«Єкімшілік ќ±ќыќ» пєні дєрісіне арналѓан



бет20/73
Дата03.01.2022
өлшемі0.59 Mb.
#451983
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   73
П н Мемлекет ж не ы теориясыны негіздері п нінен 1 та ырып

Республика. Басқарудың бұл нысаны бойынша мемлекеттегі ең жоғары билік (өкімет) сайланбалы органдарға тиесілі болып келеді. Мұндай органдар белгілі бір мерзімге ғана сайланады жəне олар сайлаушылар алдында жауапты болады.

Республика билігінің екі жолы бар: президенттік жəне парламенттік. Президенттік республикада Президентті тікелей халық сайлайды жəне Президент мемлекет басшысы бола тұрып, негізінен, Үкіметті өзі құрады. Қазақстан мемлекеті – Президенттік басқару нысанындағы республика.

а) Президенттік республика басқарудың бұл нысанында президенттің жеке өзі, парламенттің қатысуымен үкіметті құрады. Үкімет өзінің қызметтері бойынша президент алдында жауапты болады. Басқарудың мұндай нысаны қазіргі заманда Америка Құрама Штаттарында жəне Қазақстанда орын алған.

б) Парламенттік республика. Мұндай басқару нысаны бар елде парламент заң қабылдайтын ғана емес, сонымен бірге үкіметті бақылайтын да орган болып табылады. Мұндағы президент – мемлекет яғни ел басшысы, ол үкімет басшысы емес. Мұнда үкіметті партиялар құрады. Үкіметке премьер-министр жетекшілік етеді (басқарады) (премьер-министр лауазымы басқаша аталуы мүмкін). Парламенттік республикада мемлекет билігінің жоғары органдарының жүйесі Парламенттің басымдылық принйипіне негізделген. Парламенттің алдында үкімет өзінің саяси қызметі үшін алқалы түрде жауап береді. Үкімет Парламенттің сеніміне сүйеніп қызмет істейді. Парламент Үкіметті қолдамаса, ол қызметін тоқтатады. Парламенттік-президенттік аралас республикалар да кездеседі (мысалы, Қырғызстан Республикасы, Португалия), онда Үкіметті Президент пен Парламент бірлесе отырып жасақтайды, құрады. Формалды тұрғыдан қарасақ, басқару нысанынның мемлекеттік құрылысқа шешуші əсер етпейтінін байқаймыз. Мысалы, монархиялық Жапония немесе Ұлыбритания əлдеқашаннан демократиялық құқықтық мемлекет екені белгілі. Республикалық Кеңестер Одағы мұндай мемлекет бола алмады. Патшалық Ресей демократиялық та, құқықтық та мемлекет болмаған еді. Ал Франция Республикасын бұрыннан демократиялық басқарудан республикалық басқару нысанындағы демократиялық, құқықтық мемлекеттің мазмұнына көбірек сəйкес келеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет