Зертханалық жұмыс №1 Тақырыбы: Ақпаратты көрсету. Ақпаратты есептеу



бет6/21
Дата11.03.2022
өлшемі0.88 Mb.
#456152
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Зертханалық жұмыс

Мысал 4.Жиіліктері А) 44.1 кГц; Б) 11 кГц; В) 22 кГц; Г) 32 кГц; және разрядтары 16 бит болып жазылған бір минуттық цифрлық дыбыс қатты дискіде немесе кез келген цифрлық тасымалдаушыда неше орын алады.
Шешуі. а) Егер жиілігі 44.1 кГц, разрядтары 16 бит(2 байт) болтаын моносигнал жазылса, онда аналогтық цифрлық түрлендіргіш әрбір минут сайын 44100*2*60=5292000 байтты береді (шамамен 5 Мб). Яғни көлемі 5 Мб жуық аналогтық сигнал қатты дискіге жазылады.
Мысал 5.Дыбыс сапасы орташа (11 бит, 24 кГц) болатын дыбыстық ұзақтығы 1 секунд болатын моноаудиофайлдың ақпараттық көлемі қандай?
Шешуі. 16бит*24000=384000бит=48000байт=47кБайт
Мысал 6. Ұзақтығы 20 секунд 20-биттік кодтауда және дискредитациялау жиілігі 44.1 кГц болатын стереоаудиофайл көлемін есептеңдер.
Шешуі. 20бит*20*44100*2=35280000бит=4410000байт=4.41Мб
Мысал 7. Ескірген 8-биттік дыбыстық картаны қолданғандағы дыбыстық сигнал деңгейлерінің санын анықтау.
Шешуі. К =28=256.
2.3. Бақылау сұрақтары
1. Мәтіндік ақпараттар қалай кодталады?
2. Графикалық ақпараттар қалай кодталады?
3. Дыбыстық ақпараттар қалай кодталады?

    1. Жеке тапсырмалар

1. а) дыбыстық ақпаратты көрсетудің аналогтық әдісіне;
б) дыбыстық ақпаратты көрсетудің дискреттік әдісіне мысал келтіріңдер.
2. а) дискредитациялау жиілігі (семплирлеу);
б) семпл деген не.
3. а) дыбыстың екілік кодтау принципін;
б) дыбыстың екілік кодтаудың сапасы қандай параметрлерге тәуелді екендігін сипаттап беріңдер.
4. КОИ-8 қолданып «Мама» және «Мир» сөзрдерінің қодын анықтаңдар.
5. өрнегінің кодын жазыңдар.
6. КОИ-8 қолданып «Алматы» және «2005 жыл» сөзінің кодын және көлемін анықтаңдар.
7. Егер машинкада басылған 2 беттік мәтін 2 бет=4000 байт орын алса, онда көлемі 500Кбайт дискіге неше бет мәтін жазуға болады.
8. 320х200 нүктелі экран үшін ақ-қара және түсті суреттің ақпараттық көлемін есептеңдер (бит, байт және килобайт өлшемімен)
Қара - ақ бейнелеу _____________
түсті бейнелеу _____________
9. Қара - ақ суреттің ақпараттық көлемін(битпен, байтпен) есептеңдер _____________ бит, немесе _____________ байт

10. Қоғамдық тамақ өнеркәсібіндегі өнімдерді есепке алу үшін мәндері төмендегідей болатын реквизиттер қолданылады: өнеркәсіп – 12 таңба, құжат номері – 3, операция коды-2, өнімді алатын ішкі құрылым коды-3, өнімдердің қосындысы-7, нан, тұз және т.б.-3, қорабтың қосындысы- 3, жеңілдіктер қосындысы-3.


Құжаттағы жолдар саны- 12. Ақпарат көлемін анықтаңдар.
11. Кредитке сатылған товарларды есепке алуды машинада өңдеуде келесі реквизиттер қолданылады: сан-2, айы-2, магазин-2, операция түрі-2, міндетке алу-тапсыру номері-2, қосынды (қарыз немесе төленетін)-8, ай сайынғы жарна-2, соңғы төлену айы-2. Ай сайынғы өңделетін алғашқы құжаттар көлемі - 22000 жол. Ай сайынғы ақпарат көлемін анықтаңдар.
12. Товарларды аналитикалық және синтетикалық есепке алудың машиналық өңделуі кезінде келесі реквизиттер қолданылады: сан – 2, айы – 2, магазин – 3, қойма - 4, операция түрі – 2, құжат номері – 4, қсынды – 9, дебет – 3, кредит – 3. Ай сайынғы өңделетін алғашқы құжаттар көлемі 1000 жолдан тұрады. Ақпарат көлемін анықтаңдар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет