«Єкімшілік ќ±ќыќ» пєні дєрісіне арналѓан


Мемлекетті басқарудың нысаны



бет18/73
Дата03.01.2022
өлшемі0.59 Mb.
#451983
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   73
П н Мемлекет ж не ы теориясыны негіздері п нінен 1 та ырып

Мемлекетті басқарудың нысаны

Басқару нысаны ұғымын пайымдағанда мемлекеттік ең жоғарғы биліктің ұйымдастырылуы түсініледі. Əсіресе оның ең жоғарғы жəне орта органдарының ұйымдастырылуы, олардың құрылымы, құзыреттері, құрылуының тəртіптік реті, өкілеттіктерінің мерзімі, халықпен қатынасу түрлері, халықтың оларды қалыптастыруға қандай дəрежеде қатысатыны түсініледі.

Басқаша айтқанда басқару нысаны - мемлекеттегі жоғары егемендік биліктің ұйымдастырылуы, оның органдарының өзара жəне халықпен байланысын сипаттайды. Басқару нысаны мемлекет нысанындағы ең басты жетекші элемент болып табылады. Ежелгі грек философы Аристотель өз заманында басқарудың нысанын жоғарға өкіметтік биліктің жүзеге асырылуының қалай орындалатынына байланысты жіктеген болатын. Онда жоғарға өкіметтік билікті жеке адамның бір өзі атқаратын түрін – монархия, шектеулі адамдар арқылы атқарылатын жоғарғы өкіметтік билік – аристократия жəне бүкіл халықтың қатысуымен атқарылатын жоғары өкіметтік билік – демократия деп жіктеген болатын. Басқару нысандарының осы көрсетілген айырым белгілері қазіргі кезге шейін сақталды. Жоғарға билікті жалғыз адам атқара ма? Əлде ол билік сайланбалы алқалы органға тиесілі ме? Міне осы жəйтке байланысты басқару нысаны ерекшелеу барысында ажыратылады. Енді осыны байланыстыра отырып басқарудың монархиялық жəне республикалық нысандарын атап, бөліп көрсетуге болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет