Зерттеудің нысаны М. Дулатұлының тілдік тұлғасының концептілік аясы және шығармаларындағы лингвомәдени бірліктердің қолданыс ерекшеліктері. Зерттеудің мақсаты мен міндеттері


«М.Дулатұлы шығармаларындағы ғалам бейнесінің тілдік сипаты»



бет11/14
Дата18.05.2022
өлшемі57.09 Kb.
#456990
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Тілдік тұлға Міржақып

2 «М.Дулатұлы шығармаларындағы ғалам бейнесінің тілдік сипаты» деп аталатын екінші тарауда М.Дулатұлының шығармаларын лингвомәдениеттанымдық жағынан талдау барысында, оның шығармашылық жүйесін құрайтын барлық туындыларында көрініс тауып, бейнеленген, автордың сомдаған ғаламдық бейнесі мен тілдік тұлғасы, оны дәйектейтін тілдік бірліктер жан-жақты сипатталып, талданды. Атап айтқанда, көркем шығармалары, көсемсөзі, ағартушылық еңбектері, әдеби-сын зерттеулері т.б. лингвомәдени бірліктерге (лингвокультурема) баса мән берілді. В.В.Воробьев «лингвокультурема» терминін енгізе отырып, мынадай анықтама ұсынады: «Лингвокультурема - комплексная межуровневая единица, форму которой составляет единство знака и языкового значения, а содержание - единство языкового значения и культурного смысла» [13,44]. Біз осы тұжырымды ұстандық. 2.1 Көркем шығармаларындағы лингвомәдени бірліктер. Халықтың көркем әдеби шығармасы ұлттық мәдениеттің қайталанбас құбылысы болып табылады. Көркем туынды ұлт тілінің құдіретін танытып қана қоймай, оның сыр-сипатын, бүкіл болмысын жан-жақты ашуға, тануға негізделген. М.Дулатұлының да көркем шығармаларындағы лингвомәдени бірліктер осы мақсатта жұмсалғаны зерттеу барысында нақты дәйектелді. 2.1.1 Прозалық шығармаларындағы лингвомәдени бірліктер. М.Дулатұлының прозалық шығармаларындағы ұлттық дүниетанымды білдіретін сөздер мынадай лингвомәденитанымдық бірліктер тобын құрайды: Ұлттық салт-дәстүр лингвомәдени бірліктері«Екі ауылнай елдің жайлауы Саумалкөлге жағалай ауылдар қонып, былтырғы жұрттарына үй тігіп, көп ұзамай бие де байлады; бір ауылды бір ауыл ерулікке шақыра бастады; үй тіктіріп, лау байлатып, қой сойдыруға шыққан; Сүйінші, Сәрсеке! Шолпан жеңгем аман-есен босанып, тақия тігіп беретінтапты; бір қыз айттырды, кедей әмеңгер алып, молдекеңе мал әкел деп әмір етті, бата қылынып, сойылды, Жұманға құда болатын лайықты жеркиітке риза қылып қайтарды, биыл «баламды ұрын жіберем» деген хабар келді. Ұлттық мінез бірліктері: «Ерлерге қарсы келсек ұнамаймыз, теңбас қыздың көбі бара алмайды, жаманға барсаң қор боп ғұмыр өтер, сөзімде қате болса сөкпе, халқым; бір кісіні боқтап, қамшымен салып қаламын деп; Қарашы, бетбақ! Тумағаныңды қыласың ғой; Ұлттық соматизмді лингвомәдени бірліктер: «Ұрғашының шашы ұзын, ақылы қысқа; аяғы құтты болды; Әй, қу бас!; бетке баспа; сүйгеніңнің қолы қысқа; ғұмырынды қол ұстасып жүрсін деп; Діни ұғым лингвомәдени бірліктері: «хұсуса молдалардан оқытпаңыз, «иман шарт», «бәдуәм», «әптиек», «әйжіктерді» былай қойып, намаз үйрет; дұға қылып; фатиха қылып жіберелік Наным-сенім, ырымға байланысты: «Һәрбір тамыршы дәрігерлерді әкеліп тамыр ұстатып, ұшықтатып-қақтырып көрсе де тәуір болмады; Құдайға тапсырдық аруақ жар болсын; аяғы құтты болды; дұғамен ер көгерер». Шығармалар тілінен ұлт мәдениетіндегі өзге мәдениеттің нышандарын білдіретін лингвомәдени бірліктер де кездеседі. Мысалы: «Сәске кезінде қоңыраулатып пәуескемен төре де көрінді. Алды-артынан етектері далиып, жалпылдап шапқан қазақтармен даярлаған үйге келіп тоқтағанда, мойындарына шынжырлы знак таққан ауылнай, билер неше мәрте шұлғып, қошеметпен, «тақсырлап» үйге кіргізеді».М.Дулатұлы шығармаларынан ұлтымыздың рухани дүниесінде, бітім-болмысында, менталитетінде бар құнды дүниелерді таба аламыз. Аялық білімі, жазушы тіліндегі лингвомәдени бірліктердің молдығы М.Дулатұлының тілдік тұлғасының ұлттық мәдени сипатта құрылғанын көрсетеді. 2.1.2 Поэзиясындағы лингвомәдени бірліктер. Оның поэзиясында ұлттық рух, ар-намыс, ұлтжандылық сипаттағы тілдік орамдар ұлт мәдениетіндегі лингвомәдени бірліктер арқылы көрінеді. «Қазақ халқының бұрынғы мағишаты» атты өлеңінде ұлттық мәдениет көріністері орын алады: «Қазақтың қандай еді мағишаты
Бір күнде көшіп қонған рахаты...
Қазақ халқының салт-дәстүріндегі көшіп-қону, жаз жайлауға көшу, оның да өзіндік қырлары, ерекшеліктері бар.
Жарысып жас балалар жүруші еді,
Жаратқан үкі тағып жүйрік аты...
Тізіліп көл жағалай қонушы еді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет