Алматы облысы
Көксу ауданы
Еңбекшіқазақ орта мектебі
Тақырыбы: “ Кикілжің және оны шешу жолдары”
( психологиялық тренинг)
Жаттығу: “Автобус”
( ситуациялық ойын)
Педагог–психолог: Чайрбаева А.Н.
2014 – 2015 оқу жылы
Тақырыбы: Кикілжің және оны шешу жолдары.
Мақсаты: Кикілжіңді шешу жолдарымен танысу.
Мазмұны: Кикілжің адамдар арасында болып тұратынын, тіпті мемлекеттерде де кикілжің мен қақтығыстар болатынын түсіндіру. Қақтығыс пен кикілжіңнен шығу жолдарын қарастыру.
Кикілжің адамдарда жағымсыз сезімдер туғызады.
Сұрақтар:
-
Кикілжіңнен соң қандай сезімде болдыңыз?
-
Жағымсыз сезім қандай қылық немесе әрекет етуге итермеледі?
-
Осы әрекет–қылықтар нәтижесі қандай болды?
-
Кикілжің дұрыс шешілді деп ойлайсыз ба?
-
Осы кикілжіңді тағы да қандай жолдармен шешуге болады деп ойлайсыз?
-
Қандай қиын кикілжің болмасын оны дұрыс шешім арқылы шешуге болады деген пікір дұрыс па?
-
Кикілжіңді шешудің қандай жолын қалар едіңіз?
Кикілжіңді шешу әдістері:
-
Кикілжіңнің шешілуін күтпей кетіп қалу.
-
Бейімделу.
-
Бақталастық (күшпен шешу, күресу).
-
Компромисс ( бір–біріне кешіріммен қарау).
-
Бірлесу ( бірлесіп жаңа шешімдер іздеу).
1. Кикілжің шешілмейді
Сезім:
1. жасырын іштей ызалану
2. депрессия
3. ренжіткен жанды керек етпеу, байқамаған кейіп таныту.
4. қарсыласының сыртынан мысқылдау, сөйлеу.
5. ренжіткен жанмен қарым – қатынасты тоқтату.
2. Кикілжіңге бейімделу.
Сезім:
-
Өз көзқарасын өзгертеді.
-
Қарама – қайшылықты жеңілдетеді.
-
Өз мүддесін жоққа шығарады.
-
Өзінің жағымсыз ойларын басады.
-
Бәрі дұрыс сияқты ойға келеді.
-
Ештеңе болмаған сияқты болады.
-
Өзін ұстамсыздығы үшін кінәлайды.
-
Үндеместен кек сақтайды.
-
Кек қайтаруды ойластырады.
3. Бақталастық ( кикілжіңді күшпен шешу, күресу).
Сезім:
-
Бақталастық орнайды.
-
Өз мүддесі үшін ашық күреседі.
-
Өз көзқарасын қорғайды.
-
Қарсыласының ісі дұрыс еместігін дәлелдеуге тырысады.
-
Осы жолда күш қолданудан да қашпайды.
-
Қарсыласынан қаттырақ айғайлауға тырысады.
-
Сөзсіз бағынуды талап етеді.
-
Қулықпен, алдаумен басым түскісі келеді.
-
Өз қасына көптеп жақтастарды тартып, топ жинағысы келеді.
-
Қарым – қатынасымды үземін деп қорқытады.
-
Қарсыласына ашуланады, ызаланады.
-
Өзіне және қарсыласына риза болмайды.
-
Қарсыласына кек сақтайды.
-
Қарсыласына деген жағымсыз ойлардан арыла алмайды.
-
Кез келген ыңғайлы сәтте кек қайтаруға бейім тұрады.
4. Компромисс арқылы шешу.
Сезім:
-
Бір–бірін түсініп, кешіріммен қарап, ортақ шешімге келеді.
-
Достық қарым–қатынас сақталады.
-
Кикілжіңге себеп болған нәрсе екі жаққа тең бөлінеді.
-
Кейде алаңдаушылық , күдіктену сезімі пайда болады.
-
Ортақ шешім табылады, кикілжің шешіледі.
-
Әрбір қарсы жақ жартылай ғана жетістікке жетеді.
-
Бірлесу (бірігіп жаңа дұрыс шешім табу).
Сезім:
-
Екі жақта толық жетістікке жетеді, риза болады.
-
Кикілжің себебіне тең затты немесе сол заттан да құндысын табады.
-
Кикілжің шешілген соң, ешқандай да қақтығыс туындамайды.
Жүргізушіге ескерту:
Кикілжіңді шешпестен орта жолда қалдырса, кектену пайда болатынын, арадағы қарым–қатынастың мүлдем үзілетінін түсіндіру.
Егер де, кикілжің себебі толығымен анықталып, екі жақ дұрыс шешімге келсе, достық қарым–қатынас сақталатынын ұғындыру.
Кикілжіңді шешудегі ең басты мақсат та осы екеніне баса көңіл аударту.
Жаттығу “Автобус”
Мақсаты: “Кикілжің немесе қақтығыс туғызатын жағдайдан шыға білу”.
Мазмұны: Орындықтар қойылады. Орындықтарда жолаушылар отырады. Біразы түрегеп тұрады. “Автобус” бұрылыстардан бұрылады, қисық–қыңыр жерлерден секіреді. “Жолаушылар” бір–бірін итереді, отырғандарға құлайды, өздерінің реніштерін білдіреді.
Жолаушыларды итере – митере кондуктор жолақысын талап етеді. “Жолаушылар” өз реніштерін, ойларын жеткізеді. Шынайы көрініс болуы тиіс.
Сұрақтар: Ұрсысуға мәжбүр еткен не болды? Қарама–қайшылыққа, айғайға қатысқың келді ме? Қандай ойда болдың? және т.б.
Ескерту: Бұл ойын екендігі, сондықтан өкпелеудің орны жоқ екенін ескерту керек.
Осы ойынды “Дәліз” деген атпенде өткізуге болады. Өйткені, оқушылар дәлізде жүгіріп, бір–біріне қақтығысып, бір–бірімен ренжісіп жататынын күнде көріп жүрміз.
Достарыңызбен бөлісу: |