Дене шынықтыру. Негізгі мектеп. 7-сынып
7-тарау: Шабуылдау ойындарында дағдыларды және түсінікті дамыту
|
Ұсынылатын алдын ала білімдер
|
Оқушылар алдыңғы сыныптар бойныша, мектеп бағдарламасынан тыс жеке тәжірибесі бойынша команда түзуші ойындардағы білімдерді және
оларды ойнау дағдыларын меңгерген.
|
Контекст
|
Бұл тарауда оқушылар шабуылдау ойындарында және команда түзуші ойындарда дағдыларын дамытады және ойын барысында өздерінің
стратегиялық ойлауы мен түсініктерін жақсартуға әсіресе назар аударады.
|
Бұл тараудың тілдік мақсаты
Оқушыларға арналған тиісті ғылыми/мектеп терминологиясы бар тілдік мақсат мысалы оқушыларға осы тараудың пәнді меңгеру мақсаттарына жетуге көмектесу үшін төменде беріліп отыр.
|
Оқудың тілдік мақсаты
|
Пәндік лексика және терминология
|
Диалогқа/жазуға арналған пайдалы сөз тіркестері
|
Оқушылар:
шабуылдау және команда түзуші ойныдардың шеңберінде өздерінің дағдылары мен түсініктерін сипаттай, талқылай және көрсете алады
|
Мыналарды қамтиды: шабуылдау ойындары шабуыл, қорғаныс
адал ойын, өзара әрекеттестік, жарыс кеңістікте бағдарлану
төреші, ойыншылар командалық жұмыс тактика, стратегиялар
жүгіру, жылдамдықты/бағытты өзгерту қолмен/аяқпен жүргізу
|
Талқылауға арналған сұрақтар:
|
Шабуылдау ойындары дегеніміз не?
Қорғаушы ойыншыны ойыннан шығарудың үздік тәсілі қандай?
Сендер команда ретінде есепті қалай тиімді жүргізе аласыңдар?
Сендерге ойын алаңымен қозғалуды, сондай-ақ шабуылға шыққан кезде бір-біріңмен қарым-қатынасты жақсарту не үшін қажет?
Неліктен өз назарыңды бір ойыншыға бір рет
шоғырландырған дұрыс немесе әрбір қарсыласты белгілеген жақсы ма?
|
Басқа да тілдік оқу мақсаттарын қалыптастыру және оқыту мақсаттары бойынша қосымша нұсқаулар алу әрі ғылыми тілді зерттеу үшін жоғарыдағы «Тілдік мақсаттар туралы» қараңыз.
|
Қысқаша шолу
|
Бұл тарауда оқушылар бастапқыда ойын барысында ойын алаңында бағдарлануды жақсартумен жұмыс жасайды. Тараудың екінші жартысында өздерінің тактикалық хабардарлығымен жұмыс істейтін оқушылармен ойын арқылы оқу мен оқытуға назар бөлінген. Оқушылар осы тарау бойы әр түрлі рөлдерде болады: шабуылдаушы, қорғаушы, қақпашы, байланыстырушы, төреші. Ойын кезінде және ойыннан кейін
олардың өздерінің жеке және командалық ілгерілеулері туралы ойлану мүмкіндігі болады.
|