Vі. Қазақ хандығының құрылуы және дамуы


ХХ ғ. басындағы Қазақстандағы әкiмшiлiк-құқықтық жүйе



бет39/46
Дата20.09.2022
өлшемі154.27 Kb.
#461046
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   46
МЕМЛЕКЕТ ҚҰҚЫҚ ТАРИХЫ

ХХ ғ. басындағы Қазақстандағы әкiмшiлiк-құқықтық жүйе. ХХ ғасырдың басы қазақ халқы үшiн өте ауыр кезең болды. Қазақтар өзiнiң саяси құқығынан қол үзiп, жерлерiнен айырылды, дәстүрлi мал шаруашылығы мен әлеуметтiк құрылымдарының жүйесi бұзылды. Қазақстанда ХХ ғасырдың басында орыстандандыру саясаты барынша жүргiзiлдi. Сонымен бiрге ХХ ғасырдың басында ұлт-азаттық қозғалыстар жаңа кезеңге көштi. Оның басында ұлт интеллигенциясы тұрды. 1905 жылғы Ресейдегi сан алуан оқиғалар мен жағдайлар оның өршiп-өрбуiне көп ықпал еттi.
1905 жылғы 17 — қазандағы Манифест Ресейде жеке тұлғаларға, ар-ождан мен сөз еркiндiгi, жиындар мен одақтарға тиiспеуге жол ашты. Мемлекеттiк Думаға сайлау туралы мәлiмдеме жасалуының өзi ерекше оқиға болды. Бұған бiрiншi орыс революциясының ықпалы ерекше едi. Барлығы төрт мемлекеттiк дума қызмет еттi. 1906 жылғы 23 сәуiр күнi “Ресей империясының негiзгi мемлекеттiк заңдары” жарық көрдi. Ол өзiнiң мазмұны бойынша конституцияға жақын едi. Сөйтiп, өмiрге қос палаталы Парламент келдi. 1906 жылғы желтоқсан айының аяғында екiншi думаға байланысты сайлау науқаны жүргiзiлдi. Қазақ депутаттары А.Бөкейханов, Ш.Қосшығұлұлы, Б.Қаратаев дума мiнбесiн қазақ мүддесi үшiн пайдаланып, қазақ жерiне қоныс аударып жатқан орыс және украин шаруаларының қазақтардың жерлерiн тартып алып жатқандарын тiлге тиек еттi. Сөйтiп, олар аграрлық заңдылықты жүйелi өткiзудi ұсынды. Ұлт болашағы үшiн күресетiн азғантай да болса ұлттық интеллигенция қалыптаса бастады. 1905-1907 жылдары қазақ халқы мен қоныстанған шаруалар арасынан саяси белсендiлердiң шығуы нәтижесiнде 1881 жылы 14 тамызда қабылданған “Мемлекеттiк тәртiп және қоғамдық тыныштықты сақтау шаралары туралы ереже” қолданды. Ол пайдаланудағы заңдарды тоқтатып, күзеттi, төтенше күзеттi және әскери жағдайды күшейту жөнiнде ерекше режимдi ендiрдi. 1905 жылы Қазақстанда әскери жағдай енгiзiлдi.
Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыс Қазақстандағы сан алуан қайшылықтарды Ресей отары ретiнде күшейтпесе азайтқан жоқ. Ресейдiң қоныстандыру саясаты, малдарды тәркiлеуi, қазақтардың мүлiктерiн тартып алуы 1916 жылғы ұлт азаттық көтерiлiсiне әкеп соқтырды. Аталған уақытта салық көлемi 3-4 есе өссе, тiптi кей жерлерде ол 15 есеге дейiн жеттi. Арнаулы әскери салық жиналды. 1915 жылы Бiрiншi дүниежүзiлiк соғысқа қазақтар да әскерге тартылуы керек едi, бiрақ орыс өкiметi “сенiмсiз” қазақтарды әскерге алудан қорықты. Сөйтiп оларды қара жұмысқа пайдаланды. 1916 жылғы қазақтарды қара жұмысқа алу туралы маусым Жарлығы кең байтақ қазақ даласын дүр сiлкiндiрдi. 19 бен 43 жас аралығындағы еркек кiндiктi қолына қару емес, күрек берiп қара жұмысқа аттандыру қазақ халқы үшiн өлiммен пара-пар намыс болды. Сөйтiп, кең байтақ қазақ даласында ұлт-азаттық қозғалысы басталды. Патшалық Россия оны қарулы күшпен басқысы келдi. Шiлде айында бүкiл Қазақстан территориясында әскери жағдай хабарландырылды. 1916 жылы 17 шiлдеде Ташкентте уақытша әскери сот құрылып, 1916 жылдың 21 желтоқсанында Николай II жарлығымен Торғай, Ырғыз және Қостанай уездерi әкiмшiлiк тарапынан Қазан әскери округiнiң қолбасшысы қарамағына берiлдi. Әскери — дала соттары бiр ғана Түркiстан өңiрiнде 347 адамды өлiм жазасына кесiп, 178 адамды қара жұмысқа айдаса, 129 адамды түрмеге қамады. Ол ол ма патша өкiметi қазақ халқының жерлерiн мемлекет меншiгiне айналдырып, оларды ең шұрайлы да шабындықты әрi құнарлы егiндiктi елдi мекендерден қоныс аудартып, оларға орыс-казак (êàçà÷åñòâîíû) орналастыруды күшейтумен бiрге отарлаудың сан алуан құйтырқы саясаттарын жүргiзе бастаған едi. Қазақстанды күштеп алу саясатының екi ғасырға созылған жылдарында қазақ Ресей езгiсiнен құтылмады. Езгi әртүрлi саяси-әлеуметтiк құйтырқылықтар арқылы жүргiзiлiп, мемлекет және құқық тәртiбi азаматтық та, қоғамдық та тұрғыдан бұзылып отырды.
Ұлт-азаттық көтерiлiстiң кең өрiс алған жерi — Торғай облысы едi. 1916 жылдың шiлде-тамыз айларында әрбiр болыста хандар сайланып, олар Әбдiғаппар Жамбосыновты жалпы хан етiп, соған бағынды. Әрбiр ханның уәзiрi болды. Олар кеңестi басқарды. Кеңесте хатшылар мен сот коллегиялары жұмыс iстедi. Сайланған сардарлардың әскери және азаматтық iстердi қарайтын көмекшiлерi болды. Болыстардағы әскери-азаматтық әкiмшiлiк мыңбасына бағынды. Олар ел бегiне сүйендi. Ханның қаржылық жағын қазынашы басқарып, оған жасақшылар бағынды. Әкiмшiлiк-құқықтық реформалар жүргiзу барысында ұлт-азаттық қозғалысты басқарушылар 1916 жылдың жазы мен күзiнде қаншалықты өз ойларын iске асырамыз дегенменен дәстүрлi басқару жүйесiн жөнге қоя алмады. 1917 жылы наурыз айында Әбдiғаппар хан патшаның тақтан түскенiн және барлық көтерiлiсшiлерге кешiрiмдiк болатынын естiп, Уақытша өкiмет билiгiн мойындайтындықтарын мәлiмдедi.
Хан мен сардарлар болыстық және уездiк съездерде сайланған қызметтер едi. Содан соң хан тағы бұрынғыдай сұлтандар тегiнен сайланбайтын. Барлық көтерiлiсшiлер хандары қарапайым қара халықтан шыққан адамдар болатын. Ал, Әбдiғаппар болса, өзiн хан деп емес, әмiр деп атауды талап еттi. Сондықтан да 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерiлiсi қаншама хандық атақ-дәрежеге қол жеткiзгенмен, бұрынғы Қазақ хандығындай дәстүрге ие бола алмады. Сөйтiп, 1916 жылғы қазақтардың ұлт-азаттық көтерiлiсi күшпен басылса да, ол қазақ халқының сана-сезiмi мен саяси белсендiлiгiн арттырып, жаңа мемлекеттiк жүйе қалыптастыруға ынталандыра түстi.
1917 жылы ақпанда революциялық толқулар мен ұлт-азаттық көтерiлiстерi кең қанат жайған кезеңде Патша өкiметi құлады. Елде уақытша өкiмет орнап, революциялық дағдарыс кезеңi басталды. 1917 жылы 7 сәуiрде Уақытша өкiмет генерал-губернаторлықты алмастыратын Түркiстан комитетiн құру туралы шешiм қабылдады. Оның құрамында И.И.Щепкин, А.Бөкейханов, М.Тынышпаев, С.Н.Максутов, В.С.Елпатьевский, А.Л.Липовский, О.А.Шкапский, П.В.Преображенский және А.А.Дәулетшин болды. Басқарма облыс және уезд деңгейiнде алғашқы рет қазақ өкiлдерiне орын бердi. Мысалы, Торғай облысы бойынша комиссар болып — А. Бөкейханов, Жетiсу бойынша — М.Тынышбаев, Орал облысы бойынша — Қ.Досмұхамедов сайланды. Комиссарлардан басқа атқарушы комитеттер пайда болды. 1917 жылы сәуiр, мамыр айларында Қазақстанда облыстық және уездiк қазақ съездерi өттi. Онда ұлттық комитеттер сайланды.
Патша өкiметi құлағаннан кейiнгi қазақтың тәуелсiздiк жолындағы күресiн “Алаш” партиясының төңiрегiне топтасқандар жалғастырды. 1917 жылы 21-26 шiлдеде Орынборда жалпы қазақ съезiнде ұлттық демократиялық саяси “Алаш” партиясы құрылды. Партияның бағдарламасы бойынша партияның облыстық комитеттерi құрылды. Ә. Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Е.Ғұмаров секiлдi бiр топ қайраткерлер атынан 1917 жылы “Қазақ” газетiнiң 21 қарашадағы санында “Алаш” партиясы бағдарламасының жобасы жарық көрдi.
1917 жылы 5 — желтоқсанда Орынборда екiншi бүкiлқазақтың съезi ашылып, оған барлық қазақ облыстарынан 82 өкiл қатысты. Съездiң күн тәртiбiнде 10 мәселе қойылып, оның 6-уы таза мемлекеттiк құқықтық мәселелер болды. Олар: 1. Сiбiр Түркiстан автономиясы, әрi оңтүстiк-шығыс одағы туралы. 2. Қазақ-қырғыз автономиясы. 3. Милиция. 4. Ұлт Кеңесi. 5. Халықтық сот. 6. Ауылдық басқару. Съездiң көтерген ең басты мәселесi ұлттық автономия түрiндегi мемлекеттiкке қол жеткiзу болды. Съезде “Алаш” автономиясының орталық атқарушы өкiмет органы Ұлт Кеңесi Алашорда үкiметi құрылды. Үкiметте барлығы 25 орын белгiлендi. Оның 15-i съезде сайланды, 10 орын басқа ұлт өкiлдерiне қалдырылды. Мiне, осының өзiнен-ақ Алаш автономиясының ұлт мәселесiн шешуде сындарлы бағыт ұстанғандығын байқатады. “Алашорда” — Ұлт Кеңесi үкiметiнiң төрағасы болып Ә.Бөкейханов сайланды. Бұл орган автономияның орталық билiгi болып табылды. Жалпы, Қазақстанның Ресейге бодан болғаннан бергi тарихындағы ХХ ғасырдың алғашқы ширегiн “саяси күрес пен рухани жаңару кезеңi” деп айтуға болады. Аталған кезеңде саяси күрес сахнасына Ресейдiң айтулы ғылыми, саяси орталықтарында бiлiм алған сол кезеңдегi Еуропадағы саяси күрестiң бағыт-бағдарынан хабардар қазақтың белгiлi зиялылары шықты. Олар бiртұтас қазақ мемлекеттiлiгi үшiн күрестi.Тарихты қаншама халық жасайды дегенiмiзбен оның даму заңдылықтарын реттеп отыратын заңдар мен құқықтық құжаттарды, саяси-құқықтық доктриналарды нақты тұлғалар iске асырады. Сондықтан да “Алаш орда” үкiметiнсiз экономикалық iлiм мен реформалар тарихын, “Алаш автономиясынсыз” Қазақстан мемлекеттiлiгiнiң негiзiн, әсiресе алаш ардагерлерiнiң өмiрiнсiз ұлт тарихын көз алдымызға келтiру мүмкiн емес.
“Алаш” партиясы мен “Алашорда” үкiметi құқықтық-мемлекеттiк жағдайға ерекше көңiл бөлдi. “Алаш” партиясы мен үкiметi дiнiне, жынысына, ұлтына, шығу тегiне қарамай тең сайлау құқығын жақтады. Ал депутаттар болса, төте, тең және құпия дауыс беру арқылы сайланды. “Алаш” партиясы демократиялық бостандықтар мен құқықтарды жақтады. Жеке бастың теңдiгi сөз, баспасөз, одақтар бостандығы жарияланып, олардың қай-қайсысы болмасын айыптаусыз және тергеусiз соттауға болмайды деп мәлiмделдi. “Алаш” партиясы мен үкiметi сот iсiне ерекше мән берiп қана қоймай, ол әр халықтың әдет-ғұрпы мен салтына лайық болуы керек деп көрсеттi. Сот алдында барлық халық тең деген де ерекше аталынды. Бүкiлқазақтық съезд қаулысында: 1. Қазiргi қазақ халық соты жойылсын, 2. Қазақтардың тұрмыстық жағдайына лайық ескi соттың орнына жаңа сот құрылсын деп жазылды. Жалпы қай тұрғыдан келгенде де Алаш партиясы мен Алашорда үкiметiнiң құқықтық шаралары нағыз демократиялық мән-мағынада бағыт-бағдар алды. Алашорда үкiметi ұзақ өмiр сүрмедi. Дегенмен де оның Қазақстан мемлекет және құқық тарихында алатын орны ерекше. Өйткенi, оның басшылары ұлттық-демократиялық мемлекет құрып, оның саяси құқықтық жағын барынша негiздеген болатын. Бiрақ сол кездегi тарихи саяси жағдай Алаш идеясын, Алашорда автономиясын жөргегiнде тұншықтырды. Сөйтiп, уақытша Сiбiр үкiметi 1918 жылы 4 қарашада Алашорда үкiметiн таратып жiбердi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет