Зерттеудің нысаны М. Дулатұлының тілдік тұлғасының концептілік аясы және шығармаларындағы лингвомәдени бірліктердің қолданыс ерекшеліктері. Зерттеудің мақсаты мен міндеттері



бет8/14
Дата18.05.2022
өлшемі57.09 Kb.
#456990
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14
Тілдік тұлға Міржақып

Ақ, қара түстері символикалық мәнге ие болады. «Жарасып ақ үйлердің қияфаты немесе қаптап тұр күн батыстың қара бұлты». Ақын қазағын «ақ» түспен, патшалық империяны «қара» түспен таңбалайды. М.Дулатұлының ұлттық танымы, ұлттық азаматтық рухы қазақ тіліндегі бұрын қалыптасқан символдар мәнінен айқын байқалады. Бұрынғы әмбебаптық қасиетіне М.Дулатұлы шығармаларындағы сөз-символдар авторлық ерекшелік мән жамайды да, кең көлемді сипатта келеді.
Міржақып шығармаларындағы оның тілдік тұлғасының тағы бір қырын көрсететін құрал - риторикалық сұраулардың қолданылуы. Риторикалық сұрау бұрыннан келе жатқан ерекшелік болғанымен, қазақ поэзиясында ХХ ғасыр басында тек осы М.Дулатұлы шығармаларынан көрінеді. Риторикалық сұраулардан оның ұлтжанды тілдік тұлғалық қыры ашылады. Бұдан «қазақ жері, алаш, ер азамат, үй» концептілері айқын көріністе жүйе құрайды. Мысалы: «Алашқа» өлеңінде «қайда» сұрағы қайталама құрайды:
Көк майса бетегелі жерің қайда?
Күмістей толқындаған көлің қайда?
Ың-жың боп жер қайысқан төрт түлікпен,
Жөңкіліп, көшіп қонған елің қайда?
Көтерген ақ киізге ханың қайда?
Міржақып поэтикасында перифраздар метафорлық сипатта Абай салған түрге жақын мазмұнда қолданылады. Мысалы: жабыққан, мұңды көңілін – тағдыр соққан шынжыршәкіртті – бақыт таңы; қорлықтағы елін – қос қанаты майырылған мүгедек; жалғанның қызығы – мол мекен; оқығанды – қамалға қарсы шыққан қаһарманым; сауатсыздықты - надандық шәрбаты; талапты баланы - гауһар тас; табиғи дарынды – алла жаққан кеудедегі от т.т.
Қайталамалар - ежелден тілімізбен біте қайнасып, түрленіп келе жатқан категория. Қайталамалар Р.Сыздық, Б.Момынова, Г.Әзімжанова, О.Бүркіт еңбектерінде кеңінен қарастырылғандықтан Міржақып тілінен бір-екі мысал келтіріп шектелейік. Мысалы, «Қайда?» сұрағының қайталамалық көрінісін алайық: Қақ жарған қара қылды биің қайда?
Ақ орда би түсетін үйің қайда?
Салтанат Сарыарқада құрған қазақ?
Толықсып тұрған кеше күнің қайда?
Шаң жұтқан текежәумет атың қайда?
Қалдырмас жауға тастап жақын қайда?
Қайталамалардың қолданылуы Міржақыптың дәстүрлі әдебиет шеңберінен шықпай, стильдік тәсілдерге жүгінгенін байқатады. Сондай-ақ осы тараушада жазушы тіліндегі окказионал сөздер мен көркемдегіш құрал ретінде алынған етістіктің қызметі де айқындалады. 1.2.2 Міржақып Дулатұлы дискурсындағы «ғаламның тілдік бейнесі». Дискурс орыс тілінде «речь» деген ұғымды береді, сонымен бірге, мәтін ұғымының синонимі іспеттес қолданылады. Қазақ тіл білімінде Р.Қ.Бөкейханова дискурсқа дәл анықтама береді. Біз дискурсты осы мәнде түсініп, зерттеу жұмысымызға арқау еткендіктен дәйек-сөзді сол күйінде берейік: «Дискурс сегодня – сложное коммуникативное явление, включающее, кроме текста еще и экстралингвистические факторы (знание о мире, мнения, установки, цели адресата), необходимые для понимания текста» [7,73]. Сонымен дискурсты мәтін ұғымымен барабар түсінуіміз дұрыс, тек автордың «таным әлемін» есепке алу қажет. Дискурс дәстүрлі, когнитивті, лингвомәдениеттану ғылымдарының зерттеу арқауы бола алады, бірақ әр ғылым өзінше жіктеп, өзінші бағалайды. Дискурс - тілдік тұлғаның қасиетін көрсететін тілдік факті. Дискурста тілдік тұлғаның мынадай ерекшеліктері байқалады: 1.Сөйленіс деңгейі; 2.Ұлттық таным деңгейі; 3.Сөз қорыту, түсінік, ұғыну, сезіну деңгейі; 4. Қоғамдық ойының сипаты; 5. Интеллект деңгейі.
Дискурста «ғаламның тілдік бейнесі немесе дүниенің тілдік суреті» деп те аталатын құрылым, жүйе, ой көрінеді. «Ғаламның тілдік бейнесі» күрделі ұғымдық құрылым болғандықтан, табиғатын ашып түсіндіруді әр зерттеуші өзіндік тұрғысынан шешеді. Қоршаған шындық болмыстың адам тілінде бейне құрап, адамның дүниені, әлемді көзі, тілі арқылы тани алатынын тұтас теория ретінде алғаш ұсынған неміс ғалымы Л.Вейсгербер болатын. В.фон Гумбольдтың тілдің ішкі формасы ілімін негізге алған ол, «ғаламның тілдік бейнесі» ұғымына лингвопсихологиялық концепцияларды негіз етіп алады. «Ғаламның тілдік бейнесі» - индивидтің танымдық көзқарасын көрсететін тілдік бірлік, яғни эмпирикалық тәжірибелердің жиынтығы, аралас жүйедегі білім. «Ғаламның тілдік бейнесін» докторлық зерттеуіне арқау қылған Ислам Айбарша былай дейді: «Дүниенің тілдік суреті адамның танымдық іс-әрекеті, ұлттық мәдениеті негізінде түзіледі және белгілі бір ұлт қауымдастығының өкілдеріне ортақ. Демек, дүние суреті дегеніміз – концептуалды (логикалық) және тілдік үлгілер формасымен берілетін санамен тікелей байланысты дүние туралы білімдер жиынтығы» [8,7-13]. 
Ғаламның тілдік бейнесі әр тілде әртүрлі болады. Себебі индивид сол тілдің семантикалық базасында тілді меңгереді. Осы кезде тілдегі мәдени құндылықтар сөздердің мәні арқылы ұлттық мінез бен ұлттық менталитетті қалыптастырады. Осы орайда тілші ғалым Г.Смағұлова былай дейді: «Тіл бір адамның меншігі емес десек те, сол тілде сөйлейтін жеке адам өз ұлтының бүкіл бітім болмысы, өмірлік тәжірибесін, дәстүрлерін меңгеру, сіңіру арқылы ол да аз тарапынан ұжымдық мәдениетке үлесін қосады. Осындай ерекшіліктер арқылы тұлға ретінде ұлт өкілі боп сақталады» [9,145]. Шоқан, Абай, Ыбырай, Міржақыптардың тіліндегі ғаламның тілдік бейнесінің ерекше болуы, яғни ұлттық нақышта ұлтжандылық концептілерінің келуі олардың өз ана тіліндегі барлық сөздердің мәнін түсініп, ұлттық таным позициясында шегеленуінде, сол деңгейде өсіп-өнуінде жатыр деп ойлаймыз.
Орыс тіл білімінде де «ғаламның тілдік бейнесі» зерттеушілер тарапынан қызығушылық танытып, қарастырып жүрген мәселесі. Бұл тілдік мәселе Ю.Н.Караулов, В.А.Маслова, Ю.Д.Апресян, Н.В.Уфимцева, В.И.Постовалова, Е.С.Кубрякова, Г.В.Колшанский, С.А.Васильева, Н.И.Сукаленко, Г.А.Грутян т.б. зерттеушілер еңбектерінде кеңінен сөз болуда. Г.В.Колшанский ғаламның тілдік бейнесіне мынадай анықтама береді: «Шынайы, тілдік емес, әртүрлі топтағы адамдардың тарихи, жағрафиялық, мәдени және басқа да факторлар ықпалымен біртұтас обьективті әлем шеңберінде жүзеге асқан танымдық қызметінің көрінісі» [10,31]. Демек, ғаламның тілдік бейнесі адам санасында өмір сүру тәжірибесіне қатысты қалыптасып, соның әсерінен тілінде өзгеріске түсіп, дамып отыратын ақпараттар жүйесі. М.Дулатұлы тіліндегі қазақ ұлтының кейпі оның шығармаларындағы ғаламның бейнесі ретінде байқалады. Мұны, әрине, концептілік құрылымнан ерекше нақышта көруге болады. Әр заманның өзіндік ғаламдық бейнесі тілді қолданушыларға әсерін беріп, келесі дәуір көрінісінің баспалдағы болды. М.Дулатұлының тіліндегі «ғаламның тілдік бейнесі» - сол кездің заманында озық ойға құрылған ұмтылыстан тұратын концептілер мен ақын қиялының көрсеткіші. Ғаламның тілдік бейнесі адамда ғана көрінетін, оның тілдік ерекшелігінен байқалатын тілдік бірлік. Міржақып Дулатұлының барлық шығармаларындағы қоршаған орта, әлемге деген баға ұлтжандылық, ұлтты сүю тұрғысынан берілетіні байқалады. Сол себепті, ағартушы тіліндегі ұлттық бояу қай жерде де қоюланып көрінеді.
Мысалы: Жүйрік қиял дүниені кездіріп,
Туған ел мен өскен жерден бездіріп.
Қиын қиғаш қияларға жетектеп,
Сырын айтпай, жөні қалай сездіріп.
Ере бердім мен артынан бір есер,
Қарсы келіп еркім бар ма тіресер?
Жел айдаған тұрағы жоқ қаңбақтай,
Ағынымды дедім-дағы сай кесер.
Сай орнына душар болды терең жар,
Мезгіл жетпей шығу қиын, өзі тар.
Өзінен бастаған ақын сөз соңында өз ұлтының мүшкіл халіне ауысып кете береді: Даласы жоқ елдерде қаңбақты қайдан білер, қаласы көп жерлерде «сай», «терең жар» сөздерін қайдан түсінсін? Үріккен қойдай бағу – бұл суретті мал бақпаған ел қайдан түсінер? Міне, осындай өзіндік қазақ ұлты ғұрыптары мен көріністері бейнеленген сөздің ішкі формаларын аңғартатын сөз үлгілері арқылы оған өзіндік қазақы тілдік бейнесін береді. Мәселен: туған жер мен елден бездіру; қиын қиғаш қияларға жетектеу; ағынын сай кесу (қандай әдемі сурет, таудан екпіндеген, жолындағының бәрін жапырып келе жатқан ағын сай кезіксе, орнын толтырғанша ағыны басылмай ма?) су жүрек боп сорлы қазақ бұғулы т.т. Ұлтжандылық түсінігі орын алған «мұңдану» концептісі де Міржақып өлеңдерінде жиі кездеседі. Оған себеп ақын өмірінің көбі түрмеде, айдауда, қапаста, туған жерден шалғайда өткендігі болса керек. Тағы да «мұң» концептісі арқылы танымындағы дүниенің тілдік суретін байқап қаралық:
Сенімсіз басым, пайдасыз жасым арманда,
Жетермісің тілегіңе жалғанда?
Қан тамшылап тұрса да көзден жас ағып,
«Сенікі жөн», -деп құлаққа ілген жан бар ма?
Елең етер намысқа қызып жігіт аз,
Бұл не ғажап – жұрт керең боп қалған ба?
Өлеңнің аты «Мұң» деп аталғанымен, ақын жан-дүниесін жабырқататын өзіндік, субъективтік психологиялық жай-күй емес, халқының, ұлтының соқыр, сауатсыз, надандық жағдайда өмір сүріп жатқандығы.
М.Дулатұлының тіліндегі «ғаламның тілдік бейнесі» ұлтжандылық, дін, қиял, оқу, ғылым, өнер-білім, ана тілі, қазақ жері, татулық, азаттық, әйел теңдігі концептілерінен құрылғандай сипат алады. Басты ақынның арманы - қазақ ұлтының өнер-біліміне, оқу ғылымына қолы жетіп, терезесі тең ел дәрежесіне көтерілуі. Ақын дискурсындағы ең басты ерекшелік - осындай басқа ұлттық құндылықтарға құрылған дүниенің тілдік суреті. Әлемдік этикеттің озық үлгілерін, қазақы мінездің қаймағын бұзбай, халыққа тарату - М.Дулатұлы ғаламының тілдік бейнесінде байқалатын арманы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет