Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университтеті
Жаратылыстану факультеті
Биология кафедрасы
«Ғылыми зерттеу негіздері» пәнінен практикалық,
ОСӨЖ, СӨЖ-ге арналған әдістемелік нұсқаулық
Ақтөбе, 2023 ж
«Ғылыми зерттеу негіздері» пәнінен 6В01505-Биология, 6В05101-Биология, 6В05102-Биотехнология ББ арналған практикалық, оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін студенттің өзіндік жұмысы, студенттің өзіндік жұмысы оқу бағдарламасы (силлабус) негізінде құрастырылды.
Құрастырушылар:
Адманова Г.Б. – б.ғ.к., аға оқытушы
Кеубасова Г.О. - магистр, аға оқытушы
Биология кафедрасы мәжілісінде талқыланды
№___ хаттама, «___» _______ 20___ ж.
АЛҒЫ СӨЗ
«Ғылыми зерттеу негіздері» курсы жаңа ғылыми білімді дамыту процесі, ғылымды іске асыру және дамыту нысаны, ғылыми зерттеудің мақсатына байланысты түрлерін, яғни бастамалы , қолданбалы , өндірулердің тиімділігін анықтайды. Сонымен қатар ғылымның жіктелуін, техникалық ғылымдар, ғылым салалары және ғылыми зерттеулер объектілерін ажырата білу қағидаларын оқытады және ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру ережелерін анализдеу қабілетін қалыптастырады.
Оқыту мақсаты: студенттерге ғылым салалары бойынша ғылыми зерттеу жұмыстарынның жүргізу ережесі мен заңдылықтарын үйрету, машықтандыру.
Оқыту нәтижелері (ОН-2, ОН-3):
1. Биологиялық пәндерді оқыту әдістемесін және биологиялық зерттеулер жүргізу тәжірибесін біледі (биологиялық білім беру саласындағы мәселелерді шешу үшін бастапқы және орта деректерді жинайды, өңдейді және қолданады);
2. Зерттеу саласында зерттеу әдістері мен академиялық жазуды қолданады;
3. Педагогикалық эксперимент нәтижелерін ескеретін ғылыми негізделген шешімдер қабылдайды, алынған нәтижелер бойынша қорытындылар мен ұсыныстарды нақты тұжырымдайды, эксперименттік-зерттеу жұмысының нәтижелерін есеп, ғылыми баяндама, хабарлама, ғылыми мақала, әдістемелік құрал түрінде стилистикалық сауатты ресімдейді
4. ҚР заңнамасының талаптарын ескере отырып, кәсіби қызметтің ғылыми-зерттеу міндеттерін шешу үшін ғылыми зерттеулер контекстіндегі ойлардың пайда болуына және дамуына ықпал ететін бакалавр деңгейінде алынған білімдерін көрсетеді;
5. Ғылымдағы негізгі мәселелерді зерттеу және оны шешу, нақты практикалық жағдайлар мен жағдаяттарда оқыған материалды қолдана білу, ғылыми әдіснамаға сәйкес эксперимент жүргізуді меңгереді;
6. Биологиялық объектілермен жасалатын тәжірибелер негізінде зepттeлeтін oбъeктіні, құбылыcты нeмece пpoцecті, oлapдың ішкі құpылымы мeн бaйлaныcтapын жaн-жaқты зepттeyгe жәнe aдaм өміpінe пaйдaлы нәтижeлepді eнгізyгe бaғыттaлғaн іc-әpeкeттepді анықтау үшін ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді
Достарыңызбен бөлісу: |