Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы, №1(72), 2022 ж.
188
Күлтегін - өз заманының даңқты батыры, Тоныкөк - әрі батыр, әрі шешен, жырау, әрі кемеңгер ақыл иесі.
Тастағы жазбада Тоныкөк мемлекет қамын ойлайтын басшы түрінде суреттелсе, Күлтегін өз ағасы Білге
қаған кезінде әскер басы болған, оның батырлығы сол кездегі ерліктің дара үлгісі ретінде беріледі.
Құлтегін, Білге қаған жазбаларының авторы Иоллықтегін деген адам болған.
Ежелгі түркілердің діни сенімдері негізінен Көкке (Тәңірге) және Жерге (Жер-суға) табыну болды.
Құдай күштерінің бұл жұбында Көк (Тәңір) негізгі болып саналады. Түркі қағандары тек Көк Тәңірісінің
бұйрығымен билік етеді деп түсінілген. Мәселен Білге қаған: «Түркі халқы жойылмасын, ел болсын!
Әкем Елтеріс қағанды, шешем Елбілге қатынды Тәңірі төбесіне ұстап, жоғары көтерген екен, мені қаған
етіп отырғызған екен», - депті. Түркі хандары өз жазуларында Тәңіріні үнемі өздеріне рақымды болуға
шақырады.
Мазмұны жағынан келесі құдай отбасы және балалардың жебеушісі - әйел құдай Ұмай болды. ХІХ ғ.
аяғында Ұмайға табыну Алтайдағы кейбір түркі тілді халықтар арасында сақталды. Бұлармен бірге Ұмай
түркілердің жоғарыдағы құдайлар үштігіне енді және олардың барлық істерін жебеп отырды. Бұл
Тоныкөк құрметіне қойылған ескерткіштен анық көрінеді, онда сәтті жорықтардың бірін суреттейтін
тұста былай делінген: «Көк Тәңірі, Ұмай (құдай), қасиетті Жер-су, міне, осылар бізге жеңіс сыйлаған
екен».
Қазіргі Қазақстан тарихы ғылымының ежелгі түркілер туралы құнды деректері мен мәліметтері
негізінен Білге қағанның, Құлтегіннің, Тоныкөктің және Мойыншараның құрметіне бұдан мың үш жүз
жыл бұрын қытай шеберлері мен суретшілеріне арнайы тапсырыспен орасан зор тас бағаналарға темір
қашаумен ойып салдырған жазбаларында сақталып, соншама уақыттың, жел мен қардың зиянды
әрекеттеріне төтеп беріп біздің заманымызға жетіп отыр. Бұл ескерткіштердің жазбаларында түркілердің
арасында болған әртүрлі мансаптардың атаулары: Қаған( хан, император), Ябгу (империяның белгілі бір
бөлігінің басқарушысы), шад, тегін атаулары кездеседі.
Қазақтардың ежелгі түркілердің туысқандық жағынан мұрагерлері екенін дәлелдейтін бір ғана атауға
назар аударатын болсақ: ол «тегін» атауы. Түркілерде бұл сөз «туысқан» деген мағынаны білдірген. Ал
қазақтарда осыған байланысты «текті» ұғымы бар. «Тектіден текті туады, ата жолын қуады», «Тегі
жақсының өзі жақсы», «Апырай, мына бала тегіне тартып, болайын деп тұр екен» т.б. мәтелдер мен
нақыл сөздер жиі кездеседі.
Қызғылықты дерек ретінде шадтар кейін қазақтың сұлтандарына, бүкілқазақтық ұлы хан- бұрынғы
түркілердің ұлы қағандардың ізбасарларына айналуын қарастыруға болады. Араларынан кейін тархандар
шыққан түркілердің бектері империяның аристократиялық бөлігін құрады. Сонымен қатар түркілік
жазбаларда «бұдын» термині жиі кездеседі. Бұл «халық» деген мағынаны білдіреді. «Бұдын» сөзінің орыс
тіліндегі «подданный»- бағынышты деген сөзге байланысы жоқ па екен? Абай бұл сөзді дастанында
«бодан» деп пайдаланды. Кейін, бұл ұғым «бодандық, бодандыққа түсті, яғни тәуелсіздігінен қазақ елі
айрылды» деп айтылатын болды. Халық ұлт ретінде түркілерде «Кип» деп аталды [5].
Ежелгі түркілік ескеркіштерде жазылған, қазіргі кез келкен қазақ баласына ананың ақ сүтімен бірге
келген ұғымдар мен сөздердің өте көп кездесуі біздің түбіміздің бір екенін дәлелдесе керек-ті. «Қаған»,
«ерен», «бай», «ат», «елу», «біз», «сегіз», «жау», «ай», «сары», «арық», «семіз», «қол», «кісі», «табгач»,
«атақты», «жас», «тәңірі», «жас», «ру», «күш», «қырық», «от», «алтын», «бодын», «ана», «не», «менің»,
«ілгері», « төрт», «барс», « тәңірі», « өзіңе», « тоғыз»», « оқ», « от», «іш» деп әрі қарай жалғаса береді[6].
Осындай қазақ тарихына байланысты қызғылықты мәліметтерді бойларына жинақтаған ежелгітүркі
әліпбиі қандай болды, ол қандай принциппен жасақталды дейтін сұраққа жауап іздейтін болсақ: Ежелгі
түрік руникалық алфавиті негізінен дауыссыз дыбыстардан тұрды, кейбір әріптер бірнеше дыбыстарды
білдіруі мүмкін. Мұнда пиктографтарды (әріптер-суреттер) көру оңай. Олар оңнан солға қарай оқып,
жазды. Руникалық алфавит Истеми қағанның кезінде жасалған деп саналады. Қаған өз шенеуніктеріне
осы әліпбиді үйренуді бұйырды. Көп ұзамай алфавит қарапайым халық арасында таралды. Қағанаттың
тұрғындары бұл белгілерді көптеген жылдар бойы өз заттарына қолданған. Әріптер бір-бірімен байла-
ныссыз курсивпен жазылды. Ең бастысы, руникалық алфавит ежелгі түрік ауызекі тілінің нормаларына
дәл сәйкес келді. Осы тұрғыдан алғанда, руникалық жазу өз заманының ең сапалы жазуларының бірі
болды. Ежелгі ғұндар мен түріктер қытайлардың маңында өмір сүрген. Олар, әрине, Қытай елінің
ниетімен жақсы таныс еді. Мысалы, қытай таңбалары түріктерде қолданылған Қытай айналарында жиі
кездеседі. Бірақ түркілер қытай иероглифтерін принципті себептер бойынша қабылдай алмады, солары
дұрыс болды. Ұлы Түркі қағанатының ресми идеологиясының негізін түркі халқын («түрік будун») басқа
халықтармен араласпауға деген ұмтылыс құрады. Оның себебі саны жағынан аса көп қытай халқы мен
әлемдік маңызы бар мәдениеті түркі елінің тәуелсіздігіне үлкен қауіп төндірді. Осыған орай, түркілердің
|