§5. Жаттығулар
1. Екі буынды сөздерді оқыңыз: costa қабырға , apex ұш, arcus доға, bursa қалта, cauda құйымшақ, cavum қуыс, minor кіші, cornu мүйіз, ramus тармақ, collum мойын, fossa шұңқыр, dexter оң, corpus дене, atlas 1-ші мойын омыртқа, homo адам, thorax кеуде, caput бас.
2. Сөздерде екпін дұрыс қойып ереже бойынша оқыңыз:
medulla ossium сүйек майы, membrum inferius аяқ, epigastrium қарын үсті, substantia compacta тығыз зат, ligamentum жалғама, processus transversus көлденең өсінді, corpus maxillae жоғарғы жақтың денесі, ductus choledochus өт өзегі, facies poplitea тізе астылық беткей, palpebra superior үстінгі қабақ, fissura orbitalis көз шаралық саңылау, tuberculum posterius артқы төмпешік.
3. Жұрнақтардың ұзақтығына немесе қысқалығына қарап екпінді қойыңыз:
hiatus sacralis сегізкөздік(крестцовый)сызат, incisura vertebralis омыртқалық тілік, clavicularis бұғаналық, mentalis иектік, sulcus pulmonalis өкпелік жүлге, foramen spinosum қылқынды тесік, processus zygomaticus бетсүйектік өсінді, pars squamosa қабыршақты бөлік.
§6. Лексикалық минимум
Зат есімдер
acromion - акромион, иық өсіндісі
articulatio - буын
brachium - иық
canalis - өзек
cingulum- бел, белбеу
clavicula- бұғана
coccyx - құйымшақ
costa - қабырға
dens - тіс
fissura - санылау
foramen - тесік
fossa - шұңқыр (сопақша түрі)
fovea -шұңқыр (домалақ түрі)
hiatus - сызат
humerus - тоқпан жілік
incisura - тілік
|
mandibula - төменгі жақ
maxilla - жоғарғы жақ
membrum - қол-аяқ
olecranon - шынтақ өсіндісі
radius- кәрі жілік шыбығы
scapula - жауырын
tuber - төмпек
tuberculum - төмпешік
ulna - кәрі жілік
Сын есімдер
articularis - буындық
clavicularis - бұғаналық
coccygeus - құйымшақтық
costalis - қабырғалық
pharyngeus - жұтқыншақтық
thoracicus - кеуделік
transversus - көлденең
|
Достарыңызбен бөлісу: |