З. Б. Молдашева Латын тілі және медициналық



бет4/27
Дата09.01.2024
өлшемі0.79 Mb.
#488715
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Анатомиялық терминология оқу құрал

§3 Лексикалық минимум

Зат есімдер
atlas - атлант,бірінші мойын омыртқа
axis - екінші мойын омыртқа
caput - бас
cerebrum -үлкен бас ми
сollum - мойын
corpus - дене
cranium - бассүйек
dorsum - арқа
encephalon - бас ми
homo - адам
os, ossa - сүйек, сүйектер
substantia - зат
thorax - кеуде
truncus тұлға
vertebra - омыртқа

Сын есімдер
dexter - оң
distalis - алыс, дисталды
dorsalis - арқалық, артқы
externus- сыртқы
horizontalis горизонталды
internus - ішкі
lateralis - латеральді, бүйірлік
medialis - медиалды, органғы
medius - орта
minor - кіші
profundus - терең
sinister - сол
superficialis - беткейлі



Нақыл сөздер:
Salve, Salvete Амансын ба. Амансыз ба:
Vale, valete Қош сау бол. Қош сау болыңыз.
Invia est in medicina via sine lingua Latina. Латын тілсіз медицинаға жол жоқ
Екпін ережелері
Тақырып: Буынның ұзақтығы және қысқалығы.
§4. Буынның ұзақтығы және қысқалығы.
Латын тілінде екпіннің орны буынның ұзақтылығына немесе қысқалығына байланысты болады. Сөздер дауысты дыбыстар арқылы буынға бөлінеді. Терминде қанша дауысты дыбыстар болса , сонша буын болады. Латын тілде буындарының есебі соңынан басталады. Мысалы: li-ga- men-tum жалғама
Дифтонг бір буын береді. Мысалы: di-ae-ta диета.
Бір буынды сөздерде екпін сол буынға түседі: cor - жүрек
Екі буынды терминде екпін соңғының алдындағы буынға түседі: costa кабырға
Көп буынды терминде екпін соңғының алдындығы буынның ұзақтығына немесе қысқалығына байланысты. Буынның ұзак белгісі - ˉ, қысқа белгісі -ˇ
Соңғының алдындағы буын ұзақ болады егер:
1. соңғының алдындағы буынның құрамында дифтонг болса: diaeta- диета
2. соңғының алдындағы дауысты дыбыс екі немесе үш дауыссыз дыбыстардың алдында тұрса: processus - өсіндi, ligamentum - жалгама
3. соңғының алдындағы дауысты дыбыс X,Z әріптердің алдында келсе: reflexus- рефлекс
4.соңғының алдындағы буынның құрамында ұзақ жұрнақтар болса:-al-, -ar-,-at-, -in-,-os-,-ur- lateralis - бүйірлік
Сонымен, соңғының алдындағы буын ұзақтылығының 4 ережесі бар.
Соңғының алдындағы буын қысқа егер:
1. соңғы және соңғының алдындағы дауысты дыбыстары қатар келсе: facies - беткей.
2. соңғының алдындағы дауысты дыбыс br, tr, pl әріп тіркестерінің алдында тұрса: vertebra - омыртқа, palpebra - қабақ.
3. соңғының алдындағы дауысты дыбыс ch, th, ph rh диграфтардың алдында болса: choledochus - өттік.
4. соңғының алдындағы буынның құрамында қысқа жұрнақтар болса -ul-, -cul-,-ol-,- ic- tuberculum - төмпешік.
Кейбір терминдер жоғарғы ережелерге бағынбайтын жағдайда соңғының алдындағы буынның ұзақтылығы немесе қысқалығы сөздікте белгіленеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет