§19. Лексикалық минимум
І септеу
clavicula,ae f бұғана
fascia,ae f шандыр
nucha,ae f желке
tonsilla,ae f бадамша без
squama,ae f қабыршақ
ІІ септеу
nasus,i m мұрын
palatum,i n тағдай
organon,i n дене, мүше, орган
vestibulum,i n кіреберіс
ІІІ септеу
caput,itis n бас
os,oris n ауыз
1 топ сын есімдер
albus,a,um ақ
dexter,tra,trum оң
obliquus,a,um қиғаш
osseus,a,um сүйектік
palatinus,a,um таңдайлық
pterygoideus,a,um қанат тәрізді
rectus,a,um тік
sinister,tra,trum сол
thoracicus,a,um кеуделік
thyreoideus,a,um қалқанша
|
transversus,a,um көлденең
venosus,a,um көктамырлы, веноздық
zygomaticus,a,um бетсүйектік
durus,a,um қатты
massetericus,a,um шайнау
ІІ топ мын есімдер
alaris,e қанаттық
buccalis,e ұрттық
cerebralis,e милық
cervicalis,e мойындық
dentalis,e тістік
ethmoidalis,e торлы
frontalis,e маңдайлық
mandibularis,e төменгі жақтық
maxillaris,e жоғарғы жақтық
mentalis,e иек астылық
mollis,e жұмсақ
nasalis,e мұрындық
occipitalis,e шүйделік
orbitalis,e көз шаралық
sacralis,e сегізкөздік
sphenoidalis,e сына тәрізді
temporalis,e самайлық
vertebralis.e омыртқалық
|
Нақыл сөздер: Casus ordinarius - Кәдімгі жағдай. Casus extraordinarius - Күтпеген жағдай. Exitus letalis - Өліммен аяқталатын жәйт. Omne principium difficile - Әр бастама қиын
Тақырып: Сын есімнің салыстырмалы шырайы.
§20.Сын есімнің салыстырмалы шырайы.
Латын тілінде де қазақ тілінде сияқты сын есімнің шырайлары бар. Тек сапалық сын есімдер ғана жай, салыстырмалы және күшейтпелі шырайға бөлінеді: кішібтерең, жақсы, жаман т.б.
Салыстырмалы шырайдың жасалуы
Жай шырайдың негізіне long- + ior(m,f), ius(n) жұрнақ = longior,ius салыстырмалы шырайдың сөздік түрі.Салыстырмалы шырайдың екі род түрі формасы бар: ior(m,f), ius(n) жай шырай салыстырмалы шырай
longus,a,um longior, ius
brevis,e brevior,ius
NB! -ior(m,f), -ius(n) жұрнақтары салыстырмалы шырайдың көрсеткіштері болып табылады.
§21.Үлкен, кіші, жоғарғы, төменгі, алдыңғы, артқы сын есмдердің салыстырмалы шырайы.
Аталған сын есімдердің салыстырмалы шырайы медициналық терминологияда жиі қолданылады. Бұл сын есімдердің жасалуы мен қолданудың ерекшеліктері бар.
1."үлкен", "кіші" сын есімдерінің жай және салыстырмалы шырайлары әр түрлінегіздерден тұрады.
жай шырай салыстырмалы шырай
magnus,a,um major,jus
parvus,a,um minor,us
2. magnus,a,um; parvus,a,um сын есімдердің салыстырмалы шырайы медициналық терминологияда жұптық қарым қатынастарының анатомиялық терминдерде қолданылады және қазақ тіліне жай шырай болып аударылады.
Мыс.: ala major - үлкен қанат, ala minor- кіші қанат, tuberculum majus- үлкен төмпешік, tuberculum minus - кіші төмпешік.
3. алдыңғы , артқы, жоғарғы төменгі сын есімдерінің латын тілінде жай шырайы жоқ. Сондықтан осы салыстырмалы шырай сын есімдер қазақ тіліне аударғанда жай шырайда аударлады: superior,ius - жоғарғы, inferior,ius - төменгі, fnterior,ius - алдыңғы, - posterior,ius -артқы. Бірнеше сөзден тұратын терминде "үлкен, кіші, алдыңғы , артқы, жоғарғы, төменгі" сын есімдер бір сөзді емес, толық сөз тіркесін анықтайды. Сондықтан, олар терминдердің соңында жазылады: tuberculum thyreoideum superius - жоғарғы қалқанша төмпешік.
Достарыңызбен бөлісу: |