялық кеңіс-
тіктегі жетекші халықаралық ұйымдар мен өңірлік интеграциялық үдерістердегі көпжақты дипломатия 
аясындағы қызметін ашып көрсетеді. Қазақстан тәуелсіздіктің 20 жылы ішінде БҰҰ, ЕҚЫҰ, ИЫҰ 
көпжақты қызметіне, өңірлік ұйымдардың жұмысына қатысуы, оның қарусыздану, ядролық қаруды 
таратпау, бейбітшілікті қолдау және халықаралық қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту, экономикалық 
және гуманитарлық ынтымақтастық саласындағы өзекті мәселелерді шешуге қосқан үлесі егжей-тегжейлі 
қаралады. Қазақстанның ТМД және ЕЭО аясындағы интеграциялық процестердің бастамашысы ретіндегі 
белсенді рөлі ашылды. ҚР Президентінің Тәуелсіздіктің таңынан жария еткен көпвекторлы сыртқы саясат 
қағидаттары өміршеңдігін растап, бүгінгі таңда халықаралық қоғамдастықпен өзара іс-қимылдың 
баламасыз негізіне айналды. Күн сайын елдің жаһандық саясат пен экономикадағы рөлі мен маңызы 
артып келеді. Қазақстан дипломатиясы Мемлекет басшысы белгілеген стратегиялық сыртқы саяси 
басымдықтарды табысты іске асыруда. Бұл жұмыста көп жақты дипломатияға көп көңіл бөлінеді. Оның 
жаһандану және қазіргі халықаралық координаттар жүйесіндегі түбегейлі өзгерістер жағдайында маңызы 
бірнеше есе өсті [15, с.10-14]. Ал осынау түбегейлі өзгерістер жағдайында тиімді сыртқы саясат-бұл ең 
алдымен қауіпсіздік саласындағы тәуекелдер мен қатерлерді азайту, сонымен қатар қазақстандық 
экономикаға ұзақ мерзімді инвестициялар тарту болып табылады. Міне осы мәселелер төңірегінде жақсы 
талдау жүргізе отырып, жазылған еңбек болып табылатын бұл еңбек халықаралық қатынастар 
саласындағы мамандар, сарапшылар қауымдастығы, мемлекеттік органдар қызметкерлері және басқа да 
қалың жұртшылыққа арналған. 
Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатын саралаған ғылыми еңбектер жазып жүрген тарих 
ғылымдарының докторы, профессор Ғ.М. Қарасаевтың 2009 жылы жарық көрген монографиясында [16, 
205 б.] елімізідің 1991-2008 жылдар аралығындағы халықаралық жағадайы мен сыртқы саясатына талдау 
жасалған. Автор еңбегінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
тәуелсіздік жылдары еліміздің сарабдал сыртқы сыртқы саясатын қалыптастырудағы бастамашылық 
және бағыт берушілік қызметіне екпін түсіре талдайды. Автор еліміз тәуелсіздік алғаннан бергі 18 жылда 
халықаралық қатынастарда Қазақстанның өзіне лайықты орын алуы және сыртқы саясаттағы табыстары 
президент Н.Ә. Назарбаевтың еңбегімен, есіміммен тығыз байланысты деп тұжырымдайды [16 ,197 б.]. 
Еңбек авторы сонымен бірге Қазақстанның өз еркімен ядролық полигонды жауып, ядролық қарудан бас 
тартуы, халықаралық қауіпсіздік пен ынтымақтастықты нығайтуға үлес қосқан бірнеше халықаралық 
және аймақтық ұйымдарды құруға бастамашы немесе белсенді құрылтайшысы болған қызметі елімізді 
әлемге бейбітшілік сүйгіш мемлекет ретінде мойындатты деген пайым жасайды. 
Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының жетекші ғылыми қызметкері, экономика 
ғылымдарының докторы Д.Ш. Мұхамеджанованың «Казахстан и международные интеграционные 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   277




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет