№ Тақырып/апта Тақырып атауы Пәннің мазмұны


РЕНТА ЖƏНЕ ӨМІР БОЙЫ АСЫРАУДА ҰСТАУ



бет5/7
Дата15.02.2024
өлшемі4.05 Mb.
#491960
1   2   3   4   5   6   7
Азаматтық құқық ерекше болим

РЕНТА ЖƏНЕ ӨМІР БОЙЫ АСЫРАУДА ҰСТАУ
Рента шарты бойынша бiр тарап (рента алушы) екiншi тараптың (рента төлеушiге) меншiгiне мүлiк бередi, ал рента төлеушi алған мүлiкке айырбас ретiнде рента алушыға белгiлi бiр ақша сомасы түрiнде немесе оны ұстау үшiн өзге де нысанда қаражат беру түрiнде мезгiл-мезгiл рента төлеп отыруға мiндеттенедi (ҚР АК-нің 517-бабы)
Рента шартының түрлері
Ерекшеліктері
Рента төлемі
1)тұрақты рента; 2)ғұмырлы рента;
3)өмір бойы асырауда ұстау
1)рента шарты бойынша берілетін мүлік, жылжитын жəне жылжымайтын болуы мүмкін; 2)рента төлемі бойынша ақшалай эквивалент келісім- шартта орнатылуы міндетті түрде; 3) рента шарты міндетті түрде нотариалдық куəлікке жатықзылады.
Жасау нысаны
Қамтамасыз ету тəсілі
1)заттарды ұсыну; 2)ақша төлеу; 3)жұмыстың орындалуы немесе қызмет көрсету
Жылжымайтын мүлік шарт бойынша берілу кепіл алуға құқылы рента алушыға тəуелді.
ЖАЛҒА БЕРУ ШАРТЫ
Жалға беру шарты (мүлік жалдау) - жалға беруші жалға алушыға мүлікті ақыға уақытша иеленуге жəне пайдалануға беруге міндеттенеді.
1)жалға беру - жедел жасалатын келісім шарт; 2)жалға беру - өтемелі келісім; 3)жалға беру объектісі тек қана жеке анықталған қолданылмайтын заттар болуы мүмкін
1)егерде шартта жалға берудің төлемі белгіленбесе, онда жалға беру төлемінің көлемі қолданылады; 2)екі жақта жалға беру төлемінің көлемі мерзімі бойынша өзгертіле алады, тек қана бір жыл ішінде бір рет қана.
1)келісім шарт жасасу теқ қана жазбаша түрде жасалынады, ол келісім шарт 1 жылға жасалған жəне де бір жақта заңды тұлға болуы керек. 2)заңда өзгеше көзделмесе, жылжымайтын мүлік жалға беру шартта мемлекеттік тіркеу арқылы жүзеге асырылады.
Белгілері
Ерекшеліктері
Жалға берудің төлемі
МЕРДІГЕРЛІК ШАРТ
Мердігерлік шарты бойынша бір тарап (мердігер) екінші тараптың (тапсырысшының) тапсырмасы бойынша белгілі бір жұмысты атқаруға жəне белгіленген мерзімде оның нəтижесін тапсырысшыға өткізуге міндетті, ал тапсырысшы жұмыс нəтижесін қабылдап алуға жəне оған ақы төлеуге (жұмыстың бағасын төлеуге) міндетті (ҚР АК-нің 616-бабының 1-тармағы).
Тұрмыстық мердігерлік шарты бойынша, кəсіпкерлік қызметті жүзеге асырушы мердігерлік тапсырысшының тапсырмасы бойыша, тапсырысшының тұрмыстық немесе басқа да жеке қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған белгілі бір жұмысты орындауға міндеттенеді, ал тапсырысшы жұмыстың нəтижесін қабылдап алуға жəне оған ақы төлеуге міндеттенеді (ҚР АК-нің 640-бабы)
Мердігерлік шартының жекелеген түрлері
Жобалау жəне іздестіру жұмыстарына мердігерлік шарт бойынша мердігер (жобалаушы, іздестіруші) тапсырысшының тапсырмасы бойынша жобалаусметалық құжаттаманы əзірлеуге жəне (немесе) іздестіру жұмыстарын жүргізуге міндеттелінеді, ал тапсырысшы оларды қабылдап алуға жəне ақы төлеуге міндеттенеді (ҚР АК-нің 667- бабының 1-ші тармағы)
Құрылыс мердігерлігі шарты бойынша мердігер тапсырысшы бойынша шартта белгіленген мерзімде белгілі бір объектіні салуға не өзге де құрылыс жұмысын орындауға міндеттенеді, ал тапсырысшы мердігерге жұмысты орындауы үшін қажетті жағдайлар жасауға, оның нəтижесін қабылдап алуға жəне ол үшін келісілген бағаны төлеуге міндеттенеді (ҚР АКнің 651-бабының 1-ші тармағы)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет