Зерттеудің көкейкестілігі



бет14/28
Дата19.05.2022
өлшемі333.29 Kb.
#457497
түріДиссертация
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   28
Дип парасат

Бірізділік қағидасымен құрылатын үдерістер:
- ана тілі мен ұлтаралық қатынас тілдері, өзінің және басқа халықтардың тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрпын, дәстүрлерін сыйлай білуге баулу (ізгілендіру).
- өздігінен денсаулығын, эстетикалық талғамын дамытуға дайындау.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты ұлттық тәрбие мазмұнын жаңарту тұжырымдамасының негізгі бағыттарымен байланыстыру.
- білімнің жоғары оқу орныдағы мемлекеттік қалып ауқымын ізгілік негізіне бағдарлап, тереңдету, қазіргі ғылымның динамикалық (жылжымалы) құрылымына сәйкестендіру;
- студенттердің танымы, когнитиві мен эстетикалық әрекеті тәрізді қасиеттерінің оңға қарай ыңғайлана өркендеуіне жақсы жағдай туғызу көзделеді.
Жоғары оқу орныдағы ізгілендіру және білім мазмұнын дербес қарастыруды былайша болжамдайды:
- студенттің іс-әрекет субъектісі және жеке тұлға ретінде ізгілікке жетуіне мүмкіндік туғызу;
- қарым-қатынас жүйесі ізгілік негізінде меңгеріліп, аналитикалық қызметке машықтануына жаттығулар жүргізу.
Ұлттық тәрбие мазмұнын айқындаудың негізгі қағидалары:
- ұлттық тәрбие мазмұнының дербес жүйе ретінде қалыптастыруға мүмкіндік беретін жүйе қызметінің толықтығы. Студенттің оқып үйрену субъектісі тұрғысынан қабылдануы ескерледі;
- қоғамдық өмірдің қандай бір болмысын ғылыми саласында негізгі ұлттық тәрбие мазмұны жүйеге енгізіледі [31, 63-65 б.].
Ұлттық тәрбие мазмұнына қойылатын әлеуметтік талаптардың ерекшеліктері мен қағидалары:
- ұлттық тәрбие мазмұны арқылы өз халқының, ұлттық мәдени-тарихи байлығын жалпы азаматтық мәдени мұрасымен ұштастыра меңгеруге мүмкіндік беретін сабақтастық:
- аймақтық ерекшеліктерді қоғамтану ілімнің ізгілік мазмұнына негіздеудегі тапқырлық;
- студенттерді даралап, саралап оқытуды негізге ала отырып, білім мазмұнын жаңартудың көп деңгейлік жолдарын жүзеге асырудағы шеберлік.
Жоғары оқу орнындағы оқыту үдерісі мынадай маңызды мәселелерге көңіл бөледі:
- бағдарлама барлық жоғары оқу орындарында жүргізілетін негізгі ілімдердің ішкі, сыртқы мақсатары мен міндеттерін жалқылай, жалпылай жіктеу;
- аталған жекелеген пәндердің тұтастықта қабылдануын қамтамасыз етер ең басты деген мақсатты тәжірибеде ұтымды шешу;
- педагогтық ұжымның біліктілік деңгейліктеріне (иерархиясына) орай олардың өз-өздерін және сырттай (курс, конференция, семинар кеңестер т.б.) үзіліссіз, үздіксіз білім дәрежелерінің біліктілік, ғылымилық басқыштарға көтерілуіне жақсы жағдай туғызу;
- әр оқытушының кәсіптік деңгейінің өсуін кәсіпорын ашу ісіне бағдарлау.
Жоғары оқу орны тұжырымдамасының нәтижеге жеткізер желісі – жоғары оқу орнын басқару үдерісіндегі бағдарламасы.
Бағдарлама елімізде 70 жыл өмip cүpiп келген вербальді (сөз) жүйе мен даурықпа (демагог) «icтi» қоштайтын барлық оқытушылардың бойынан аластауына мүмкіндік туғызады.
Олай болса, жоғары оқу орны бағдарламасының жүйесі әр оқытушының тұлғалық қабілеттілікті меңгеру үшін материалдық қорлар мен әдіснамалық негіздерді басшылыққа алып, ұстаздық істің нәтижеге жеткізер деген не бip құнды ойлары мен халық қазынасын жинап, оның жандануына мұрындық болады.
Нәтижесінде әр оқытушы өз-өзінің ойлау өнерін дамытады, пәннің ішкі мазмұнын анықтайды, оның үнемі дамытылу жүйе көздерін табады, студенттер ұжымын басқару механизмінің тетігін ашады, осы іс-әрекеттерді дұрыс жүзеге асырудың заңдары мен қағидаларын сұрыптайды, нәтижеге жетер желіні дұрыс болжайды.
Ойлау өнерінің бағдарына қойылатын талаптар:
- ғылым талаптарына сай ізгіліктің адам бойына пәндердің мазмұн құрылымдары арқылы сіңірілуі;
- оқу жоспары мен оқыту мазмұнының мақсат, міндеттерінің дұрыс саралануы (бақылау);
- оқулықтағы материалдар терең логика мен бірізділік, тұтастық құрылымда болып, өзара сабақтастықта құрылуы;
- ғылыми (студенттердің физиологиялық-психологиялық ерекшеліктеріне, жастарына сай) теория мен тәжірибе байланысының жүйесінде қабылдануы;
- барлық анықтамалардың меңгерілуі, еске сақтау қабілеттерінің ұшталуы.
Жоғары оқу орнында оқыту жүйесі әр студенттің өз-өзін дұрыс тани білуіне, қажеттілік пен қабілет мөлшерін іштей жобалауына, өзінің бағасын шығаруына мүмкіндіктер туғызады.
Студенттердің өзі-өздеріне жетістік, толдық, кемелдендік, дамыдық деген бағаны бepyi үшін үнемі нәтижеге жеткізер әдіснамалық желіні алдын-ала көре білу іскерліктері ширауы керек. Бұл мақсатқа жеткізер үдерістер:
- жоспарлау;
- ұйымдастыру;
- сарынын белгілеу;
- бақылау.
Пәндерді жоспарлау мынандай аналитикалық жүйеге бағдарлайтын сұрақтардан құрылады:
- Бүгінгі күні кай жерге жеттік?
- Қайда, қандай нәтижелерге жетуіміз керек?
- Не icтeyiміз керек?
Бipiншi сұраққа жауапты бүгінгі күннен іздеуіміз керек. Ол талдау, жинақтау електерінен өтіп сұрыпталады.
Ойлау өнерінің кілті - әр студенттің ic-әрекетін шыңдау (делегирование). Әр студенттің шама-шарқына лайықты жұмыс беріп, оның үнемі шыңдалуына басшылық жасау басты мақсат.
Жоғары оқу орнында оқыту үдерісінің жолдары (мотив) даму жүйесін қамтамасыз ететін «Мына студент жұмысын нәтижелі орындауы үшін не icтeyiміз қажет?» деген сұраққа іздеу барысындағы ынтымақтастық істің нәтижесіне жетелейді.
Бұл жолдың төмендегідей eкi амалы бар:
- студенттің үнемі еңбекке өзін мәжбүр eтyi;
- егер адам өз мақсатын дұрыс түсінсе, ешбір сыртқы бақылаусыз, өз-өзін басқару, бақылау негізіндегі еңбекке деген құлшынысын оятуы.
Студенттердің бipiншi орында әлеуметтік-тұрмыстық хал ахуалдары, екінші орында шығармашылық ынтасы, үшінші орында кәсіптік шеберліктің шыңына жету ықыласы байқалады.
Ол үшін мынадай қасиеттерге ерекше көңіл бөлінеді:
- өз-өзін таныту (когнитив);
- өзін мойындату;
- әлеуметтік қажеттілікке мойын ұсұну;
- қауіпсіздік қажеттілікке бағдар жасау;
- негізгі физиологиялық қажеттіліктің біліктілік сатысына көтерілуі. Әр пәнге жаңаша философиялық көзқарас (парадигма) құра білу.
Бақылау төмендегідей кезеңдерге жіктеледі:
I кезең. Қалыпты айқындау (мақсат, міндет, кеңістік, уақыт).
II кезең. Қол жеткен табысты басқа сапаға айналдыру.
III кезең. Мүмкін болар нәтижені бұрынғы қол жеткен табыстармен салыстыру.
IV кезең. Өзекті мәселені шешу.
Аталған жұмыстың барлық болмысы 3 блоктан тұрады:
I теориялық - ғылыми;
II технологиялық;
III құжаттар.
Бұл блоктар бүгінгі оқыту жүйесіне дейін де өмip cүpiп келді. Олар мынандай теориялық ағымда жіктеледі:
- проблемалап оқыту теориясы (М. И. Махмутов [71,с. 48], И. Я. Лернер [90,с. 76 ], Н. М. Матюшкин [70,с. 54 ]);
- оқытудың даму жүйесінің теориясы (Л. В. Занков [100,с. 47], Д. Б. Эльконин [65,с. 38], В. В. Давыдов [64,с. 53]);
- оқыту белсенділігін арттыру теориясы (Т. И. Шамова [116,с. 86], Н. К. Марков [117]);
- мазмұнды қорытып оқыту теориясы (В. В. Давыдов [64,с.75 ]);
- танымдық қызығушылықты дамытудың теориясы (Т. И. Щукина [118]);
- оқытудың ұтымдылығын жүзеге асыру теориясы (Ю. К. Бабанский [111, с.54 ]).
Бүгінгі оқыту жүйесінде жоғарыда берілген теориялық ілімдердің жеке-жеке өмip cүpyi нәтижеге қол жеткізбейді. Сондықтан даму жүйесінде қажет ететін кейбір қағидалар сараланып алынды. Соның ішінде, И. Я. Лернер [90,с. 45], Д. Б. Эльконин [65,с. 36], В. В. Давыдов [64,с. 83] т.б. теориялық қағидалары назарда болады.
Әр студенттің шығармашылық қызметінің механизмі былай сараланады:
- модификациялы-жетілдіру (ecкінi жамау);
- комбинаторлы - кейбір жаңа элементтерді енгізу;
- радикал-түбірлі жаңалықты ұжымның іс-тәжірибесіне ғылыми негізде енгізу.
Біз бүгінгі таңда аталған жіктеменің түбірлі жаңалық бағытындамыз. Жұмыстың нәтижелі болуы үшін екі жақты меңгеру технологиясы ұсынылады:
Бipiншi Eкінші
эмпириялық теориялық
- қажетті оқулықтарды іздеу - теориялық ғылыми
негіздерін саралау
- қажетті құжаттарды үнемі оқу - тарихи-генетикалық
тамырын ашу
- ұжымды бақылау - пішіндеу
- сауал, амалдар құру - ойлау әрекетін дамыту
- ауызша сөз, сұхбат ұйымдастыру - алдын-ала електен өткізу
- тест өткізу - салыстыру, жіктеу
- озықтық үлгідегі тәжірибелерді - абстракциялау
- жинақтау - жүйелеу
- ұқсас үлгісін табу
- талдау
- жинақтау
- интеграциялау
- матрицалау
Мұның барлығы студенттердің жеке физио-психологиялық, биологиялық ерекшеліктері, олардың қабылдау қабілеттері ескеріліп, мүмкіндіктеріне сай жұмыстардың сұрыпталуымен жүзеге асуы бақылаушылар назарында болады.
Талдау-жинақтау, жалқылау-жалпылау, ізденіс, мәселені зерттеу тәрізді әдістермен жоғары оқу орнының жалпы пәндер салаларына дәріс бepiп жүрген оқытушылардың оқыту барысындағы ic-әрекеттерінің сипаты рет-ретімен баяндалады. Жоғары оқу орнының оқу ісіндегі қол жеткен жақсы жетістіктерді одан әpi дамыту үшін және кемшіліктерді жою үшін жоғары оқу орнының ғылыми бағдары мынандай өзекті мәселені шешуге тиіс:
Оқытудың ұжымдық технологияларын пайдалану – студенттің тұлғалық болмысын дамыту құралы. Ал осы даму кеңістігінің саралап, даралап оқыту жүйесі аталған үш бағыттағы әдіснамалық ғылыми негіздің құрылымынан тұрады. Сол сүйенер материалды мазмұн ретінде салып, ең басты деген маңызды ойларды жеке даралап, саралап алу деген сөз. Бұл әpi оқыту, әpi ғылыми тұжырым.
Ойлау өнерінің жүйесі баяндалған мазмұн-құрылымы дұрыс ұйымдастырылса, төмендегідей жоғары оқу орнының түлектерінің білім меңгеру барысындағы Тұлғалық Пішіні дамытылмақ:
- табиғи қабілеті мен қажеттілігіне орай әлеуметтік ыңғай, икем, іскерлік, дағды, біліктіліктің танымдық (когнитив) даму заңдылығына сәйкес келу;
- республикалық, әлемдік біліктілік пен ізгіліктің тәжірибесіне (стандарт) өзінің бойындағы өнepi мен кәсіптік ыңғайын табиғи қуатына сәйкес үздіксіз, үзіліссіз дамытуы үшін қатыс (коммуникация) құралдарынан керегін саралап, сұрыптап алу машықтарын ширату;
- кәсіптік техникалы-эстетикалық мазмұндағы ғылым, білім салаларынан өзінің ыңғайына сәйкес болашақ кәсібінің мәнін айқындап, оны меңгерудің әдіснамалық негіздерін тұжырымдау;
- алған білімдерін тәжрибеде қолдана алу іскерліктерін дамыту мақсатында өз-өздерінің деңгейліктерін (иерархиясын) тексерудің амал-тәсілдері мен технологиялық қырларын игеруге мүмкіндіктер туғызу (қисық құрылған есептер мен жаттығулар, тест, сөзжұмбақ т.б.);
- адамның iшкi сырын дамытуға түрткі болатын табиғаттың құпия заңдылықтарының iшкi жүйесін айқындайтын кейбір құбылыстары жайлы өзінше топшылаулар мен тұжырымдар құрастыру;
- субъект, субкатегория тәрізді мистикалық түйіндердің ғылыммен ұштастығын түсінетін қабілеттілікті шыңдау;
- ғылым салаларындағы бip нысанаға әр түрлі берілген тұжырымдамасын (концепциясын) салыстырып өзінше қорытынды шығара алатын шығармашылық ғылыми машықтарды жаттықтыру;
- эстетика бағытындағы пәндердің студенттер бойындағы табиғи өнеріне сәйкес келіп, одан әpi өз-өздерінің дамыту әрекеттеріне бағындыру заңдылығын жүзеге асыру;
- жоғары оқу орны қабырғасында студенттердің ұжымдық ойлау әрекетін ұйымдастырып, әpбip жұмыстың нәтижесіне жетер желіні болжауға бағдар жасау.
Нарықтық қоғам талаптарына сай бip нәрсені сақтау, жаңаның ұтымдысын алу сияқты түciнік – әр студент пен оқытушының заңды бағыты.
Ұлттық тәрбие бүгінгі таңда студенттің танымдық, сезімдік қабілеттерін дамытарлық деңгейде болуын көздейді.
Ұлттық тәрбиеде студентке төмендегідей соқыр сезімдер кездессе, тәрбие жоспары ол жат мінездерді жоюға бағытталып құрылады.
Соқыр сезімдер мыналар:
- сараңдық; - бәсекелестік; - ашуқойлық;
- озбырлық; - еліктеу; - мақтансүйгіштік;
- екі жүзділік; - меншіктеу; - жәбірлеу.
- опасыздық;
Аталған соқыр сезімдер студенттерде аз кездессе, онда даму өpiciнe үндестік бар деп есептеліп, аздаған жат мінездерін дұрыстыққа бағыттап, оны ізгілікті арнаға салу үшін жеке бас ерекшеліктері ескеріліп, жұмыстың түрлері жоспарланады.
Екінші – студенттердің ұлттық тәрбиесі. Бұл топтың студенттеріне субъективизм, өзінше оқшаулану әрекеттepi басым болады.
Толқулық (переходный) – жеке бас ерекшеліктеріне сай әрекет. Аталған студенттердің төмендегідей соқыр сезімдер кездесуі мүмкін:
- меншікті сезім; - жәбірлеу;
- іштарлық; - төбелесқойлық;
- көнгіштік; - тентектік;
- күндестік; - таңсыққойлық;
- таласу; - көпшілік;
- фанатизм.
Жіктелген соқыр сезімдер студенттердің бойына сіңісіп кетпес үшін сөз құдіретін, бейне-теле-аудио, баспасөз сияқты қатыс (коммуникация) құралдарын тәрбиешілеріміз аналитикалық қағидаға (не? неліктен? қалай?) сүйеніп, тәрбиені ізгілікті қасиеттерге бұруға барынша мүмкіндіктерін пайдалану үшін басқару әкімшілігі қозғаушы күш болып келеді.
Жоғары оқу орнында студенттердің парасатты ойлау өнерін қалыптастырудың заңдылықтары мен қағидаларын оңтайлы шешуде Ж. Аймауытовтың саңылау сезім мен соқыр сезім жайлы ұсынған пікірлерін ұдайы есте сақтау қажеттігін баса көрсетуді жөн көрдік. Себебі, соқыр сезім адам миын «жаулап» алса, оның парасаты және ойлау өнері ешқашан дамытылмайды. Одан шығарар салдарымыз педагогика ілімі – физиоүдерістер мен психология тетіктерін ашып отырудың мәністерін меңгерудің әдіс-тәсілдері тұрғысында қарастыратын нысан.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет