Вестник казнпу им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г



Pdf көрінісі
бет256/277
Дата23.09.2022
өлшемі3.48 Mb.
#461190
1   ...   252   253   254   255   256   257   258   259   ...   277
Хабаршы ҚазҰПУ 22.04.2022

Материалдар мен әдістер.
Материалдар. ХХ ғасырдың ортасынан бастап Қазақстан аумағына қатысты демографиялық 
мәліметтер айқын көріне бастады. Оған дәлел, халық санағы. Осы мақалада негізгі дерек көзі ретінде 
Қазақстан аумағында – 1959, 1970, 1979, 1989 [1] жүргізілген халық санағы нәтижелері қолданылды. 
Осы статистикалық мәліметтер негізінде кестелер, диаграммалар жасалды.
Әдістер. Зерттеу барысында алға қойған мәселелерді тиянақты әрі ғылыми тұрғыда жазу 
мақсатында тарихилық, объективтілік принциптері басты назарға алынды. Түрлі кезеңдердегі 
статитикалық мәліметтерді қолдана отырып, салыстырмалы тарихи әдіс қолданылды. ХХ ғасырда 
Қазақстан аумағында, соның ішінде Қазақстанның шығыс өңіріндегі тұрғындары саны, олардың қала 
және ауылда орналасу ерекшелігі, ұлттық және жас-жыныстық құрамы тарихи-жүйелілік әдісі 
арқылы сараланды. Тақырып демографиялық үдерісті қозғаннан кейін, тарих ғылымы үшін маңызды 
әрі жиі қолданылатын әдістердің бірі хронологиялық әдістер зерттеу жұмысында көрсетілді. 
Талқылау. ХХ ғасырдың ортасы және екінші жартысы жалпы Қазақстан үшін СССР- 
халқының этникалық құрамы түбегейлі өзгерді. Бұл өзгерістер миграциялық процестермен 
байланысты болды. Ішкі миграция бірнеше онжылдықтар ішінде әлеуметтік-экономикалық, 
этнодемографиялық, әлеуметтік-мәдени және басқа да құбылыстардың мәнін анықтады. Бұл 
процесстерде негізгі рөлді республики халықының, оның ішінде қалаларды басым бөлігін құрайтын 
славян ұлттары болды. Қазақстанның шығыс өңіріне осы құбылыс тән болды. Себебі осы өңірде 
славян ұлты басым еді. Кеңестік тарихнамада негізінен ХХ ғасырдың 50-80 жылдары Қазақстанның 
әлеуметтік-экономикалық жетістіктері контекстінде ( тың жерлерді игеру, өндірістік алға басу және 
т.б.) индустриалдық кадрлардың өсуін, жұмысшы топтың ұлғаюын, жалпы әлеуметтік құрылымның 
өзгеруін қарастырады [2, 127].
ХХ ғасырдың екінші жартысындағы жалпы Қазақстандағы демографиялық өзгерістер туралы 
көптеген ғылыми еңбектер жазылды. Алайда, Шығыс Қазақстан өңіріне қатысты тарқатылған 
ғылыми зерттеулер аз. Шығыс Қазақстан өңірін алғаш әрі тыңғылықты зерттеушілердің бірі
Алексеенко Н.В., История Восточного Казахстана в документах и материалах [3], Алексеенко А. Н. 
«Народы Восточного Казахстана» [4] оқулығында Шығыс Қазақстан облысының этникалық 
құрамына шолу жасаған. Зерттеуде Шығыс Қазақстан өңірінде қоныстанған барлық ұлттар 
қамтылған, алайда өңірде қоныстанған басым ұлттар қазақ, орыс және т.б. ұлттары туралы 
мәліметтер толық берілген. Әртүрлі кезеңдерде облыс территориясының өзгеруіде атап көрсетілген. 
Халық санының, соның ішінде қазақ ұлтының өсу, кему процесстерінің себебі Аубакирова Ж.С., 
Алексеенко А.Н., Столярова Э.О. “Demographic processes in Kazakhstan in the 20-80s of 20th century” 
мақаласында көрсеткендей ХХ ғасырды екіге бөліп қарастыруға болды. 1920-1940 жылдары 
демографиялық дағдарыс кезеңі болса, 1950-1980 жылдары демографиялық жарылыс кезеңі болды 
деп айтуға болады. 1950-1960 жылдар онжылдықтың ішінде Қазақстан халқы саны табиғи өсім 
арқасында 18,2% жоғарылап, ал 1960 жылы 1000 адамға 30,6 жетіп Қазақстан тарихындағы ең 


 Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы, №1(72), 2022 ж.
 
246 
жоғарғы көрсеткішті көрсетті. Осы құбылысты «демографиялық жарылыс» деп атаймыз. 
Демографиялық жарылыс халықтың көбеюдің бір түрінен екінші түріне ауысуының (дәстүрлі 
аграрлық көбею түрінен қазіргі индустриялыққа) құрамдас бөлігі болып табылады [5, 348]. 
Аубакирова Ж.С., Алексеенко А.Н. «Демографиялық тарих контексіндегі қазақтар» [6] 
монографиясында әрбір онжылдық кезеңдегі статистикалық мәліметтер алдыңғы, онжылдықтаға 
мәліметтермен салыстырыла отырылып талданған. Монографиядағы құнды ақпарат әр аймақтың 
өзіндік ерекшелігі сипатталып, басқа облыстармен салыстырылған және барлық статитикалық 
мәліметтер кесте түрінде көрсетілген.
1950-1980 жылдары осы 30 жылдық уақытта халық дамуының негізгі тенденциялары 
қалыптасты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   252   253   254   255   256   257   258   259   ...   277




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет