«Єкімшілік ќ±ќыќ» пєні дєрісіне арналѓан



бет17/73
Дата03.01.2022
өлшемі0.59 Mb.
#451983
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   73
П н Мемлекет ж не ы теориясыны негіздері п нінен 1 та ырып

Қосымша əдебиеттер:

1. Əмірғазин С. Діни сенім бостандығы жəне заң// Тураби. 2001. № 2.

2. Вайсберг Л.М. Идея правового государства и проблема этатизма // Изв. АН КазССР. – Сер. обществ. наук. – 1989. – № 5.

3. Данилов С.Ю. Правовые демократические государства. Очерки

истории. М. 1999.

4. Дмитриева Г. Əділет жолында // Тураби. 2001. № 2.

5. Жоламан К.Д. Құқықтық мемлекет оның түсінігі мен мазмұны. // Право и государство. № 1-2 (16-17) 2000

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ колледжінің оқу-әдістемелік кешені

Мамандығ0201000

Пән: Мемлекет және құқық теориясының негіздері

пәнінен

4ТАҚЫРЫП Мемлекеттің нысаны (формасы).

Түйінді сөздер: мемлекет,құқық, заң.

Негізгі сұрақтар: Мемлекет нысаны туралы ұғым. Мемлекетті басқарудың нысаны. Мемлекеттің аумақтық құрылымы.

Мемлекет нысаны туралы ұғым

Мемлекет нысаны туралы ұғым ең маңызды мазмұндық сипаттама болып саналады. Методологиялық (əдіснамалық) жағынан алып қарағанда мұның маңызды екенінде сөз жоқ. Мемлекет нысаны деп мемлекеттік билікті ұйымдастыру мен оның құрылымын айтады. Мұнда маңызды мəселе: мемлекет нысаны теория жүзінде ғана емес, оның практикалық саяси мəніннің жоғары дəрежеге дейін көтерілуі. Мемлекеттегі биліктің қалай ұйымдастырылып, қалай жүзеге асырылы жатқандығынан мемлекеттік басшылықтың нəтижелілігі, басқарудың ұтымдылығы, үкіметтің мəртебелік беделі мен қадірінің дəрежесі жəне оның тұрақтылығы, елдегі заңдылық пен құқықтық тəртіптің ахуалы, жайы мен күйі көрініп тұрады. Міне, мемлекет нысаны мəселесінің аса маңызды саяси аспектісінің осыларға байланысты болып келетін себебі осы. Мемлекет нысаны, яғни мемлекеттік биліктің құрылымы, оны ұйымдастыру мағынасы жағынан алып қарағанда əртүрлі аспектілер түрінде көрінеді. Біріншіден - бұл мемлекет пен басқарудың жоғарғы органдарын құру жəне ұйымдастырудың белгіленген тəртібі. Екіншіден – бұл мемлекеттің аумақтық құрылысын жасаудың тəсілі, орталық регионалдық жəне жергілікті билік пен басқарулардың өзара қатынастарын белгілеудің тəртібі. Үшіншіден – бұл мемлекеттік (саяси) билікті жүзеге асырудың əдістері, амалдары мен жолдары. Сонымен мемлекет нысаны негізгі үш элементтен, атап айтқанда: мемлекетті басқару нысаны, мемлекеттің құрылым нысанынан жəне мемлекеттік, саяси режим нысанынан синтезделеді (түзіледі). Осы көрсетілген мемлекет нысаны жөніндегі түсінік бірден қалыптаспаған. Ұзақ уақыттар бойы бұл түсінік басқару нысаны мен мемлекеттік құрылым нысанынан тұрады деп есептелініп жүрді де, кейінірек оған саяси режим, саяси өзгермелілік (динамика да) те қоса қарастырылатын болды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет