Монархия – мемлекеттің егеменді жоғары билігі бір адамның қолында өмір бойы болады жəне атадан балаға мұра (мирас) беріледі (өтіп отырады). Монарх (патша, король, перғауын (фараон), қаған, хан жəне тағы басқалар) ешкімнің алдында жауапты болмайды. Ол тек құдайдың алдында ғана жауапты. Ең алғашқы мемлекеттердің бəрі де монархиялар болған жəне орта ғасырдағы мемлекеттердің көпшілігі де монархия-тын. Қазақ жеріндегі бұрын болған мемлекеттер де монархия болған, мұнда мемлекетті қаған, хан басқарған. Бірақ, ханның билігі атадан балаға емес, ағадан ініге мұра ретінде ауысып отырған. Сонымен, монархия деп жоғарғы билігі бір ғана адамға тиесілі болып келетін мемлекеттегі билікті айтады. Мұндағы бір ғана адамға тиесілі билікті ол адам өз билігімен, қалауынша пайдаланады. Билікті өз билігімен қалауынша пайдалану құқығын ол адам ешқандай да басқа биліктен алған емес.
Монархияның үш түрі болады: а) Шексіз (абсолюттік) монархия. Бұл жерде монарх мемлекеттің бірден бір жалғыз, ең жоғары органы. Оның қолында заң қабылдау, атқару, жəне сот биліктері шоғырланған. Қазіргі кезде басқарудың мұндай нысаны СаудАравиясы, Біріккен Араб Əмірлігі елдерінде орын алған.
б) Шектеулі конституциялық немесе парламенттік монархия, басқарудың мұндай нысанында елдегі билік (өкімет) монарх пен басқа органдарға бөлінген болып келеді. Мысалы, парламентке. Қазіргі кезде басқарудың мұндай нысаны Ұлыбритания, Бельгия, Норвегия, Швеция мемлекеттерінде бар.
в) Дуалистік монархия. Басқарудың бұл нысанында елдегі мемлекеттік билік монарх пен парламент араларында тең бөлікке түскен болып келеді. Мысаля, өикен замандардағы Пруссия, Австрия, Италия, Румыния, Ресей елдерінде монархтың қолында атқарушы билік (өкімет) болған. Үкіметті жасақтау, өзінің алдында жауапты министрлерді, басқа да лауазымды тұлғаларды тағайындау жəне оларды орнынан алу құқығына ие болағн. Бұлардан басқа монарх тыйым (вето) құқығы мен парламентті таратып жіберуге шексіз құқықты болған.
Достарыңызбен бөлісу: |