Вестник казнпу им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г



Pdf көрінісі
бет42/277
Дата23.09.2022
өлшемі3.48 Mb.
#461190
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   277
Хабаршы ҚазҰПУ 22.04.2022

ӘОЖ: 94(574)
МРНТИ 03.20  https://doi.org/10.51889/2022-1.1728-5461.05 
 
М.Тастанбеков¹ *, А.Сандыбаева², Л.Динашева³ 
 
¹т.ғ.к., доцент, Әзірет Сұлтан мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейі,
Түркістан қ., Қазақстан , E-mail-¹
murat-t@mail.ru 
²т.ғ.к., Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің доценті,
Түркістан қ., Қазақстан, E-mail –²
akmaral0067@ayu.edu.kz 
³ т.ғ.к., Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің доценті,
Түркістан қ., Қазақстан, E-mail –³
dinash_lyazzat@mail.ru 
 
ХІХ ҒАСЫРДЫҢ ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫ  ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ
ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ 
 
Андатпа
Зерттеу жұмысының мақсаты – Ресей империясы кезеңіндегі Түркістан қаласындағы білім беру 
жүйесінің даму деңгейі мен ерекшеліктерін анықтау болып табылады. Қарастырылып отырған кезеңдегі 
өзіне тән барлық өзгерістермен аймақтағы халықтық білім берудің жағдайы, мұсылмандық оқу 
орындарының (мектептер мен медреселердің) құрылымы мен оқу бағдарламаларының мазмұны аймақты 
отарлауға дейін және отарлық билік жылдарындағы оқу жүйесі Түркістан қаланың мысалында талданады. 
Зерттеудің маңыздылығы дәстүрлі білім беру жүйесінің сақталу деңгейінің анықталуында, отаршылдық 
кезеңдегі халық ағарту жүйесіндегі трансформация үдерісінің Түркістан қаласының нақты мысалында 
қолдану арқылы жаңа әдісті мектептердің маңыздылығы мен аймақтағы халыққа білім берудің жағдайы 
көрсетілген. Зерттеу нәтижесінде қазақ халқына қатысты білім беру саясаты мәселесі жалпы үкімет 
тарапынан Түркістан генерал губернаторлығында жасалған кейбір өзгерістерге қарамастан, аймақты 
жалпы империялық кеңістікке біріктіру әдістерінің бірі ретінде мұсылман мәселесі арқылы қаралғаны 
дәлелденді.
Түйін сөздер: Түркістан, білім беру, мұсылман оқу орындары, мектеп, медресе, училище, жәдидтік.
Бұл зерттеу ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «ХІХ-шы және ХХІ-ші ғасырлардағы 
Түркістан қаласының әлеуметтік-экономикалық және мәдени тарихын кешенді зерттеу» (BR10164179) 
гранттық жобасы аясында жүргізілді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   277




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет