Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы, №1(72), 2022 ж.
26
Кеңестік биліктің алғашқы қабылдаған Декреттерінен бастап ұлттық идеяға таптық мазмұн беруімен
ерекшеленді. «Бітім» туралы Декрет соғысты тоқтатып, мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету
идеясын орнықтырса, «Жер» туралы Декретте патшалы Ресейде барынша
шиеленісті сипат алған жер
мәселесін таптық тәсілдермен шешу идеясын ұсынды.
Большевиктер ұсынған «Барлық елдердің пролетарлары, бірігіңдер!» деген ұран елдің ішкі мәселе-
сінен бұрын сыртқы елдерге, әлемдік пролетариатқа арналғандықтан да ұлттық идея емес, мессиандық
идея болатын. Ұлттық идея негізінен елдің өз ішіндегі ахуалға бағытталса, оның сыртқы әлемге
бағытталуы мессиандық идея деп аталады. Олар бір-бірімен байланысты болғанымен бір-біріне бара-бар
емес еді.
Кеңестік биліктің ықпал аймағына тартылған Қазақ елі үшін бұл идеяның сырттан таңылғанының бір
көрінісі осы деп білеміз. Барлық елдердің пролетарларын әлемдік коммунизм орнату жолында біріктіру
большевиктік, яғни орыс мессиандығының трансформациялануы түрінде қалыптасқан орыстық идея еді.
Демек, Кеңес Одағында ұлттық және мессиандық идеялар жымдасып кеткендігі аңғарылады. Бұл
тұжырым Түркістан автономиялық Кеңестік социалистік Республикасындағы ресми биліктің ұлттық идея
қалыптастыру және оны насихаттау, іске асыру тәжірибесінде көрініс тапты. Түркістанда кеңестік
биліктің жоғары эшелонына тартылған Н.Төреқұлов, Т.Рысқлов, С.Қожанов, С.Асфендиаров
сияқты
этноэлита өкілдерінің қызметі осы мессиандық идеяның арасына ұлттық мүддені енгізу үшін күрес
төңірегінде құрылды. Ол әрекет «социализмге тақия кигізу» деп те бағаланды.
Қазіргі заманғы қоғамдық ғылымдарда ұлттық идеяның мәнін анықтайтын тұғырлар жетерлік. Бірін-
бірі толықтыратын құрауыштар сабақтастығы ұлттық идеяның тұтастығын қамтамасыз етіп, өміршең-
дігіне негіз болады. Қазақ дәстүрлі қоғамында ұлтты біріктіретін рәміздер мен құндылықтар мысалында
«Жерұйық» ұғымы қасиетті рәмізге айналса, «қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған» заман азаматтарды
бейбіт те берекелі қоғам орнатуға жұмылдыратын құндылыққа айналғанынан көреміз.
Ұлттық идея – ұлттың бірегейлігіне қол жеткізу тетігі. Ұлттық идея кең мағынасында қоғамның
дамуы мен ұйысуына негіз болатын идеялар мен құндылықтар қағидасының жүйесі ретінде ұлттық
идеологияның баламасы болады. Ал тар мағынасында этникалық салада
бірегейлікті қалыптастыруға
байланысты ұғымдар жүйесі [9, с.303-313]. Осымен қатар қолданылатын тұғырда ұлттық идея ұлттық
емес, өркениетті бірегейлікке қол жеткізу деп түсіндіріледі [10, с.73].
Жалпы ұлттық идеяның әмбебаптығы бәрінен де бұрын оның бірегейлікті іздеп табу және қол
жеткізу тетігі ретінде қарастырудан туындайды [11, с.64-68]. Қалыптасқан мемлекеттердің бәрінде де
ұлттық идея болады. Осыдан келіп ұлт дегеніміз ұлттық идеясы бар халық деп айта аламыз. Демек,
ұлттық идеялар құрылымы, қызметі және мақсаттары бойынша ұқсас болып келеді де, олардың
ерекшелігі елдің бірегейлігінен туындайды екен.
Ұлттық идея өмір сүруі үшін ұлт қалыптасып алуы керек. Осыған байланысты ұлт болып қалыпта-
судың бастауы қайсы деген мәселе тарихшыларды қатты қызықтырады. Ресейлік ғалым В.Г. Буданов
«Ресейде ұлттық идеяның идеологиялық архетиптік бөлігі ретінде «белсенділенуіне» Күлік даласындағы
(Куликово поле) оқиғалар негіз қалады» [12, с.31-33] деп тұжырым жасайды. Оның пікірінше, орыс
ұлтының қалыптасуы татар-моңғол езгісімен күрес кезеңінде басталған. Дәл осы уақытта алғашқы ұлттық
идея – азаттық идеясы қалыптасқан деген тұжырымға Отан тарихынан параллель мысалдар келтіруге
болады. Әдетте, қазақ ұлтының қалыптасуын Қазақ хандығының құрылуымен
байланыстыру себеп-
терінің бірі осы.
«Ұлттық бірегейлік деген – ұлттың тарихи тәжірибесін қабылдау [13] деген тұжырым одан әрі
тарқатуды қажет етеді. Ұлттық немесе ұлттық мемлекеттік бірегейлік өзінің және өзгенің ерекшелігін
ажыратумен шектелмейді, ол тарихи мүдделерді де түсіне алумен толығады. «Әрбір елдің, тіпті ол шағын
жаңа жасанды құрылған болсын, өз мүддесі болады. Бірақ мүдде ұлттық идея болып пісіп-жетілгенше өз
елінің тарихына деген қатынастың маңызды бөлігі ретінде ол ұлттың бірегейлікке жетуге дейінгі
кезеңнен өтуі керек». Өйткені ұлттық идея ұрпақтан ұрпаққа беріліп, «дәстүр
мен модернизацияның
арақатынасын» бейнелеп, тарихи тұрғыда қалыптасады, бекиді және дамиды [14, с.6, 13].
Қалыптасқан ұлттық идеяның сапасын анықтайтын өлшемдерді нақтылау да методологиялық
мәселелердің бірі болып саналады. Осыған байланысты ұлттық идея «ұлтты біртұтас мақсат төңірегіне
топтастыру» және «ұлттың қуатын сақтау және еселеуге» [15] қызмет етуі арқылы сапасы танылатын
болады деген тұжырымбарынша әмбебап деп қабылданады.
Этникалық деген ұғымды консервативті бағыттағы ғалымдар нақты тарихи жағдайдағы әлеуметтік
факторлар әрекетінің нәтижесі деп қарастырады. Бұндай жағдайда этникалық ұғымы адамның мәдени
топқа қатыстылығы ретінде қолданылады. Оның әртүрлі көріністері түрлі әлеуметтік агенттердің