Вестник казнпу им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г



Pdf көрінісі
бет194/277
Дата23.09.2022
өлшемі3.48 Mb.
#461190
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   277
Хабаршы ҚазҰПУ 22.04.2022

Негізгі бөлім: Қазақстанда ежелгі түркі руникалық жазуларының таралу аймағы өте кең – бұл Талас, 
Іле, Сырдария, Ертіс, Жайық өзендерінің аңғарларынан, Тараз маңында керамикалық ыдыстардан, 
Шығыс Қазақстан маңындағы Алматы маңындағы Жақсылық қалашығында да түркі жазулары жазылған 
бірқатар тұрмыстық құралдар табылды. Дей тұрғанмен ол жазулардың ішінде ең танымалдары Білге 
қаған мен оның ағасы Күлтегіннің құрметіне қойылған Қошоцамдай ескерткіштері, 732-735 жылдары 
тұрғызылған стеллалар, сондай-ақ 716 жылдан кейін құрылған Екінші Шығыс Түрік қағанатының бірінші 
қағандарының кеңесшісі (689-744 жж.) Тоныкөк стелласы(646-731 жж.). Орхон тобының барлық үлкен 
мәтіндері құрылымында біркелкі. Бұл ескерткіштерде түркі мемлекетінің жалпы тарихы баяндалып
олардың батырларының өмірі мен ерліктері туралы әңгімелерден тұрады. Жазбаларда көне түркі 
тайпалары мен ұлыстарының тарихын, идеологиясы мен мәдениетін, олардың тілі мен әдеби тәсілдерін 
зерттеуге арналған өте бай материалдар келтірілген. Орхон-Енисей түріктері мен көне түркі руникалық 
жазуының маңызын асыра бағалау мүмкін емес. Өйткені ол жазбаларда біздің бабаларымыздың төгілген 
қаны мен терінің нәтижесінде сол кездегі әлемде ең алып түркі империясының құрылу тарихы шынайы, 
әрі дәлме дәл суреттелген. Сонымен қатар олар елдің қоғамдық құрылымы мен салт-дәстүрлері, өзге 
елдермен қарым-қатынастары туралы толық мәліметтер жинақтаған дерек көзі болып табылады. Ежелгі 
түркі дәуірінің басталуымен бұрынғы империялар-Шығыс Азиядағы Қытай, Батыс және Орта Азиядағы 
Византия мен Иран жалғыз үстем ірі мемлекет болуын тоқтатты. Ал түріктер үлкен қашықтықтарға – 10 
мың километрге дейін жайылып қоныстанды, қазіргі түркітілдес ұлттар мен мемлекеттердің, соның 
ішінде қазақ халқының тікелей ата-бабаларына айналған халықтар мен империялар пайда болды. 
Арабтардың жаулап алуы кезінде арабтардың және еуропалықтардың Христофор Колумбтан кейінгі жаңа 
құрлықтарды – Америка мен Австралияны игеру кезінде қоныс аударуынан басқа, бірде-бір халықтар 
тобы мұндай үлкен ауқымда қоныстанбады. Ежелгі руникалық жазбаларда жалпы түркі идеологиясы 
көрініс тауып, Түркі халықтарының бостандығы мен тәуелсіздігінің кепілі ретінде орталықтандырылған 
мемлекеттілік тұжырымдамасы ұсынылған. Онда «халық», «мемлекет», «бостандық», «тәуелсіздік» 
сияқты қасиетті ұғымдарға қатысты Түркі Елін құрушылардың сарқылмас энергиясы мен берік еркі 
жатыр. Көне түркі жазба ескерткіштері-тіл, тарих, этногенез, география, жазбаша мәдениет саласында 
айрықша құнды дерек көзі болып табылады. Олар қазақ халқының көне ата-бабаларының тілі мен 
мәдениетінің, мемлекеттілігінің жоғары деңгейінің куәсі. 
«Түркі» сөзі біздің заманымыздан бұрынғы VІ ғасырда көшпелі халықтың атауы ретінде пайда 
болды. Ол кезде түркілер Монғолия мен Қытайдың солтүстік шекараларынан Қаратеңізге дейін созылып 
жатқан ұлы көшпелі империяның негізін қалады. Қазіргі заманда өмір кешіп жатқан біздерге ежелгі 


ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г. 
187 
түркілер өздерінің қасиетті иелігін, жерін қалдырған. Түркі мәдениетінің аса көрнекті жазба ескерткіші 
Құлтегін тасында былай деп жазылған: «Әлемнің көгінде аспан, астында қоңыр жер пайда болғанда, осы 
екеуінің арасында адам баласы жаратылды. Адам баласының үстінен менің бабаларым Бұмын қаған мен 
Истеми қаған билік жүргізді. Таққа отырған олар өз мемлекетін қорғап, Түркі заңдарын шығарып, 
бекітті» [4].
Н.А. Аристов «Түркілердің бастапқы шығу тегі олардың ата жұрты туралы» деген мәселеде: 
«Түркілердің негізгі басты үлкен тайпалары алғашында Алтайды мекендеген. Алтайдағы жер-су аттары 
көне түркі халық аңыздарына енуі бұған дәлел бола алады. Ежелгі түркі мемлекеті хундар империясы 
болып есептеледі», - дейді. 
1991 жылғы дерек бойынша әлемде 130 миллионның үстінде түркі халықтары өмір сүріп келеді. 
Олардың әрқайсының бай тарихы, мәдениеті, жазу-сызуы, рухани ұстанымдары болған. Ежелгі заманда 
печенегтер, қыпшақтар, оғыздар, иемектер, башқұрттар, ябакулар, татарлар, қырғыздар, тухсилар, 
яғмалар, играктар, чаруктар, жұмылдар, ұйғырлар, танғұттар, табғаштар т.б. 20-ға жуық түркі тайпалары 
өмір сүрген.Бұл мәліметтер Түркі халықтарының жазба ескерткішінде сақталған. V-ІХ ғасырларда 
түркілер қоныстанған Алтай, Сібір, Орта және Орталық Азия жерлеріне жазу, сызу, егін егу, әдебиет, 
өнер, тарих ғылымдарының, діни сенімдердің қалыптасқаны көпшілікке аян. Оған Енисей жазу 
ескерткіштері, Орхон жылнамасы мен Талас аңғарынан табылған ескерткіштер айғақ.
Орхон-Енисей жазу ескерткіштері табылған уақыт түркі тілдерінің даму тарихындағы «Көне түркі» 
дәуіріне сай келеді. Шығыс Түркі құрамында өмір сүрген тайпалар Орхон-Енисей жазуын қолданып, осы 
жазу тілінде сөйлеген. Түркілердің жазу ескерткіштерінің ең көп табылған жері – Орхон, Енисей, Селенга 
және Талас бойы. 
Орхон-Енисей жазуы өзінің жазу ерекшеліктері мен қолдану өрісіне сай Орхон-Енисей және Талас 
жазуы делініп екі топқа бөлінеді.
Енисей жазба мұралары деп аталуы тас бетіндегі сына жазуларының Енисей бойынан табылуымен 
байланысты. Бұған қосымша кейіннен Тува мен Хакасия, Краснояр өлкелерінен де осындай жазбалар 
табылған. Енисей жазбаларының жалпы саны – 85-ке жуық. Олардың ішінде кішігірім жазбалармен қатар 
ірі текстер де кездеседі. Енисей ескерткіштері көлемі жағынан негізінен шағын болып келеді. Ең үлкені 
10-15 жолдан, ең кішісі 1-2 жолдан ғана тұрады. Қолданылуы жағынан Енисей ескерткіштері – ескі түркі 
жазуының алғашқы шығып, қалыптасып, тараған нұсқасы. Бұл жазу бертіндеп Орхон өзені, одан Талас 
өзені өңіріне тараған. Бұл тұжырымның шындыққа жанасымдылығы жеке таңбалардың тәсілі мен 
жетілдірілуінен де байқалады. Енисей жазба ескерткіштерінің ең көне түрлері Минусинск ойпатынан 
табылған. Бұл жазбалар түркі халқы белгілі мөлшерде отырықшы болып, металл өңдеумен айналыс-
қанын, мәдениетті ел болғанын көрсетеді. 
Орхон жазуыларында көне түркі жазба мұраларының ішінде қазіргі түркі тектес халықтардың бәріне 
ортақ көне түркі әдеби тілінде жазылған. Ол кезде сонау Сібірден бастап Орта Азия мен Қазақстан 
аймағы тұтастай Түркі қағандығының қол астына қараған болатын. VІ ғасырдың ортасында қазіргі 
солтүстік Монғолия жерінде бас құраған Түркі қағандығы сол ғасырдың аяқ шенінде батысы Каспий 
теңізіне, шығысы Корей бұғазына дейінгі аралықты алып жатқан ұлы империяға айналды. Кейін келе 
Батыс Түркі және Шығыс Түркі қағандығы деп аталатын екі үлкен қағандыққа бөлініп кеткені белгілі. 
Солай бола тұра, V-VІІІ ғасырларда жартастардың беттері мен тас мүсіндерге, сондай-ақ кейбір 
ыдыстардың жиегі, түбі және қабырғаларына ойылып жазылған көне түркі жазбаларының ішіндегі ең 
маңыздысы – Орхон жазба мұралары. Орхон өзенінің бойынан табылған бұл ескерткіштердің ішінде 
тасқа қашалып жазылған үш тарихи мұра ерекше аталады. Оның біріншісі – 731 жылы өлген хан інісі 
Күлтегінге, екіншісі – 735 жылы өлген Білге қағанның өзіне, ал үшіншісі – Тоныкөкке арналған ескерт-
кіштер. Тоныкөк туралы Копенгагендік профессор В.Томсен мен Клеменц ханымның еңбектерінен 
мынадай мағлұмат алынды. Орхон жазбаларында көрсетілгеніндей, Тоныкөк деп табылған ескерткіште
ол – үш ханның ақылшысы және Білге қағанның құдасы болған адам. Қытай жазбаларында Тоныкөк 
жайлы 716 жылы айтылған. Елтерістің патшалық құруында оның қосқан үлесі туралы қытай және 
Тоныкөк жазбаларында толық көрсетілген.
Орхон жазбаларында әскери күш және әскери рух қаншалықты дәріптеліп отырғанына қарамастан, 
одан адамшылыққа жат пиғыл кездеспейді. Мәдениетті деген халықтардан шыққан басқыншыларда 
кездесетін қатыгездік және қатыгездіктен ләззат алу элементтері мұнда атымен жоқ. Жазба ескерткіште 
империяның құрылуы – халыққа көрсеткен қызметім, келтірген пайдам деп түсіндіреді.
Ал әскери тұрмысқа келетін болсақ, әрбір жауынгер соғыста ғана емес, күнделікті өмірде де ержүрек 
әрі ақылды болуы керек екенін ескертіп отырады. Жазба ескерткіштегі Білге қаған – үлкен ел басқарушы, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   277




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет