Вестник казнпу им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г



Pdf көрінісі
бет192/277
Дата23.09.2022
өлшемі3.48 Mb.
#461190
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   277
Хабаршы ҚазҰПУ 22.04.2022

Өзектілігі: Біріншіден, қазіргі кезде кейбір шовинистер мен өз тарихынан мүлде хабарсыз 
отандастарымыздың «қазақтарда ешуақытта мемлекет те, оның шекарасы да, мемлекеттілік те болмаған 
деген сияқты қортындыларының мүлдем негізсіз екендігін ежелгі түркі жазбаларының мәліметтері 
арқылы дәлелдеу; екіншіден, ежелгі түркі жазбалары сөздерінің грамматикалық және мәндік, мағыналық 
жағынан қазақтардың сөздеріне ұқсастығын пайдалана отырып,қазақ халқының ежелгі түркілердің 
тікелей мұрагерлері екендігін дәлелдеу; үшіншіден, ежелгі түркі мемлекетін басқару, әскери, тәрбие 
істеріндегі құндылықтармен көпшілікті таныстыру болып табылады. Қазақтардың ежелгі түрілермен 
тарихи және генетикалық тұрғыдан байланысы ешқандай күмән тудырмайды. Дей тұрғанмен қазіргі 
қазақтар ежелгі түркілермен бірдей, немесе олар сол түркілердің жалғыз мұрагерлері деп те кесіп айтуға 
болмайды. С.Г. Кляшторныйдың пікірінше қазақтардан бөлек түркілер қырғыздардың, қыпшақтардың 
және оғыздардың этногенезін қалыптастыруға үлестерін қосқан [1]. Түркілер, қыпшақтар, және оғыздар 
бірнеше ғасыр бойы Қазақстан аумағында өмір сүргендіктен қазақтардың этногенезіне олар да өз 
үлестерін қосты. Әртүрлі қытай, армян, араб халықтардың жазбаларында бәрі бір ауыздан түркілердің 
монғол нәсіліне жататындығын жазған болатын. Түркілердің монғолоид нәсіліне жататынына тағы бір 
дәлел-VIII ғасырда өмір сүрген түркі қолбасшысы Құлтегіннің қазіргі заманға дейін сақталып қалған 
мүсіні. «Монголоидтық бет пішіні, жақтары шығыңқы, қысықша келген көздері Ашина руы өкілдерінің 
қай нәсілге жататындығы жөнінде ешқандай мәселе тудырмайды. Тек осы рудың өкілдері ғана 
түркілердің өз державасымен қатар, түркештер, қарлұқтар, хазарлар мемлекеттерінде қағандар болып 
тағайындалған болатын» [2]. Шындығында, түркі халықтарының бәрі бірдей монғол нәсілінің құрамына 
кірген жоқ. VI ғасырда Алтайды мекендеген олар жужандарға бағынышты болды. Жужандар ол кезде 
Орталық Азияға үстемдік етіп Қытайға қауып төндірді. 545 жылы қытай императоры ортақ жауы 
жужандарға қарсы күресу мақсатында түркі қағаны Бұмынға елші жіберді. Бір жылдан кейін түркілер 
оғыздарды өздеріне бағындырды. Сөйтіп қуаттанып алған Бұмын 551 жужандарды талқандап өзін қаған 
деп жариялады. Сөйтіп 20 жыл бойы жүргізілген жеңісті соғыстардың нәтижесінде аса қуатты 
түркілердің Түркі Елі қалыптасты. Түркілердің орасан зор империясы шығыста Сары теңізден батыста 
Қара теңізге дейін созылып жатты. Талай тамаша жеңістер мен қайғылы жеңілістерді басынан кешірген 
Түркі мемлекеті VIII ғасырда тарих сахнасынан кетуге мәжбүр болды. Түркі империясы ыдырағаннан 
кейін оның тікелей мұрагерлері Түркеш, Қарлұқ, және Хазар қағанаттары құрылды. Түркілердің бай 
тарихы олардың тасқа басқан жазуларында сақталып қалды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   277




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет