1.2 Жоғары оқу орнында студенттердің парасатты ойлау өнерін қалыптастырудың заңдылықтары мен қағидалары
Ойлау өнерінің даму динамикасы әр студенттің әлеуметтік жағдайларына қатысты. Бұл орайда, Л. В. Мардахаевтың [112] әлеуметтік педагогика жайлы еңбегінің орны ерекше. Әлеуметтік педагогиканың ұғымдары мен мәні және қағидалары жайлы зерттеуші дәйекті ой-пікір айтады. «Қағида» ұғымы белгілі бір ереже орындау үдерісінде қолданылатынына тоқталып, оның белгілі бір құбылыстың мәнін айқындауға ықпалының бар екеніне тоқталады. Л. В. Мардахаев әлеуметтік педагогика ауқымында қоғамдағы белгілі бір ережеге қатысты қағидалар ғылым ретінде қабылданатынына негіздеме жасаған. Оның өзі жалпыәдіснамалық характер мен ғылыми пәнге тән алар орны бар деген пікір түзеді. Сөйтіп, зерттеуші қағидалардың санатына мыналарды жатқызады: ғылымның шығу ережелері; заңдылықты қатайту іс-шаралары; жалпы орындалатын ережелер; заңның жекелік сипаты. Бұл түзілімдегі қағидалар: ғылымилық, ақиқаттылық, тарихилық, тәжірибенің теорияға жүгінуі.
Л. В. Мардахаевтың еңбегіндегі ойлау өнеріне қолайлы жағдай туғызар деген ғылыми бағдарлары:
- әлеуметтік педагогиканың тәжірибедегі көрінісіне қызмет етер қағидалар, әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекетті ұйымдастыру және оның жекелік сипаты;
- жоғары оқу орнындағы әлеуметтік арна қызметінде жалпы характер, жоғары оқу орнының өзіне тән қағидалары мен заңдылықтары, жоғары санаттағы әлеуметтік салада қызмет істейтін мамандар әзірлеуі.
Көріп отырғанымыздай, қоғамда өмір сүргендіктен, қандай адам болса да өзінің жеке қағидалары мен заңдылықтарының мемлекеттік тараптан шыққан қағидалар мен заңдылықтарына сәйкес келуі күні бұрын қарастырылуының қажеттілігін Л. В. Мардахаев еңбегінен байқап отырмыз. Бұндай қоғам және жеке тұлға арасындағы ережелер студенттердің ойлау өнерінің деңгейліктеріне сәйкес үндесіп келетініне көңіл аударамыз.
Кей тұста қоғамдағы қалыптанған заңдылықтар мен қағидалар ойлау өнерінің креативтік деңгейдегілерінің өз мүддесіне жетуіне кедергі келтірер тұстары бар екеніне көз жеткізеді.
Л.В. Мардахаев бұл еңбегінде итальяндық гуманист, жазушы Матео Вежио (1406-1458) балалар өзін қоршаған ортадан үлгі алады, сондықтан оны жолдастарының жаман әдеттерінен сақтандыру мен қоғамдағы көлеңкелі іс-әрекеттен аулақ ұстауды ұсынады [113]. Бұл орайда біздің қазақ елінде «Жақсыдан шарапат, жаманнан кесапат» деген халық даналығын келтіруге болады.
Бүкіл әлемдік интеллектуалды әлеует өзінің дүниетанымдық негізін білім мен ғылым біртұтас кеңістігіне жаңа философиялық пайыммен қағида шығаруға бағдарлап отыр.
Бұл бағдардың нысаналы тірегі, субстанциясы зиялылық-креативтік көзқараспен қарап, әрбір ғылымнан тұжырымдар шығару жеке тұлғалардың еншісіне бағынысты екенін аңғарамыз. Олай болса, студенттердің таным-түсінігінің деңгейліктеріне тәуелді тұжырымдар легі пайда болады.
Ғылым негізі тұтастай дерлік қайшылықтан тұрады. Әлем халықтарының ойлау өнері жайлы көзқарасының тұжырымдарын бір жүйеге түсіруге ықпал жасау қиындық келтірсе де, ұлттық психология нышаны және ұлт киесі болып қалыптасқан қазақи тәлім-тәрбиені ескермесек, оның сан ғасырлық жүйесін ілгерілету траекториясын күні бұрын жобаламасақ, парасатты ойлау өнері сағым қуғандай болар еді. Жоғары оқу орнында студенттердің парасатты ойлау өнерін қалыптастырудың бірінші заңдылығы – білім мен ғылыми негізді тұтастықта алу. Бұл алдымен отандық деңгейде болуы көзделеді. Жаһандасудан алшақ кете алмайтындығымыз диалектикалық заңдылық екенін ескерсек, парасатты ойлау өнері әлемдік кеңістіктегі жүйе сыңайында бір орталықтан үйлесім табуы, унификациялануы, басқарылуы, алгоритмделуі, құбылыстар мен үдерістерге түсуі біздерді терең ойға қалдырады. Ойлау өнерінің жадау тартуының бір өткір мәселесі ол аталған жүйенің әлі де болсын халықтық педагогика нысанында тарихи қағидамен бернеленбеуінде. Өйткені, белгілі бір жанрға қатысты мәтіндемені тұтас, көкейкесті мәселеге қатысты проблемалы сұрақпен зерделеп, одан ой-тұжырым шығарудың орнына үзік-үзік цитата келтіру қанымызға сіңіп кетті. Осындай үдерістің салдарынан ойлау өнерінің мәйегі 1) игілікті өмір сүруді қамтамасыз етер мүмкіндігі; 2) қоршаған табиғатттан нәр алу сауаттылығы; 3) табиғатқа ілтипатпен қарауы сияқты ұлт мәйегінің жүйесі бүгінгі таңда өзінің табиғи қалпынан айрылды. Оның бір мысалы адамның өзіне-өзінің интеллектуалды-рухани күш-қуат нышаны ретінде сенімі сейіліп, ұдайы шаршап-шалдыққан жастарды көреміз. Отандық білім мен ғылымды тұтастықта алып, жаһандасу (PISA) кеңістігіне жуықтау – жоғары оқу орнында студенттердің парасатты ойлау өнерін қалыптастырудың екінші заңдылығы.
Аталып өткен көкейкесті мәселенің туу себеп-салдарына көптеген дәлелді материалдарды кездестіреміз. Бірақ, өкінішке орай ол тығырықтан шығу амалдары, ойлау өнері дегенге әлі де марғаулықпен қараудамыз.
Ұлттық тәрбиенің мәйегі дегенде біздер адамның қолынан келер жәйттері бар да, келмейтін тұстары жоқ деген тұжырымның оған кесел екенін байқадық. Кеңестік дәуірден бері санамызға батпандап кірген бұл тұжырым мысқалдап шығатын түрі жоқ.
Антропоцентризмнің бағыты біздерді Ай мен Марсты миымызға сыйғыза алатындай сенім берді. Неғұрлым жалған ұстаным, жалған сенім миға орныққан сайын нағыз ғылыми пайым-парасат сағымдай жеткізбейді.
Бүгінгі таңда адамның қауқары шектеулі екеніне әлемдегі катаклизма, табиғи апаттар дәлел. Адам табиғатқа, микрокосмосқа тәуелді деген ұстаным – ұлттық тәрбиенің кредосы. Макрокеңістіктен адам өмір жолын дұрыс таңдай алуына ертедегі ата-бабаларымыз отбасы төңірегінде қам жасаған. Адам үшін қадірлісі - өсіп-өнген отбасы.
Отбасының сонау ежелгі түркі дәуірінен қалыптасқан ұлттық тәрбие мәйегінің жүйесінен бүгінде жұрнақ та қалмағаны баршаға аян. Ол жүйені қалпына келтіру қолдан келе ме? – деген күрделі сұраққа жауап табу әлі ертерек. Десек те, оның жүйесін ежелгі дәуір кездерінен бағамдауға мүмкіндігіміз бар. Себебі отандық білім мен ғылым байырғы ізгілікті ұлттық тәрбиеге негізделуі керек. Бұл – бірінші қағида.
Әрбір студенттің табиғи мүмкіндігіне қарай өзін-өзі танып, сол перцептивті қабылдау іс-әрекетіне сәйкес тұжырым құра білуі. Кеңестік дәуірден қалған тоталитарлық жүйе таңбасы – жоғарыдағы тұлғалардың иерархиялық түсінігі барлық өзінен төмендегілерге міндет ретінде ұсынылды. Нақтылап айтсақ, бәріміздің ой-тұжырымдарымыз бірдей болу тұрғысындағы үдеріс басымдықта екеніне бірталай адам көздерін жеткізді. Әр тұлғаның гносеологиялық, аксиологиялық, онтологиялық пайымдамасы жинаған, трансформациядан өткізген тұжырым-түйініне бағынышты. Сол себепті диагностикасыз студенттерге көпдеңгейлікті тапсырмалар беруден сақ болған абзал. Оқушылардың ойлау өнерінің деңгейі белгісіз болса, оған міндетті түрде диагностика жүргізу бұл – үдерістің үшінші заңдылығы.
Тұжырымдама тарихтан, әдебиеттен нақтылы және жаратылыстану пәндерінен шоғырланған көзқарас және студенттің әлем, қоғам жайлы дүниетанымын құрайды. Бұл бірталай уақыт аралығында қалыптасады, өзін-өзі жоққа шығаруы қоғам өзгерісіне тәуелді болғандықтан, ол қалыптасқан көзқарасын, дүниетанымын жаңа философиялық тұрғыда жаңадан түзуі көзделеді. Міне, осындай көкейкесті өткір мәселе әлі де шешімін таппай келеді. Ол үшін қай ғылым саласы болса да, тұжырымдама құру қажеттігі туып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |