Vі. Қазақ хандығының құрылуы және дамуы



бет13/46
Дата20.09.2022
өлшемі154.27 Kb.
#461046
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   46
МЕМЛЕКЕТ ҚҰҚЫҚ ТАРИХЫ

Оғыз мемлекетi. VIII ғасырдың аяғында Оғыздар немесе теле тайпасы Жетiсу территориясына ауып келiп, кейiн қарлұқтардың қысымымен Батысқа қарай кангрестердiң жерiне ысырылады. Қаңлылар (кангюй) (кангрестер — византия жазбалары бойынша) Сырдария бойындағы қалалар мен оазистердi барынша қорғап бақты. Бiрақ қимақтар, оғыздар мен қарлұқтардың бiрiккен күштерi арқылы ол қарсылықты күйреттi.
Қаңлылардың отырықшылық жермен айналысатын өркениеттiлiгiндегi қалалық сауда өз егемендiгiн жоғалтып, жаңадан қалыптасқан оғыз мемлекетiнiң бiр бөлшегi болып қалды. IХ ғасырдың басында қарлұқтар Сырдария өзенiнiң жоғарғы жақтарын жайласа, ал оғыздар оның орта және төменгi бөлiгiн иеленедi. Ал қаңлылардың (кангю) көшпелi тобы батысқа қарай жылжып Волга мен Орал өзендерiнiң бойларын жайлап, кейiн “печенегтер” атымен аталатын рулар федерациясын құрайды.
Ал оғыздар болса, өздерi жаулап алған территорияларда өздерiнiң басқару аппаратын құрып, бiрте-бiрте Иран тiлдi отырықшы ел басын бiрiктiретiн бiрлестiк пен жаңа мемлекет құрайды. Олардың көшпелi билiк салаларын түрiк тiлдiлер басқарды. Сырдарияның төменгi жағындағы далалық шекаралары мен оазистерiнде оғыз билеушiсiнiң қарамағындағы жаңа мемлекеттiң басын бiрiктiрген Янгикент (Жаңакент) немесе Жаңа Гузия орталығы ашылды. Мемлекеттiк билiктi ашиндерден тарайтын жабғу (ябгу) атақ дәрежесi бар билеушiлер иелендi. Оғыз жабғуларының “күл-еркiндер” деген атақтары бар кеңесшiлерi болып, олар ақыл-кеңес берiп отырды. Жабғу билiгi ресми сайланғанымен мұраға қалатын. Жалпы билеушiлер кеңестерде сайланды. Оғыз әскерлерiнiңи қолбасшысын сюбашы деп атады.
Оғыздар өздерiнiң жаулап алған территорияларын асқан жылдамдықпен кеңейте бастады. IХ ғасырдың орта шенiнiң өзiнде Арал мен Каспий теңiзiнiң аралығындағы территорияларды бақылауға алып, Хорезмдi, сосын Орал өзенi бойындағы печенегтердi өзеннiң арғы бетiне ығыстырып, Х ғасырда Батыс Қазақстанның бүкiл территориясын Едiл (Волга) өзенiне дейiн жаулап алды. Сөйтiп, оғыз мемлекетi құрылды.
Оғыздардың қоғамдық және мемлекеттiк құрылымы. Оғыз мемлекетiнiң территориясы екi категорияға бөлiндi. Олардың бiрiншiсi отырықшылықпен айналысқан қауым болды. Олардың әкiмшiлiк жоғарғы билiктерiн негiзiнен оғыздар құрады. Ал екiншiсi, көшпелi шаруашылықтармен айналысқандар едi.
Оғыздар 24 тайпадан құралды, бұзұқтар және ұшұқтар деген екi қанаттқа бөлiндi. Әрбiр қанат 12 тайпадан тұратын, олар “бой” атанатын. Ал “бой” болса, өз кезеңiнде “оба” — ру және “көк” — тамыр деп бөлiндi. Оғыздар бұған қоса ұрұғтар мен аймақтарға бөлiнген. “Ұрұғ” терминiмен рулық бөлiмшелер мен патронимия құрайтын атақты тұқымдар мен әулеттер аталған. Қоғам болса мүлiктiк жағынан әртүрлi топтарға бөлiндi. Көпшiлiк топты құрайтын еркiн көшпендiлердi “Ерлер” (эры) — еркектер бiрiктiретiн. Олар өз билiктерi өзiнде, арнаулы өз шаруашылықтары бар отбасы иелерi болып саналды. Сонымен қатар кедейленген, өздерiнiң шаруашылықтары жоқ қоғамдық қатынастардан тыс қалған гарапчи және иоксулдар тобы болды. Сондай-ақ жатақтар (ятуки) — жерге иелiк ететiн, жер шаруашылығымен айналысатын өзiндiк қоғамдық құрылымы бар кедейленген оғыздар болды. Қоғамның жоғарғы билiктерiн бектер, яғни ру ақсақалдары мен байлар, нақтылай айтқанда мал иелерi, әмiрлер, сардарлар иелендi. Жоғарғы мемлекеттiк институттарды жабғу, хандар мен ел билерi басқарды. Соңғы екi лауазым дәрежесiн алу үшiн ерекше жүйенiң керегi жоқ болатын. Олар аймақтық билiктердi ғана басқарды. Барлық ерiктi бектер, ерлер мен басқа билiк иелерi өз шаруашылықтарында құлдар ұстады. Олар өздерiнiң атқаратын қызметтерiне сай “гулямдар” және “чакирлар” (күзетшiлер) болып бөлiндi.
“Оғыз” ежелгi түрiк терминологиясында одақ белгiсiн бiлдiредi. Аталған мезгiлде теле руларының одағы “түрiк елi” деген екiншi қағанатты құрып, олар 24 тайпадан да көп болды. Оғыз бiрлестiктерiнде, ол мейлi қарлұқ, ұйғыр басмылдар немесе басқа этностар болсын бек, тайпалық ақсақалдар дәстүрi күштi едi. Бiрлестiктiң негiзгi саяси жағдайларын осы топ билеп төстедi. Ал жабғулар билiгi шектеулi және белсендi болмайтын. Тұтастай алғанда бектер бiрiктiрушi күшке ие болумен бiрге әскерлердi басқарып, би жоғарғы төрешiлер қызметiн атқарды. Бектер тайпаларды билеп қана қойған жоқ, сонымен бiрге жабғулардың тапсырмасымен жекелеген облыстарда билiк жүргiздi. Мемлекеттiк қызметтегi әр түрлi жұмыстарды атқаратын бектердi тархандар дейтiн. Олар бектердiң бегi атанып, мемлекеттiк әскерлердiң оң және сол қанаттарын басқарды. Аталған қызметке өзiнiң әскери қабiлетiн жан-жақты көрсеткен адам таңдалып алынды. Олардың өзiнiң қарамағындағы бағынышты адамдарға бұйрық берiп, жазалауға құқы болды. Ал, соғыс кезiнде оның билiгi кеңiнен болатын. Жабғудың негiзгi көмекшiсi, кейбiр жағдайларда өкiлi болып күл-еркiн сайланды.
Заң шығарушы билiк “қандас” (кандаш) — халық жиынында болды. Олар жаңа жабғуды сайлауға, сондай-ақ мемлекеттiк шешiмдердi және саяси мәнi бар мәселелердi бекiтуге құқылы болды. Сонымен бiрге жабғудың жанынан құралған кеңестiң рөлiн атқарды.
Сарай өмiрiндегi жоғары билiктi жүргiзуде тақ мұрагерi — инал болды, иналды бағып қағатын — атабектер, сонымен бiрге билеушiнiң бәйбiшесi — қатын ерекше орын алды.
Бастапқы кезде Сырдария жабғуының нақты билiгi шектеулi болды және бүкiл оғыз жерiне жүрмейтiн. Оғыздар территориясы кеңейiп және басқа аймақтарды жаулап алғаннан кейiн ғана өзiндiк билiкке ие шаруашылықтар тобында болды. Елдiң iшкi жағдайының күрделенуiне бiрден бiр себеп болған жай, ол елде ислам дiнiнiң тарала бастауы едi. Ал ендi оғыздардың бiр тобы болса бұрынғы тәңiрлiк дiнiнде қалғысы келетiн. ХI ғасырдың басында оғыздар үлкен үш топқа бөлiндi. Батыс Қазақстан оғыздары орталықтан бөлек болып, оны күл-еркiндер (коль-эркин) биледi. Бұл топта археологиялық iзденiстен кейiн байқалғаны исламның белгiлерi аз екендiгi анықталды. Орталықпен болған қақтығыс және олардың қыпшақтан жеңiлуi — оларды Русь және Византия шекарасына шегiнуге мәжбүр етедi. Ал оғыздардың исламды алғаш қабылдаған тайпалар Санжар сұлтанның бастауымен салжұқтардың қозғалысымен бiрiгiп Жаңакенттегi тақ таласына араласты. Ал ендi, оғыздардың үшiншi тобы жабғулар, оларды қоршағандар мен тайпалар тақты қолдай отырып, араб миссионерлерi арқылы исламды қабылдады. Сөйтiп, бұрынғы атақ-дәреже жаңа мұсылман әлемiнен келген сұлтандықпен алмасады. Салжұқтармен болған шайқаста көне династияның өкiлi сұлтан Шахмәлiк қайтыс болады. Ұзамай оғыз-түркiмендер (ислам дiнiн қабылдаған оғыздар мен қарлұқтарды солай атаған) қыпшақтардан күйрей жеңiледi. Ал, 1142 жылы салжұқтар моңғол тiлдi қарақидандықтардан соққы алады.
Сөйтiп, Амударияның төменгi жағында жаңадан құралған қараханид Хорезм шахы мемлекетi мен қыпшақтар бұрынғы оғыз территориясын бөлiп алды. Бұрынғы этностардан аман қалғаны Үстiрт Түркiмендерi хорезм құрамына кiрдi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет