Зерттеудің көкейкестілігі


Зерттеудің ғылыми жаңалығы және теориялық мәні



бет9/28
Дата19.05.2022
өлшемі333.29 Kb.
#457497
түріДиссертация
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   28
Дип парасат

Зерттеудің ғылыми жаңалығы және теориялық мәні

  1. Жоғары оқу орнында студенттердің парасатты ойлау өнерінің педагогикалық негізі айқындалды.

  2. Жоғары оқу орнында студенттердің парасатты ойлау өнерінің заңдылықтары мен қағидалары құрылды.

  3. Жоғары оқу орнында студенттердің парасатты ойлау өнерін қалыптастырудың деңгейліктері жіктелді.

  4. Жоғары оқу орнында студенттердің парасатты ойлау өнерін қалыптастыру үдерісінде қолданатын технологиялар таңдалды.

Зерттеу базасы: тәжірибелік-сараптамалық жұмыс С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде, облыстық білім арттыру институтында, Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернатында өткізілді.
Зерттеудің практикалық мәнділігі
1) отандық білім мен ғылымды тұтастықта алып, жаһандасу кеңістігіне жуықтатудың тағылымын тәжірибеде қолдану мүмкіндігі көрсетілді;
2) ойлау өнерінің әр студентте әртүрлі деңгейлікте келуінің индикаторлары ұсынылды;
3) студенттердің танымдық қызметін ойлау өнеріне бағдарлаудың құрылымдары түзілді;
4) ұжымдық және жеке ойлау өнерінің блоктары құрылды;
5) студенттердің ішкі интеллектуалды әлеует қорын жинауын, интериоризациясын диагностика арқылы бағамдаудың жобалау іс-әрекетіне бағдарлау анықталды;
6) оқыту іс-әрекетінде меңгерілетін ғылыми-біліми нысандарды қабылдаушы студенттердің интеллектуалды іс-әрекет үйлесімде меңгерілуінің жүйесі берілді;
7) екіден жоғары сандағы адамдар арасындағы қарым-қатынас, коммуникативтік іс-әрекетті құрудың реті айқындалды;
8) «Студенттердің парасатты ойлау өнерін қалыптастыру» элективті курс жасалды.
Қорғауға ұсынылатын қағидалар
- интеллектуалды ұлт құраудың негізі ретінде ақыл-ой жайлы тұжырым жасаған ойшылдардың еңбектері Әбу Насыр әл-Фарабидің «интеллект» ұғымымен үндестігіне сәйкес «парасатты ойлау өнері» ұғымына психологиялық, педагогикалық тұрғыда мәндік, мағыналық анықтама берілді;
- жоғары оқу орнында студенттердің парасатты ойлау өнерін қалыптастыруда және іс-әрекеттестік үдерісті нұсқалы тұрғыда құрудың тағылымдық заңдылықтары мен қағидалары жасалды;
- студенттердің іс-әрекетін тағылымдық нұсқаға бағындырудың прагматикалық бағыты ретінде олардың ішкі ойлау өнерін бернелеудің деңгейліктері жіктелді;
- студенттердің парасатты ойлау өнерін қалыптастыру үдерісіне қолданылатын ұтымды технологиялар айқындалды;
- жоғары оқу орнында студенттердің тәжірибелік-педагогикалық жұмыста парасатты ойлау өнерін қалыптастыруда тиімділігі дәлелденген ғылыми-әдістемелік ұсыныстар берілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет