Вестник казнпу им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г



Pdf көрінісі
бет30/277
Дата23.09.2022
өлшемі3.48 Mb.
#461190
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   277
Хабаршы ҚазҰПУ 22.04.2022

ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г. 
27 
(мемлекет, биліктің басқа да тұрпаттары, мешіт, саяси және мәдени элита) шығармашылық әрекеттерінің 
жемісі [2, с.441] болмақ. 
Дін – ұрпақтан ұрпаққа берілетін жалпы тарихты, тарихи сананы қалыптастырады. Тарих этносқа 
өзінің өмір сүру құқын негіздеу үшін керек. Өйткені, «тексіздерге» жер бетінде орын жоқ. Халықтың түп 
тамыры неғұрлым терең болса, соғұрлым оның моральдық құқы көп болады [2, с.443] деп бағаланады. 
Уақытша Үкімет батыстың либералдық-буржуазиялық мемлекет моделін бағдарға алуы арқылы 
Ресейдегі дәстүрлі мемлекеттік құрылымды күйретті, империяда территориялық ыдырау қаупі туды. Осы 
кезеңде Орта Азия мен Қазақстанда кең өріс алған ұлт-азаттық қозғалыстың стратегиялық бағдары 
тәуелсіздік болған еді. 
Саяси элита бастамасымен құрылған қозғалыстар саяси партиялар этникалық бірегейлікті сақтаудан 
бастап ұлттық идеяларды дайындай бастады. Түркістан Мұхтариаты, Алаш Орда автономиясы құрылға-
нымен, олар Ресейдің федералдық билігінің құрамындағы автономиялық билікті нақты іс-тәжірибеде 
көрсете алды. Бірақ саяси ойдың жемісі ретінде ұлттық, мемлекеттілік құру мәселесі ұлттық идея 
деңгейіне көтеруге дейін пісіп-жетіле алмады. Оның себебі, қалыптасқан тарихи жағдайлар мен саяси 
ахуалдың факторлары мүмкіндік берген жоқ еді. 
1916 ж. ұлт-азаттық көтеріліс патша үкіметінің отарлық саясатына қарсылықтан туындаған еді деп 
кеңестік тарихнамада тұжырымдалғанымен, шын мәнінде көтерілісшілерді орыс тұрақты әскері мен 
қарулы казактардың аяусыз басып-жаншуы бұл көтерілісті мемлекет ішіндегі ұлтаралық жанжалға 
айналдырған еді. 1917 ж. Ақпан төңкерісінен соң орын алған хаос жағдайы орыс және жергілікті ұлттар 
арасындағы теке-тіресті жағдайды одан әрі тереңдете түсті. Әйтсе де, Қазан төңкерісімен билікке келген 
большевиктік биліктің тактикасы күтпеген бағытқа ойысты. Содан да Украина, Кавказдағы сияқты Орта 
Азия мен Қазақстандағы ұлтаралық соғысқа азамат соғысы деген мән берілді. Қызыл әскердің жергілікті 
халыққа қарсы жасаған барлық озбырлық әрекеті осы азамат соғысы арқылы бүркемеленді. 
Елдің территориясының болуы мемлекеттік биліктің егемендігі категориясын өміршең етеді. Бір 
территорияда бір ғана мемлекеттік биліктің суверенитеттігі мойындалады, таралады. Басқа жағдайда 
территорияның даулылығы ашық немесе жасырын конфликтіге ұласады. Осы жағдай 1923-1924 жж. 
ТАКСР жағдайында ашық біліне бастауы Түркістанның көпұлтты болуы, оларды Т.Рысқұлов сияқты 
қайраткерлердің «түркістандық» ұлтқа айналдыру туралы идеясы Орталық билік тарапынан да, жергілікті 
этноэлита тарапынан да қолдау таппауы жағдайында барынша шиеленісе түсті. Өрши түскен осы 
этникалық негіздегі саяси-әлеуметтік қарама-қайшылықты ВКП(б) ОК мен БОАК-тың 1924 ж. ақпан 
айындағы «Межелеу туралы» қаулысы шешуге тиіс болды. 
«Ақ жол» газеті Түркістандағы кеңестік биліктің ресми баспасөз органы болып дүниеге келді. ТКП 
ОК мен Түркіаткомның орыс тіліндегі баспасөз органы «Туркестанская правда», өзбек тіліндегі» 
Туркистон» газеттері жарық көріп тұрды. Н.Төреқұловтың ТКП ОК жауапты хатшысы болып сайлануы 
(1920 ж. тамыз) республикадағы саны бойынша екінші, жер көлемі жағынан бірінші орын алып отырған 
қазақ халқының тілінде республикалық газет шығару ісін жеделдеткен фактор болды. Өлкеде өзбек 
тіліндегі баспасөзді ұйымдастырушы ретінде танылған Н.Төреқұловтың баспасөздегі алғашқы қызметі 
Торғай облыстық ревкомының «Еркін дала» газетін шығарудан басталған еді. 
Ташкентте «Ақ жол» газеті жарыққа шыққанға дейін республикалық деңгейде қазақ тіліндегі газет 
болмады. Партия мен өкіметтің шешімдері орыс, өзбектілді аудиторияға жеткенімен қалың қазақ арасына 
жетпей жатты. Идеологияның басты қаруы ретінде баспасөз қызметіне баса мән берген кеңестік билік 
үшін осы олқылықтың орнын толтыру кезек күттірмейтін мәселеге айналды. «Ақ жол» газеті осындай 
қажеттілікпен дүниеге келді. 
«Ақ жол» газетінде көтерілген және насихатталған ұлттық идеяны басты бағыттары бойынша былай 
топтастыруға болады: 1. Жер-су реформасы. 2. Ағарту ісі (мектеп ісі, оқулықтар дайындау, педагогика-
лық курстар, мұғалім кадрларын дайындау). 3. Мәдениет саласы (театр, ойын-сауық, кітапхана ісі және 
т.б.) 4. Тіл мәселесі (қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе беру, емле, терминология, тіл тазалығы). 5. Әдебиет 
пен өнер «өлеңдер, аңыздар, тарихи жырларды жинақтау, жариялау және насихаттау). 6. Шаруашылық 
жүргізуді жолға қою (экономикалық модернизация, мал тұқымын асылдандыру, егіншіліктің жаңа 
түрлерін игеру). 7. Халықшаруашылығына қажетті мамандықтарды игеру үшін шетелге студенттер 
жіберу). 8. Жаңа тұрмыс-салтты насихаттау, ескі әдет-ғұрыптардан арылу, әйел теңдігі мәселесі (қалың 
малды, тоқал алуды, әмеңгерлікті, ерте тұрмысқа беру мен атастыруды жою т.б.). 9. Билік құрылымдарын 
жергіліктендіру (қазақтандыру). 10. Ұлттық-территориялық тұтастық идеясы (ұлттық-аумақтық межелеу 
және оның барысы). 11. Ашыққандарға көмек беру мәселесі. 


 Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы, №1(72), 2022 ж.
 
28 
Солардың арасында «Ақ жол» газетінде көтерілген және пәрменді түрде насихатталған тақырып-
тардың бірі – Түркістанда жүргізілген жер-су реформасы (1921 ж) және соның себептері мен салдар-
ларына арналған еді. Алаш қайраткерлері, солардың арасында Ә.Бөкейхан мемлекеттің меншігі деп 
жарияланған қазақ жерінің тағдырына алаңдап, «Қазақ» газетінің беттерінен бастап, Ресей мемлекеттік 
думасының мінберіне дейін көтерген белгілі. Қазақ жеріне Ресейдің орталық аудандарынан қоныстану-
шылардың ағылып келуі және оны мемлекеттің саясатына айналдырған биліктің әрекетінен қазақтың 
дәстүрлі шаруашылық типін күйретуді ғана емес, сонымен бірге демографиялық, тілдік, діни тұрғыда да 
орасан зор қауіп төндіретіндігін көрегендікпен аңғарды. «Оның ойынша, орыстардың қазақ жеріне ешбір 
рұқсатсыз жаппай қоныстандыруының арта түсуі қоныстанушылар мен қазақтар арасындағы қарым-
қатынасты ауырлатып, қазақтардың заңды қарсылығын туғызды. Осындайда Ә.Бөкейхан орыс мұжық-
тарының қазақ жеріне жаппай қоныстану тасқынын тоқтатудың жолын іздестіруі» [16, Б.9] оның 
әріптестері тарапынан одан әрі жалғастырылды. М.Шоқай төңкеріске дейінгі кезеңде атамекенімізде орыс 
мұғажырларының тасқынын тоқтату болғандығын, қалыптасқан жағдайда мәселені тура қою мүмкін 
болмағандықтан «алдымен түркістандықтардың өзін жерге орналастырайық, ал орыс мұжықтарының 
мәселесін Ресейдің өзінде жер мәселесі шешілгенше тоқтата тұру» түрінде көтерілгендігін жазады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   277




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет