- К.Д.Ушинский идеялары (жалғасы)
- Тәрбие мақсаты – белсенді де шығармашыл жеке тұлғаны қалыптастыру, адамды адамзат іс-әрекетінің ең жоғарғы формасы ретінде дене және ақыл-ой еңбегіне даярлау;
- Ғылым мен мектептің дінге тәуелсіздігі;
- Адамгершілікке тәрбиелеу мәселесінің қоғамдық-тарихи сипатта болуы;
- Басты міндеттердің бірі шовинизмді болдырмайтын елжандылыққа тәрбиелеу, адамзаттық борышқа тәрбиелеу, авторитарлықты жою;
- Тәрбие жүйесі жағымды мысал негізінде, баланың ақылмен атқарған іс-әрекеті, оқушылармен өзара қатынас негізінде құрылады;
- Ең маңыздысы оқушыларды оқуға үйрету («балаға белгілі білімді беріп қана қоймай, онда өздігінен, мұғалімсіз, жаңа білім алуға деген тілек пен қабілетті дамыту қажет»); Оқудың тәрбиелік сипатта болу принципі (оқыту мен тәрбиелеудің бірлігі); Оқыту процесінде жас ерекшеліктік және психологиялық ерекшеліктерді ескеру;
- Оқытудың көрнекілік пен бірізділік (нақтыдан абстрактілікке қарай) принципін оқушы шамасына шақ негіздеу;
- Оқу процесін сапалы ұйымдастырудың басты шарты – әдістемелік шеберлікте, ал әдістемелік шеберлік әр түрлі оқыту әдістеріне байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |