1.3 Арнайы спорттық техникаларды орындау
кезінде қимыл- қозғалыс дағдыларын және олардың орындалу
ретін үйлестіру
3.3 Түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде
орындау, олардың ағзаға
тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын
зерттеу
|
7.1.3.3 Арнайы спорттық техникаларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті жетілдіру және жинақтау
7.3.3.3. Түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындау, олардың ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын ішкі және сыртқы белгілері бойынша анықтау
|
Кедергілерден өтуге арналған арнайы-
ерекше жаттығулар
|
|
|
(С, Т) Ойыншылар 2 командаға бөлінеді. Ойын алаңында ойыншылар жүгіріп өтетін бұрылыс бағандары қойылады. Жүргізушінің белгісі бойынша ойыншылар қашықтық бойынша қозғалысты бастайды. Олар иықтарында иінағашты – теннис доптарымен толтырылған шелектер бар гимнастикалық таяқты алып жүріп, оны түсіріп алмауға тырысады. Қашықтықты бірінші болып өткен команда жеңіске жетеді.
(С, Т) Ойыншылар 2 командаға бөлінеді. Олар бір-бірінен бір адым арақашықтықта сап түзейді. Бірінші ойыншы жүргізушінің белгісі бойынша қолында ұстап тұрған гимнастикалық таяқтан аттайды, содан кейін оны келесі ойыншыға береді. Тапсырманы бірінші болып орындаған команда жеңіске жетеді.
|
Дене күші мен қозғалыс үйлесімін дамыту.
Бұл ойындардың түрленулерін шаңғыда және конькиде қолдануға болады.
Сұраңыз: Бұл жаттығуда жүректен басқа тағы не жұмыс істейді? (мыласы, допқа жету үшін үлкен бұлшық еттер немесе лақтырған кезде арқа/қол бұлшық еттері). Әр түрлі бұлшық еттер топтарына арналған дене жаттығуларын әр апта сайын неліктен орындау қажет? Ойын түрінде өтетін екпінді осындай дене жаттығулары сендердің жақсы көңіл-күйлеріңе қалай әсер етеді? Оқушылардың денсаулықты түсінулерін сұрақ-жауаптар арқылы бағалаңыз. Икемділікті дамыту.
|
Гимнастикалық таяқ, теннис доптарымен толтырылған шағын пластик шелектер, биіктігі кемінде 1,5 м бұрылу бағандары, сөре (мәре) сызығын белгілеуге арналған бор
Гимнастикалық таяқтар немесе коньки және шаңғы ойындарын түрлендіруге арналған қажетті инвентарь
|