Қ. Т. Абаева, А. Ж. ҚОжабекова



бет6/54
Дата01.11.2023
өлшемі5.76 Mb.
#482079
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54
ЛАНДШАФТ

Пейзаждық стиль регулярлы стильге қарама – қарсы болады. Табиғи басымдылық мейлінше басым болып келеді. Заңдылығы: бәрі табиғи көрінуі қажет, еш жасандылық болмау керек.
Ассиметриялы компановка адамдарды табиғатпен тығыз байланысқа түсіреді. Қатаң симметриялық жобадан шыққан адам бостандықты сезінеді. Оның қозғалысы да еркін болады. Мұндай бақта заттар көлемі мен пішіні жағынан бірдей болмайды. Сондықтан шағын бақ учаскеде табиғи болып көрінеді. Еркін пейзаждық жобалау көп жер жұмыс қажет етпейді. Ешқандай тіреуіш қабырғалар, экрандар, конструкциялар керек емес. Яғни тиімді аса маңыздылықты бұзуды, жаруды қажет етпейді. Қайта қоршаған ландшафтымен астасып кетеді. Осы стильден көз жететін жерге кеңістік немесе түпкірленуді ұлғайтуға болады. Ағылшын бағында гүлдер аз отырғызылады. Гүлзарлар үй маңы
немесе тоғандар жанында неше түрлі немесе топ – топ болып отырғызылады. Өсімдік түрі, түс үйлесімділігі, пішіні керек десеңіз жапырақтың түсі де роль ойнайды. Пейзаждық стильдегі үй жасыл бақпен, көк шөпппен малынып тұруы керек. Жолдары да бұралаң тратуарлық плиткалардан басқа ұсақ тастардан немесе табиғи тас төселеді. Жалпы стиль Жапониядан келген.
Үй маңын безендірудің бірнеше нұсқасы бар. Әр түрлі классикалық стильдің бірі партерлік бақтар және лабиринт бақтары болып табылады. Біріші жағдайда әр түрлі пішіндегі гүлді клумбалар мен сәндік элементтерді қолдану арқылы аумақта белгілі бір бейне құру.
Лабиринт бақтары – аумақта геометриялық және шашыраңқы жолақтары мен тірі қоршауларын қырқу:мәңгі жасыл бұталар және лабиринт қабырғаларының арасында қалған бос орындарға әдемі гүлдермен толтыруға болады.
Аумақта пейзажды безендіру: ауылдық бақтардың орман ландшафтысы, бақтар тірі табиғат бұрышы, сонымен қатар тематикалық бақтар, көсбасшы орынды жапон бағы алады.
Ауылдық бақтарды безендіруде жабынды жол мен алаңшалар құруда табиғи материалдар қолданылады, өсімдіктері физиологиялық ерекшеліктеріне және өсу жағдайына байланысты таңдайды. Жалпы пейзажға аз ғана өзгеріс енгізеді. Әдетте адамдардың араласуы бақшалар жолы мен тасты баспалдақ, бау – бақша екпелерімен шектеледі. Нәтижесінде участок түсі және көркемдік жағынан айқындала түседі.
Жапон стильі – ерекше назар аударылатын бақ – саябақ өнері. Соңғы жылдары Еуропа елдеріне ерекше қолданысқа түсті. Ең алғашқы жапон бақтары данышпандардың діни – философиялық ізденістеріне кездеседі. Ағаштарға, тауларға, сарқырамаға табыну Жапон мемлекетінің мәдениетінде бар.
Жапон бағының негізгі мақсаты – адамға қиыншылықтарда жан дүниесін тыныштандыру, басқаша айтқанда жән мен тәннің үйлесімділігін табу.
Уақыт өте келе Жапон бақтарында ландшафтық дизайн бағытында жаңа идеялар пайда болды, бірақ оның оның дәстүрлері сақталады.
Бір жағдайларда жобалау бір идеяда жүргізіледі. Мысалы: тасты бақ, сулар, мүктер,жыл мезгілдері. Осыларда негізгі элемент
болып тас топтарының кезектесіп орналасуы, сарқырама, әр түрлі түстегі мүктер мен фактуралар, солитер ағаштар саналады.
Соңғы жылдары аралас бақтардың беделі жоғары. Ол кішігірім табиғи ландшафт. Аралас жапон бағының ерекшелігі 3 табиғи стихия бірге қосу. Олар – тас, су және өсімдік. Осыған байланысты тәжірибе жүзінде қабылдау оңай.
Тастан композиция жасарда адам оны жартастармен байланыстырады. Тастарды орналастыруда үлкен шеберлік қажет. Жапондардың айтуынша әр тас өзінің «лицо» (беті) мен
«позу» (тұрысы) бар, егер тастың композициядағы ролі дұрыс болмаса, онда оның үйлесімділігі жоғалады.
Үлкен тастар күштің, тұрақтылықтың және тәңірдің белгісі болып саналады. Жай тастардың топтарын солдан оңға қарай орналастырады. Өйткені ландшафтта көзқарас бағыты солай жүреді. Осыдан қорта келгенде композиция элементінің осылай орналасуы эстетикалық ғана емес мағыналық мән береді.
Тематикалық бақтардың арасында екінші орынды Қиыр Шығыс алады. Бұл бақтың ерекшелігі ландшафттық композициясына жасмин мен раушангүлдермен толықтырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет