Қ ұрастырушы: а ш.ғ. к.,профессор Б. А



бет1/3
Дата29.06.2016
өлшемі304.5 Kb.
#166643
  1   2   3

Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы





Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/40



Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Агротехнология кафедрасы

Өсімдік шаруашылығы пәні бойынша

050801 Агрономия мамандығының студенттеріне арналған

Зертханалық жұмыстарды орындауға арналған



ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР МЕН НҰСҚАУЛЫҚТАР

Павлодар


Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқауларды; әдістемелік ұсыныстарды; әдістемелік нұсқауларды бекіту парағы





Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/41






БЕКІТЕМІН

ОІ жөніндегі проректор __________ Н.Э.Пфейфер

20 ж. «__»________


Қ ұрастырушы: а.ш.ғ.к.,профессор Б.А.Мустафаев______

Агротехнология кафедрасы

Өсімдік шаруашылығы пәні бойынша

050801 Агрономия мамандығының студенттеріне

зертханалық жұмыстарды орындауға арналған

әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар

Агротехнология кафедраның отырысында ұсынылды

20 ж. «___»______________,№__ хаттама

Кафедра меңгерушісі__________ Альмишев Ұ.Х. 20 ж. «____» ________

Агротехнология ОӘК мақұлданды 20 ж. «___» ____, №____ хаттама

ОӘК төрағасы _______________ Жагипарова М. Е. 20 ж. «____» ________



МАҚҰЛДАНДЫ:

ЖжӘҚБ бастығы _____________ Варакута А. А. 20 ж. «____» ________

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

20 ж. «___»______________ №____ хаттама

Зертханалық сабақтардың мақсаты дәрiс сабақтарда оқылған сұрақтардын терең оқу.

Жұмыстың басты мақсаты профессиональды шара үшін студенттерді өсімдік шаруашылығы негіздермен жан-жақты танытыру.



Пәнді оқытудың міндеті - егістік дақылдарының морфологиялық құрылысымен және биологиялық ерекшеліктерімен таныстыру;

- ауылшаруашылық дақылдарын жаңа технологиялар бойынша өңдіруді меңгеру;

- негізгі егістік дақылдарының аймақтық нақты топырақ-климаттық жағдайларына байланысты технологиялық картасын жасау;

ӘДЕБИЕТ

Негізгі:

1 Жаңабаев Қ. Ш. және басқалар. Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы.- Алматы, 2005- 25 б.

2 Мұқашева Ж. Н. Жалпы жер тану: Оқу құралы.- Алматы: Ғаза• ун-тi, 2002- 100 б.

3 Ә. Ә. Әуезов, Т. А. Атақүлов, Н. Ш. Сүлейменова, Қ. Ш. Жаңабаев. Егіншілік. - Алматы, 2005- 35 б.

4 Иванников А. В., Тұрарбеков А. Т. Солтүстік Қазақстан егіншілігі. -Алматы, 2003-20 б.

Қосымша:

5 Мұқашева Ж. Н Ауылшаруашылық дақылдарының тұқымының сапасын көтерудің биологиялық негіздері). М «Ғылым». 2004- 279 б.



Зертханалық сабақтардың мазмұны және тізімі



Тақырыптың атауы

Мазмұны

1

Кіріспе. Мақсаты,міндеттері. Пәннің даму тарихы.

Зертханалық жұмыстар жүргізгендегі техникалық қауіпсіздік ережелері.

2

Тұқым шаруашылығы

Ауылшаруашылық дақылдарының жемістері мен тұқымдары, олардың классификациясы.

3

Дәнді дақылдар. Дәнді дақылды нандарының жалпы сипаттамасы.

Дәнді дақылды өсімдіктердің құрылысы. Дәнді тұқымдастарды гүлшоғырына және дәніне қарап анықтау. Бірінші топ пен екінші топтың марфологиялық және биологиялық айырмашылығы. Бидайдың түрлерін айыру, жұмсақ және қатты бидайды масағы мен дәніне қарап анықтау. Егістік сұлының түрі мен түршелерін анықтау. Жүгерінің құрылысының ерекшеліктері. Жүгері дәнінің құрылысы. Күріштің құрылысының ерекшеліктері. Тары. Құрылысының ерекшеліктері мен классификациясы.

4

Дәнді-бұршақ дақылдары

Асбұршақтың құрылысының ерекшеліктері. Асбұршақтың класификациясы. Қытайбұршақ,ноқаттың құрылысының ерекшеліктері. Қытайбұрақтың түршелерін тұқымы бойынша анықтау. Сиыржоңышқаның құрылысының ерекшеліктері. Құрылысы және классификациясы. Үрмебұршақ,жасымық. Үрмебұршақ,жасымық өсімдіктерінің құрылысының ерекшеіктері. Түрлері мен түршелерін анықау. Бөрібұршақ. Бөрібұршақтың түрлері мен түршелерін анықтау.

5

Тамыржемістілер,түйнекжемістілер, бақша дақылдары

Тамыржемістілер. Тамыржемістілердің құрылысы. Картоп- морфологиялық құрылысы. Түйнектің пайда болу ерекшеліктері. Қарбыз. Қарбыздың құрылысының ерекшеліктері. Түр мен түршелерін жемістері мен тұқымына қарап анықтау. Қарбыз, қауын,асқабақ. Қауын,асқабақтың құрылысының ерекшеліктері.

6

Майлы және эфирлі-майлы дақылдар

Майлы дақылдарды тұқымына,жапырағына,жемісіне қарап анықтау,айыру. Күнбағыстың құрылысының ерекшеліктері және классификациясы. Мақсары,майкене(үпілмәлік). Мақсары, майкене(үпілмәлік) өсімдіктерінің құрылысынң ерекшеліктері. Мақсарының(сафлор) типін анықтау,майкененің түрлерін анықтау.Күнжұт. Күнжүттің құрылысының ерекшеліктері. Жержаңғақ. Жержаңғақтың құрылысының ерекшеліктері. Жержаңғақтың түршелерін, топтарын және әртүрлілігін анықтау.

7

Талшықты дақылдар

Талшықты дақылдарды морфологиялық белгілеріне қарап анықтау.

8

Есірткі дақылдар

Темекі және көк темекі. Темекінің түр,түршелерін және типтерін анықтау.

9

Азтаралған азықтық дақылдар

Дәстүрлі емес дақылдардың түрлік құрамы. Құрылысының ерекшеліктері.

1 Тақырып Кіріспе. Мақсаты,міндеттері. Пәннің даму тарихы

Зертханалық жұмыс №1 Зертханалық жұмыстар жүргізгендегі техникалық қауіпсіздік ережелері.

Жұмыстың мақсаты –студенттерді қауіпсіздік ережелерімен таныстыру

Тапсырма – ,зертханалық жұмыстарды атқару барысында сақтық шараларды қадағалау,зиянды заттармен жұмыс барысындағы қорғаныш заттарымен таныстыру, өрт қауіпсіздігімен таныстыру,зертхана ережелерімен таныстыру.

Көрнекті оқу құралдары – қауіпсіздік ережелері жазылған кітапшалар, зиянды,қауіпті заттардың түрі,түсі,суреттері тағы да басқалары.

Қауіпсіздік ережелері - ағын суы бар зертханада ЛР-ді өткізу қажет. Зертханалық құрал-жабдықтармен жұмыс жасаған кезде қауіпсіздік техникасын өткізу қажет.

Бақылау сұрақтары

1 Егіншілік зетханасында қауіпсіздік ережелері қандай?

2 Құрал-жабдықтарды қолдану қауіпсіздігі?

3 Өрт қауіпсіздік шаралары?

Әдебиет

1 Жаңабаев Қ. Ш. және басқалар. Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы.- Алматы, 2005- 207 б.

2 Мұқашева Ж. Н. Жалпы жер тану: Оқу құралы.- Алматы: Ғаза• ун-тi, 2002- 300 б.

3 Ә. Ә. Әуезов, Т. А. Атақүлов, Н. Ш. Сүлейменова, Қ. Ш. Жаңабаев. Егіншілік. - Алматы, 2005- 405 б.



2 Тақырып. Жану Тұқым шаруашылығы

Зертханалық жұмыс №2 Ауылшаруашылық дақылдарының жемістері мен тұқымдары, олардың классификациясы.

Тұқымның тазалығын анықтау

Жұмыстың мақсаты – егілетін тұқымның сапасының көрсеткіштерін тазалығын,біркелкілігін,жақсы өнгіштігін,өну энергиясын,аурулар мен зиянкестерден таза болуын анықтау.

Көрнекті оқу құралдары – біз,електер,бөлшектенетін тақтайшалар, қалақ,пинцет,үлкейтетін шыны,сызғыш.

Тапсырма – Тұқымның тазалығын анықтау.

Қауіпсіздік ережелері - ағын суы бар зертханада ЛР-ді өткізу қажет. Зертханалық құрал-жабдықтармен жұмыс жасаған кезде қауіпсіздік техникасын өткізу қажет.

Таза тұқымдардың салмағының сол үлгідегі тұқым мен қоспалардың салмағына қатынасының проценттік қатынасын тұқым тазалығы деп атайды. Ол төмендегі өрнек бойынша есептелінеді: Х= а*100

В

Х- тұқым тазалығы %



Бақылау сұрақтары

1 Топырақтың жалпы қуыстылығы болып не есептеледі?

2 Капиллярлық су сыйымдылықты (КСС) қалай анықтауға болады?

3 Толық су сыйымдылықты (ТСС) қалай анықтауға болады?

Әдебиет

1 Жаңабаев Қ. Ш. және басқалар. Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы.- Алматы, 2005- 75 б.

2 Мұқашева Ж. Н. Жалпы жер тану: Оқу құралы.- Алматы: Ғаза• ун-тi, 2002- 177 б.

Зертханалық жұмыс №3 Топырақтың агрегаттық құрамын және оның суға төзімділігін анықтау

Жұмыстың мақсаты - Топырақтың агрегаттық құрамын сұрақпен танысу және оның суға төзімділігін анықтау.

Тапсырма - Топырақтың структуралық агрегаттарының беріктігін

Көрнекті оқу құралдары - топырақ елеуіштері жинағы, биіктігі 30-35см, диаметрі 30см ванна немесе басқа ыдыс, биіктігі 45см, диаметрі 7см жиегі тегіс литрлік цилиндр, шыны қақпақ немесе әйнек, үлкен және кіші фарфор немесе алюминий тостақаншалар, су моншасы, кептіргіш шкаф техникалық таразылар (гирлерімен), жуғыш (промывалка).

Қауіпсіздік ережелері - ағын суы бар зертханада ЛР-ді өткізу қажет. Зертханалық құрал-жабдықтармен жұмыс жасаған кезде қауіпсіздік техникасын өткізу қажет.

Алдымен структуралық агрегаттардың шамасын жоғарғы тәжірибедегідей берік және берік емес фракцияларға бөлмей-ақ анықтайды.

1) әрі қарай әрбір фракциядан қосып, массасы 50г орташа үлгі жасайды;

2) ол үшін фракциялардың әрқайсысынан олардың проценттік мөлшерінің жартысына тең етіп кесекшелерді өлшеп алады. Мысалы, диаметрі 5мм елеуіште талдауға алынған үлгінің масса бойынша 10,6% қалса, онда бұл фракциядан 5,3г алады;

3) саңылауы 0,25мм елеуіштен өткен ұсақ бөлшектер (шаң және майда кесекшелер) өлшемге кірмегенімен есептеуге қосылады. Сондықтан үлгінің салмағы 50 грамнан біраз кем болады;

4) үлгіні литрлік цилиндерге салып жиегіне топырақ деңгейіне біраз жоғары етіп су құяды да 8-10 минут қозғамай қалдырады. Бұл кезде су топырақтағы ауаны ығыстырып шығарады. Мұнан кейін цилиндрді бетіне дейін сумен толтырады;

5) топырақтағы ауаны толық ығыстыру үшін цилиндрді шыны қақпақпен жауып, көлбеуге (900-қа) дейін қисайтып, қайтадан тіқ қояды;

6) цилиндрді әйнекпен жауып тез айналдырып, түбін жоғары қаратады және барлық кесекшелер төмен түскенше осы жағдайда ұстайды. Мұнан соң цилиндрді айналдырып бастапқы қалпына қояды;

7) кесекшелер цилиндр түбіне тұнғаннан кейін қайтадан айналдырып, түбін жоғары қаратады. Осылайша 10 рет қайталанады. Бұл әсерден берік емес топырақ кесекшелері ұсақ бөліктерге бөлінеді немесе түгел еріп кетеді;

8) осыдан кейін қалған кесекшелерді ірілігіне қарай бөледі. Ол үшін суы бар ваннаға бір-біріне бекітілген саңылаулары 3;2;1;0,5 және 0,25 мм елеуіштерді жоғарыдан төмен қарай құрастырып салады;

9) үстінгі елеуіштің жиегі 6 см-дей суға батып тұруы керек. Топырағы бар цилиндрді әйнекпен тығыз жауып, елеуіштердің үстіне су ішінде әйнегін алып төгеді;

10) цилиндрді жәймен елеуіштер үстінде жылжытады. Кесекшелер елеуіштер үстінде түгел түскеннен кейін цилиндрді әйнекпен жауып судан шығарады;

11) су ішінде топырақ кесекшелерін елеуді жүргізеді. Ол үшін елеуіштер жинағын судан шығармай 5см, көтеріп қайтадан тез 3-4см төмен түсіріп, елеуішке топырақ кесекшелері толық түскенше 4-5 секунд ұстайды. Елеуіштерді мұндай жоғары-төмен қозғауды 10 рет қайталады;

12) мұнан соң уақкесекшелерден тазарған ірі саңылаулы елеуіштерді босатып алады да, саңылаулары 1;0,5 және 0,25мм елеуіштерді қосымша 5 рет жоғары-төмен қозғайды. Осымен суда елеуді аяқтайды;

13) әрбір елеуіштегі қалған топырақ кесекшелерін жуғышпен алдын-ала өлшенген фарфор немесе алюминий тостақаншаларға жуып түсіреді, артық суын төгіп тастайды;

14) тұнғаннан кейін суын тағы да төгіп тастап, тостақаншаларды су моншасына қойып, ауа-құрғақ жағдайға дейін кептіреді;

15) мұнан кейін тостақаншаларды кепкен топырағымен суытып өлшейды;

16) әрбір елеуіштегі берік кесекшелердің массасын талдауға алынған массаға шағып және екіге көбейтіп, процентін шығарады;

17) диаметрі 0,25 мм-ден кіші, яғни шаң бөлшекті, барлық берік бөліктердің проценттік жиынтығын 100-ден шегеріп айырмасы арқылы табады.

Егер топырақты бұлай талдауға уақыт жетіспесе, 5 елеуіштің орнына 2-3 елеуіш қана алады. Талдаудың нәтижесін төмендегі 1.3.1 кестеге түсіреді.

1.3.1 кесте – Топырақ үлгісін елеудің нәтижесі

Үлгінің алынған орны _________________________________

Күні________________талдауға алынған топырақтың

Массасы (г) __________________________________________



Фракция агрегат-ың диаметрі, мм

Еленген ауа-құрғақ топырақ

Су ішінде еленген топырақ

тостағанша №

массасы, г

Фракцияның үлесі,%

тотақанша N

массасы, г

Фракцияның үлесі,%

топ-қ пен тос-ң

топырақтың

топ-қ пен тос-ң

топырақтың

10-н ірі

























10-7

























7-5

























5-3

























3-2

























2-1

























1-0,5

























0,5-0,25

























0,25 тен ұсақ

























Барлығы

























Бақылау сұрақтары

1 Структуралық агрегаттардың шамасын жоғарғы тәжірибедегідей фракцияларға бөлмей-ақ қалай анықтауға болады?

2 Саңылау елеуіштен өткеннен кейін салмағы неше грамға кемиді?

3 Топырақтың агрегаттық құрамын сұрақпен танысу және оның суға төзімділігін анықтау?

Әдебиет

1 Жаңабаев Қ. Ш. және басқалар. Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы.- Алматы, 2005- 77 б.

2 Мұқашева Ж. Н. Жалпы жер тану: Оқу құралы.- Алматы: Ғаза• ун-тi, 2002- 37 б.

3 Ә. Ә. Әуезов, Т. А. Атақүлов, Н. Ш. Сүлейменова, Қ. Ш. Жаңабаев. Егіншілік. - Алматы, 2005- 307 б.



Зертханалық жұмыс №4 А. В. Николаев әдісі бойынша топырақтың максималды гигроскопиялық ылғалдылығын анықтау

Жұмыстың мақсаты - топырақтың максималды гигроскопиялық ылғалдылығын сұрақпен танысу және А. В. Николаев әдісі бойынша топырақтың максималды гигроскопиялық ылғалдылығын анықтау.

Тапсырма - топырақтың максималды гигроскопиялық ылғалдылығын анықтау

Көрнекті оқу құралдары - саңылауы 1мм елеуіштен өткізілген грануметриялық құрамы әртүрлі 2-3 ауа-құрғақ топырақтар үлгілері, жабылатын қақпағы бар шыны стаканшалар немесе алюминий бюкстер, аналитикалық таразылар, кептіргіш шкаф, түбіне кальций хлориді құйылған эксикатор, тигель қысқаштары.

Қауіпсіздік ережелері - ағын суы бар зертханада ЛР-ді өткізу қажет. Зертханалық құрал-жабдықтармен жұмыс жасаған кезде қауіпсіздік техникасын өткізу қажет.

Құрғақ топырақтың бөлшектерінің атмосфера ауасынан су буын тарту арқылы жиналған ылғалды гигроскопиялық дейді. Оның шамасы топырақтың гранулометриялық, химиялық құрамдарына, органикалық затына және ауаның салыстырмалы ылғалына байланысты болады. Топырақтың құрамы ұсақ (дисперстілігі күшті, коллоидтары көп), органикалық заты мол, ауаның салыстырмалы ылғалы жоғары болған сайын гигроскопиялық ылғалдық та жоғары болады. Гранулометриялық құрамы ірі болғандықтан, құмайт топырақтар суды аз тартады, олардың гигроскопиялық ылғалдылығы абсолюттік құрғақ топырақ массасына есептегенде 0,5-1,5 пайыздай, жеңіл сазды топырақтарда 1,5-3,0, орташа сазды топырақтарда 2,5-4,0 пайыздай болады, ал құрамы ұсақ сазды топырақтарда ол 6-8 пайыздан 18 пайызға дейін жетеді. Ең жоғары ылғал тарту қасиет топырақтың органикалық затында болады. Органикалқ зат құмайт және сазды топырақтардың гигроскопиялық ылғалын көбейтеді. Шымтезекті топырақта ол 28 пайызға жетеді. Ал сор топырақты сумен шайғаннан кейін максимальды гигроскопиялық су мөлшері күрт (2-3 есе) төмендейді. Мысалы, сорланған сазды топырақта МГ 27% болғанда, шайдырғаннан кейін 14,4 процентке дейін кеміген (К.Ділінбетов, 1997).

Гигроскопиялық ылғалдың шамасын абсолютті құрғақ топырақтың массасына есептеп анықтайды. Абсолютті құрғақ массаға келтіру үшін өлшемі белгілі ауа-құрғақ топырақты кептіргіш шкафта 5-6 сағат бойы 105 0С температурада тұрақты массаға дейін құрғатады және буланған ылғалдың (гигроскопиялық ылғалдың) проценттік шамасын табады.

Тапсырманы орындау

1) бюкстерді (шыны стаканшаларды) кептіргіш шкафта 105 0С температурада 3 сағат құрғатып, эксикаторда суытып өлшеу, массасын, номерлерін жазу;

2) құрғатылған бюкске 5-10 г (ауыр топырақтардан аз, жеңіл топырақтардан көбірек) ауа-құрғақ топырақ салып қақпағын жауып, аналитикалық таразыда өлшеу және бюкстің қақпағын ашып, кептіргіш шкафта 105 0С 5-6 сағат құрғату;

3) құрғатып біткеннен кейін бюксті қақпағын жауып, тигель қысқашпен эксикаторға 15-20 минут суытуға қою;

4) суытылған топырағы бар бюксті өлшеп қайтадан кептіргіш шкафта 2 сағат бойы бақылау құрғатуына қою;

5) топырағы бар бюксті суытып бақылау өлшеуін жүргізу. Егер 2-ші құрғатудан кейін масса өзгермесе немесе бұрынғы құрғатудан кейін айырмасы 1 мг-нан кем болса, құрғатуды аяқтайды. Егер масса айырмасы бұрынғымен салыстырғанда 1 мг-нан асса, құрғатуды айырмасы 1 мг-нан кемігенге дейін қайталай береді;

гигроскопиялық ылғалдың процентін төмендегі формуламен есептейді

Х=

а

b


100,

(10)

мұндағы Х – құрғақ топырақтың массасына шаққандағы гигроскопиялық ылғал, %;

а – буланған судың массасы, г;

b – құрғақ топырақтың массасы, г.

гигроскопиялық коэффициентті (ГК) мына формуламен анықтайды



ГК=

100 + Х

100


,

(11)

мұндағы Х – гигроскопиялық ылғал, %.

Гигроскопиялық коэффициентті ауа-құрғақ топырақтың талдау нәтижелерін құрғақ топыраққа ауыстыру үшін қолданады. Бұл үшін ауа-құрғақ топырақтардың талдау нәтижелерін ГК-ге көбейтіп, абсолютті құрғақ массаға есептелген гигроскопиялық ылғалдың процентін шығарды. Табылған қорытындыны 1.5.1 кестеге жазады.

кесте – Топырақ гигроскопиялық ылғалдылығын есептеу

Бюкс номері

үлгі алу қабаты тереңдігі, см



Массасы, г

Гигроскопиялық ылғал, %

бюкстің

топырағы бар бюкстің

құрғақ топырақтың

буланған судың

құрғатқанға дейінгі

құрғатқаннан кейінгі

1-өлшеу

2- өлшеу

3-өлшеу





























Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет