Зертханалық жұмыс №1 Сүт ассортиментін зерттеу және сапасын бағалау


Қышқылдық әдіспен май мөлшерін анықтау



бет5/21
Дата02.01.2022
өлшемі77.87 Kb.
#453282
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Зертханалық жұмы1

Қышқылдық әдіспен май мөлшерін анықтау.

Майды бірыңғай қабат түрінде бөліп алады, оның көлемін арнайы приборда – жиромерде өлшейді. Құрғақ таза жиромерге ауызбен былғап алмай 10мл күкірт қышқылын өлшеп алады, ондағы сұйықтықтар араласпайтындай 10,77мл сүтті құяды, құю кезінде пипетканың ұшы жиромердің бұрышының қабырғасына тигізіліп құйылады. Бұл кезде пипеткадағы сүттің деңгейін менискадағы төменгі нүкте қарай қояды. Пипеткадан сүт жайлап ағуы керек. Пипеткадағы сүт біткеннен кейін жиромердің ауызындағы пипетканы 3 сек кейін алады. Пипетканың ұшы күкірт қышқылына тимеуі керек.Әйтпесе сүт ұйып қалады да тығын пайда болады, ол сүттің ағуын қиындатады. Пипеткадағы қалған тамшыларын үрлеу рұқсат етілмейді, өйткені пипетканың көлемі еркін ағуға есептелген. Бұдан кейін жиромерге пипеткамен 1мл изоамилді спиртті өлшеп алады. Жиромерді жоғарыда аталғандай реттілікпен толтыру керек. Жиромерді толтыру процесінде жиромердің ауызы таза және құрғақ болуы керек. Егер де жиромердің ауызына қышқыл түссе, оны нейтралдау үшін резиналы тығынды бормен өңдейді және осыдан кейін барып жиромердің аузын жабады.

Сүтті күкірт қышқылымен қосу кезінде жиромерлер қызады. Қолды күйуден сақтау үшін оны орамалмен орайды, және сол қолмен жуандау бөлігінен ұстайды, оны көлбеу жағдайда (наклон) ұстайды. Тығынды винт тәрізді қозғалыспен оның ұзындығының жартысына дейін ендіреді.

Тығынды қолмен ұстап тұрып, жиромердегі белоктық заттар ерігенге дейін шайқайды, ондағы сұйықтық толығымен араласуы үшін оны 4 – 5 рет айналдырады. Жиромерлер көлемі әр түрлі болуы мүмкін, осының салдарынан бірдей өлшенген реактивтерден әр түрлі жиромерлерде бөлінген майлардың бағанасы әр түрлі жағдайда болуы мүмкін.

Анализдің соңында бөлінген майлардың көлемін өлшеу үшін жиромерді центрифугада айналдырғаннан кейінгі бағанасы градуирленгенбөлігінде болуы керек, ал центрифугаға айналдырғанға дейінгі сұйықтықтың үстіңгі деңгейі приборда тоғызоныншы бөлшек шкалаларының деңгейінде болуы керек. Бұл аралықты жиромердің тығын жағын төмен қаратып ұстаған кезде анықтайды. Егер сұйықтықтың үстііңгі бөлігі шкаланың төменгі бөлігінде болса, онда жиромерге күкірт қышқылын қосады. Күкірт қышқылының қосылуы қорытындыға әсер етпейді. Жиромердің сұйықтықпен толғандығын тексергеннен кейін оны тығынымен төмен қаратып, температурасы 65±2оС су моншасына 5мин-қа қояды. Бұл температура кезінде сүт майлары еріген күйде болады, ол оның центрифугалау кезінде бөлінуін жеңілдетеді. Су моншасынан жиромерлерді алып, центрифуга патрондарына салады, оларды бір-біріне қарсы симметриялы орналастырады. Егер жалғыз жиромер болса, онда оған қарсы су толтырылған жиромерді қояды.

Жиромерлерді патронға қойғаннан кейін қақпағын жауып, 5мин аралығында 1000айн/мин айналдырамыз. Центрифугалап біткеннен кейін жиромерлерді патрондардан алып және резиналы тығынның қозғалысымен жиромердегі майлардың бағанасын прибордың градуирленген бөлігінде болатындай басқарады. Бұдан кейін жиромерлерді тығын жағымен төмен қаратып, су моншасына, ондағы судың деңгейі жиромердегі майдың деңгейіненбіршама үлкен болуы керек. 5 минуттан кейін жиромерлерді су моншасынан алып, ондағы майдың есебін жүргізеді. Жиромердегі майды есептеу кезінде майдың шекарасы көздің деңгейінде болуы керек және оны вертикаль ұстау керек. Тығынның жоғары және төмен қозғалысымен май бағанының төменгі шекарасын табады және одан май бағанасының менискадағы төменгі нүктесіне дейінгі бөлшек санын есептейді. Май мен қышқылдың арасындағы айырмашылық анық білінуі керек, ал май бағанасы – мөлдір болуы керек. Лайланған немесе қара түстес май, оның дұрыс анықталмағандығын көрсетеді





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет