Қ ұрастырушы: ф.ғ. д., профессор Жүсіпов Н.Қ



Дата01.07.2016
өлшемі44.81 Kb.
#171012

Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы






Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/40


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Филология, журналистика және өнер кафедрасы
«Түркі халықтарының әдебиетінің тарихы» пәнінен 5В011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының сыртқы бөлім студенттеріне арналған пәнді оқыту бойынша


ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР МЕН НҰСҚАУЛЫҚТАР

Павлодар




Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқауларды; әдістемелік ұсыныстарды; әдістемелік нұсқауларды бекіту парағы






Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/41






БЕКІТЕМІН

ОІ жөніндегі проректор __________ Пфейфер Н.Э.

20__ж. «___»____________


Қ ұрастырушы: _____________ ф.ғ.д., профессор Жүсіпов Н.Қ.

Филология, журналистика және өнер кафедрасы


«Түркі халықтарының әдебиетінің тарихы» пәні бойынша 5В011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының сыртқы бөлім студенттеріне арналған

Пәнді оқыту бойынша әдістемелік нұсқау
Кафедраның отырысында ұсынылды

20__ж. «___»______________,№__ Хаттама


Кафедра меңгерушісі _____________ Жүсіпов Н.Қ. 20__ж. «____» ________

Филология, журналистика және өнер факультетінің ОӘК мақұлданды

20__ж. «___»______________, №____ Хаттама

ОӘК төрағасы _______________ Жұманқұлова Е.Н. 20__ж. «____» ________



МАҚҰЛДАНДЫ:

ЖжӘҚБ бастығы _____________ А.А.Варакута 20__ж. «____» ________

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

20__ж. «___»______________ №____ Хаттама

Пәнді оқу барысында қарастырылатын тақырыптар
1-тақырып. Түркі халықтары әдебиетінің тарихына кіріспе. Азербайжан әдебиеті.

Түркі халықтары әдебиетінің тарихына кіріспе. ІУ-ІХ ғ. көне түрік әдебиет ескерткіштері: Күлтегін, Тоныкөк, Білге қаған туралы жырлар, Оғыз-наме, Әбу Насыр әл-Фараби. Х-ХІІ ғ. әдебиет. ХІІІ-ХУІ ғ.ғ. Алтын Орда дәуіріндегі әдебиет. Рабғузи Н., М.Хорезми, Құтыб, Сараи, Әбілғазы, Жалайыри тарихи шығармалары.. Дулати М.Х. «Тарихи-Рашиди», «Бабыр-наме». Азербайжан әдебиеті. Азербайжанның ауыз әдебиеті. Жазба әдебиетінің қайнар бұлағы. Низами Гәнжауи шығармашылығы. Вагиф, Мырза Ахундов, С.Вургун, М.Ибрагимов

Ұсынылатын әдебиет: [1], 1-16 бет, [5], 1-45 беттер, [12] 1-25 беттер.

2-тақырып. Башқұрт әдебиеті. Қарақалпақ әдебиеті.

Башқұрт әдебиеті. Башқұрт халқы туралы жалпы мәлімет. Ауыз әдебиеті үлгілері: аңыздар, ертегілер, жырлар, эпостар. М.Үмітбаев- ағартушы, әдебиетші. Ш.Бабич, Ғ.Ибрагимов, М.Ғассури шығармашылықтары. С.Құдаш- башқұрттың ірі қоғам қайраткері /«Салтанат», «Республика жырлайды»/. Қарақалпақ әдебиеті. Қарақалпақ әдебиетінің ауыз әдебиеті /«Қырық қыз» эпосы/. ХУІІІ ғ. қарақалпақ жазба әдебиеті. Жиен жырау Тоғай ұлы «Күйзелген халық» дастанындағы қарақалпақ халқының Хорезмге аууы ахуалы. Бердақ Шайыр дастандары /Аманкелді, Шежіре, Ақымақ патша, өлеңдері/. Кеңес дәуіріндегі ақындары: А.Мұсаев, С.Мәжитов, Ж.Аймұрзаев. / «Арал» поэмасы, «Бердақ», «Айгүл-Абат», «Раушан» пьесалары/, Т.Қайыпбергеновтың «Бақытсыздар» романы, «Мұғалімге рахмет» повесі. Қарақалпақ әдебиетінің соңғы жылдарына шолу

Ұсынылатын әдебиет: [3], 1-46 бет, [4], 1-55 беттер, [6] 1-10 беттер.

3-тақырып. Қырғыз әдебиеті.

Қырғыз әдебиеті. Қырғыз халқы туралы, ауыз әдебиеті жайлы жалпы түсінік. «Манас» эпикалық туынды. Тоғалақ молда, Т.Сатылғанов- қырғыз халық ақыны. ХХ ғ. қырғыз әдебиеті: А. Тоқамбаев, Т.Үмбеталиев, Ж.Бөкенбаев, Сыдықбеков, К.Жантолиев, Ш.Айтматов т.б. шығармашылығына шолу. А.Тоқамбаев-қырғыз халық ақыны.Т.Сыдықбеков-халық жазушысы. Ш.Айтматов-халық жазушысы, қоғам қайраткері./ «Алғашқы ұстаз», «Ақ кеме», «Жан пида», «Боранды бекет» т.б./

Ұсынылатын әдебиет: [12], 1-44 бет, [3], 1-32 беттер, [1] 1-300 беттер.

4- тақырып. Өзбек әдебиеті.

Өзбек әдебиеті. Өзбек халқы және ауыз әдебиеті туралы пікір. Эпостық мұралары, аңыздары, прозасы, поэзиясы, драматургиясы. Ә.Бируни, Ә.Сино, З.Восифий т.б. белгілі адамдары жайлы мағлұмат. Ұлықбек - әлемдік ғылым мен мәдениетке үлесі. Қ.Бекзад ғазалдары, дастандары. Ә.Науаи шығармашылығы. М.Бабыр шығармашылығы. Өзбектің классикалық әдебиеті: Фурқат, Аваз, Мұқыми, Айбек, Ғ.Гулям, Х.Ниязи, П.Қадыров шығармашылықтары.

Ұсынылатын әдебиет: [16], 1-16 бет, [1], 1-55 беттер, [2] 1-120 беттер.

5-тақырып. Ұйғыр әдебиеті. Татар әдебиеті.

Ұйғыр әдебиеті. Ұйғыр халқының ауыз әдебиеті: эпостары, дастандары, поэмалары, аңыздары.Ұйғыр әдебиетінің Қазақстанда, Қытайда өріс алуы. ХІІІ ғ. М.Хаминнің, Ниязидің, Қасимидің тарихи шығармалары.ХІХ ғ. А.Низари, Гәрбий, Назугум, Назым, Палуан, Шакир. Қазіргі ұйғыр әдебиеті: Х.Абдуллин, З.Сәмеди, И.Бәхтия, И.Саттаров, М.Хамраев т.б. Татар әдебиеті. Татар халқының ауыз әдебиеті: эпостық, аңыз, ертегі, дастандары. Татар әдебиетінің туыстас халықтар әдебиетіне ықпалы, өзара байланысы. ХХ ғ. басындағы қазақ әдебиет мен мәдениетіне, баспасөзіне қосқан үлесі. Татар халқы зиялыларының /Гаспринский, Ибрагимов, т.б./ мұсылман ілімін таратушылық еңбегі. Ғ.Тоқай шығармашылығы. М.Жәлел шығармашылығы. 1920-40 ж.ж. татар әдебиеті. Қазіргі татар әдебиеті /поэзиясы, прозасы, драматургиясы – 1960-2000 ж./

Ұсынылатын әдебиет: [14], 1-18 бет, [7], 1-27 беттер, [4] 1-120 беттер.

6- тақырып. Түркімен әдебиеті

Түркімен ауыз әдебиетіндегі «Көрұғлы» дастаны. Мақтымқұлының ерлік, елдік, махаббат, табиғат лирикалары. Берді Кербабаевтің «Шешуші қадам» романы.



Ұсынылатын әдебиет: [4], 1-18 бет, [7], 1-27 беттер, [1] 1-120 беттер.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет