Сыртқы түрі және консистенциясы. Сүттің сыртқы түрін анықтау кезінде оның біртектілігі мен тұнбасына көңіл аударады. Қалпына келтірілген сүтте біршама тұнбалардың болуы рұқсат етіледі.
Дәмі мен иісі. Сүттің иісі мен дәмін бөлме температурасы кезінде анықтайды, ал кейбір кездері 37 – 38о С дейін қыздыру арқылы анықтайды, бұл кездерде дәм мен ароматтың әлсіз өзгерісін байқауға болады.
Сүттің иісін бөтелкелерді шайқағаннан кейін және ыдыстарды ашқаннан кейін анықтауға болады.
Дәмін анықтау үшін сүттің 10 мл-ін алып, онымен тілдің түбіне дейінгі ауыз қуысында шайқайды және қалыпты дәмнен ауытқулары болуын анықтайды. Зерттелетін сүтті ішіп қою ұсынылмайды. Дәмімен бірге сүттің иісін анықтайды.
Түсі. Сүттің түсін анықтау үшін сүтті мөлдір стаканға құйып алады, оны күндізгі жарықта қарап, консистенциясының біртектілігіне, стакан түбінде тұнбаның болмауына, сонымен қатар бөтен реңдер болмауына көңіл аударады. Сүт сапасын физико-химиялық әдістермен бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |