Вестник казнпу им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г


NATIONAL IDEA AND NEWSPAPER "AK ZHOL"



Pdf көрінісі
бет26/277
Дата23.09.2022
өлшемі3.48 Mb.
#461190
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   277
Хабаршы ҚазҰПУ 22.04.2022

NATIONAL IDEA AND NEWSPAPER "AK ZHOL" 
 
Abstract 
The article uses the concepts of "national idea" and "state idea" in parallel. The relationship of these two 
concepts requires clarification. In countries such as multinational Russia, a national idea does not mean an ethnic 
one. And for a mono-national Kazakh society, the "National Idea" is as close as possible to the interests of the 
national-state Kazakh nation. This was especially characteristic of the period of formation of the Kazakh national 
identity in the early twentieth century. It was published in the Republic of Turkestan as a printing organ of the 
central government (1920-1925).) The newspaper "Ak Zhol" worked not only as a propagandist of the national 
idea, but also as its shaper. The article will be devoted to the assessment of this historical phenomenon. 
The polyethnic community that developed during the Soviet period gave this concept a new content, and at 
the present stage the concept of the national idea has emerged from a narrow ethnic range and acquired socio-
cultural significance. 
Keywords: national and state idea, national ideological activity, national identity, Messianism, newspaper 
"Ak Zhol", Ethnopolitical processes in Turkestan, national-territorial demarcation. 
 
Кіріспе 
Ұлттық идея ұғымына бастапқы кезде қоғамтанушы ғалымдар мен саясаткерлер аса сақтықпен 
қарағаны, тіпті өршелене қарсы шыққаны белгілі. Мәселеге айқындық беру үшін Энтони Смиттің этнос 
дегенімізді тиесілігі мынадай критерийлермен айқындалатын адамдардың ортақтығы: 1) аты, 2) шығу 
тегінің ортақ мифтері, 3) жалпы тарих және мәдениет, 4) мәдени нормалар мен құндылықтардың ортақ 
жүйесі, 5) белгілі бір аумақпен ассоциативті байланыс және 6) ынтымақтастық сезімі [1, p.49.] деген 
тұжырымын тиянақ ретінде қолданамыз. Этностың өзінің бірегейлігін тануы - ұлттың қалыптасуына өзек 
болады. Ұлттық мүддені қорғау ұлтшылдыққа ұласады. Ал ұлтшылдықтың өзі қалыптасу ортасына орай 
екі бағыты қалыптасқандығы белгілі. Оның біріншісі шартты түрде азаматтық (Батыс Еуропада ұлттық 


 Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы, №1(72), 2022 ж.
 
24 
мемлекеттер қалыптасу барысында дүниеге келген «евронационализм») және этникалық (ХХ ғ. басын-
дағы отаршылдыққа қарсы күрес барысында қалыптасқан) деп жіктейді [2, с.439] шетелдік ғалымдар. 
Ел (кең мағынасында – мемлекет) – кеңістік пен уақыт арасында өмір сүретін территориясының, онда 
мекендеген халқының болуымен біртұтас мемлекеттік басқаруымен бектілген «тірі» организм 
болғандықтан да ұлттық идеяға жүгінбей тұра алмайды. Елдің қоғамдық дамуының алысты болжаған 
стратегиялық бағдары.
Елді форма ретінде қалыптастырушы бастаулар – территория, онда тұратын халық, біртұтас 
мемлекеттік басқару сияқты факторлар ұлттық және азаматтық мүдделерді алдыңғы орынға шығарады. 
Осыған байланысты Дж.Комарофф «Евронационализм мен этнонационализм мәндік тұрғыда бір-
біріне қарама-қарсы қойылады: содан барып олардың қақтығысы немесе өзара түсіністікке ұмтылған 
келіссөздерінде мойындамаушылық пен түсінбестік келіп шығады» [3, с.59-60] деген тұжырымы ұлттық 
идеяның мәні мен функцияларының диалектикалық даму процесін түсінуге айқындық береді. Ұлттық 
идеяның тарихи алғышарттары. Қазақ дәстүрлі қоғамының тарихынан (ХV ғ. ортасы – ХХ ғ. бас кезі) 
ұлттық идеяның болғанын және қызмет еткендігіне көптеген мысалдар келтіре алады. Осы аталған 
кезеңде ұлттық идея қазіргі заманғы классикалық өлшемдерге толық сай келмегенімен де ұлтпен бірге 
қалыптасып, өмір сүрді. Содан да оны шартты түрде ұлттық идеяның тарихи алғышарттары деп 
қолданып отырмыз. Дәстүрлі қоғамда ақын-жыраулар институты А.Байтұрсынов баспасөзге қатысты 
айтқанындай, «халықтың басы, көзі, құлағы, тілі» қызметін атқарды деп бағалаймыз. Қазақ хандығы 
дәуіріндегі ақын-жыраулардың шығармашылығында ұлттың арман-мұраты тілмен бейнеленіп, халыққа 
жетіп жатты. Ол шығармаларда көтерілген ұлттық идеялар дәстүрлі тарихи жадты қалыптастыру арқылы 
ұлттық рух пен сананы шыңдады (Жиембет, Ақтамберді, Махамбет, Нысанбай және т.б.). Жоңғар 
шапқыншылығы кезеңінде Отанды қорғау ұлттық идеяның өзегі болды. Ұлттың яғни этнонационализм 
аясында «жоңғар, қалмақ, шүршіт» түрінде жаудың бейнесі қалыптасты. Сол кездің тарихи жырларында 
«атаңа нәлет ит қалмақ» деген формула ауызша деректерде жиі кездесетін штамға айналды. Осыған 
байланысты С.Қирабаев қазақ әдебиетінің тарихына зер сала қараған адам жалғасып, үзілмей келе жатқан 
«халықтың бірлігі, тәуелсіздік, ешкімге бодан болмай, дербес ел болу идеясын» [4] көретіндігін жазады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   277




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет