Vі. Қазақ хандығының құрылуы және дамуы


Қарахан мемлекетiнiң егемендiгi мен халықаралық құқық субъектiлiгi



бет15/46
Дата20.09.2022
өлшемі154.27 Kb.
#461046
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   46
МЕМЛЕКЕТ ҚҰҚЫҚ ТАРИХЫ

Қарахан мемлекетiнiң егемендiгi мен халықаралық құқық субъектiлiгi. Бiлге Күл Қадыр хан иеленген қаған дәрежесi Жетiсу түрiктерiнiң мемлекеттiк статусының тәуелсiздiгiн анықтайтын. Қарахандықтардың исламды қабылдауы оларды халықаралық құқық жүйесiне ендiрдi. Ол шариғатқа негiзделген едi. Сонымен қатар Қарахан мемлекетi Саманид, Сельжук, Газневи державаларымен байланыс жүргiздi. Сондай-ақ ол Шығыс Түркiстан мен Орталық Азиядағы мұсылман емес халықтармен қақтығыстарға барды.
Қарахан мемлекетiнiң қаржы және салық жүйесi дұрыс жолға қойылған болатын. Мемлекеттiң орталық аппараты мен Iлек-хан (ханды iлiктер) ордаларында салық жинауға жауап беретiн шенеунiктер — мұстауфалар болды. Ал отырықшы жұртшылықтан харадж алыныпяғни астықтың оннан бiрiн салыққа жинайтын. Ұсталар мен көпестер сауда құқына ие болу үшiн салық төлейтiн.
Қарахан мемлекетiнiң салық жүйесiндегi ерекшелiгi — ол Ихта институты болды. Жеке тұлғаларға мемлекет беретiн салық жинау құқы солай аталды. Оларды кейде ихтадерлер немесе мүхта дейтiн. Бұл жерде ихтадарлықтарға салық мөлшерiн көтеруге рұқсат берiлмейтiн немесе Ихтал тұрғындарына қысым жасамайтын. Мұндай жағдайлар билеушi династиялар, шенеунiктерге, әскер басшыларына жасалды. Ихтаның кең тараған формасы ихтат-и-хашам - әскери ихта, яғни ихтадерлерге әскери қызмет кезiнде жасалатын жағдай едi.
Қарақытайлықтар Ихта институтын қысқартып, салық жүйесiн күшейттi. Сөйтiп, Жетiсу өңiрiнiң тұрғындары жаңа салық үй басына бiр динардан төлейтiн болды. Салық жинаумен мен Гурханның наместниктерi айналысты. ХII ғасырдың ортасында салық саясаты күрделенiп, қарақытайлар өздерiне қарайтын тұрғындарды қатты қыспаққа алып, көшпелi қауымдар отырықшылыққа күштеп көшiрiлдi. Ол жер салығы “харадж” салығын арттырды. Бұл саясат жергiлiктi тұрғындардың ашу-ызасын келтiрiп, қарақытайлар мемлекетiнiң әлсiреп, ақыры оның күйреуiне әкеп соқты. 
Қазақстандағы құқықтың даму барысында Х ғасыр ерекше бiр кезең болып саналады. Исламды қабылдаған Жетiсу және Оңтүстiк Қазақстан өңiрлерiнде жаңа құқықтық жүйе мұсылмандық немесе шариғат қалыптасады.Шариғат — заңдық нормалардың жиынтығы, әрi iс-әрекет ережесi мен қағидалары болып саналады. Құқықтың негiзгi көзi — Құран мен Сунна. Шариғат бойынша құқықтың төрт түрi болды. Бiрiншi, әрбiр адам құлшылық етiп, мойындайтын Алла билiгiекiншi, жеке тұлға құқығы, үшiншi, айналадағы адамдар құқығытөртiншi, құдай жаратқан барлық нәрселердiң құқығы. Бұл исламның негiзi. Мұсылман құқығында бiрнеше құқықтық мектептер немесе мазхабтар болды. Қазақстанда орта ғасырларда ханифийлер мазһабы (түркi әлемi “Имам Ағзам” деп атайтын Әбу Ханифа мазһабы) кеңiнен тарады. Оларға адатты (әдеттi) пайдалануға тыйым салынбады. Ол исламның таралуына ешқандай кедергi жасамайтын. Фикх саласындағы басты бедел болып саналатын адам муфти болды. Соттық қызметтi қазылар атқарды. Мұсылмандық құқықтың енуi әдеттегi құқыққа қарағанда тиiмдi едi. Бұл кезең ислам Ренессансының кезеңi болды. Сол кездегi мәдениет пен ғылымның, сондай-ақ құқықтанудың дамуы ерекше өстi. Сөйтiп, ислам бұл жерде дiни идеялар мен iс-әрекеттердiң жиынтығы ғана болып қалмай, бiрiншiден бойына философиялық құқықты сiңiрген философиялық жүйе болып қалыптасты. Яғни, құқық алғашқы рет осылайша ғылымға айналды.
Осылайша, Х-ХII ғасырларда мемлекет және құқық Жетiсу өңiрiнде ерекше өзгертулерге ұшырап, Орталық Азия дәстүрiмен Алдыңғы Азиялық жаңартулар арқылы түркi-мұсылман мемлекетiнiң құқықтық жүйесi қалыптасты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет