1 – бөлім. Жалпы ережелер



бет1/5
Дата29.06.2016
өлшемі1.5 Mb.
#166702
  1   2   3   4   5




Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрінің

2012 жылғы ____________

№ ___ бұйрығымен

бекітілген




Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің

бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (65-шығарылым)




1 – бөлім. Жалпы ережелер
1. Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің біріңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (бұдан әрі - БТБА) (65-шығарылым) «Оптикалық-механикалық өндіріс» бөлімінен тұрады.

2. Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің біріңғай анықтамалығының БТБА (65 - шағырылымы) «Оптикалық-механикалық өндіріс» бөлімі еңбекті ұйымдастырудың, нормалау мен ынталандырудың одан әрі жақсартылуы ескеріле отырып пысықталды. Бөлімде ұқсас жұмыстарды тарифтеуді жетілдіру жүзеге асырылды, ғылыми-техникалық прогресс әсерімен, жұмысшылардың біліктілік деңгейіне, жалпы білім және арнайы дайындығына, өнімнің сапасына қойылатын талаптың артуымен, сондай-ақ еңбек мазмұнының өзгеруіне байланысты жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамалары нақтыланды.

3. Тарифтік-біліктілік сипаттамасында жұмысшы кәсібінің осы разрядына анағұрлым тән жұмыстардың тізбесі келтіріледі. Бұл тізбе жұмысшы орындай алатын және орындауға тиісті жұмыстардың барлығын қамти алмайды. Жұмыс беруші қажетті жағдайда, жұмыс ерекшелігін ескере отырып, тиісті разряд жұмысшылары кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларында қамтылған жұмыстарға сәйкес келетін жұмыстардың қосымша тізбесін әзірлей алады.

4. Тарифтік-біліктілік сипаттамалар ерекше айтылған жағдайлардан басқа, осы бөлімде көрсетілген өндірістер мен жұмыс түрлері бар ұйымдарда, меншік және ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, жұмыстарды тарифтеу және жұмысшыларға біліктілік разрядтарын беру кезінде қолданылады. БТБА-да әр кәсіп әдетте, бір бөлімде ғана кездеседі.

5. Осы бөлімге осы өндіріс немесе жұмыс түріне тән кәсіптер енгізілді. Кез келген нақты өндіріс немесе жұмыс түрі үшін тән болып табылмайтын жұмысшы кәсіптері «Экономиканың барлық салалары үшін ортақ жұмысшы кәсіптері» бөлімінде орналастырылған.

6. Жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамалары алты разрядты тарифтік кестеге орай әзірленді. Жұмыс разрядтары әдетте, еңбек жағдайлары ескерілмей, олардың күрделілігіне қарай белгіленді.

7. Тарифтік-біліктілік сипаттамаларын пайдаланудың, разрядтарды берудің және арттырудың, өзгерістер мен толықтырулар енгізудің тәртібі БТБА 1 шығарылымында орналастырылған Жұмыстар мен кәсіптердің бірыңғай тарифтік-біліктілік сипаттамаларының «Жалпы ережелерінде» берілген.

8. «Оптик», «Оптикалық бөлшектерді ажарлаушы», «Оптикалық бөлшектерді ажарлаушы-жылтыратушы» мамандықтары бойынша жұмыс разрядтарын анықтау кезінде «Жалпы ережелерге» қоса бөлшектердің күрделілігі мен міндетті параметрлердің санын ескеру қажет.

9. Қолданылуға ыңғайлы болу мақсатында, БТБА-да алфавиттік көрсеткіш (1 – қосымшасы) көзделген, онда жұмысшылар кәсіптерінің атауы, разрядтардың диапазондары және беттердің нөмірленуі қарастырылған.

10. «Оптикалық-механикалық өндіріс » бөлімінде қарастырылған жұмысшы кәсіптері атауларының, олардың БТБА 65 - шығарылымы бойынша қолданыстағы атаулары көрсетілген тізбесі 1997 жылғы редакциясында берілген.




2 – бөлім Оптикалық-механикалық өндіріс

1. Оптикалық бөлшектерді градуирлеуші


Параграф 1Оптикалық бөлшектерді градуирлеуші, 2-разряд
11. Жұмыс сипаттамасы:

пантографтар мен бөлу машинаарындағы кестелерді, шкалалар мен лимбаларды балауыз бен лак бойынша бастапқы штрихтан келесі кез келгеніне дейін 0,05 миллиметр (бұдан әрі - мм) артық, штрихтары мен сызық ендерін немесе сандар мен әріп обводкалары енін 0,05 мм астам қашықтық ауытқуымен, сызықтық мөлшері 0,02 мм немесе 20 секундтан артық мөлшерге кейіннен плавик қышқылы буымен өңдей отырып бөлу;

балауыз бен лакты бөлшекке жағу және оны станокқа орнату;

плавик қышқылын рецепт бойынша дайындау;

бөлшекті қыздыру режимін белгілеу,

өңделген бөлшектерді бензинмен немесе сілтілі қышқылмен жуу;

кесу сызығы 0,05 мм жоғары кесуші құралды қайрау;

штрих қалыңдығы 0,02 мм артық III – IV сыныпты кестелер мен шкалалардағы штрихтан мен сандарды кез келген түстегі салмамен 30 есе үлкейтетін микроскоп көмегімен толтыру;

штрихтар мен сандарды кептіру.

12. Білуге тиіс:

орташа дәлдіктегі ұзыннан бөлу машиналары мен пантографтардың құрылымын;

бөлшекті қыздырудың температуралық режимін;

бөлуге және өңдеуге арналған техникалық шарттарды және қосалқы материалдарды;

оптикалық шынының негізгі типтері мен маркаларын;

салынатын бөлулердің сапасын анықтаудың техникалық шарттарымен ережесін;

қажетті концентрациядағы қышқыл ертіндісін жасаудың тәртібін;

салмалардың маркасы мен сұрыптарын;

оптикалық бөлшектермен жұмыс істеу ережесін;

жылтыратушы шайыр мен ұнтақтардың нысаны мен маркасын;

электроплита мен термостат құрылымын;

лупаның, көру трубасы мен микроскоптың нысанын және қолдану шарттарын;

өңдеу шектеуі, квалитеттері мен сыныптары жүйесі туралы негізгі деректерді.

13. Жұмыс үлгілері:

1) жарық сүзгілері - балауызбен немесе лактпен алдын ала жабу және кейіннен өңдей отырып әріптер мен сандарды 200 мкм штрих енімен нақыштау, бастапқы штрихтан келесі кез келгеніне дейін 100 мкм дейін және сызық мөлшеріне 50 мкм дейін ауытқу;

2) деңгей трубкасы - балауызбен немесе лактпен алдын ала жабу және кейіннен өңдей отырып әріптер мен сандарды 200 мкм штрих енімен бөлу және нақыштау, бастапқы штрихтан келесі кез келгеніне дейін 60 мкм дейін және сызық мөлшеріне 50 мкм дейін ауытқу;

3) шкалалар - балауызбен немесе лакпен алдын ала жабу және кейіннен өңдей отырып әріптер мен сандарды 200 мкм штрих енімен бөлу және нақыштау, бастапқы штрихтан келесі кез келгеніне дейін 100 мкм дейін және сызық мөлшеріне 30 мкм дейін ауытқу;

4) көлемі 7,5 х 33 мм уровеньдер - әріптер мен сандарды 200 мкм штрих енімен бөлу және нақыштау, бастапқы штрихтан келесі кез келгеніне дейін 150 мкм дейін және сызық мөлшеріне 20 мкм дейін ауытқу.

Параграф 2. Оптикалық бөлшектерді градуирлеуші, 3-разряд


14. Жұмыс сипаттамасы:

балауыз бен лак бойынша кестелерді, шкалалар мен лимбаларды бастапқы штрихтан келесі кез келгеніне дейін 0,05 мм артық 0,05 дейін, штрихтары мен сызық ендерін немесе сандар мен әріп обводкалары енін 0,008 астам 0,05 мм дейін қашықтық ауытқуымен, сызықтық мөлшері 0,005 арты 0,02 мм дейін немесе 10 жоғары 20 секунд дейін бөлу;

қарапайым мүсіндерді күміспен нақыштау;

кесу сызығы 0,008 артық 0,05 мм дейінгі кесуші құралды қайрау және орнату;

дәлдігі орташа дөңгелетіп бөлу машиналарын баптау;

штрих қалыңдығы 0,005 артық 0,02 мм дейінгі I - II сыныпты кестелер мен шкалалардағы штрихтан мен сандарды кез келген түстегі салмамен 30-40 есе үлкейтетін микроскоп көмегімен толтыру;

берілген рецептура бойынша салмаларды дайындау;

шкалалар мен кестелерді толтырғаннан кейін жылтыратушы аяқты станокта түзеу.

15. Білуге тиіс:

дәлдігі орташа дөңгелетіп бөлу машиналарының құрылымын және оларды баптау ережесін;

компаратор мен микроскоптың құрылымы мен қолдану шарттарын;

балауыз сыныптамасын және оптикалық бөлшектерді балауызбен немесе лакпен жабу режимдерін;

ажарлау режимін; қолданылатын жабдықты және оның нысанын;

толтырма ертіндісін олифте және сұйық шыныда жасау тәртібін;

толтырманың химиялық құрамын;

олиф пен сұйық шынының қасиеттерін;

нақышты кез келген түсті салмамен толтыру режимін;

штрихтапрды толтырғаннан кейін жұғындыны алудың жоллары мен тәсілдерін; жылтырату станогының құрылымын;

жол берілетін шектеуді, квалитеттер мен өңдеу тазалығы сыныптарын.

16. Жұмыс үлгілері:

1) диаметрі 150 мм жоғары лимбалар – алдын ала балауызбен жауып және кейіннен ажарлай отырып, штрих енін 20 мкм және бөлу дәлдігі 10 секунд дейінгі шектеумен бөлу;

2) ұзындығы 50 мм линейкалар - алдын ала балауызбен жауып және кейіннен ажарлай отырып, штрихтары мен сызық ендерін бастапқы штрихтан келесі кез келгеніне дейін 5 мкм дейін бөлу және нақыштау.

Параграф 3. Оптикалық бөлшектерді градуирлеуші, 4-разряд
17. Жұмыс сипаттамасы:

түрлі бұрышты пуктирлі, спиральді және қиыспалы штрихтары мен сызық ендерін немесе сандар мен әріп обводкалары енін 0,005 астам 0,008 мм дейін кестелерді, шкалалар мен лимбаларды сызықтық мөлшері 0,002 артық 0,005 мм дейін немесе 5 жоғары 10 секунд дейін бөлу;

кесу сызығы 0,005 артық 0,006 мм дейінгі кесуші құралды қайрау және орнату;

штрих қалыңдығы 0,005 дейінгі 0 -10, 0- 20, 0 -40 сыныпты кестелер мен шкалалардағы штрихтан мен сандарды кез келген түстегі салмамен 40 есе үлкейтетін микроскоп көмегімен толтыру.

18. Білуге тиіс:

қолмен істелетін және жартылай автоматты дәлдігі жоғары бөлу машиналарының құрылымын мен баптау тәсілдерін;

шкалаға арналған ажарлау қондырғысының құрылымын және баптау тәсілдерін;

микроскоптар мен компараторларды баптауды;

штрих саны көп шкалаларды бөлу кезіндегі кестені есептеу әдістемесін;

толтырылатын нақыштамалы бөлшектерді қабылдауға арналған техникалық шарттарды.

19. Жұмыс үлгілері

1) диаметрі 150 мм жоғары лимбалар – обводкаларының ені 7 мкм бастапқы саннан келесі кез келгеніне дейін 4 мкм сызық ендерін балауыз бойынша дейін 45 есе көбейте отырып, кейіннене ажарлап нақыштау;

2) диаметрі 6 мм дейінгі томпақ кестелер – штрих ені 5 мкм бастапқы штрихтан келесі кез келгеніне дейін 4 мкм ауытқу шектеуімен бөлу және нақыштау;

3) диаметрі 14 мм артық кестелер - штрих ені 4 мкм бастапқы штрихтан келесі кез келгеніне дейін 3 мкм ауытқу шектеуімен бөлу және нақыштау.


Параграф 4. Оптикалық бөлшектерді градуирлеуші, 5-разряд


20. Жұмыс сипаттамасы:

штрих ені немесе обводка сызығы 0,005 мм дейінгі кестелерді, шкалалар мен лимбаларды сызықтық мөлшері 0,002 артық 0,005 мм дейін немесе 5 дейін бөлу және нақыштау;

кесу сызығы 0,005 мм дейінгі кесуші құралды қайрау және орнату;

өлшеу нәтижелері бойынша шкала қателері графиктерін жасау;

қашықтықты есептеуге арналған және эталондық шкалалаға түзету есептерін (оны ауыстырған кезде) жасау.

21. Білуге тиіс:

дәлдігі жоғары универсальді қолмен бөлу машиналарының құрылымын және баптау ережесін;

қашықтықты есептеуге арналған кестені жасау тәртібін;

эталондық шкалалаға түзетуді есептеу әдістемесін.

22. Жұмыс үлгілері

1) диаметрі 150 мм жоғары 360 бөлу санды лимбалар – обводкаларының ені 3,5 мкм бастапқы саннан келесі кез келгеніне дейін 3 мкм сызық ендерін балауыз бойынша дейін 45 есе көбейте отырып, алдын ала балауызбен жауып және кейіннен ажарлап нақыштау.

2) 200 бөлу санды ұзындығы 200 мм шкалалар - ені 4 мкм штрихты 60- еселеп үлкейте отырып және сызық мөлшерін 0,7 мкм бөлу;

3) ұзындығы 1 м дейінгі сызықты қшкалалар - штрих қалыңдығы 1,5 мкм және сызық мөлшерін 0,9 мкм жол берілетін шектеумен нақыштау;

4) дөңгелек шкалалар – штрих ені 1 мкм , штрихтың бұрыштық мөлшерін 1,5 секундке жеткізе отырып нақыштату.

Параграф 5. Оптикалық бөлшектерді градуирлеуші, 6-разряд
23. Жұмыс сипаттамасы:

оптикалық бөлшектерді арнаулы прецизиондық бөлу машиналарында бөлу және нақыштау;

бақылаушы кескі мен дифракционды торшаны станокқа орнату.

24. Білуге тиіс:

арнаулы прецизиондық бөлу машиналарының құрылымын және баптау ережесін;

жекелеген ауытқулардың бөлу сапасына әсерін;

дәл оптикалық аспаптардың (интерференционды микроскоп, автоколлимациондық труба, интерферометр, спектрограф) құрылымын, нысаны мен баптауды; кесу энергиясын анықтауға арналған арнаулы қондырғының құрылымын, нысаны мен баптауд.

25. Жұмыс үлгілері:

1) диаметрі 200 мм, жалпы штрих саны 1080 лимбалар - штрих ені 2 мкм және бұрыштық штрих мөлшерінің шекті шамасы 1 секунд бөліктерді сандай отырып нақыштау;

2) 1 мм 1200 штрихі бар, жалпы штрих саны 240000 дейін, көлемі 200 х 300 мм дифракционды торшалар - штрих қалыңдығы 0,04 мкм және штрих арасындағы қашықтығы 0,8 мкм етіп нақыштау;

3) 1 мм 3600 дейін штрихі бар дифракционды торшалар нақыштау.

2. Жарық сүзгілері мен поляроидтарды жасаушы


Параграф 1. Жарық сүзгілері мен поляроидтарды

жасаушы, 1-разряд


26. Жұмыс сипаттамасы:

оптикалық бөлшектерді қоршауға арналған шайырлы салмаларды қолмен жасау;

матадан және қағаздан дайындама кесу;

шайырды қыздыру және оның тұтқырлығын көзбен анықтау;

дайындамаларды шайырмен сіңірмелеу және артық шайырды кетіру;

шайырланған салмаларды кептіру.

27. Білуге тиіс:

салма жасауға пайдаланылатын шайырдың маркасын, сұрпы мен қасиеттерін;

материалдарды сіңірмелеу тәсілдерін; шайырды қыздырудың температуралық режимін және оның тұтқырлығын анықтау әдістерін.

Параграф 2. Жарық сүзгілері мен поляроидтарды

жасаушы, 2-разряд
28. Жұмыс сипаттамасы:

поляроидті және желатинді пленкаларды, сондай-ақ оптикалық бөлшектерді қоршауға арналған шайырлы салмаларды сіңірмелеу машинасында немесе автоматта жасау;

ертінді жасауға қажетті материалдарды өлшеу, сүзу және нивелирлеу үстелінің шынысына құю;

кептіру және пленканы үстелден алу;

шыныны тазалау және оны ертінді жағу алдында деңгейі бойынша қою;

сіңірмелеу машинасына немесе автоматқа шайыр мен материалды салу;

жабдықты сіңірмелеуге баптау;

сіңірмелеу сапасын көзбен бақылау;

шайырмен сіңірмеленген материалдан салмаларды кесіп алу және оларды тараға салу.

29. Должен знать:

ертінді компоненттерінің нысанын, негізгі қасиеттері мен сұрыптарын;

ертіндіні дайындау мен оны шыныға құюдың жолдарын, нивелирлеу үстелін орнату тәсілдерін;

поляроидты және желатинді пленкаларды қолдануды;

ылғалдау камераларының, ионидирлеу және созу машиналарының нысаны мен жұмыс принципін;

увлажненияға қолданылатын желімнің маркасы мен сұрыптарын;

шайырландырылған материалдаоды дайындауға арналған сіңірмелеу машинасының немесе автоматтың құрылымын, жұмыс принципі мен баптауды;

сіңірмелеу машинасының валдарын қыздырудың температуралық режимін;

сіңірмеленетін материалдың қалыңдығын реттеу жолдарын; материалды ұтымды жұмсау әдістерін.

30. Жұмыс үлгілері:

1) поляроидтар мен жарық сүзгілері – қорғаныс шыныларын желімдеу және жуу;

2) диаметрі 15-тен 50 дейінгі мм желатинді жарық сүзгілері – толық жасау.

Параграф 3. Жарық сүзгілері мен поляроидтарды

жасаушы, 3-разряд
31. Жұмыс сипаттамасы:

поляроидті және желатинді пленкаларды жасау, және күрделілігі орташа Поляроидті және желатинді пленкаларды желімдеп қосу;

ППВ және УФ пленкаларын ылғалдау және ионидирлеу. ИК, УФ, ППВ пленкалары мен қос сәулені сындырушы пленканы қолмен немесе созу машинасында созу УФ пленканы қатыру ертіндісінде өңдеу;

ылғалдау, ионидирлеу және созу машинасының жұмысын қадағалау;

жұмыс режимін таңдау және жабдықты баптау. Пленкаларды кесу;

ИК, УФ, ППВ және желатинді пленкалардың жарық өткізуін бақылау және жарамды пленкаларды іріктеу;

арнаулы нысандағы пленкаларды пішу, сүрту, жуу, бояу және кептіру.

32. Білуге тиіс:

қолданылатын жабдықтың құрылымын, режимін таңдау және баптау ережесін;

қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының нысаны мен жұмыс принципін;

пленка жасаудың техникалық шарттарын және олардың химиялық құрамын;

пленкаларды бақылау және жарамдылығын анықтау тәсілдерін.

33. Жұмыс үлгілері:

1) диаметрі 10-нан 150 ммдейінгі поляроидтары - толық жасау;

2) диаметрі 15 дейінгі және 50 мм жоғары желатинді жарық сүзгілері - толық жасау;

3) көлемі 150 х 170 мм ацетатты пленкалы поливинилді жарық сүзгілері - толық жасау;

4) диаметрі 12-ден 100 мм жоғары поляризационды және құрамалы жарық сүзгілері - толық жасау.

Параграф 4. Жарық сүзгілері мен поляроидтарды

жасаушы, 4-разряд
34. Жұмыс сипаттамасы:

күрделі поляроидтер мен жарық сүзгілерін жасау;

ППВ пленкалары мен қос сәулені сындырушы пленканың өткізу қабілетін бақылау;

ИК пленканы, қос сәулені сындырушы пленканың әр түрлілігін және поливинилді пленкалардың бағдарын бақылау;

үздік оптикалық сипаттама алу үшін пленкаларды қайталап созу;

оптикалық бақылау-өлшеу аспаптарын баптау.

35. Білуге тиіс:

қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы мен баптау тәсілдерін;

поляроидтер мен жарық сүзгілеріне қойылатын техникалық талаптарды;

қолданылатын желімнің химиялық құрамын, пленкалардағы бояудың проценттік құрамын және олардың пленканың оптикалық қасиетіне әсерін.

36. Жұмыс үлгілері:

1) ауыспалы тығыздық бөліктері - толық жасау;

2) диаметрі 10 мм дейін және 150 мм жоғары поляроидтар - толық жасау;

3) көлемі 150 х 170 мм жоғары ацетат пленкалы поливинилді жарық сүзгілері - толық жасау;

4) диаметрі 12 мм дейін және 100 мм жоғары поляризационды және құрамалы жарық сүзгілері - толық жасау.

3. Шыны қайнататын керамикалық ыдыстарды жасаушы


Параграф 1. Шыны қайнататын керамикалық ыдыстарды

жасаушы, 2-разряд


37. Жұмыс сипаттамасы:

шыны қайнататын горшоктардың ішкі бөлігін пневматикалық нығыздаудан кейін қолмен немесе тазарту станогының көмегімен берілген мөлшерде тазалау;

тіреуді кесу және горшокты таңбалау.

38. Білуге тиіс:

шыны қайнататын горшоктарды тазалау әдістерін;

горшоктардың ішкі бөлігінің құрылымын және тазалау ережесі мен тазарту станогына қызмет көрсету ережесін;

шыны қайнататын горшоктардың көлемін бақылау жолдарын.

Параграф 2. Шыны қайнататын керамикалық ыдыстарды

жасаушы,3-разряд
39. Жұмыс сипаттамасы:

шыны қайнататын горшоктардың ішкі бетін тез мүжілетін кірпіштің көмегімен қолмен тегістеу, оны ылғалдау және шыны тегістеуішпен жалтырату;

шыны қайнататын горшоктардың жұмыс бетіне қорғаны жабынын салу және тығыздау.

40. Білуге тиіс:

шыны қайнататын горшоктарды жалтыратудың тәртібі мен шарттарын, оны сақтау ережесін;

горшоктың бетін жабын жағуға дайындаудың тәртібі мен жалтырату шарттарын;

шыны қайнататын горшоктардың жұмыс бетіне қорғаныс жабынын салу және тығыздау үшін қолданылатын материалдардың қасиеттері мен құрамын, оларды сақтау ережесін.

4. Шкалалар мен торларды фото тәсілімен жасаушы


Параграф 1. Шкалалар мен торларды фото тәсілімен

жасаушы, 2-разряд


41. Жұмыс сипаттамасы:

дәлдігі орташа шкалалар мен торларды әртүрлі фотоматериалдарда контактілі тәсілмен және металды химиялық өңдеу әдісімен біліктілігі анағұрлым жоғары шкалалар мен торларды фото тәсілімен жасау процесін жасаушының басшылығымен жүргізу;

фотоертінді дайындау, жарық сезгіш қабат пен сурет ретушын жасау;

өңдеу қондырғысын жұмысқа дайындау.

42. Білуге тиіс:

фотошкалалар мен торлардың нысанын; фотографияның қарапайым негізін;

фотоертінді дайындау, жарық сезгіш қабат жасау ережесін;

фотоқабат пен көшіру жабдығының құрылымын;

шкалалар мен торлардың тік сызығын фотосалу мен өлшеудің сапасын бағалау тәсілдерін;

қымбат металдармен жұмыс істеу ережесін;

өңдеу қондырғысының құрылымы мен жұмыс принципін;

шкалалар мен торларды жасуға арналған материалдарды, олардың қасиеттерін;

шектеулер, квалитеттер мен өңдеу тазалығы сыныптары туралы жалпы деректерді.

43. Жұмыс үлгілері:

1) торлар - галоидті-күміс коллодионды фотоматериалдарда штрих ені 0,45 мм дейін және 0,01 артық 0,05 дейінгі дәлдікпен контактілі көшіру;

2) шильдиктер мен кестелер - галоидті-күміс желатинді фотоматериалдарда ең төменгі штрих ені 0,5 мм дейін және 0,01 артық 0,05 дейінгі дәлдікпен жасау;

3) шкалалар мен торлар – жуылатын фото қабаттарда 0,6 мм дейінгі сурет элементімен және 0,01 артық 0,05 дейінгі дәлдікпен жасау;

4) шкалалар мен юасқа да суреттер – металда химиялық өңдеу әдісімен 0,5 мм дейінгі сурет элементімен және 0,05 жоғары дәлдікпен жасау.


Параграф 2. Шкалалар мен торларды фото тәсілімен

жасаушы, 3-разряд
44. Жұмыс сипаттамасы:

дәлдігі орташа шкалалар мен торларды әртүрлі фотоматериалдарда проекционды тәсілмен және металда гальваникалық өңдеу әдісімен, металдандырылған шыныда химиялық өңдеу әдісімен, шелкография және дюралиминий оксидті қабатында офсетті баспа әдісімен жасау процесін жүргізу;

фотоертінді дайындау, жарық сезгіш қабат пен сурет ретушын жасау.

45. Білуге тиіс:

фото ертінді мен жарық сезгіш қабаттың құрамын;

репродукциондық аппараттар мен дәл фотографиялық камералардың құрылымын;

вакуумді қондырғының құрылымы мен жұмыс принципін;

колпак асты айлабұйымдарын құрастырудың тәртібін;

вакуумді өлшеуге арналған аспаптарды пайдалану ережесін;

шектеулер, квалитеттер мен өңдеу тазалығы сыныптары жүйесін.

46. Жұмыс үлгілері:

1) шкалалар мен торлар – негативтерді болат таспадан гальваникалық өңдеу әдісімен 0,1 дейін 0,5 мм артық және и 0,01 дейін 0,05 мм. артық сурет элементімен, ±0,003 мм дәлдікпен галоидті-күміс желатин фото қабаттарында 0,6 м дейінгі және 0,01 артық 0,05 дейінгі дәлдікпен жасау;

2) шкалалар, торлар мен маскалар - болат таспадан сурет элементімен гальваникалық өңдеу әдісімен жасау;

3) шкалалар мен торлар – вакууммен шынын тозаңдату арқылы 0,03 дейін 0,5 мм артық сурет элементімен және ±0,005 мм. дәлдікпен жасау;

4) декоративті шкалалар - дюралиминий оксидті қабатында 0,1 дейін 0,5 мм артық сурет элементімен және 0,01 дейін 0,05 мм. артық дәлдікпен жасау.

Параграф 3. Шкалалар мен торларды фото тәсілімен

жасаушы, 4-разряд
47. Жұмыс сипаттамасы:

дәл шкалалар мен торлар негативтерін әртүрлі фотоматериалдарда проекционды және контактілі тәсілмен, шыныда вакуумді тәсілмен, металда гальваникалық өңдеу әдісімен, керамикада фотокерамикалық тәсілмен, оксидті қабатта металдандырылған күмістеу әдісімен жасау процесін жүргізу;

баспа платаларын фольгаландырылған шынытекстолитте саңылауларын металдай отырып жасау процесін жүргізу.

48. Білуге тиіс:

фото ертінді мен жарық сезгіш қабаттың құрамына енетін компоненттердің нысаны мен қасиеттерін;

репродукциондық және дәл фотография камераларын баптау ережесін;

суреттің шкалалары мен оптикалық тығыздығының сызықтық мөлшерін бақылауға және өлшеуге арналған дәл өлшеу аспаптарымен жұмыс істеу тәртібін;

фотометриялық құрылғысы бар вакуумді қондырғының құрылымын, жұмыс принципі мен баптау әдісін.

49. Жұмыс үлгілері::

1) шкалалар мен торлар – құрғақ коллоидті фотоматериалдарда проекционды тәсілмен 0,1 артық және сурет элементімен ±0,005 мм дәлдікпен жасау;

2) шкалалар мен металл торлар - 0,05 мм сурет элементімен дәне ±0,005 дәлдікпен гальваникалық өңдеу әдісімен жасау;

3) шкалалар мен торлар – вакууммен титанды шыныда тозаңдату арқылы 0,01 сурет элементімен және ±0,002 мм. дәлдікпен жасау;

4) шкалалар мен торлар - құрғақ коллоидті фотоматериалдарда контактілі тәсілмен 0,0025 мм сурет элементімен және ±0,001 мм дәлдікпен жасау.

Параграф 4. Шкалалар мен торларды фото тәсілімен

жасаушы, 5-разряд
50. Жұмыс сипаттамасы:

жоғары дәлдіктегі шкалаларды, лимбалар мен мирды коллоидті фотоматериалдарда проекционды тәсілмен, жуылатын фотоқабаттарда контактілі тәсілмен, гальваникалық әдіспен және металдандырылған шыныны химиялық өңдеу әдісімен жасаудың технологиялық процесін жүргізу.

51. Білуге тиіс:

фотографиялық химия негіздерін;

репродукциондық фотография камераларын юстирлеудің тәртібін;

объективтер сыныптамасын;

гальваностегия мен гальванопластика негіздерін;

вакуумді өлшеуге арналған аспаптардың жұмыс принципін; электротехниканың негізгі заңдарын;

ваккумді қондырғыны монтаждау тәртібін.

52. Жұмыс үлгілері:

1) лимбалар – шыныда штрих ені 0,0025 мм және штрих енінен ±10% дәлдікпен вакуумды тәсілмен жасау;

2) штрихты және радиальдік мирлар - коллодионды фото қабаттарда штрих ені 0,0025 мм және штрих енінен ±10% дәлдікпен вакуумды тәсілмен жасау;

3) шкалалар - металлда гальваникалық әдіспен 0,005 мм сурет элементімен және ±10% дәлдікпен жасау.

Параграф 5. Шкалалар мен торларды фото тәсілімен

жасаушы, 6-разряд
53. Жұмыс сипаттамасы:

ерекше дәл шкалаларды проекционды тәсілмен, гальваникалық және вакуумды тәсілдермен жасаудың технологиялық процесін жүргізу.

54. Білуге тиіс:

дәл фотографиялық камераларды юстирлеу ережесін;

вакуумді өлшеуге арналған аспаптардың құрылымын және юстирлеуді.

55. Жұмыс үлгілері:

1) шкалалар - коллодионды фото қабаттарда штрих ені 0,0025 мм және штрих енінен ±10% дәлдікпен проекционды тәсілмен жасау. металлда гальваникалық әдіспен 0,0018 мм сурет элементімен және ±10% дәлдікпен жасау.

2) метал шкалалар - гальваникалық тұндыру әдісімен 0,0015 мм сурет элементімен және ±10% дәлдікпен жасау

3) шкалалар - хромнан немесе титаннан вакууммен тұндыру әдісімен 0,0025 мм сурет элементімен және ±10% дәлдікпен жасау

5. Оптикалық бөлшектер мен аспаптарды бақылаушы


Параграф 1. Оптикалық бөлшектер мен аспаптарды

бақылаушы, 2-разряд


56. Жұмыс сипаттамасы:

қарапайым оптикалық бөлшектер мен аспаптарды линейкаларды, скобаларды, лупаны, притирлерді, сынама шыныны, штангенциркульді, микрометрді, угольникті, шаблондар мен бақылау үлгілерін қолдана отырып бақылау, қабылдау және ақауларын анықтау;

бөлшектер мен өлшеу құралын бақылау алдында тазалау;

қабылданған және бракқа шығарылған өнімге құжаттама ресімдеу.

57. Білуге тиіс:

оптикалық бөлшектер мен аспаптарды жасау жөніндегі негізгі деректер мен олардың сыныптамасын;

қарапайым оптикалық бөлшектер мен аспаптарды сызуға және қабылдауға арналған техникалық шарттарды;

түссізоптикалық шынының негізгі типтері мен маркаларын;

бақылау-өлшеу аспаптары мен жабдықтарының құрылымын, нысанын және қолдану шарттарын;

оптикалық бөлшектерді сызықтық және бұрыш көлемі, үстіңгі бетінің тазалығы мен формасы, шыны ақауын көбігі бойынша тексеру әдістерін;

сынама шыныны салудың шарттары мен жолдарын, интерференционды суретке тән түрлерді;

шектеулер, квалитеттер мен өңдеу тазалығы сыныптары жүйесі туралы негізгі деректерді.

58. Жұмыс үлгілері:

1) бинокльдер – шарнирдің «тербелуін» бақылау;

2) түссіз, түсті және кварцты шыны дайынлдамалары – ішкі және сыртқы ақауларын бақылау;

3) айналар, клиньдер, линзалар, үлкен жағының көлемі немесе диаметрі 500 мм дейінгі пластиналар – шыныны 5-санатқа дейінгі көбіктігі бойынша бақылау;

4) айналар, клиньдер, линзалар, үлкен жағының көлемі немесе диаметрі 500 мм дейінгі пластиналар мен призмалар - үстіңгі бетінің тазалығы мен формасының дәлдігін фрезерлеуден немесе тегістеуден кейін шаблонмен немесе шыны линейкамен, сызықтық және бұрыш көлемімен бақылау;

5) қиықшалар, үлкен жағының көлемі немесе диаметрі 500 мм дейінгі пластиналар мен призмалар - сызық мөлшерін 10 - 11 квалитеттер бойынша, қиықтығын, бұрыштары мен пирамидалығын 5 минуттан артық дәлдікпен бақылау;

6) линзалар мен үлкен жағының көлемі немесе диаметрі 500 мм дейінгі пластиналар, линзалар мен үлкен жағының көлемі немесе диаметрі 250 мм дейінгі пластиналардан жасалған блоктар - жылтыр бетінің тазалығын VI - IХ сыныптар бойынша, орталандырылуын 0,02 мм шектеумен және сыртқы және фаска лакталуы сапасын бақылау;

7) микроскоптар – тубус ұзындығын шекті мөлшерін сақтай отырып бақылау;

8) микроскоптар – бір объективтен екіншісіне өту кезінде көру алаңының ортасымен қосылған объект суретінің ауытқуын бақылау;

9) торлар мен шкалалар - жылтыр бетінің тазалығын VI - IХ сыныптар бойынша және бөліктердің түсірілу дәлдігін 0,05 мм; шектеумен бақылау;

10) жалпы өндірістегі пленкалы фотошкалалар - жылтыр бетінің тазалығын VI - IХ сыныптар бойынша бақылау.

Параграф 2. Оптикалық бөлшектер мен аспаптарды

бақылаушы, 3-разряд
59. Жұмыс сипаттамасы:

күрделілігі орташа оптикалық бөлшектер мен аспаптарды оптикалық угломерді, рычагты-механикалық аспаптарды, гониометрді, индикаторлы сферометрді, элементарлы интерферометрді, микроскопты және күрделілігі жағынан ұқсас өлшеу аспаптары мен құралдарын қолдана отырып бақылау, қабылдау және ақауларын анықтау.

60. Білуге тиіс:

күрделілігі орташа оптикалық бөлшектер мен аспаптарды сызуға және қабылдауға арналған техникалық шарттарды;

түссізоптикалық шынының негізгі типтері мен маркаларын;

бақылау-өлшеу аспаптары мен жабдықтарының құрылымын, нысанын және қолдану шарттарын;

оптикалық бөлшектерді сызықтық және бұрыш көлемі, үстіңгі бетінің тазалығы мен формасы, шыны ақауын көбігі бойынша тексеру әдістерін;

сынама шыныны салудың шарттары мен жолдарын, интерференционды суретке тән түрлерді;

шектеулер, квалитеттер мен өңдеу тазалығы сыныптары жүйесі туралы негізгі деректерді.

61. Жұмыс үлгілері:

1) бинокльдер – сыртқы түрін, труба осьтерінің, шарнир осінің параллелін бақылау, оптикалық сипаттамасын тексеру, паспорттарын жазу;

2) үлкен жағының көлемі немесе диаметрі 500 мм дейінгі барлық типтегі оптикалық бөлшектер – шынысын 5-санатқа дейінгі көбіктігі бойынша бақылау;

3) үлкен жағының көлемі немесе диаметрі 500 мм-ден 1500 мм дейінгі барлық типтегі оптикалық бөлшектер - фрезерлеуден немесе тегістеуден кейін бақылау;

4) үлкен жағының көлемі немесе диаметрі 250 мм дейінгі барлық типтегі, қорғанысты, шағылысушы және жарықтандырушы жабыны бар оптикалық бөлшектер - толқын ұзындығы мен жабын сапасын бақылау;

5) оптикалық шыны дайындамасы - қос сәуле шағылысуды бақылау;

6) қиықшалар, барлық көлемдегі пластиналар мен призмалар - сызық мөлшерін 8-9 квалитеттер бойынша, қиықтығын, бұрыштары мен пирамидалығын 30 секундтан 1 минутқа дейінгі дәлдікпен бақылау;

7) линзалар мен үлкен жағының көлемі немесе диаметрі 500 мм дейінгі пластиналар, линзалар мен үлкен жағының көлемі немесе диаметрі 250 мм дейінгі пластиналардан жасалған блоктар - жылтыр бетінің тазалығын VI - IХ сыныптар бойынша, орталандырылуын 0,02 мм шектеумен және сыртқы және фаска лакталуы сапасын бақылау;

8) микроскоптар – тубус осіне конденсатор сақинасының қиылысуын бақылау;

9) микроскоптар – үстелдің және шайба бетінің тегістігін бақылау;

10) торлар мен шкалалар - бөліктердің түсірілу дәлдігін 0,01-ден 0,05 мм; дейінгі шектеумен бақылау;

11) жалпы өндірістегі пленкалы фотошкалалар - жылтыр бетінің тазалығын ІІI - Ү сыныптар бойынша бақылау.

Параграф 3. Оптикалық бөлшектер мен аспаптарды

бақылаушы, 4-разряд
62. Жұмыс сипаттамасы:

күрделі оптикалық бөлшектер мен аспаптарды гониометрді, түрлі типтегі интерферометрді, коллиматорлы және автоколлиматорлы қондырғыларды, түрлі типтегі микроскоптарды, пневматикалық длиномерді, рефрактометр мен күрделілігі жағынан басқа да ұқсас өлшеу аспаптары мен құралдарын қолдана отырып бақылау, қабылдау және ақауларын анықтау.

63. Білуге тиіс:

кристаллдар мен белсенді элементтердің негізгі маркаларын, олардың қасиеттері мен қолданылу саласын;

күрделі оптикалық бөлшектерді жасаудың және бақылаудың ерекшіліктерін;

негізгі ақауларын (параллель болмауы, қисықтығы, осьтің ауытқуы);

қолданылатын құралдар мен аспаптардың құрылымы мен оларды баптауды;

юстировкаға арнап қолданылатын құралдар мен аспаптардың ауытқуларын.

64. Жұмыс үлгілері:

1) үлкен жағының көлемі немесе диаметрі 1500 мм жоғары барлық типтегі оптикалық бөлшектер - фрезерлеуден немесе тегістеуден кейін бақылау;

2) үлкен жағының көлемі немесе диаметрі 300 мм жоғары және 500 мм; дейінгі барлық типтегі оптикалық бөлшектер - сынама шыны қабаты формасының түске дәлдігін 0,3 дейін, интерференционды сақинаның қабатқа 1 см дәлдігін бақылау;

3) барлық көлемдегі оптикалық бөлшектер - шынысын 1а - 2санатқа дейінгі көбіктігі бойынша бақылау;

4) әртүрлі көлемдегі оптикалық бөлшектер индикаторлық сферометрдегі қисық радиуыстың ауытқуын бақылау;

5) үлкен жағының көлемі немесе диаметрі 250 мм жоғары және 500 мм дейінгі барлық типтегі қорғанысты, шағылысушы және жарықтандырушы жабыны бар оптикалық бөлшектер - жабын сапасын бақылау;

6) қиықшалар, барлық көлемдегі пластиналар мен призмалар - сызық мөлшерін 5-7 квалитеттер бойынша, қиықтығын, бұрыштары мен пирамидалығын 5-тен жоғары және 30 секундқа дейінгі дәлдікпен бақылау;

7) линзалар мен үлкен жағының көлемі немесе диаметрі 500 мм дейінгі пластиналар, линзалар мен үлкен жағының көлемі немесе диаметрі 250 мм дейінгі пластиналардан жасалған блоктар - жылтыр бетінің тазалығын IІ – IІІ сыныптар бойынша, орталандырылуын 0,02 мм шектеумен және сыртқы және фаска лакталуы сапасын бақылау;

8) микроскоптар – иристі диафрагманың объективтің шығыс көзіне қатысты децентрировкасын бақылау;

9) фотоаппараттардың объективтері – барлық көрсеткіштері бойынша сапасын бақылау;

10) тазалығы I – II сыныпты торлар мен шкалалар – бөліктердің салыну тазалығы мен дәлдігін 0,005-ден 0,01 мм; дейінгі шектеумен бақылау;

11) бөліктерінің арасы 20 секундтан жоғары 1 минутқа дейінгі уровеньдер- экзаменаторда бақылау;

12) интерференционды сүзгілер – тазалығын бақылау;

13) бейтарап сүзгілер – спектрдің көру аясындағы жарықтың өтуін бақылау.

Параграф 4. Оптикалық бөлшектер мен аспаптарды

бақылаушы, 5-разряд


65. Жұмыс сипаттамасы:

ерекше күрделі оптикалық бөлшектер мен аспаптарды түрлі типтегі сферометрлерді, микронды индикаторларды, оптикалық скамьяны, сферометрлер мен күрделілігі жағынан басқа да ұқсас өлшеу аспаптары мен құралдарын қолдана отырып бақылау, қабылдау және ақауларын анықтау.

66. Білуге тиіс:

аспаптар мен тораптарды құрастыру кезінде операциялар мен өтпелердің кезектілігі;

материалдардың механикалық және химиялық қасиеттерін және олардың қолданылу саласын;

кристаллдар мен белсенді элементтреге арналған ОСТы, ГОСТы мен басқа да нормалилерді;

күрделі құрастыру сызбаларын;

үстіңгі қабатты дәл тексеруге арналған интерференционды бақылау әдістерін;

оптикалық бөлшектерді барлық өңдеу түрлеріне арналған қызметткөрсрететін учаске немесе цех шегіндегі шықпаларды;

жарықтандыруға, жарық бөлуге және айналы жабынға арналған техникалық шарттарды.

67. Жұмыс үлгілері:

1) гониометрлер - оптикалық микрометр шкаласының бөліктерінің белгілену сапасын бақылау;

2) гониометрлер – көру трубасы мен коллиматордың ең төмен бұрышын бақылау;

3) гониометрлер - көру трубасы мен коллиматордың ұлғаюын бақылау;

4) үлкен жағының көлемі немесе диаметрі 500 мм; жоғары барлық типтегі оптикалық бөлшектер - сынама шыны қабаты формасының түске дәлдігін 0,5 дейін, интерференционды сақинаның қабатқа 1 см дәлдігін бақылау;

5) үлкен жағының көлемі немесе диаметрі 500 мм жоғары барлық типтегі қорғанысты, шағылысушы және жарықтандырушы жабыны бар оптикалық бөлшектер - спектрдің түрлі учаскесіндегі фотометриялық параметрлерді бақылау;

6) астрономиялық дискілер – техникалық шарттары бойынша барлық параметрлерін бақылау;

7) жартылай автоматты кинофотоаппараттар - бақылау;

8) қиықшалар, барлық көлемдегі пластиналар мен призмалар - сызық мөлшерін қиықтығын, бұрыштары мен пирамидалығын 5- секундқа дейінгі дәлдікпен бақылау;

9) лимбалар, торлар, шкалалар - 0 - 10, 0 - 20, 0 - 40 сыныптьы жылтыратылған қабаттың тазалығын, бөліктердің дәлдігін 0,002 до 0,005 мм; жоғары шектеумен бақылау;

10) линзалар, объективтер – оптикалық күшін бақылау;

11) линзалар, пластиналар және барлық көлемдегі блоктар - орталануын 0,005 мм дейінгі шектеумен бақылау;

12) түнгі көру аспаптары - электронды-оптикалық преобразовательдің күшін коллиматор суреті бойынша бақылау;

13) әртүрлі көлемдегі және радиус жұмысшы сынама шынылары – салмалы сферометрдегі майысу тілінің көлемін бақылау және сынама шыны қисық радиусын есептеу;

14) тазалығы I – II сыныпты торлар мен шкалалар – бөліктердің салыну тазалығы мен дәлдігін 0,005 мм. дейінгі шектеумен бақылау.

Параграф 5. Оптикалық бөлшектер мен аспаптарды

бақылаушы, 6-разряд
68. Жұмыс сипаттамасы:

жауапты және қымбат тұратын оптикалық бөлшектер мен аспаптарды монохроматорды, спектрографтарды, фотометрлерді, жасырын қондырғыны және күрделілігі жағынан басқа да ұқсас өлшеу аспаптары мен құралдарын қолдана отырып бақылау, қабылдау және ақауларын анықтау;

бақылау кезінде анықталған ақауларды зерттеуге және оларды жою жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысу; зертхана сынақтарының нәтижелері бойынша кристалдан жасалған дайындамалардың ГОСТ сәйкестігін анықтау.

69. Білуге тиіс:

ерекше дәл оптикалық бөлшектер мен аспаптарды схемаға жиынтықталған аспаптар мен қондырғылар кешенін қолдана отырып бақылау әдістерін; қолданылатын аспаптардың құрылымы мен оларды баптауды және схемаға құрастыруды; оптиканы өңдеу, бақылау және сынау кезіндегі ақаулар сыныптамасын; оптикалық жүйе қателерін және оларды жою тәсілдерін.

70. Орта, кәсіптік білім талап етіледі.

71. Жұмыс үлгілері:

1) оптикалық дискілер - 01 - 4 квалитеттер бойынша цилиндрлігін, фокустық қашықтығын және жарықты өткізуін бақылау;

2) ірі габаритті дайындамалар – толқынды аберрацияның оптикалық біртектілігін бақылау;

3) автоматты кинофотоаппараттар - бақылау;

4) оптикалық лейкосапфир - 170 нм;

5) толқыныдағы жұту көрсеткішін өлшеу;

6) «УИМ-24,29» типті универсалды бақылау-өлшеу аспаптары - бақылау;

7) «ДФС-36,41» типті спектральді аспаптар - бақылау;

8) негізгі, сынама шынылар – сақиналы сферометрдегі қисық радиусын бақылау.

6. Аэрофотопленкаларды өңдеу жөніндегі зертханашы


Параграф 1. Аэрофотопленкаларды өңдеу жөніндегі

зертханашы, 2- разряд


72. Жұмыс сипаттамасы:

фотоертіндіні берілген рецепт бойынша жасау;

реактивтерді өлшеу және еріту, ертіндінің температурасын анықтау, қажетті контраст пен тығыздықтағы негативтерлі алуға үшін айқындау уақытын анықтау;

аэрофотопленкаларды, осциллограммды, ПТЗ пленкасы мен айқындау;

АФА, осциллограф, фотокамера кассеталары мен пеналдарын зарядтау;

фотоүлкейткіш пен көшіріп басу құралдарында жұмыс істеу;

фильмдерді жедел кептіру автоматты аспаптарында кептіру.

73. Білуге тиіс:

химикаттармен және фотоматериалдармен жұмыс істеу ережесін;

фотопроцесстер жөніндегі негізгі деректерді;

оптикалық өлшеу аспаптарының нысаны мен жұмыс принципін.

Параграф 2. Аэрофотопленкаларды өңдеу жөніндегі

зертханашы, 3- разряд

74. Жұмыс сипаттамасы:

қарапайым және күрделілігі орташа аэрофотопленкаларды АФА зертханалық сынау процесінде фотоөңдеу және басып шығару;

экспонирлеудің әркелкілігін есептеу, ұстау тиімділігін барлық бақылау-юстирлеу аспаптары бойынша қайта есептеу;

фотоматериалды айқындауға қажетті реактивтерді іріктеу;

қолданылатын барлық кинофотоаппараттарды фотосынау;

пленкаларды таратып көрсету.;

жиынтыққа кіретін фотоаппараттар мен объективтердің қабілетін анықтау және объектив жиынтығын түгендеу;

эталонды сенситограмма бойынша АФА фотографиялық сынауларын жүргізу;

аэрофотопленкаларды, осциллограммды, ПТЗ пленкасы мен айқындау;

АФА, осциллограф, фотокамера кассеталары мен пеналдарын зарядтау;

бақылау-юстирлеу аспаптарының жұмыс қабілетін коллимация әдісімен тексеру.

75. Білуге тиіс:

коллиматордың, көру трубаларының, микроскоптың, үлкейткіш пен басқа да оптикалық аспаптардың құрылымын, нысаны мен жұмыс принципін;

ПУСФ-8 и АМПП-4 типтес аспаптардың құрылымы мен жұмысын;

түрлі ұзындықтағы аэрофотопленканы берілген сипаттамаға (негатив тығыздығы, вуаль тығыздығы, контраст коэффициенті) дейін айқындау ұзақтығы мен режимін белгілеу кезінде есеп формулалары мен кестелерін пайдалану ережесін.

Параграф 3. Аэрофотопленкаларды өңдеу жөніндегі

зертханашы, 4-разряд


76. Жұмыс сипаттамасы:

күрделі аэрофотопленкаларды АФА зертханалық сынау процесінде фотоөңдеу және берілген сипаттамаға дейін айқындау;

эталондық сенситограммаларды дайындау;

экспонирлеудің әркелкілігін есептеу, ұстау тиімділігін барлық бақылау-юстирлеу аспаптары бойынша қайта есептеу;

фотоматериалды айқындауға қажетті реактивтерді іріктеу;

қолданылатын барлық кинофотоаппараттарды фотосынау;

объективтерді фокустеу, автоколлимации көмегімен оптикалық скамьяны тексеру, көру трубасын, параллельді оптикалық трубаның нивелирін баптау.

77. Білуге тиіс:

оптикалық скамьяның құрылымын, нысаны мен жұмыс принципін;

АФА құрылымы мен конструктивтік ерекшеліктерін;

кинофотопленкалардың, фотоқағаздардың түрлі маркаларының қасиеттерімен ерекшеліктерін.
Параграф 4. Аэрофотопленкаларды өңдеу жөніндегі

зертханашы, 5-разряд


78. Жұмыс сипаттамасы:

Е рекше күрделі аэрофотопленкаларды фотоөңдеу;

ұшып шығуға, қонуға, вибросілкуге бақылау-механикалық аэрофото зертхана аспаптарын сынау, -60-тан +60° дейінгі температура кезінде аспаптарды юстирлеу;

АФА қабілетін сенситометриялық немесе визуальді бақылауды қолдана отырып, сондай-ақ басқару пултьі бар тік коллиматорларда айқындау;

катодты осциллографтағы затвор ұстанымын анықтау;

радиальді мирларды микроскоппен өлшеу;

микрофотометрмен тығыздық өлшеуін жүргізу;

түсті және спектрозональдік аэрофотопленкаларды фотоөңдеу.

79. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін жабдықтың (сенситометрдің, денситометрдің, люксметрдің, 8ЗП-1 айқындау машинасының) құрылымын, нысаны мен жұмыс принципін;

АФА аэрофотозертханалық эабдығы аспаптарының конструктивтік ерекшеліктерін.

7. Оптикалық бөлшектреді лактаушы


Параграф 1. Оптикалық бөлшектреді лактаушы, 2-разряд
80. Жұмыс сипаттамасы:

үлкен жағының көлемі немесе диаметрі 10-нан 200 мм дейінгі оптикалық бөлшектердің сыртқы қабаты мен фаскілерін тиін қылқаламымен және пульверизатормен қорғаныс лагымен лактау;

бөлшектерді ертіндімен суланған сулықпен сүрту;

бөлшектреді волчекқа орнату және бекіту;

лакталған бұйымдарды кептіру;

бұйымды артық лактан тазарту;

бракқа шығарылған бұйымдарды қайта жасау (қайта лактау).

81. Білуге тиіс:

оптикалық шыны қасиеттерін және оптикалық бөлшектермен жұмыс істеу ережесін;

оптикалық бөлшектреді лактау кезінде қолданылатын лактар мен еріткіштердің маркаларын, құрамын, қасиеттерін мен оларды сақтау режимін;

қылқаламмен және пульверизатормен лактау жолдарын;

лакталған бұйымдарды кептіру режимін.

Параграф 2. Оптикалық бөлшектреді лактаушы, 3-разряд
82. Жұмыс сипаттамасы:

үлкен жағының көлемі немесе диаметрі 200-ден 500 мм дейінгі оптикалық бөлшектерді, лактау аумағын, конструктивтік фаскілерді, қималарды, бұрыштарды қатаң сақтау отырып қылқаламмен және пульверизатормен әртүрлі лакпен лактау;

қажетті консистенциядағы лаклһты жасау.

83. Білуге тиіс:

оптикалық бөлшектерді лактауға арналған техникалық шарттарды;

пульверизатордың құрылымын, оны баптау мен реттеуді;

лактың тұтқырлығын анықтау әдістерін және лакты қажетті консистенцияға дейін араластыру әдістерін.

Параграф 3. Оптикалық бөлшектерді лактаушы, 4-разряд


84. Жұмыс сипаттамасы:

үлкен жағының көлемі немесе диаметрі 500-ден мм жоғары және 10мм дейінгі оптикалық бөлшектерді P-14 типтес арнаулы жабдықталған (жылдамдықты автоматты реттеуіші бар) және СД-3 (педаль жетекті) станоктарда лактау аумағын шектейтін, немесе лактанбайтын аумақты фторопласт лагімен қорғайтын айлабұйымдарды қолдана отырып, қылқаламмен және пульверизатормен әртүрлі лакпен лактау;

күміспен нақышталған рама шетіндегі күміс жұғындыларын микроскоппен лактау, қималарды алюминирлеу;

күрделі конфигурациялы бөлшектер құрамын жіктер алдын ала герметикалай отырып лактау;

оптикалық бөлшекке нүкте диаметрін 0,2 мм дейінгі дәлдікпен және нүктені бөлшек диаметрінен 0,2 мм дейінгі ауытқуымен офсетті баспа әдісімен нүктелер салу.

85. Білуге тиіс:

ірі габаритті оптиканы лактауға арналған станоктардың құрылымын;

станок шпинделінің айналу жиілігін реттеу әдістерін;

лактау аумағын шектейтін айлабұйымдарды іріктеу шарттарын;

микроскоптың құрылымын және баптау ережесін, лак жабындарының түрлерін, олаодың сапасына қойылатын тараптарды;

офсетті баспа машинасының құрылымын.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет