Сүтті органолептикалық бағалау. Сүттің сапасын органолептикалық бағалау кезінде сыртқы түрін, консистенциясын, дәмін, иісін, түсін және ыдыстардың жағдайын, қапталуын анықтайды.
Ыдыстардың жағдайы мен қапталуы. Сүттің органолептикалық бағалауын ыдыстарды және олардың қапталуын қараудан бастайды. Жапсырылған жерлері бар, тігістері ашылған, ауызының шеттері майысыңқыраған флягтардағы сүттердің көлемі нормаға сәйкес келмейді, оларды белгілеп қояды.
Пакеттерде бұрыштарындағы қыртыстарға қарайды, ондай жағдайларда сүттің көлемін тексереді. Пакеттердегі қыртыстар пакеттерді толтыру кезінде сүттің напорының жеткіліксіз болған кезінде қалыптасады, осының салдарынан сүттің көлемі азаяды. Сүті бар бөтелкелердің герметикалық тығындалуын тексереді.
Бұдан кейін бөтелкелердің мойнындағы шытынаған жерлерінің болуын тексереді, шытынаған жерлердегі алюминий фольгасы майысады. Шытынаған жерлері бар бөтелкелерді бракқа шығарады.
Бөтелкелердегі стерилденген сүттердің герметикалық тығындалуын тексеру үшін сүті бар бөтелкелерді ыстық суға батыру арқылы анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |