З. С. КҮзекова қазақ тілі жаттығулар Екінші басылым Астана 2019



Pdf көрінісі
бет141/252
Дата02.01.2022
өлшемі1.43 Mb.
#454127
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   252
Жаттығулар, Зейнехан Күзекова

202-жаттығу. Сөйлемдерді оқыңыз. Кейін, соң септеуліктерінің қолданылуына назар ау-
дарыңыз.
1. Мен үйге үш сағаттан соң келемін. Мен үйге күндіз сағат үштен кейін келемін.
2. Біз үйден таңертең шықтық, бірнеше сағаттан соң ауылға келдік. Біз үйден таңертең 
шықтық, жаман жолмен бірнеше сағат жүргеннен кейін ауылға жеттік.
3. Ол әскерге кетті, екі жыл өткен соң, үйге басқа адам болып оралды. Ол әскерге кетті, 
әскердегі ауыр қызметтен кейін үйге басқа адам болып оралды.
203-жаттығу. Кейін, соң септеуліктерін пайдаланып, сөйлемді толықтырыңыз.
1. ... (апта) жазғы каникул басталады.
2. ... (осы ауыр апта) жақсы демалу керек.
3. Осында ... (екі сағат) кездесейік.
4. Декан бүгін (күндізгі сағат екі) болады.
5. Бүгін ... (сабақ) соң, қалаға экскурсияға барамыз.
6. ... (екі минут) біздің автобус қалаға барады.
7. ... (жұмыс) шешем, әдетте, дүкендерге барады.
8. ... (бірнеше минут жүгіру) біз жаяу жүрдік.
9. ... (бірнеше күн) біздің үйде жиналдық.
204-жаттығу. Қалай ойлайсыз? Мына әрекеттердің әрқайсысы қалай аяқталуы мүмкін? 
Екінші бөлігінің бірнеше нұсқасын ойлаңыз, фразаны аяқтаңыз.
Үлгі: Композитор операны екі жыл жазды... Екі жылдан кейін бұл операны Абай атын-
дағы опера театры қойды. Операмен екі жыл жұмыс істегеннен кейін композитор симфо-
ния жазуды бастады.
1. Драматург пьесамен бес жыл жұмыс істеді....
2. Модельер жаңа киімдердің коллекциясын екі жыл жазды.....
3. Мен өзімнің туған қаламда үш жыл болмадым....
4. Студенттер практикада екі ай болды.....


107
205-жаттығу. Ойлауды жақсы көретіндер үшін. Сұрақтарға жауап беріңіздер.
1. Жеті балықшы өзенде балық аулады. Біріншісі көлге күнде, екіншісі – бір күннен соң, 
үшіншісі екі күннен соң, төртіншісі – 3 күннен соң, бесіншісі – төрт күннен соң, алтыншысы 
– бес күннен соң, жетіншісі – алты күннен соң келіп тұрды. Бүгін балықшылар бірге жинал-
ды. 7 балықшы қанша күннен кейін көлге тағы да бірге жиналады?
2. Тұрмысқа шыққан апалы-сіңлілі үш қыз өздерінің ата-аналарына барып тұрды. Бірін-
шісі – 2 күннен кейін, екіншісі – 3 күннен кейін, ал үшіншісі – бес күннен кейін. Неше күннен 
кейін үш қыз ата-анасының үйінде кездеседі?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   252




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет