Құ республ жə а ұрылы ликасы əңгір ха аграрлы ыс өн



Pdf көрінісі
бет14/91
Дата14.09.2023
өлшемі1.57 Mb.
#477622
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   91
Құрылыс өндірісін ұйымдастыру

Құрылысшы-салушы – бұл құрылысты жүзеге асырушы жеке немесе 
заңды тұлға. Құрылысшы-салушы құрылыс саласының маманы болмауы 
да мүмкін, сондықтан, тапсырыс берушімен жүктелген функцияларды 
жүзеге асыру, атап айтқанда, құрылысты техникалық бақылау үшін, оған 
лицензионды немесе сертификатталған мамандарды (құрылысшыларды) 
тартуға тура келеді.
Құрылысшы-салушы 
тапсырыс 
берушіге 
жобалық-ізденіс 
жұмыстарын төлеуге жəне жылдық келісім шарттарға тіркелген келісілген 
кесте бойынша құрылысты қаржыландыруға қаржы қорларын (тапсырыс 
берушімен жиналатын, басқа да көздерен жəне үлестік тапсырыстардан 
басқа) үздіксіз тапсыруды қамтамасыз етеді. 
Құрылысшы-салушы құрылыс өндірісінің орындалу көлемінің 
құрылысты жүзеге асыруға қажетті құрылыс материалдары мен 
құрастырмаланың көлеміне сəйкестігін үйлестіруді жүзеге асырады.
Құрылысшы-салушы тапсырыс берушіге сəйкес инвестициондық 
бағдарламаны 
жүзеге 
асыру 
кезінде 
инвестициондық 
процесс 
қатысушыларымен өзара əрекеттесуінде көмек береді.


20 
Жылдық келісім шарттарға жəне тапсырыс берушімен жасалған 
контрактілерге сəйкес құрылыс бағасы субъектілер басқармасының 
орнатуымен анықталады.
Құрылыс көлемі, нысандардың пайдалануға беру мерзімі, 
қаржыландыру кестесі, құрылысшы-салушы мен тапсырыс берушінің 
құқығы мен міндеттері, жəне де олардың мүліктік жауапкершілігі, олардың 
арасында жасалған жылдық келісім шарттарда анықталған жəне жасалған 
шарттардың бөлінбес бөлігі болып табылады.
Инвестор. Басты функциясы салынатын капиталдың пайыздарымен 
(инвестор табысы) анықталатын, пайда табу мақсатында жобаны немесе 
инвестициондық бағдарламаны қаржыландыру болып табылатын басқару 
субъектісі. 
Бірлескен қызмет жөніндегі келісім шарт негізінде пайда болған 
жəне заңды тұлға дəрежесі жоқ жеке жəне заңды тұлғалар, заңды 
тұлғалардың бірлестігі, мемлекеттік органдар, жергілікті басқару 
органдары, жəне кəсіпкер қызметіндегі шетел субъектілері, шетелдік 
инвесторлар инвестор бола алады. 
Жобалар үшін басқару субъектілерінің инвестиционды нысандар 
құрылысын толық немесе жартылай қаржыландыру үшін инвесторлар 
тартылуы мүмкін. Алайда, ол тек байқау негізінде ғана жүзеге асуы тиісті. 
Байқау мақсаты жобалауды қаржыландыруға ең тиімді шарттар ұсынатын 
(атап айтқанда, дисконттың ең төменгі нормасы бойынша) жəне (немесе) 
байқау іс-қағаздарында қойылған талаптарға сəйкес инвестиция 
нысанының құрылысы үшінинвестор таңдау. Субъектілер шекарасында 
объектілердің капиталды құрылысы саласындағы инвестиционды қызметте 
контрактілер негізінде жүзеге асады.
Жобалаушы.Басты фукциясы жобалық-сметалық іс-қағаздарды 
дайындау мақсатында жобалық жəне ізденіс жұмыстарын жүргізу болып 
табылатын басқару субъектісі. Берілген контракт негізінде нысандар 
құрылысына тартылатын жобалық-ізденіс жəне мердігер мекелер байқау 
негізінде де тартыла алады.
Тапсырыс 
беруші. 
Бастыфункциясы 
құрылысшы-салушының 
мүдделерінде құрылысты ұйымдастыру жəне жобаны жүзеге асыру болып 
табылатын басқару субъектісі.
Жекелеген жағдайларда тапсырыс беруші құрылысшы-салушының 
жобалау жəне нысандардың құрылысы бойынша функцияларын жүзеге 
асыратын кешенді міндеттерді атқаруды өз мойнына алады. Бұл жағдайда 
құрылысшы-салушы қаланың кешенді социалды жəне экономикалық 
дамуы бойынша басты жоспарға сəйкес қалаға кешенді құрылыс жүргізуге 
міндеттеледі. Тапсырыс берушіге тапсырылатын нысандар құрылысының 
бағасы тапсырыс беруші мен мердігер мекемелер арасында болған келісім-
шарттық бағалармен анықталады. Тапсырыс беруші капиталды 
салымдардың 
тиімділігінің 
артуын 
жəне 
инвестициялық 
цикл 


21 
ұзақтығының азаюын қамтамасыз етеді жəне белгіленген көлемде қала 
шаруашылығы нысандарының құрылыс жүзеге асырады. Ол байқау 
негізінде сəйкес лицензиялары бар мердігер мекемелер арасында 
муниципалды бағдарламаны жүзеге асыруға тапсырыс береді.
Тапсырыс беруші құрылысшы-салушыға бухгалтерлік жəне 
статистикалық есеп-қисаптарды, қаржы қорларын қолдану жайлы 
есептерді, жəне де, орындалып жатқан тапсырыстардың жүзеге асырылуы 
жəне олардың құрылыс жағдайы жайлы жедел ақпаратты береді.
Құрылысшы-салушыға бөлінген қаражаттың игерілгендігі жайлы 
жəне келесі айға қаржы қорындағы мұқтаждықтары жайлы анықтама 
береді. 
Құрылысшы-салушымен тапсырыс берушіге берілген келісім-
шарттық нысандарды қаржыландыру берілген қаржы құралдары тапсырыс 
берушімен басқа мақсаттарға жұмсалуы мүмкін емес. Сондықтан, екі жақ 
ай сайын аударуларды жəне берілген келісім-шартта көрсетілген 
мақсаттарға қаржы құралдарын жұмсалуын салыстыруды жүзеге асырады.
Мердігер. Оның басты функциясы жобалық-сметалық іс-қағаздарға 
сəйкес нысандардың құрылысын «физикалық» жүзеге асыру болып 
табылады.
Тапсырыс берушімен ортақ мердігер келісім-шартын жасасқан 
мердігер бас мердігер ретінде анықталады, ал бас мердігермен қосалқы 
мердігер келісім-шартын жасақан мердігерлер қосалқы мердігерлер деп 
аталады.
Мердігерлер – бұл мердігер келісім-шарты бойынша жұмыс 
атқаратын жеке жəне заңды тұлғалар. Мердігерлер заңнамаға сəйкес 
лицензиялауға жататын қызмет түрлерін жүзеге асыруға лицензиясы 
болуға мідетті.
Инвестиционды тапсырыстарды жүзеге асыру кезінде мердігер 
ретінде тапсырыс берушімен жасалған келісім-шарт міндеттерін тиісті 
деңгейде арындамағаны үшін немсе орындамағаны үшін мүліктік 
жауапкершілікті көтере алатын кез келген заңды тұлға қатыса алады. 
Пайдаланушы. Оның басты функциясы құрылыс нысанын жəне оның 
өндірістік құаттылығын пайдалану болып табылады.
Капиталды салымдар нысандарын пайдаланушылар – жеке жəне 
заңды тұлғалар, сонымен қатар, шетел азаматтары жəне де мемлекеттік 
органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, шетел мемлекеттері, 
халықаралық бірлестіктер мен ұйымдар.
Капиталды салымдар нысандарын пайдаланушылары инвесторлар 
бола алады.
Пайдаланушы үшін нысанға кепілді қызмет көрсетуді қамтамасыз 
ету басты элемент болып табылады.
Нысанның жəне оның инженерлік жүйелерінің, жабдықтардың, 
материалдардың жəне жұмыстың қалыпты пайдануының кепілді мерзімі 


22 
дайын нысанды пайдалануға алу жайлы актінің күнінен басталады. Егер 
нысанның кепілді қызмет көрсету уақытында оны қалыпты пайдалануға 
бөгет болатын ақаулар анықталатын болса, онда тапсырыс беруші 
келісілген мерзімде жəне өз қаражаты есебінен жоюды ұйымдастыруға 
міндетті. Бұл жағдайда кепілді мерзім ақауларды жою уақытына созылады. 
Айтылған кепіл үшінші тұлғалардың нысанды қасақана зақымдау 
оқиғаларына таратылмайды.
Мүліктік жауапкершілік. Тұрғын үйлерді жəне əлеуметтік сала 
нысандарын пайдалануға беру мерзімін орындамағаны үшін тапсырыс 
беруші құрылысшы-салушыға мерзімін өткізіп алу уақыты үшін 
тұрақсыздық төлемін төлейді.
Құрылысты қаржыландыруға қаражатты үздіксіз аудару бойынша 
міндеттерін атқармағаны үшін құрылысшы-салушы тапсырыс берушіге 
тұрақсыздық төлемін төлейді.
Экономикалық санкцияларды көрсету келісім-шарт міндеттерін 
атқарудан босатпайды. Экономикалық дамыған жетекші мемлекеттердегі 
басқару субъектілерінің құрамының тізімі ұқсас болып келеді. Егер 
қарастырып отырған пəннің зерттеу пəні болып құрылыс өндірісін 
ұйымдастыру болса, онда ол, ең бастысы, мердігердің қажеттіліктеріне 
бағытталған. Ол, сонымен қатар, инвестиционды құрылыс жобасын 
басқару сияқты қарастырылуы да мүмкін, жəне бұл жағдайда нысанның 
болашақ пайдаланушысы ретінде құрылысшы-салушыға бағытталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   91




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет