З. Б. Молдашева Латын тілі және медициналық


§10. Зат есімнің род категориясын анықтаудың жалпы ережелері



бет7/27
Дата09.01.2024
өлшемі0.79 Mb.
#488715
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   27
Анатомиялық терминология оқу құрал

§10. Зат есімнің род категориясын анықтаудың жалпы ережелері.
1. Neutrum род түрінің зат есімдері атау септікте -um,-on жалғауға аяқталады, екінші септеуге жатады, мыс.: tuberculum,i n; sceleton,i n.
2. Femininum род түрінің зат есімдері атау септікте -а жалғауға аяқталады, бірінші септеуге жатады, мыс.: scapula,ae f; vertebra,ae f
3 Masculinum род түрінің зат есімдері атау септікте -us, -er жалғауға аяқта-лады екінші және төртінші септеуге жатады, мыс.:sulcus,i m; processus,us m
§11 Анатомиялық терминдердің структурасы.
Структура бойынша терминдер әртүрлі болу мүмкін: бір сөзді термин - бір сөзден тұрады, мыс.: cor, thorax, septum etc.; терминдер - сөз тіркестері мыс.: vertebra cervicalis, collum costae. . Екі сөзді терминдер қиыскан және қиыспаған анықтауыш бар терминдер болу мүмкін. Қиысқан анықтауыш бар терминдерде анықтауыш сын есіммен белгіленген. Сол анықтауыш анықталатын сөзбен бір род түрде, септікте, сан түрде қолданылады, мыс.: vertebra thoracica. Қиыспаған анықтауыш терминдерде ілік септікте тұрған зат есіммен белгіленген, мыс.: caput costae. Аралас терминдердің құрамында қиысқан және қиыспаған анықтауыштар болу мүмкін, мыс.: sulcus arteriae vertebralis.
Өзін-өзі бақылау
Көп нүктенің орнын толтырыңыз:
1. Анатомиялық терминдер сөз тіркестері бастауыш ... есімнен және оның анықтауыштардан тұрады. 2. Анатомиялық терминдерде киысқан және ... анықтауыштар болу мүмкін. 3.Қиысқан анықтауыш ... есіммен белгіленеді және қиысатын зат есіммен ..., ..., ..., қиысады. 4.Қиыспаған анықтауыш ... септікте тұрған ... есіммен белгіленеді. 5.Бастауыш зат есіміменқиысқан анықтауышы атау септікте тұрады, қалғандары ... септікте тұрады.


§12 Жаттығулар.
1. Зат есімдердің сөздік түрін толтырыңыз:
Septum ; encephalon; nasus,i ; arcus,us; mandibula; cranium ; incisura ; sceleton; cornu; lympha; sinus,us; lamins; olecranon; maxilla; cerebrum; meatus; processus,us; lingua; cementum; lingula; glandula; truncus,i.
2. Терминдерді аударыңыз:
Collum radii, caput humeri, fossa olecrani, os digiti, sulcus sinus, os coxae, truncus encephali, vagina musculi, arteria genus, processus vertebrae, caput costae,
3. Алгоритм бойынша терминдерді латын тіліне аударыңыз:
Омыртқаның денесі, қабырғаның басы, қолқаның доғасы, бассүйектің негізі, мұрынның қуысы, жауырынның мойыны, өсіндінің қынабы, мұрынның жолы, төменгі жақтың тілігі, ганглийдің капсуласы, жоғарғы жақтың төмпегі, мойынның бұлшықеті, тоқпан жіліктің басы, бассүйектің тігісі, нервтің өсіндісі, өсіндінің шұңқыры.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет