Жұмысты атқару әдісі мен реті:
Зоографиялық картадан адамға ең пайдалы және зиянкес жануарларды, атластан олардың негізгі тұлғасы мен бейнесін анықтап белгілеу.
Негізгі жұмысты орманда жүргізеді. Орманнан жапырақтың, бүрдің, тамырдың, ағаштың діңінің зиянкес жәндіктерін жинап, олардың орманды қандай жолмен, қанша мөлшерде жарақаттағанын есептеу;
100 жапырақтың пробын алып, одан қаншасы қандай мөлшерде зақымдалғанын санап есептеу. Бұл үшін миллиметрлік сызығы бар қағаз парақтарына жапырақты төсеп, сол арқылы жапырақтың ауданының қанша пайызы желінгенін өлшейді.
Зақымдалған ағаштың діңінен 30 см-лік пробты 3 дана кесіп алып, әрбіреуінің жәндіктермен зақымдалған мөлшерін зерттейді. Зақымдалған ауданды есептеп шығарады.
100 бүрден қаншасы жәндіктерге зақымдалғанын есептеу керек.
Егіс алаңы жақын болса, егістікті жеп зақымданған мөлшеріне есеп жүргізуге болады.
Ағашты шайқалтып сілкілеп, оның түбіне целлофан төсенішті төсеп қою арқылы зиянкестерді теріп алып, лабораторияда бинокулярдың көмегімен қандай түрдің жәндігі екенін анықтайды. Анықтаған жәндіктің тіршілігі, зияны, күресу жолы туралы Щеголовтың «Словарь-справочник энтомолога» кітабынан оқып, белгілеу жасау.
Әдебиеттер:
Шарова И.Х. Зоология беспозвоночных. М., 2001.
Щеголов В.Н. Словарь-справочник энтомолога. М. – Л., 1965.
И.П.Карузина. Биология. М., 1967.
А.Тілменбаев. Ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянкестері.
Воронцов А.И. Лесная энтомология. М., 1982.
Воронцов А.И. Практикум по лесной этомологии. М., 1973.
Достарыңызбен бөлісу: |