Вестник казнпу им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г



Pdf көрінісі
бет27/277
Дата23.09.2022
өлшемі3.48 Mb.
#461190
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   277
Хабаршы ҚазҰПУ 22.04.2022

 
Негізгі бөлім. Ұлттық идея қандай қоғамда болса да мемлекет қалыптастырудың және оны дамытып, 
өркендетудің өзегі болатындығы белгілі. Ұлттық идеяның мазмұны мен сипаты ұлттың мемлекеттілігінің 
түріне қарай эволюциялық өзгерістерге түсіп отыратындығы байқалады. Бұл жағдайдың мысалын Қазақ 
елі мен жерінің Ресей империясының бодандығында болған кезеңіндегі тарихи оқиғаларға талдау жасау 
арқылы көз жеткіземіз. Отарлық жағдайда ұлттың бірегейлігінің қалыптасуына тосқауыл қойылады. Тіл, 
дін, діл, ұлттық рух сияқты рухани мәселелер: жер, шаруашылық жүргізу, билік, сот жүйесі сияқты саяси 
мәселе-лер дәстүрлі қоғамдағы мәнін жойып, отарлық билік орнатқан қоғамдық қатынастарға сай 
модерниза-циялана бастайды. Отарлық сипаттағы модернизациялық процестердің ұлттық мүддені 
мүлдем ескермей жүргізілуі – жаңа қалыптасып келе жатқан ұлт зиялыларының халыққа жүгінуіне алып 
келді. Оның мәні – қоғамда іске асырылып жатқан өзгерістердің ақ-қарасын ажыратудан бастап, осы 
модернизациялық процесте ұлт ретінде жойылып кетпеудің шараларын ұсынуға дейінгі күрескерлік 
әрекеті ұлттық идеяны қалыптастыру және насихаттауға бастау болды. 
Осы мәселеде ұлттық баспасөз аса маңызды рөл атқарды. Соның жарқын көрінісі ретінде отарлық 
билік ұлттық мемлекеттілікті жоюға бағытталған реакциялық әрекеттерін жүргізіп тұрған шақтың өзінде 
1911 ж. Троицк қаласында Ғұмар Қараш пен Буриннің «Қазақстан» атты газет шығаруынан көреміз. Газет 
атауының өзі біртұтас қазақ жерін Орынбор, Батыс Сібір, Түркістан генерал губернаторлығы, Закаспий 
округіне бөліп тастаған жағдайда болашақ ұлттық мемлекеттілікті ұсынған ұлттық идеяға айналғандығын 
көреміз. Осындай ұлттық идеяны атауының өзімен жарнамалап жарыққа шыққан басылымның бары-
жоғы төрт саны ғана жарыққа шықты. 1913 ж. М.Сералиннің редакторлығымен жарыққа шыққан 
«Айқап» газетінің атауы да осынай ұлттық идеядан туындағандығын редактордың өзі жазады. 
Ал 1913 ж. 1 ақпанында Орынбор қаласында А.Байтұрсынов, М.Дулатовтардың ұйымдастыруымен, 
Ф.Оразалиевтің демеушілігімен жарыққа шыққан «Қазақ» газеті «қырғыз-қайсақ», «қырғыз» деп 
бұрмаланған ұлтымыздың «қазақ» атауын жаңғыртуы арқылы ұлттық идеяның қызметін атқарып 
тұрғандығы аңғарылады. 
ХХ ғ. бас кезінде ұлттық баспасөзбен бірге ұлттық кітап басу ісі де қалыптаса бастағандығы белгілі. 
Ауыз әдебиетінің үлгілері, лиро-эпостық жырлар, діни желідегі нәзирашыл ақындардың дастандары осы 
кезде көптеп жарық көре бастады. Осы кітап басу ісіндегі ұлттық идея қалыптастыру мен оны халық 
арасында насихаттауға арналған кітаптардың алғашқысы А.Байтұрсыновтың «Маса» өлеңдер жинағы [5]. 


ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г. 
25 
Ал М.Дулатовтың «Оян, қазақ» кітабы сол кезең үшін құбылыс болды. «Қанеки, оян, қазақ, көтер басты» 
[6] деп ұрандатқан жыр жинағы патша өкіметінің цензурасына ілігіп, қуғын көруі онда көтерілгшен 
ұлттық идеяның өміршеңдігінен еді. Осы кітаптан соң «Жатпа, қазақ!», «Тұр, қазақ!» атты кітаптар да 
жарыққа шыққандығын ескерер болсақ, отарлық билік бодандықтың ұйығына шым батырған ұлттық ой 
сананы серпілту үшін осындай саяси-әлеуметтік жүк арқалаған шығармаларға деген сұраныс болғандығы 
аңғарылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   277




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет