Ю. А. Гагарин атындағы мектеп-лицейінің 2021-2022 оқу жылында атқарған жұмыстарының сараптамасы



бет28/99
Дата13.04.2024
өлшемі1.63 Mb.
#498561
түріҚұрамы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   99
Қауіп

Мүмкіндік

  • Сынып жетекшілердің біліктілігін көтеруді дамыту;

  • Сынып жетекшілердің инновациялық технологияларды қолдануы;

  • Оқушылардың денсаулығын сақтауға барлық жағдай жасау;



Шешу жолдары:

  • Оқушылардың мәдениетін қалыптастыру мақсатында коучинг, рухани-адамгершілік циклында әңгімелер өткізу;

  • Оқушылардың туған жерінің тарихын зерттеуге қызығушылықтарын арттыра отырып, мұражай жұмысын жетілдіру;

  • Оқушылардың арасында көшбасшылықты дамыту;

  • Сынып жетекшілердің инновациялық технологияларды қолдануы қажет;



Психологиялық қызмет

Психологиялық қызметінің жұмысы ҚР Конституциясы мен нормативті құжаттарына сүйене отырып жүзеге асырылады. Жалпы мектептегі педагог-психологтың жұмысының мақсаты: білім алушылардың психологиялық денсаулығын сақтау, қолайлы әлеуметтік-психологиялық жағдай жасау және білім беру үдерісіне қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету. Педагог –психологтың жұмысы негізгі бес бағытқа сүйене отырып жүзеге асады. Сонымен қатар, биылғы оқу жылында психологиялық қызметтің жұмысы Психологиялық-педагогикалық мониторингтың автоматтандырылған жүйеге қосылғандықтан 5 бағыттың жұмысы осы жүйеде жүргізілді..


Психодиагностика бағыты бойынша жылдық жоспарда бекітілген іс-шаралар уақытынды ППМАЖ-де өткізілді.


1-ші, 5-ші, 10-шы сыныптардың бейімделу бойынша атқарылған жұмыстар:1-ші сынып оқушылардың мектепке дайындығын және 6-7 жас тағы балалардың ой қабілетінің деңгейін анықтауға арналған ой қабілеттерінің эксперсс диагностикасының әдістемесі оқу жылдың басында және оқу жылыдың аяғында жүргізілді. Оқу жылдың басында өткізген әдістеменің нітижелері мен оқу жылдың соңында жүргізген нәтижелерінің салыстырмалы сараптамасы бойынша 28 % оқушы әдістеменің І срезінен ІІ срезде өз нәтижелерін жақсартты. 72 % оқушыда І және ІІ срезде нәтижелері өзгеріссіз болды.
10-шы сыныптарда бейімделу бойынша 3 сауалнама жүргізілді. Оқушылардың мотивациясы, сыныптағы психологиялық климатты зерттеу мақсатында Л.Г. Федоренконың сауалнамасы алынды және сыныптың топ оқушыларының арасындағы қарым-қатынасты зерттеу мақсатында социометрия әдістемесі жүргізілді.

5-сыныпта оқыту жағдайы түбегейлі өзгереді. Балалар негізгі мұғалімнен «сынып жетекші» жүйесіне, сабақ беруші ұстаз – біреу ғана емес, бір неше мұғалімге ауысады. Сабақтар әр түрлі кабинеттерде жүреді.Негізінен бастауыш сыныптан орта буынға көшу балалық шақтың аяқталуымен сай келеді. Тәжірибе көрсеткендей бұндай кезеңді көптеген балалар өз өмірлеріндегі ең негізгі кезең деп қабылдайды. Олар өздерінің «кіші сыныптағы оқушымын» деп санамайды, және бұл кезеңді мақтан тұтады. Бастауыш сыныптан орта буынға көшу оқушының психикасының жүктемесінен өсуімен байланысты. Психологиялық және психофизиологиялық зерттеулер көрсеткендей оқушылар жаңа оқу барысына бейімделу кезеңін бастан кешіреді.Оқытудың шарттарның күрт өзгеруі, талаптардың әр түрлі болуы, бастауыш сыныптағы «үлкен» деген атаудан күрт «ең кішілер» деген позияцияда болуы оқушы психикасы үшін күрделі тәжірибе болып табылады.Мектептің сабақтастық жоспары бойынша оқушылардың оқуға деген мотивациясын анықтау, қобалжу деңгейін анықтау мақсатында сауалнамалар алынады. Сонымен қатар, интеллектуалдық деңгейін анықтау әдістемесі жүргізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   99




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет