Vі. Қазақ хандығының құрылуы және дамуы


Тәуелсiз Қазақстанның мемлекеттiк-құқықтық дамуы



бет43/46
Дата20.09.2022
өлшемі154.27 Kb.
#461046
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46
МЕМЛЕКЕТ ҚҰҚЫҚ ТАРИХЫ

9. Тәуелсiз Қазақстанның мемлекеттiк-құқықтық дамуы
Қазақстан Республикасының мемлекет және құқығы ежелгi дәуiрден бүгiнгi ХХI ғасыр басына дейiнгi аралықта елеулi кезеңдерден өтiп, өзiнiң әкiмшiлiк-құқықтық жүйесiнiң эволюциясы арқылы 1991 жылғы тәуелсiз де егемен Қазақстанның жеңiсiне қол жеткiздi. 
1980 жылдардың аяғында Қазақстанның мемлекеттiк егемендiгi мен ұлттық тәуелсiздiгi туралы проблемалар алдыңғы қатарға шыға бастады. 1989 жылы Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетiнiң шешiмiмен 1920-1950 жылдардағы репрессияға ұшыраған қазақтың айтулы ұлдары Ш.Құдайбердиев, А. Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М. Дулатовтардың есiмдерi қайта қалпына келтiрiлдi. 1989 жылғы 22 қыркүйекте “Тiл туралы” заң қабылданып, қазақ тiлi мемлекеттiк тiл болып жарияланды. 1990 жылы 24 сәуiрде республикада Қазақ КСР Президентi дәрежесi бекiтiлдi. Жоғарғы Кеңестiң сессиясында Қазақстан Республикасының тұңғыш Президентi болып Н.Ә.Назарбаев сайланды. Сөйтiп, аталған кезеңде КСРО-ның орталық органдарының билiгi бiрте-бiрте әлсiреп, керiсiнше одақтас республикалардың құқықтары күшейе түстi. Алдымен Ресей Федерациясы, Украина КСР-i өздерiнiң егемендiктерiн жариялады.
Қазақ КСР-нің егемендігі туралы Декларация. Одақты реформалауға бағытталған жаңа одақтық шарттың жобасы жасалып жатқан кезеңде 1990 жылы 25 — қазанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi “ҚазақКСР-нiң егемендiгi туралы Декларация” қабылдады. Декларацияда тұңғыш рет “ҚазақКСР-i ұлттық мемлекеттiлiгiн сақтау және қорғау, нығайту жөнiнде шаралар қолданылады, одақтан өз еркiмен шығу құқығын сақтайды, басқа республикалармен егемендi республикалар Одағына ерiктi түрде бiрiгедi және өзара қатынастарын шартты негiзде құрады”,— деп жазылды. ҚазКСР-нiң территориясының өзгермейтiндiгi де сол декларациямен бекiтiлдi. Сондай-ақ, республиканың барлық ұлт азаматтары Қазақстан халқын құрап, республика егемендiгiнiң бiрден-бiр иесi және мемлекеттiк өкiмет билiгiнiң негiзi болып табылады деп те көрсетiлдi. Мемлекеттiк өкiмет билiгi заң шығару, атқару және сот билiгiне бөлу принципi бойынша жүзеге асырылып, заң шығару Жоғарғы Кеңеске берiлдi. Егемендiк декларациясын қабылдау шын мәнiнде қазақстандықтар үшiн үлкен тарихи оқиға едi. Сөйтiп, Декларация қабылданған 25 қазан “Республика күнi” мерекесi болып бекiтiлдi. 1991 жылы 1 желтоқсанда жалпы халықтық Қазақстан Президентiн сайлау күнi өттi. Сөйтiп, Н.Ә.Назарбаев 10 желтоқсанда Президент қызметiне кiрiстi. Сол 10 — желтоқсанда Қазақ КСР-i Қазақстан Республикасы болып қайта аталуға шешiм шығарылды. Артынша, қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған егемендiгi мен тәуелсiздiгi iске асып, 1991 жылы 16 желтоқсанда “Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тәуелсiздiгi туралы” Конституциялық заң қабылданып, заңда Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тәуелсiздiгi салтанатты түрде жарияланды. Ол күн тәуелсiздiк күнi болып мәлiмделдi. Сөйтiп, Қазақстан Республикасы өзiнiң мемлекет және құқық тарихында жаңа бiр белеңге көшiп, тарихтың жаңа тәуелсiздiк бетiн ашты. Қазақстан Республикасы тәуелсiз демократиялық және құқықтық мемлекет болып жарияланды. Өз территориясында өкiмет билiгiн толық иеленiп, iшкi және сыртқы саясатын дербес деп белгiледi. Қазақстан Республикасы территориясында тек өз заңдары және ол таныған халықаралық құқық нормалары қолданылады деп жарияланды. Қазақстан Республикасы халқының атынан сөйлеу құқығы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi мен Президентiне берiлiп, атқару билiгi толығымен Президент қолына шоғырланды. Мұндай құқық егемендiк декларациясында тек Жоғарғы кеңеске ғана берiлген болатын. Сот билiгiн Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты мен Жоғарғы Арбитраждық соты атқарды. Конституциялық сот туралы норма да енгiзiлдi. Заңда тәуелсiздiктi қорғау үшiн Қазақстан Республикасының өз қарулы күштерi, өз территориясында әскерлерi, қару-жарақ пен техника құру мәселелерi шешiлетiнi көрсетiлдi. Қазақстан Республикасының тұңғыш рет мемлекеттiк тәуелсiздiгi туралы заң қабылданып, оны қорғау мен дамытудың негiздерi барынша тиянақты да нақты қаланды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет