«Єкімшілік ќ±ќыќ» пєні дєрісіне арналѓан


Құқықтың əлеуметтік нормалар жүйесіндегі орны



бет36/73
Дата03.01.2022
өлшемі0.59 Mb.
#451983
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   73
П н Мемлекет ж не ы теориясыны негіздері п нінен 1 та ырып

Құқықтың əлеуметтік нормалар жүйесіндегі орны Адамдар сан ғасырларға созылған өздерінің тіршілік етулерінің барысында түрлі нормалар мен ережелерді көптеп жасаған. Бұлар ізгілік, құқықтық, саяси, этикалық (əдептілік) өнегелі, эстетикалық, корпоративтік, діни, əдет-ғұрыптар, үрдістер, дəстүр мен дағдылар, тұрмыстық əдет- ғұрыптар, ырымдар мен жоралар, салт-дəстүрлері, салт жоралары жəне тағы басқалар болып жіктеледі. Нормалар дегеніміз қоғамдық қатынастарға араласып қатысушылардың жүріс-тұрыстарының басқаша айтқанда мінез-құлықтарының үлгілері, эталондары, ережелері болып табылады. Зан ғылымы қоғамдағы қолданыста жүрген барлық нормаларды негізгі екі топқа əлеуметтік жəне техникалык, деп бөліп қарастырады. Қоғамның əлеуметтік нормалары дегеніміз қоғамдық қатынастарды реттейтін, қоғамның пікір күші ықпалымен немесе мемлекеттің мəжбүрлеуімен қамтамасыз етілетін, қоғамдағы адамдардың мінез-құлқы, жүріс-тұрыстары ережелерінің жүйесі. Бұған құқық нормалары, əдет- ғурыптар, өңеге, иман, діни нормалар, дəстүр жəне т.б. жатады. Осы ережелер өздерінің пайда болу негізіне, қамтамасыз ететін күшіне жəн хабарлау тəсіліне қарай ажыратылады. Мысалы, өнеге нормалары баяғыдан адам қоғамында қалыптасып келе жатқан, отбасында орын алатын жəне отбасы аркылы қалыптасатын ауызша нормалары, ал құқық нормаларының негіздері мемлекетте жатады жəне əрқашанда жазбаша түрінде болады,оларды мемлекет қамтамасыз етеді. Техникалық нормаларға - техникалық нормалардан басқа санитария мен гигиеналык, экологиялык, биологиялык, физиологиялық жəне тағы басқалай да нормаларға қатыстылары жатады. Бұл нормалардың бəрін қысқашалап техникалық деп атау əлеуметтік деп аталатын нормалармен байланыстыра қарастырғанда түсінікті болу үшін сондай аталыммен атау қалыптасқан. Техникалық жəне əлеуметтік нормалар өзара ықпалдасып жатады. Қоғам үшін аса маңызды нормаларды құқық жəне мемлекет əрдайым қолдап отырады. Содан олар жүріс-тұрыстын техникалық-заңдық ережелеріне айналады, сөйтіп жалпыға бірдей міндетті болады да белгілі бір заңдық салдарды туындатады. Мысалы құрылыс жұмыстарының жүргізілулерінде қылмыстық заң қауіпсіздік ережелерін бұзғандық үшін жауаптылықтың болуын көздейді де оны алдын ала заңдарда белгілеп қояды. Осындай құқыктық нормалар əртүрлі көліктерді пайдалануларда да қарастырылады. Сонымен, осы замаңғы əлеуметтік нормалар дегеніміз, қоғамдағы болмыстың тəртіпсіздік былығына айналмауы үшін, қайта ол əрбір азаматқа, адамдар топтарына, нақты бір мемлекеттерге, бүкіл адамзат қоғамдастығына ұтымды, əрі тиімді, жабдықталған (яғни комфортты), əділетті, пайдалы, құнды болуы үшін арналған жəне қолданылатын түрлі ережелердің жиынтық түрі. Қоғамдық қатынастардың əрбір субъектілері қоғамда бар нормалар туралы хабардар болуы жəне өздерінің болмысын соларға негіздей отыра кұруы тиіс. Əртүрлі əлеуметтік нормаларды зерделеудің, игеріп ұғудың жəне қолданыстарда пайдаланудың барысын əлеуметтендіру деп атайды.

Адам əртүрлі топтар, бірлестіктер істеріне қатыса жүріп əлеуметтік тəжірибе жинақтайды, тұлға ретінде қалыптасады. Сонда ғана тұлғаны мəдени нормалар білімдері негізінде іс-қимылдарға баратын, өзін айқын сезінетін, басқа адамдар арасындағы өзінің рөлін анық түсінетін тұлға дейміз. Əлеуметтік есеюдің нəтижесінде (тұлғалық касиеттерінің қалыптасуы барысында) адам өзін азамат ретінде байыптайды, ұғынады. Азамат - адамның негізгі сипаттық мінездемелерінің бірі. Мұның өзі оның белгілі бір мемлекетке тəндігін білдіреді. Адамның əлеуметтенуін нобайлау барысында байыптап барып өмір жолы ретінде көзімізге елестетіп көрсек, онда ол сол адамның əулеттік отбасында басталатынын пайымдаймыз. Одан əрі қарай ол қоғамда жүзеге асырыла бастайды. Ал, мемлекет адамдардың бірлесіп өмір сүруі барысында оларды реттеумен айналысатын қоғамдағы ұйымдардың бірі, əрі бірегейі екенін байқаймыз. Азамат жəне оның мүдделері өркениетті мемлекеттің басты қамы болып табылады. Адамдардың өзара бірігіп өмір сүруін бағыттайтын нормалар халықаралық шарттарда (конвенцияларда), конституцияларда, əртүрлі ұйымдар мен партиялардың жарғыларында; кодекстер, заңдар, талаптары мен ұйғарымдарында; діни əдет-ғұрыптарда; мəдени дəстүрлер мен үрдістерде, саяси міндеттемелерде көрініс тапқан. Осы нормалардың көмегі арқылы белгіленген тəртіп, иерархиялық (бір-біріне бағыныштылық) қатынастар орнығады. Мұндай орнығу орын алған коғамда нормалардың ықпалы барлық əрекеттерден əрқашанда байқалып отырады. Олар адамдардың əртүрлі əрекеттерін, өзара қатынастарын реттейді. Əлеуметтік нормалар адамның ұрпағы ана кұрсағында жатып тіршілік белгісін білдіре бастаған кезден-ақ қызметін көрсете бастайды жəне сол адамның дүниеден өтуімен байланысты аяқталады. Мемлекетте азаматтарға қалыпты өмір сүрудің жағдайларын жасау мен олардың өзара қатынастарын, мемлекетаралық (халықаралық) қатынастарды реттеу үшін де құқық нормалары болады. Бұл нормалар зандарда, кодекстерде, конвенцияларда, шарттарда жəне басқалай да құқықтық актілерде көрсетіліп баянды етіледі. Қоғамда ұлттық (мемлекеттік) жəне халықаралық құқықтық нормалар да орын алады (егер де осы мемлекет əлгі нормаларды таныған болса). Осы нормаларға өз кезегінде барлық азаматтар

мен ұйымдардың қолдануы жəне орындауы үшін (ортақ түрде) міндетті болады. Құқықтық нормалар үшін мораль нормаларының, өнеге нор-маларының маңызы аса зор болып келеді. Сонда мораль дегеніміз - адамдардың жүріс- тұрысын жақсылық жəне жамандық, əділеттілік жəне əділетсіздік тұрғысынан реттейтін нормалар мен қағидаттар жүйесі деп қарастырамыз. Əлеуметтік нормалар жүйесінде жақсылық жəне жамандық

(зло), əділеттілік пен əділетсіздік тұрғысынан қоғамдық қатынастарды реттеудің ең əмбебап құралы мораль (өнеге) нормалары болып табылады. Сондықтан да бұл нормалар қоғамдық ықпал ету шаралары күшімен қамтамасыз етіледі. Құкық сонымен қатар дін нормаларымен де байланысты болып келеді. Дін нормаларының негіздеріне (қайнар көздеріне) Ислам (мұсылман) дінінде Құран, Сунна, Иджма, Кийас; христиан дінінде - Ветхий Завет (Ежелгі өсиеті кітабы) жатады. Осы дін нормалары діни бірлестіктердің ұйымдастырылуы мен қызмет атқаруларын белгілейтін ережелер болып табылады. Дін нормалары - сонымен əртүрлі діндерді тұтудағы белгіленген ережелер болып табылады. Жəне де бұл ережелер сол дінді ұстанып, тұтынатын адамдарға ғана міндетті болады. Дін нормалары адамзат қоғамның белгілі бір даму сатысында заңдық сипатта болғанын тарих көрсетіп отыр. Олар саяси, мемлекеттік, азаматтық, құқықтық, неке - отбасылық жəне басқалай да қатынастарды реттейтін болған. Көпшілік қатынастарда діни ұйымдар белгілеген нормалар қолданыстағы құқықтармен астасып жатады. Дəлірек айтқанда мемлекеттің негізгі заңы - Конституция діни ұйымдардың қызмет атқаруының құқыктық негізін қалап, адамдардың əрқайсысының өздері қалаған кез келген дінді тұтынып ұстануына кепілдік береді. Діни бірлестіктерге заңды тұлға мəртебесінің берілуінің мүмкіндігі заңдарда көрсетілген. Құқықтық нормалар əдет-ғұрып нормаларымен де байланысты болып келеді.

Əдет-ғұрып дегеніміз - қоғам дамуының ғасырларға жалғасқан болмысының барысында қалыптасқан, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отырған, соның нəтижесінде дағдыға айналған адамдардың өздерінің еріктері бойынша орындалатын жүріс-тұрыс (мінез-құлық) нормалары мен ережелері. Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 3-і бабы бойынша іскерлік қызмет өрісіндегі құқықтық əдеттегі азаматтық зандардың қайнар көздері болып саналады. Əдет-ғұрыптар мораль нормаларына қарағанда құқықпен азырақ байланысқан, бірақ солай болғанның өзінде де əдет-ғұрыптар құқыққа ықпалын тигізеді. Мысалы, көшпелі кезеңдегі қазақ қоғамында əдет-ғұрып құқықтың қайнар көзі болған. Мемлекет əдет-ғұрыпттардың қайсы біреулерін құқық нормалары ретінде баянды етіп бекіткен болатын. Сөйтіп оларға жалпыға бірдей міндеттілік мəн (маңыз) берген. Құқықтық əдет-ғұрып ("əдеттегі құқық") жинағының жарқын мысалына Тəуке ханның "Жеті жарғы" заңдар жинағы жатады. Құқық пен əдет-ғұрыптың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын қарастырып көрейік. Мысалы, құқық жəне əдет-ғұрыптар нормалары адамдардың жүріс-тұрыстарын реттеушілер болып табылады, сөйтіп белгілі бір ұжымдардың пікірі бойынша адамдардың ісі (қылығы) қандай болуы тиіс немесе қандай болуы мүмкін екендігін көрсетеді, жалпы, жалпыға бірдей міңдетті ережелер түрінде білдіріледі. Сонымен əдет-ғұрыптар мен құқық нормаларының бір-бірінен айырмашылығы шығу тегі бойынша, білдірілу (баяндалу) формасы жəне қамтамасыз етілу тəсілдері бойынша анықталады. Егер əдет-ғұрыптар адам қауымының пайда болуымен қатар, бір кезде пайда болған болса, онда құқық нормалары мемлекеттік түрде ұйымдастырылған қоғамда пайда болады; егер əдет-ғұрыптар арнайы актілерде баянды етілмесе (бекітілмеген болса), оның орнына адамдар санасында ғана болып жəне ұрпақтан-ұрпаққа беріліп жатқан болса, онда құқық нормалары белгілі бір формаларда болады, сөйтіп ресми жолдар арқылы беріледі; егер əдет- ғұрыптар қоғамдық пікірдің күшімен қамтамасыз етілетін болса, онда құқық нормалары мемлекеттің еріксіз көндіру күштерінің мүмкіндіктерін ескере отырып жүзеге асырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет