Диссертация құрылымы: диссертация кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде тақырыптың көкейкестілігі, мақсаты, нысаны, пәні, болжамы, міндеттері, жетекші идеясы, зерттеу көздері, әдіснамалық, теориялық негіздері, кезеңдері, базасы туралы сипаттама беріліп, зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні, практикалық мәні, қорғауға ұсынылған қағидалар, зерттеу нәтижелерінің дәлелдігі мен негізділігі, тәжірибеге енгізілуі қарастырылды.
«Жоғары оқу орнында студенттердің парасатты ойлау өнерін қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздері» атты бірінші бөлімде бүгінгі жоғары оқу орнындағы студенттердің парасатты ойлау өнерін қалыптастыру туралы психологиялық-педагогикалық талдаулар мен оның тағылымдық негіздері сараланды.
«Парасат» ұғымының шығу төркіні зерделеніп, оның ойлау өнеріне қатысты заңдылықтары мен қағидалары құрылды. Студенттердің парасатты ойлау өнерінің мүмкіндіктерін анықтайтын деңгейліктері, индикаторлары, өлшемдіктері айқындалды. Тағылымды іс-тәжірибеден сыннан өткізудегі прагматикалық іс-әрекет технологияларының маңызы ашылды.
«Жоғары оқу орнында студенттердің парасатты ойлау өнерін қалыптастырудың жүйесі» атты екінші бөлімде білім берудің инновациялық технологияларын таңдай білу іскерліктерін ұштау қарастырылды. «Инновация» туралы ғалым-зерттеушілердің берген анықтамалары мен талдаулары ұсынылып, оған парасатты ойлау өнерін қалыптастыру тұрғысында талдаудар мен тұжырымдар жасалды.
Студенттердің парасатты ойлау мүмкіндігі оқыту іс-әрекеті тұрғысында зерделенді.
Жоғары оқу орны мен мектеп арасындағы айырмашылықтар сараланып, интерактивтік технологияның кредитті технологияда алар орны айқындалды. «Интер» ішкі парасат ретінде, «актив» ішкі белсенділік мәнінде зерделеніп, оның парасатты ой құрудағы интериоризацияға, ішкі интеллектуалды әлеует қорын жинауға тигізер ықпалы анықталды.
Бұл орайда, студенттердің парасаты ойлау өнерін жоғары нүктеге көтеру үдерісінде парадигманың атқарар рөлі, қызметі, нәтижеге қатысты үлес салмағы үш түрлі мәнде ұсынылды (стохастикалық, алгоритмдік, эмпирикалық).
Парасатты ойлау өнеріне тіл саясатының әсері мол екеніне мән берілді. Студенттердің парасатты ойлау өнеріне сәйкес келмейтінін көкейкесті мәселе ретінде көрсетіп, оны шешудің амалдары ұсынылды.
Студенттер парасатты ойлау өнерін меңгергенмен, түбінде мектептегі оқулықтардың оған сәйкес келмеуі олардың іс-әрекеттегі тежелуіне соғатыны туралы пікір түзілді.
Студенттердің парасатты ойлау өнері кәсіби құзыретте тек қалыптасу мағынасында емес, оның одан әрі өркендеуіне де қолайлы жағдай керектігі – бұл бөлімнің басымдығы.
Достарыңызбен бөлісу: |