1. 1 "Бірлік"кооперативінің қаржы шаруашылық жағдайын талда


Бухгалтерлік есеп стандарттарының рөлі



бет3/4
Дата02.07.2016
өлшемі457.5 Kb.
#172931
1   2   3   4

2.1 Бухгалтерлік есеп стандарттарының рөлі

Стандарт сөзі ағылшын тілінен аударғанда үлгі, норма деген мағынаны білдіреді. Ал бухгалтерлік есеп стандарттары дегеніміз кәсіпорындағы есеп жұмысын дұрыс жүргізудің және құжаттарды дұрыс толтырудың ережесі болып табылады. Әр бір осындай ереже бухгалтерлік есептің әдістері мен тәсілдерін, мәні мен мағынасын және терминологиясын анықтайды. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру стандарттарының қай – қайсының болмасын өз мақсаты, қолданылу аясы (орны), анықтамасы, қолданысқа (күшіне) енген уақыты және мазмұны болады.

Мақсаты. Бұл бапта стандарттың қандай мақсатқа арналып шығарылғандығы және есеп мәселелері қысқаша баяндалады.

Қолданылу аясы (орны). Стандарттың пайдаланылатын жерлері мен қандай жағдайда (жерлерде) қолданылмайтындығы осы бапта жазылады.

Анықтамасы. Стандарттағы келтірілген негізгі терминдерге түсініктеме берілетін бап болып табылады.

Қолданысықа (күшіне) енген уақыты. Стандарттың қай уақыттан бастап күшіне енетіндігі осы бапта жазылады.

Мазмұны. Бұл бапта кәсіпорынның есеп саясатына түсінік беріледі.

Кей кездерде стандарттың қосымшалары да жарыққа шығуы мүмкін. Бұл қосымшада жаңа стандарттың басқа қай елдерде қолданылатындығы жазылып және оған қоса мысалдар берілуі мүмкін. Бухгалтерлік есеппен қаржылық есеп беру стандарттары халықаралық және ішкі болып екі түрге бөлінеді. Халықаралық стандартты қаржылық есеп беру стандарттын дайындаудың (жасаудың) халықаралық комитеті жасап шығарады. Ал ішкі бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру стандарттары әр елде бухгалтерлік есепті жүргізу үшін, сол елдің ішінде жасалынады. Бұл жоғарыда аталған халықаралық бухгалтерлік есеп стандарты мен ішкі бухгалтерлік есеп стандарттының арасында тікелей байланыс болуы қажет. Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттын дайындау (құру) барысында әр бір елдердегі тәжірибеде кездескен мәселелер жан-жақты талданып, оны шешу жолдары іздестірілетін болса, әр бір ел өзінің ішкі бухгалтерлік есеп стандарттын жасауы (құруы) барысында халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттын негізге алады. Бүкіл әлемдегі елдерде қаржылық есепберуде қолданылатын бухгалтерлік есеп принциптерін бір ізге салуға (унификациялауға) қол жеткізу үшін 1973 жылғы 29 маусымда Қаржылық есеп беру стандартының халықаралық комитеті құрылды. Жалпы бұл ұйымның құрылуы АҚШ, Австрия, Германия, Галландия, Жапония, Ирландия, Канада, Мексика, Ұлыбритания және Франция сынды елдердің бухгалтерлерінің келісімге келуімен іске асырылады. Алғашқы уақытта, яғни қаржылық есеп беру стандартының халықаралық комитеті құрылған кезде оның құрамына жоғарыда аталған елдердей жету білікті маман алынған болатын. Ал бүгінгі күні оның құрамында бұл аталған елдерден басқа Үндістан, Малазия, Оңтүстік Африка Республикасы, Швейцария, Зимбабве және т.б. елдердің өкілдері бар. Қаржылық есеп стандартының халықаралық комитеті өздерінің жарыққа шыққан жаңа стандарттары мен басқадай нұсқаулары, ережелері үшін табыс алып отырады. Сонымен қатар бұл комитетке бухгалтерлердің халықаралық федарациясы, қаржылық институттар, бухгалтерлік фирмалар және басқадай ұйымдар қаржылық көмек көрсетіп отырады. Халықаралық қаржылық есеп беру стандартының негізгі мақсаты - мына төмендегілерді орындай отырып қаржылық есеп беруге қол жеткізу: [26. 16-17 беттер]

- қаржылық ақпаратты құру барысында қажетті міндеттер;

- ақпараттық жүйені құру принциптері;

- осы ақпараттардың сапалық сипаттамалары;

- қаржылық есеп берудің элементтері;

- өлшеу және мойындау критериялары.

Қаржылық есептің мақсаты – кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы және қаржылық жағдайының өзгеруі туралы ақпараттар беру. Сондайы-ақ ұйымның қаржылық есебінде мыналарға қажетті ақпараттық мәліметтердің болуы қажет:



    • қаржы салымын жасау және несие беру туралы шешім қабылдауға қажетті мәлімет;

    • ұйымнныің алдағы кезеңдегі ақшалай айналымын бақылауға қажетті мәлімет;

    • ұйымға берілген ресурстар мен байланысты міндеттерін бағалауға қажетті мәлімет;

    • басқару органдарының жұмысын бағалауға қажетті мәлімет.

Қаржылық есеп ұйымның бухгалтерлік ақпараттарының алғашқы таратылым құралы болып есептеледі. Ал бұл қаржылық есеп бухгалтерлік есептің жеті элементінен құрылады. Элементтердің алғашқы үштігінің қатарына ұйымның балансында көрсетілетін активтері, меншік капиталы және міндеттемесі жатқызылады. Қалған 4 элементі кәсіпорынның қаржы – шаруашылық қызыметі туралы есебінде көрсетілетін табыс, шығын, пайда және зиян деп аталатын топтардан тұрады. Қаржылық есеп беру тұжырымдамалары (концепциялары) шешім қабылдау үдерісінде көрсетілетін бухгалтерлік ақпараттардың қажеттілігін анықтайды және оны бекітеді. Есеп тұжырымдамасын (концепциясын) жалпы және жеке – деп аталатын екі түрге бөлуге болады. [26. 18-19 беттер]

    • жалпы тұжырымдама (концепция) бұл бірнеше елдің бухгалтерлік есеп туралы көз қарасын білдіреді.

    • Жеке тұырымда (концепция) тек қана бір елдің өз ішінде жүргізілетін бухгалтерлік есеп туралы көз қарасын білдіреді.

Тұжырымдамалар концепциялар халықаралық бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру стандартында қарастырылған бухгалтерлік есеп принциптері, есеп саясаттары, есеп берулер негізінде құрастырылады. Бұған дейін айтылып жүргендей қазіргі таңда бухгалтерлік есептің әлемдік теориясында сондай-ақ тәжірибесінде екі негізгі, жалы деп аталатын континентік (европалық) және америкалық тұжырымдама (концепция) қатаң жүргізіліп келеді.

Бухгалтерлік есептің континеттік (еуропалық) тұжырымдамасы (концепциясы) кәсіпорынның жұмысына мемлекеттің ықпал етуімен, араласуымен түсіндіріледі. Бұл бойынша сол елдегі қызымет атқаратын барлық ұйымдар мемлекет бекіткен шоттар жоспары және басқада нормативті құжаттар бойынша жұмыс істеуі тиіс. Сондай-ақ кәсіпорынның бухгалтерлік есеп берудегі қолданалынатын ақпараттық мәліметтері бұл континенттік (еуропалық) тұжырымдамасы (концепция) бойынша салық органының және басқада мемлекеттік органдардың қажеттілігін қамтамасыз ететіндей болуы керек. Дүние жүзінде бұл модельді қолдап отырған және оның негізінде өзінің кәсіпорындары жұмыс жүргізіп отырған елдердің қатарына Абстрияны, Германияны, Жапонияны және басқада Еуропа елдерін жатқызуға болады.

Америкалық тұжырымдаманың (концепцияның) континентік (еуропалық) тұжырымдамадан (концепциядан) өзгешелігі, бұл моделде кәсіпорынның бухгалтерлік есеп берудегі мәліметтері негізінен қаржы салымшылары мен несеие берушілердің қажеттілігін қамтамасыз етуге арналған. Бұл жағдайда ұйымның салық жүйесі қаржылық есептен бөлек және оған тәуелсіз шешімін тауып отырады. Бүгінгі таңда бұл мадельді АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Австралия, Үндістан, Индия, Оңтүстік Африка Республиксы және т.б. елдер қолданып отыр.

Міне, осы жоғарыда айтылғандарды қорытындылайтын болсақ әр бір ел өзінің бухгалтерлік континентальдық (еуропалық) немесе америкалық тұжырымдама (концепция) бойынша жүргізуі мүмкін екендігі анықталады. Біздің еліміздегі ұйымдардағы бухгалтерлік есер Кеңес одағы тұсында континенттік (еуропалық) тұжырымдама (концепция) бойынша жүргізгендігші белгілі. Бүгінгі күннің өзінде осы қалыптасып қалған модель өз күшін жоймай келеді. Яғни барлық кәсіпорындардың есеп жұмысы мемлекеттің басшылығы мен салық органының қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында жасалынып отырылады. Әйтседе 1997 жылдан бастап елдегі барлық ұйымдардың бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізудің ережесі, бағыты болып саналатын. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп стандарттары Амарикандық (халықаралық) бухгалтерлік есепр сьтандартарына барынша жақындатылып жасалынғандығын атап өтуге болады. Сонымен қатар біздің еліміз халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарына көшуге бет бұрыс жасап 2003 жылдан бастап еліміздегі ірі кәсіпорындар өз есептерін халықаралық стандарттың талаптарына сай етіп жүргізу керектігін қабылдады. Біріншіден – осы тұрғыдан, ал екіншіден – елдегі қазіргі экономикалық жағдайға сәйкес болса керек., еліміздегі кейбір ұйымдардың қаржылық есеп берулері соңғы кездері қаржы салымшыларын (инвесторларды) ақпараттық мәліметтері мен қамтамасыз етуге негізделіп жасалып отыр. [26. 19-20 беттер]



2.2 Бухгалтерлік есеп жүргізудің жүйелері.

Шаруашылық жүргізуші кооператив өзінің нақты жағдайына, көлеміне және қызымет түріне қарап бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды жүзеге асырады: бухгалтер лік жұмысты ұйымдастыру нысандарын дербес белгілейді; есептік саясатын қалыптастырады; қаржылық пен өндірістік есептері бойынша қызымет ету аясын белгілейді; шаруашылық операцияларына бақылау тәртібін әзірлейді, сон дай-ақ бухгалтер лік есепті ұйымдастыру үшін басқада қажет шешімдерді жасайды.

Кооперативте бухгалтер лік есепті ұйымдастыруға, шаруашылық операцияларын орындаған кезде он заңдылығын сақтаған кезде кәсіпорынның басшысы жауапты болып келеді.

Кооперативтің құрылымдық бөлімшелерінде бухгалтер лік есепті жүзеге асыруға кәсіпорынның бас бухгалтері басшылық етеді. Егер де кәсіпорынның дербес бухгалтер лік қызыметі болмаса, онда бухгалтер лік есеппе қаржылық есеп беру арнайы мамандандырылған фирмалардың немеесе келісім шарттың негізінде жұмыс істейтін мамандардың көмегімен жүзеге асырылады.

Кооператив активтерінің, менш ікті капиталының міндеттемелердің және олар мен жасалатын шаруашылық операцияларының қосарлана немее екі жақты жазылатын тәсілімен бухгалтер лік есеп шоттарын бас жоспарымен сәйкестендіріп бухгалтер лік есебін жүргізеді.

Бухгалтер лік қызыметтің басты мақсаты кооперативті жедел басқару үшін қажет ақпараттар мен, кооперативтің қаржылық нәтижесімен шаруашылық процестері туралы дұрыс және толық ақпараттар мен қамтьамасыз ету, сон дай-ақ инвесторларға , жабдықтаушыларға, сатып алушыларға, кредиторларға, мемлекеттік органдарға, банктерге және басқада мүдделі тұлғаларға бухгалтер лік есептің стандарттарына сәйкес қаржылық есеп беруді жасау болып табылады.

Бухгалтер лік есепті жүргізген кезде кооператив мынадай жағдайларда қамтамасыз туї керек:


  • есеп беру кезеңінің ішінде міндеттемелер мен активтерді бағалау мен кейбір шаруашылық операцияларын көрсету кезінде қабылданған есеп саясатының өзгермейтіндігі, 1 БЕС белгіленген ережелер мен сәйкес келетіндігі;

  • қаржылық міндеттемелер мүліктерді түгендеу нәтижесін және есептік кезеңде жүзеге асқан барлық шаруашылық операцияларын есепте толығын көрініс табу;

  • тиісті есептік кезеңіне шығыс пен табыстың дұрыс жатқызылуы;

  • әр бір айдың басында синтетиукалық есеп шоттары бойынша қалдығы, аналитикалық есептің айналымы мен сәйкестілігі сақтылуы керек.

Жасалған шаруашылық операцияларын тіркейтін алғашқы құжаттардың мәліметтері бухгалтер лік есептің регистрлеріне жазу үшін негід болып табылады.

Бухгалтер лік құжаттарда жасалған шаруашылық операциялары мәліметтердің айғақтылығын немесе жасалған операцияға жазбаша түрінде берілген жарлығы екендігін көрсетеді және осы соңғыларды бухгалтер лік есептің шоттарында көрсету үшін ол негід болып табылады. Кез келген шаруашылық операцияларын тиісті есеп шоттарында көрініс таппауы, олардың тиісті құжаттары мен рәсімделмеуімен байланысты болып келеді.

Операцияларды құжаттар мен рәсімдеу процесі бухгалтер лік алғашқы сатысы болып саналады, сондықтан аталған процесті құжаттау деп атайды. Құжаттардың арналымымен мазмұнын дәл және толық түсіндіру үшін, бір шама белгілері бойынша жіктейді: арналымы бойынша жасау тәсілі бойынша, мазмұны бойынша, жасау орны, сандық позициясы толтыру тәсілі бойынша.

Құжаттар айнылым бойынша мына топтарға бөлінеді:



  • тәртіп орнататын:

  • атқарушы:

  • бухгалтер лік рәсімдеу:

  • қиыстырылған.

Құжаттар жасауы бойынша мына топтарға бөлінеді:

  • бір жолға

  • жинақтаушы

Құжаттар мазмұндық көлемі бойынша мына топтарға бөлінеді:

  • алғашқы (бастапқы)

  • жиынтық

Құжатар васалу орны бойынша мына топтарға бөлінеді:

  • ішкі

  • сыртқы

Құжаттар толтырылуы бойынша бөлінеді:

  • тип тік

  • арнайы

Шаруашылық операциясын рәсімдеу үшін қолдан алғашқы құжаттардың нысаны кәсіпорынның өзінде әзірленіп бекітіледі, егерде оларға аса алкен талап тар қойылмаса. Алғашқы құжаттар мынадай міндетті регвизиттерден тұрады:

  • құжаттың атауы

  • жасаған күні

  • субьектінің атауы

  • шаруашылық операциялардың мазмұны

  • қызымет бабындағы тұлғаның атқаратын қызыметі

  • жеке қолдары және олардың аты-жөні, қызыметі.

Қазіргі таңда бухгалтер лік есепті компьютеризациялаудың көмегімен ондағы құжат айналымын артыру мүмкіндігі зор. [23. 17-24 беттер]

Кооперативтің тапқан табыстары , оның мүшелері оның арасында бөлінуге жатпайды және жарғы мақсаттары үшін жұмсалады.



Коператив өз қызыметін жүзеге асыру кезінде келесі қорлар қалыптастыруға құқылы :

  • Міндетті бөлінбейтін қор( Жүйесі немесе оның жеке элементтері);

  • Даму;

  • Резерті:

  • Еңбек ақылары, сондай-ақ пайдалану (эксплуатация) қызметі жұмысшыларын ынталандыру және әлеуметтік қолдау;

  • Несие қайтару қоры.

Кооператив құқылы ;

  • Басқаруға техникалық қызымет көрсету және суландыру көздерін пайдалану жүйелер мен оның элементтеріне қажетті барлық заңды , қаржылық және басқа да әрекеттерді жүзеге асыруға ;

  • Жарғы мақсаттарына жету үшін пайдалану (эксплуатация) қызыметін құру;

  • Су қатынастарын реттеуде Кооператив мүддесін білдіруге , мемлекеттік және басқа оргндармен су жіберу жағдайларын сақтау , сондай-ақ суландыру көздерін , жүйесі мен оның элементтерін пайдалану және жақсарту мен байланысты су жөніндегі және басқа да дауларды шешуге;

  • Мемлекеттік және басқа да оргндарға олар су туралы заңды , Кооперативтің қатысушылығы бар келісімдер мен шарттарды бұзған жағдайда талап – арыздар мен талаптар қоюға және белгіленген тәртіпте оларды қанағаттандыру талап етуге;

  • Қазақстан Республикасының қолданылымындағы заңы және жасалған келісім шарттарға сәйкес , кооперативтің мүшелеріне олардың жоспарлы суды пайдалану тәртібін, сондай – ақ түрлі келісімдік міндеттемелерді бұзған жағдайларында санкциялар қолдануға ;

  • Кооператив мүшелеріне , оларға су жіберу жөніндегі қызыметке уақытылы төлем төлемдік және несие берушілер алдында толемдік қарыздар орнын жоймағандық үшін су жіберуді тоқтатуға;

  • Суландыру көздерінің , жүйесінің және оның элементтерінің құрылысы, қайта жаңартылуы, жөнделуі , техникалық жарақатталуы жұмыстарын жүргізуді орындау бойынша тапсырыс беруші болуға, оларды қабылдауды жүзеге асыруға;

  • Жалпы жиналыс шешімі бойынша өзіне жүйені және жерлерді жақсартуды қайта жаңарту жөнінде кредиттік міндеттеме алуға, олардың қайтарымдылығына кепілдік беруге;

  • Өз құзреттілігі шегінде мемлекеттік оргндардан және Кооператив мүшелерінен , суды пайдалануды жоспарлауға және басқа да шараларға қажетті ақпараттарды алуға ;

  • Қазақстан Республикасы қолданылымындағы заңмен көзделген басқа да құқықтарға ие болады.

Кооператив міндетті:

  • Арнайы су пайдалануға дер кезінде рұхсат алуға , су пайдалану жоспарын және сәйкес ұйымдар және су пайдаланушылармен келісім – шарттар жасауға;

  • Су пайдаланушыларға келісім-шарттар , су пайдалану жоспарына және су пайдаланушылардың оперативті мәлімдемелеріне сәйкес су жіберуді қамтамассыз етуге;

  • Кооператив мүшелерінің мүдделерінің қорғалуын қамтамассыз етуге , суландырудың және суғару технологияларының суды үнемдеу режимдері енгізілген кездерде көмек көрсетуге,

  • Кооператив мүшелеріне және басқа су пайдаланушылардан келісім-шарттар және осы жарғыға сәйкес төлем ақыларын жинауды жүзеге асыруға;

  • Су ресурстарын және электроэнергиясын пайдалану үшін дер кезінде төлем төлеуді , сондай-ақ төлемдер , соның ішінде несиені қайтаруды қамтамассыз етуге;

  • Су және табиғи қорғау заңдарын,келісім шарттар және су пайдалану лемиттерін , белгіленген нормалар мен жүйенің тәртібін сақтауға;

  • Суландыру , жүйе көздерінің сақталуын , су ресурстарын тиімді пайдалануды , суландырылатын жерлерді , олардың сапасының төмендеуіне жол бермеуді қамтамассыз етуге;

  • Су пайдалану және су жететін жерлерді , жүйені қолдану туралы оперативті есеп беруді жүргізуге;

Жүктелген аумақта жер учаскілерін иеленуші (пайдаланушы ) және гидротехникалың құрылыстарды және жабдықтарды пайдалануға байланысты қызыметті жүзеге асыратын азаматтар мен заңды тұлғалар су пайдаланушылар кооперативінің мүшелері бола алады .Бұл ретте заңды тұлғалар өздерінің өндірістік - шаруашылың өзіндік ерекшелігін және заңды тұлға құқығын толық сақтайды.

Кооператив құрылғаннан кейін оның мүшесі ретінде , жүйеге Кооператив мүлкіне өз мүліктік үлестерін салған барлық су пайдаланушылар бола алады.

Кооператив мүшелері міндетті :



  • Осы жарғыны және кооперативтің жалпы жиналысы шешімін сақтауға,

  • Су пайдалану тәртібін сақтауғажәне Кооперативтің басқа мүшелерінің құқықтарын құрметтеуге ;

  • Жыл сайын Кооператив жасайтын келісім – шарт жағдайларын сақауға ;

  • Коператив мәлімдеуі бойынша су жіберу қызыметі үшін уақытылы төлем төлеуге және несиелерді қайтаруға ;

  • Заңды мекенжай орнының және басқа да реквезиттердің ауысқан жағдайында Кооперативке бір ай ішінде өзгерістер туралы хабарлауға;

  • Судың нормадан тыс ысырап болуына, сондай – ақ оның мақсатқа сай пайдаланылмауына жол бермеуге;

  • Өз қызыметінің нәтежиесінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріндегі санитарлық эпидемиологиялық , экологиялық жағдайдың және су жағжайының нашарлауына жол бермеуге;

  • Су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану жөніндегі міндеттемелерді орындамаудан немесе тиісінше орындамаудан туындаған шығындарды Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес өтеуге;

  • Өздерінің жер учаскілерінде орналасқан су шаруашылығы құрылыстары мен құрылғыларын жайластыру және олардың жұмыс істеуі үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында су пайдаланушылар кооперативі жұмыскерлерінің оларды пайдалана алуын қамтамассыз етуге міндетті;

  • Су пайдаланушылар кооперативінің мүшелері су пайдаланушылар кооперативінің жарғысында көзделген, Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келетін өзге де міндеттерді атқара алады.

Кооператив мүшелері құқылы:

  • Басқару органдарына сайлануға;

  • Басқа да тең жағдайларда кооператив мұшелері болып табылмайтын су пайдаланушылар алдында су жіберу қызыметін тең түрде алуға ;

  • Кооператив басқа мүшелермен қатар су жіберу қызыметін тең түрде болады;

  • Қазақстан Республикасы қолданылымдағы заңына сәйкес өз мүдделерін білдіруге және қорғауға;

  • Селолық тұтыну кооперативтері заңына сәйкес қаржы жылының аяғында кооператив мүшелігі құрамынан шығуға,

Кооператив мүшелері келесі төлем түрлерін жүзеге асыруға міндетті :

  • Су ресурстарын пайдаланудағы үшін;

  • Су жіберу қызыметі үшін ;

  • Несие қайтару есебіне (несие алған жағдайда).

Жыл сайын төлем тәртібі мен нормалары, несие берушілер және басқа ұйымдар алдындағы міндеттемелерге сәйкес басқармамен құрылады және Кооперативтің жалпы жиналысымен бекітіледі.

Табиғи ресурс ретінде су және су жіберу қызыметі үшін төлем төлеу кубометрлік тарияте жжүзеге асырылады, несие қайтаруда гектарлы тарифте.(қажетті жағдайларда,жалпы жиналыс шешімімен, Қазақстан Республикасы қолданылымдағы заңына қайшы келмейтін оң тайлы тариф түрлері қолданылуы мүмкін).

Жыл сайынғы пайдалану шығындарын, эксплутация қызыметі штатын қамту үшін шығындарды, табиғи ресурс ретіндегі су үшін төлемдерді, сондай-ақ жыл сайынғы несие қайтару есебіне төлемдерді және Кооперативтің басқа да міндетті несие берушілер және басқа ұйымдар алдындағы төлемдерді жабу қажаттілігін ескере отырып, тарифтерді есептеу- қолданылымындағы типтік ережелер және әдістемелік нұсқаулармен (басшылықтармен) жүзеге асырылады.

кооперативтің басқару орндары болып:



  • Жоғарғы орган-мүшелердің жалпы жиналысы(немесе уәкілдер жиналысы) ;

  • Атқарушы орган-басқарма ;

  • Бсқылаушы орган-тексеру комиссиясы (ревизиялық комиссия) табылады.

Егер Кооператив мүшелері 50 аспайтын болса , онда Кооперативтің жоғарғы органы су пайдаланушылардың учаскілерінің өкілеттерінен құралуы мүмкін. Кооперативтің учаскілері, ортақ мүліктің мүдделерге ие су пайдаланушылар санынан құрылады.

Жоғарғы орган :



  • Кооперативтің жоғарғы органы болып мүшелердің жалпы жиналысы немесе өкілетілердің жиналысы табылады. Жалпы жиналыс (уәкілдер жинелысы) кезекті немесе кезектен тыс жиналыстар ретінде шақырылады. Кезекті жиналыс қаржы жылы аяқталған соң екі айдан кешіктірілмей шақырылады. Кезектен тыс жиналыс :

  • Басқарма шешімімен;

  • Тексеру комиссиясы талабымен ;

  • Мүшелердің жалпы санының 10 пайызан құрағанда , Кооперативтің мұшелерінің (өкілетті мүшелер) талап етуімен;

  • Жалпы жиналысты шақыру (уәкілдер жиналысы ) Қазақстан Республикасы қолданылымендағы заңымен көзделген тәртіпте жүзеге асады.

Шақырылады.

жалпы жиналыстың (уәкілдер жиналысы) айрықша құзыретіне жататындар :



  • Кооперативтің құрылтай құжаттарын қабылдау, оларға өзгерістермен толықтырулар енгізу;

  • Кооператив ерікті түрде қайта ұйымдастыру және тарту;

  • Кооператив басқару оргндарының құзыретін, ұйымдық құрылымен лоарды құру және өкілеттерін тоқтау тәртібін айқындау;

  • Атқарушы оргндардың қаржы есептемесін табыс етуінің тәртібі мен мерзімділіген , сондай-ақ өз филялдары мен өкілдерін құру немесе олардың қызыметіне қатысуы туралы шешім қабылдау мәселелері жатады.

  • Кооперативтің су пайдалану жоспарын, жылдық қаржы есебін бекіту;

  • Қайта жаңғырту және жөндеу сұрақтары бойынша шешімді талқылау және қабылдау;

  • Басқарма төрағасына кредиторлармен, жобалау инситуттармен, банкагенттерімен және басқа ұйымдармен , сондай –ақ жеке тұлғалармен келісім-шарттар жасауға құзырет беру;

  • Селолық тұтыну Кооперативтері туралы заңға сәйкес басқа да сұрақтар.

Жалпы жиналыс (өкілдер жиналысы) шешімі, мүшелердің (өкілеттілер) жеке дауыс беру негізінде қабылданады деп есептеледі егер осы шешімге жиналысқа қатысушылардың 2/3 (білікті көпшілік) дауыс берсе . Бір мүше (уәкілдер ) бір дауысқа ие болады ү.

Басқарма немесе тексеру комиссиясы мүшесі болып табылатын Кооператив мүшесі дауларды шешу кезінде дауыс беру құқығын пайдалана алмайды , яғни оларды жауапкершілікке тарту лауазымдығынан алыстау, оларға сай ақы тағайындау , олар қол қойған есептерді бекітуде.

Белгіленген тәртіпте қабылданған , жалпы жиналыс шешімі Кооперативтің барлық мүшелеріне міндетті.

Жалпы жиналыс (уәкілдер жиналысы)хаттамасы жалпы жалпы қабылданған нормалармен тәртіптерге сай рәсімделеді.

Жалпы жиналыстың (уәкәлдер жиналысы ) шешімі сот тәртібі негізінде шағымдануына болады , егер басының қолданылым ындағы заңына қайшы келетін болса.

Басқалары.

Кооператив басқармасы оның атқарушы органы болып табылады және жалпы жалпы жиналыс (уәкілдержиналысы) алдында есеп береді. Басқарма осы жарғымен негізделген құзыреттілікті жүзеге асырады.

Басқарма құзыреттілігіне жататындар :



  • Кооперативтің жалпы қызыметіне басшылық ету;

  • Жалпы жиналыстарды (уәкілдер жиналысы )дайындау және өткізу,

  • Кооперативтік еңбек материялды қаржылық ресурстарын тиімді пайдалануды қамтамассыз ету;

  • Жалпы жиналысқа (уәкілдер жиналысы) бекітуге қаржы жоспарлыры мен есептерін ұсыну,

  • Жұмыстар көлемін анықтау, штаттық кестені және экплуатация қызыметі шығындарын жасау және оларды жалпы жиналыс (уәкілдер жиналысы ) алдында бекітуге ұсыну;

  • Кооператив мақсаттарына , жалпы жиналыс шешімдерін орындауға (өкілеттілер жиналысы) және тексеру комиссия сының мақсаттарына жетуге бағытталған , шешімдерді қабылдау,

  • Кооператив қызыметі жоспарларын және қаржыландыру жоспарлырын жасау;

  • Ішкі құжаттарды қабылдау ;

  • Төлемдер жөнінде ұсыныстар дайындау және жалпы жиналысқа бекітуге ұсыну,

  • Жүйенің ағымдағы сұрақтарын шешу және жақсарту шешім қабылдау;

  • Кооперативтің барлық қызыметі туралы сұрақтарды шешу , жалпы жиналыс және тексеру комиссиясының айрықша құзыреттеріне кіретін сұрақтардан басқа;

  • Басқарма Кооперативтің алдында қолданылымындағы заң және жарғы мен көзделген барлық талаптарды сақтауға міндетті;

  • Басқа да жалпы жиналыспен (өкілеттер жиналысы ) қосымша берілген құқықтар, соның ішінде жүйені жақсарту мен байланысты сұрақтар;

Басқарманың отырысы айына бір рет өткізіледі. Басқарма сұрақты шешуге құқылы , егер отырыста мүшелерінің кім кем дегенде жартысы, соның ішінде оның төр ағасы немесе немесе оның орынбасары қатысып отырған болса.

Төраға және басқарма мүшелері үш жыл мерзімге сайланады.

Басқарма төрағасы

Басқарма төрағасының құзыретіне жататындар :

Кооперативтің ағымдағы қызыметін басқару ;


  • Жалпы жиналыс берген құзырет шегінде сенім хатсыз Кооператив атынан барлық әрекеттерді жүзеге асырады , оның мүдделерін білдіруді , мүлікті жарату , келісім- шарттарға қол қою , соның ішінде еңбек, сенім хаттарды беру, банктерде есеп – шоттарды ашу, соның ішінде валюталық материялды құндылықтарды жарату құқығы, орындалуға тиіс кейбір бұйрықтарды шығару және кооператив мүддесі үшін басқада әрекеттерді орындау;

  • Жалпы жианалыс бекіткен штат кестесі негізінде Жүйенің эксплуатациялық қызыметін қалыптастыруды ;

  • Жалпы жиналыс(өкілеттер жиналысы ) шешіміне сәйкес несие тарту және-оларды келісім-шарттарын жасайды;

Басқарма төрағасы жалпы жиналыс (өкілеттілер жиналысы ) алдында есеп береді, қызымет нәтежиесі туралы тоқсанда кем дегенде бір рет есеп береді.

Төраға кез-келген уақытта міндеттін орындаудан бас тартуға құқылы , бұл туралы шын мәнінде бас тартудан екі ай алдын жазбеше түрде жалпы жиналысқа (өкілеттілер жиналысы ) хаберлауы тиіс .

Су пайдаланушы кооперативінің атқарушы органның мүшелеріне ;


  • Жалпы жиналыстың (уәкілдер жиналысының) келісімінсіз су пайдаланушылар кооперативінен одан мүліктік пайда алуға бағытталған мәмілелер (сыйға беру, қарыз, өтеусіз пайдалану,сатыпалу – сату және басқа да шарттарды қоса) жасауға;

  • Су пайдаланушылар кооперативі үшінші тұлғалардан коомиссиялық сыйақы алуға;

  • Үшінші тұлғалардың су пайдаланушылар кооперативі мен қатынасында солардың атынан әрекет етуге немесе солардың мүдделерін қорғауға;

  • Су пайдаланушылар кооперативінің қызыметі мен бәсекелесетін кәсіпкерлік қызыметті жүзеге асыруға тиым салынады.

Тексеру комиссиясы ағымдағы және болашақтағы кооперативтің қаржылық шаруашылық қызыметіне бақылауды жүзеге асырады.

Тексеру комиссиясы жалпы жиналыспен (уәкілдер жиналысы) үш жыл мерзімге сайланады және құрамы басқарманың мүшесі болып табылмайтын құрамы үш адамнан тұрады.Басқарма мүшесі және оның төрағасы үш жыл көлемінде , лауазым дығынан босатылғанан кейін тексеру комиссиясы мүше болып сайлана алмайды. Жалпы жиналыс (уәкілдер жиналысы) рұхсатымен тексеру комиссиясы өз жұмысына сарапшыларды тарта алады . Тексеру комиссиясы мүшелері бір қайтара кезекті мерзімге сайлана алады.

Тексеру комиссиясы жыл сайын жоспарлы тексеруді жүргізеді және жалпы табыс (уәкілдер жиналысы) шешім бойынша жоспардан тыс тексеру мен бақылаулар жүргізуі мүмкін.

Кооператив құрамынан шығу жалпы жиналыс (өкілеттілер жиналысы) шешімі мен тыңдаушы мүшенің арызын негізге ала отырып жүзеге асырады . Таңдаушы тұлға кооператив мүлкіндегі үйлесімділік салынған өз үлесін Қазақстан Республикасының қолданылымындағы заңға негізделген тәртіпте алуға құқылы (бөлінбейтін қорды қоспағанда , шығушы тұлға өзінде Жүйенің қызыметін қолдану ұүұығын сақтап қалады ).

Өзінде жүйенің қызыметін қолдану мен жерді қолдау құқығын сақтап қалған су пайдаланушының Кооператив құрамынан шығыуы , оның кооперативтің несие берушілер алдындағы міндеттеме бойынша субсидиялары жауапкершілігін тоқтатудың негізі болып табылмайды.

су пайдаланушының Кооператив құрамынан шығуы өткізуге байланысты (сату, сыйға тарту т,б) жағдайда , оның субсидиялары жауапкершілігі оның құқықтық мұрагарлеріне өтеді.

жер учаскісіне , тұрақты немесе уақытша жер пайдалану құқығын жоғалтқан су пайдаланушылар кооперативінің мүшесі осы кооперативтегі мүшелігін тоқтатады.

Ауыл шарушылығы мақсатында жерге тұрақты немесе уақытша жер пайдалану құқығын жоғалтқан су пайдаланушылар кооперативінің мүшесі бұл туралы су пайдаланушылар кооперативінің атқарушы органнан хабардар етеді. Бұл хабарламаны су пайдаланушылар кооперативінің атқарушы органына жер учаскісіне , тұрақты немесе уақытша жер пайдалану құқығына йе болған тұлғалар да бере алады.

Кооперативтің қаржылық жылы 1 қаңтар 31 желтоқсан күнтізбелік жыл мен орындалады. Қаржылық есеп беру Қазақстан Республикасының қолданы лымындағы заңмен негізделген тәртіпте жүргізіледі . Кооператив қызыметінде жаңа есеп беру формаларын қолдану шешімі , оның жоғарғы басқарушы органымен қабылданады. Кооператив баланысынан мүлікті есептен шығару , жалпы жиналыстың шешімі мен , Қазақстан Республикасының қолданылымындағы заңмен негізделген тәртіпте жүргізіледі.

Кооперативтің мүліктік пай мөлшері тізімге сәйкес тіркелген , мүліктік пай мөлшерін беру тәртібіқолданыстағы заңға сәйкес жүргізіледі.

Кооперативтің үшінші жақтары мен , мүшелермен және еңбек ұжымымен жасалытын еңбек және шаруашылық келісімдермен анықталады.

Коператив Қазақстан Республикасының қолданылымндағы заңға сәйкес жұмысшыларды еңбек контрактісін жасау арқылы жалдауға құқылы.

Жұмысшыларды әлеуметтік сақтандыру Қазақстан Республикасының қолданылымндағы заңға сәйкес тәртіпте және жағдайда жүзеге асырылады.

Жұмыс режимі жалпы жиналыс арқылы , Ұазақстан Республикасының қолданылымындағы заңға сәйкес орындалады .

Кооператив қайта ұйымдастыру (қосу , біріктіру, бөлу бөліп, шығару, қайта құру).

ІІІ –тарау Қызымет көрсетуші кәсіпорындарда аудит жүргізудің ерекшеліктері


    1. Аудит жайлы жалпы түсінік

Бір орталықтан басқару, жоғарыдан жоспарлау кезеңінде тәуелсіз тексерудің қажеттілігі болады. өйткені, ол жұмысты ведомстволық жүйелер мен ведомствалық бақылаулар жасалады, есеп және есептілік жөніндегі жіберілген қателіктерді іздестіре отырып, оларды анықтаумен айналысты. Сонымен қатар жіберілген қателіктері үшін жазалау шараларын пайдаланды.

Нарық экономикасы экономикалық даму заңдарының қарым-қатынастарын, олардың еңбек өнімдерінің сату-алу арқылы жүргізілетіндігін анықтай отырып, оның ары қарай объективтік талабына сүйене отырып, қоғам мүшелерінің өзара дамуына әсерін тигізеді. Осыған орай нарық экономикасы кезеңінде нарық процесіне қатысушылардың талаптарын қамтамасыз ету белгілі бір ережеге сай жүргізілуі тиіс. Бұл

Осы айтылғандардың барлығы тұрақты түрде шыққан процес объективті түрде пайда болады.заңдарды, қаулыларды, уақтылы түрде бақылауды талап етеді. Сонымен қатар жекешелендіру процесіне көшу, басқару құрамының өзгеруі аудиттің дамуына әсер етті. Осы мәселелерді шешуде бухгалтерлік (қаржылық) есептіліктің және басқадай экономикалық ақпараттардың атқаратын ролі өте зор. Осы ақпараттардың арқасында экономикалық шешімге келіп, субъектінің мүмкіндігін жорамалдап, олардың одан ары қарай дамуына көмектеседі.

Нарық экономикасына көшу кезеңінде кәсіпкерлік қызметтердің жаңа түрлері пайда болады, акционерлік қоғамдар құрылады, бірлескен ЖШС, комерциялық банктер, тағы сол сияқтылардың көбеюі аудит қызметтерінің кеңеюіне және өсуіне әсер етеді.

Нарық экономикасының қатынастарында шаруашылық операциялары жөніндегі шешімге келу, көпшілік жағдайда қаржы жөніндегі ақпараттарға негізделген, өйткені олар дұрыс, анық және талапқа сай болуы қажет. Осылардың барлығы нарық капиталының міндетті түрде үнемді пайдалануына әсерін тигізеді, оларды бағалауға мүмкіндік жасайды және экономикалық дұрыс шешімге келуге көмектеседі. Осы ақпараттардың дұрыстығын, заңдылығын тек тәуелсіз аудитор ғана анықтап айта алады. Тәуелсіз аудитор клиенттерге (жеке адамдарға, фирмаларға, акционерлік қоғамдарға және т.б.) қызмет етеді, олардың келісімі немесе шақырылуы бойынша. Бұл қызмет тек қана ақы төлеу арқылы белгіленген шарт бойынша жүргізіледі. Аудиторлық қызметтердің пайда болуына төмендегідей жағдайлар әсер етуі мүмкін:



  1. Серіктестік, бірлестік немесе кәсіпорынның операциялары сансыз көп және күрделі болуы мүмкін. Осыған орай қажетті ақпараттарды өз бетінше ала алмайтындықтан, олар аудиторлық қызметті керек етеді.

  2. Қаржы ақпаратын пайдаланушылар бірлестігін (кәсіпорынның) есеп көрсеткіштерін өз бетінше көруге рұқсаты болмайды. Сол себепті олар аудиторлық қызметке мұқтаж.

  3. Аудиторлар арқылы алынған ақпараттар, олардың толықтығы және анықтығы клиенттерге өте қажет. Осылар арқылы келешекте дұрыс шешімге келуге мүмкіндік туғызады.

Аудиторлар өздерінің қорытындысын пайдаланушыларға міндетті түрде айтуы қажет. Жалпы алғанда аудит көп ғасырлық тарихы бар ілім. Арнайы әдебиеттерде оның пайда болуы әртүрлі болып анықталады. “Контролинг” журналында аудиттің пайда болуы жөнінде былай делінген: “Тарихи жазуларға қарағанда , дүние жүзіндегі аудиторлық жүйені құрған бірінші мемлекет Қытай болуы мүмкін. Қытайлардың көне жазуы бойынша, біздің эрамызға дейінгі 700 жылдарда Бас аудитордың орны болған, оның негізгі міндеті өкімет чиновниктерінің тазалығына кепіл болу, оның міндеті бойынша өкіметтің ақшасы мен мүіктеріне пайдалануға қызмет жөнінде құқығы болған”. Осы айтылғандарды қорыта келсек, аудит көне заманда пайда болғандығы байқалады.

1773 жылы Шотландияның орталығы – Эдинбургке арналған адрестік кітапшада жеті аудиторлардан есімі айтылған. Осыған сүйене отырып, кейбір авторлар кәсіпқой аудитор батыс елдерінде, Шотландияда ХІХ ғасырдың орта шеңінде пайда болған деген ұғымға келеді.

Аудиттің одан ары дамуына 1862 ж. Британ бірлестігі жөніндегі шыққан заң әсерін тигізді. Бұл заңда бірлестіктің шоттары мен отчеттарын ең аз дегенде жылына бір рет аудиторлар тексерілуі қажет делінген. Бұл акционерлік қоғамның отчеттарына объективті баға беруді талап етілген және де «Бірлік» кооперативі қаржыларының нақты жағдайларын, оның шындығы жөнінде анық мәліметтерді белгілі уақытта алуына көмектескен.

Міне, осы айтылғандарға сүйенсек, аудиторлық қызмет нарық экономикасы дамыған мемлекеттерде тезірек дамыған.

Америка Құрама штаттарында аудиторлық жұмыс британдықтардың әсерінен пайда болған. 1896 ж. Нью-Йорг штатының заңды органдары аудиторлық қызметті реттеу жөнінде заң жобасын қабылдаған.

Қазіргі заманда нарық экономикасы дамыған дүние дүзіндегі барлық мемлекеттерде аудит жөнінде қоғамдық институттар құрылған. Көпшілік мемлекеттерде бухгалтер-аудит жөнінде кәсіби мекемелер құрылған. Мысалы, 1880 ж. Англияда машықтанған бухгалтерлер Институты құрылған 1887 ж. АҚШ-та – дипломатиялық бухгалтерлер Институты, Германияда аудиторлар Институты құрылған т.б.

Экономикасы дамыған мемлекеттерде тәуелсіз аудиторсыртқы қаржы бақылауының басты формалары болып есептелінеді.

Аудиторлық жұмыстың дамуы өте ірі трансұлттық аудиторлық кеңес фирмаларының құрылуына әсерін тигізді. [24,19-25 беттер]

Дүние жүзінде ең ірі аудиторлық – кеңес беруші мекемелердің сипаттамасы төмендегідей кестеден көрінеді:

Фирмалардың аттары





Жылдық табысы, млн. Долл

2005 жылдағы өсуі, %

Офистері бар мемле-

кеттердің



саны.




2005

2006







1 КПМТ

7500

6600

13,6

142

2 Эрнест энд Янг

6670

6015

14,2

141

3 Куперс энд Лайбранд

6200

5500

12,7

142

4 Делойт энд Туш

5950

5200

14,4

126

5 Прайс Уотерхаус

4455

3975

12,1

122

6 БДО Бандер

1230

1155

6,5

80

7 Грант Торнтон













Интернэшнл

1200

1097

9,5

81

8 Морес Роланд













Интернэшнл

922

788

17,0

75

9 РСМ Интернэшнл

871

784

11,1

80

10 Саммент Интернэшнл

754

672

12,2

60

11 Пеннел Керр Фостер

720

649

10,9

94

12 Хервот интернэшнл

590

536

10,1

87

13 Нексия Интернэшнл

589

562

4,8

74

14 ХЛБ Интернэшнл

536

482

11,2

92

Келтірілген кестеде қазіргі кездегі дүние жүзіндегі аудитор жөніндегі ең ірі фирмалар көрсетілген. Осыған қарасақ, аудиторлық қызметтің жоғары бағаланатындығы байқалады.

Сонымен, жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, нарық экономикасы дамыған шет мемлекеттерде аудитжұмысы өзінің дамуымен қатар басқару жүйесіндегі алдыңғы формалардың бірі болып есептелінеді.

Аудит Қазақстан Республикасында жаңадан пайда бола басьады. 1990ж. Бірінші аудиторлық фирма құрылды. Қазақстан Республикасының Министрлер Кеңесінің 1990 ж. Ақпан айының 15-ші жұлдызындағы №60 қаулысына байланысты Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің құрамынан «Қазақстан-аудит» атты аудиторлық орталық құрылған. 1992 ж. Жылдан бастап бұл фирма өз бетінше бөлек ірі акционерлік бірлестікке айналып, Қазақстан территориясындағы кәсіпорындар мен мекемелерге билік формасына қарамастан аудиторлық қызмет пен кеңес беру жұмыстарын атқара бастады.

Аудиторлық жұмыстың ары қарай дамуына 1993 ж. Қазан айының 18-ші жұлдызында шыққан “Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызмет” туралы заңы әсерін тигізді. Бұл заң аудиторлық қызметпен байланысты қатынастарды реттеп отырады және оны Бухгалтерлік есептің стандарттарына, Бухгалтерлік есеп жөніндегі Заңға сәйкес қайтадан өңделіп, 1998 ж. Қараша айының 20-шы жұлдызында шықты.

Аудиттің бағыты – заңдылықтармен анықталған, аудиторлық қызметтің нормативтік жүйесін реттеу, аудиторлар мен клиенттердің шарттық міндеттемелерін нақтылы мақсатпен шешу болып есептелінеді. [24. 10-18 беттер]

Аудиторлық қызметтің негізгі бағыты – субъектілердің бухгалтерлік (қаржылық) отчеттарының дұрыстығын және олардың жасаған қаржылық және шаруашылық операцияларының нормативтік актілерге сай екендігін анықтау.

Сайып келгенде, аудиттің міндеті – қаржы отчетын төмендегідей бағыттары бойынша тексеру:



  • отчеттардың дұрыстығын, анықтығын растау;

  • тексеру кезінде есеп пен отчетта көрсетілген шығындардың, табыстардың, қаржы нәтижелерінің қорытындысының анықтығын, дұрыстығын, толықтығын және дәлдігін тексеру;

  • бухгалтерлік есепті жүргізуде олардың заңдар мен нормативтік құжаттарға сәйкестігін және отчеттардың жасалуын , активтерді, міндеттемелерді және меншікті капиталды бағалау әдістемелерінің дұрыстығын тексеру;

  • өзінің негізгі және айналым қорын дұрыс пайдаланудың арқасында, келешектегі резервтерді анықтау.

Қаржы отчеты жөніндегі аудиттің негізгі міндеті – отчетта көрсетілген активтердің, міндеттемелердің, меншікті капиталдың және субъектінің қаржы нәтижесінің толықтығына, дәлдігіне, дұрыстығына объективтітүрде белгілі бір мезгілге бағалау және де субъектіде қабылданған есеп саясатының заңдар мен нормативтік актілерге сәйкестігін тексеру.

Аудит қызметінің қажеттілігі төмендегі жағдайларға байланысты пайда болды:



  1. пайдаланушылардың өздеріне қажетті ақпаратты әкімшіліктер жағынан дұрыс мәліметтер бермеудің нәтижесіндепайда болған дау жайында;

  2. ақпараттың апалығы жөнінде қабылданған шешім-тәуелділігінің әсері;

  3. ақпаратты тексеру үшін арнаулы білімнің қажеттілігі;

  4. сапасын анықтауға ақпарат пайдаланушылардың мүмкіншілігінің жоқтығы.

Осы айтылған алдыңғы жағдайлар тәуелсіз экспорттің қызметтерінің қажеттілігін анықтады. Ол эксперттер немесе аудиторлар өздеріне сай дайындалған, тәжірибесі бар мамандар және аудиторлық қызмет жасауға куәлігі және құқығы бар адамдар немесе фирмалар.

Дұрыс ақпараттың барлығы капитал рыногінің үнемділігін, (тиімділігін) жоғарылату үшін қажет және әртүрлі экономикалық шешімдерді жобалауға және бағалауға мүмкіндік жасайды. Аудиторлық тексеруді жүргізу міндетті болмаса да, дегенмен оның келешекте дұрыс шешім қабылдау үшін маңызы өте зор.

Меншік иелері, әсіресе акционерлер, пайщиктер жәнеде қарыз берушілер, кәсіпорынның көптеген орындалып жатқан шаруашылық операцияларына бейтаныс, олардың осы операциялардың дұрыстығына көзі жетпейді немесе мүмкіншілігі жоқ. Міне, осы айтылған ақпараттардың дұрыстығын анықтайтын тәуелсіз аудиторлардың шешімі керек. Тәуелсіз аудиторлар “Бірлік” ССПК шаруашылық жұмысының нәтижесі жөніндегі ақпараттардың дұрыстығын дәлелдеп, оның заңға сәйкес екендігін және дұрыс шешім қабылдауына әсер етеді. Осыған орай аудиторлық қызметтің ролі ерекше орын алады.

Аудиторлық қызмет деп аудит жұмысын ұйымдастыру мен әдістемелік жағынан қамтамасыз ету, аудиторлық тексеруді іс жүзінде орындау және басқа да аудиторлық қызметті көрсету түріндегі кәсіпкерлік қызмет.

Аудиторлық қызметтер қаржылық есеп берудің заңдарға, өзге де қалыпты құжаттарға сәйкестігі мен ондағы қаржы-шарушылық қызметі нәтижелерінің дұрыс көрсетілуі, бухгалтерлік есеп, қаржы, салық салу, құқық және сақтандыру ісі, өндірісті дұрыс ұйымдастыру, нарықтық динамика жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектілердің өндірістік қуаттарының тиімділігін арттыру үшін резервтерді анықтау мақсатында ақы төлеу негізінде жасалған шарттар бойынша тәуелсіз түрде аудиторлық тексерулер, кеңес беру түрінде көрсетіледі.

Аудиттің мазмұны және оның компоненттері.

ТМД мемлекеттерінде шыққан арнайы әдебиеттерде “аудит” жөнінде әртүрлі анықтамалар кездеседі. Авторлар қанша болса, сонша анықтама бар. Біреулері өте қысқаша түрде анықтама берсе, басқалары керісінше ұзақтау және қиындау түрінде береді, ал үшіншілері оның да, бұның да анықтамаларының қосындысынан айтылады.

Осыған орай аудит жөніндегі анықтама, Қазақстан Республикасының өз ерекшеліктерін ескере отырып, “Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызмет туралы” заңында “Аудитке” төмендегідей анықтама береді. Аудит – бұл қаржы есеп беруді , шаруашылық жүргізуші субъектілердің берген есебінің дұрыстығын анықтау мақсатында олардың қаржы-шаруашылық қызметі туралы алғашқы құжаттар мен басқа да ақпараттарының есебін, оның толықтығын және қолданылып жүрген заңдар мен белгіленген нормативтерге сәйкестігін тәуелсіз түрде тексеру.

Аудит шаруашылық – жүргізуші субъектілермен (тапсырыс берушілермен) жасалған шарт негізінде тәуелсіз жеке адамдар (аудиторлар), аудиторлық ұйымдар (фирмалар) жүзеге асырады.

Аудиторлық тексерулер мемлекеттік органдар тарапынан Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жүзеге асырылатын ЖШС шаруашылық қызметінің заңдылығына бақылау жасауды жоққа шығармайды.

Егер белгіленген тәртіп бойынша тіркелмеген және аудиторлық қызметпен айналысу құқығы біліктілік комисиясының аттестациясынан өтпеген болса, бірде-бір заңды ұйым немесе нақты адам аудитор деп атала алмайды немесе өздерін аудиторлық қызметпен айналысушы ретінде көрсете алмайды. [24. 35-47 беттер]

Аудиттің маңызын анықтау шеңберінде олар төмендегідей негізгі компоненттердің қажеттілігін анықтау қажет. Оларға жататындар:

1 Шаруашылық жүргізуші субъектілер

2 Ақпараттар

3 Аудиторлардың кәсиби мамандылығы

4 Материалдарды жинау және оларды бағалау

5 Стандарттар мен критериялар (белгілер)

Аудиттің негізгі принциптері.

Аудиторлық қызметтерді жүргізу үшін, олар аудиттің негізгі принцитерін қолдануы тиіс. Өйткені бұл принциптер аудиторлық тексерудің барлық бағыттары мен жолдарын анықтауға көмектеседі.

Аудит жөніндегі Қазақстандық № 1 стандарты «Қаржылық отчет аудитінің бағыты және жалпы принципі» бойынша негізгі принциптерге мыналар жатады:



  1. Тәуелсіздік;

  2. Шындық;

  3. Объективтік;

  4. Ұқыптылық және кәсіби мамандылық;

  5. Құпичлылық.

Аудиторлардың жұмысы стандарттың техникасына, бухгалтерлік есептің стандартына және заңға сәйкес болуы қажет.

Жоғарыда айтылған принциптердің ішінде аса зор көңіл бөлінетін принцип, ол аудиторлық жұмыстың тәуелсіздігі.

Тәжірибе жүзінде тәуелсіздік төмендегілерді сақтау қажет:

*тексеру жөніндегі жоспардың тәуелсіздігі. Аудитор өзінің орындайтын жұмысына тексеретін «Бірлік» кооперативінің бастықтарының араласпауын талап етеді. Себебі олар аудиторлық жұмысты өз ыңғайларына қарай бағыттағысы келуі мүмкін;

Тәуелсіз түрде зерттеу. Аудитор бухгалтерлік регистірлерге, қарапайым жазуларға, ақпараттарға т.б. еркін пайдалануын қажет. «Бірлік» кооперативінің бастығымен келісе отырып жасалынған жұмыс ақпараттардың жасырылуына және шындығына, анықтығына әсерін тигізбеу керек.

тәуелсіз түрде қорытынды беру. Осы айтылғандарға қарай тәуелсіздік принципінің аудиторлық жұмыста ақпаратын ролі мен маңызының маңызының анықтайды.

Жоғарыда айтылған принциптерден басқа төмендегідей принциптерді пайдалануға болады:


  1. ғылымилық ;

  2. нақтылық ;

  3. құндылық ;

  4. жылдамдық ;

  5. толықтылық, комплектілік және жүйелік ;

  6. пікірлік т.б. [24. 25-27 беттер]


3.2 Аудиттік бағдарлама

Аудитордың тексеру бағдарламасы бухгалтерлік есеп жүргізуге, оның күшіндегі нормативтік-құқықтық актілергер сәйкестігін анықтауға, сон дай-ақ қаржылық қортынды есеп мәліметтерінің ақиқаттығын растауға бағытталған. Аудитор бағдарламада құралған әр бір тармақтардың ауқымын кеңейтіп, қаралатын мәселелерді толық қамтитын және ішкі бақылаудың ұйымдастырылу дәрежесін тексеру үшін өзінің іс тәжірибесіне сүйенен отырып тест жасауы қажет. Тестің мақсаты шаруашылықтың басшыларынан, мамандарынан және бас? ада мүдделі жақтарынан қойылған сұрақтарға анық түсінікті жауап Алу үшін сауатты және түсінікті жасалуы тиіст. Тест жүйесі ішкі бақылау жүйесінің жағдайы туралы қажетті ақпараттар Алу үшін өте тиімді әдіс қана емес, сонымен қатар шаруашылықтың басшысының және мамандарының қаншалықты хабарлылығын анықтауға мүмкіндік беретін. Бір ден-бір құнды матеріал болып табылады. Оған дәлел – аудитор аудиторлық тексеру бағдарламасында және бақылау парақтарында (беттерінде) келтірілген аудиттің іс әрекетінің дәйектілігін сақтай отырып талдап, бухгалтер лік есеп және қортындылар қаржылық есеп мәліметтерінің тест жүргізудің нәтижесінде алынған жауаптардың дұрыстығын анықтап ішкі бақылау жүйесіне баға беру болып табылады.

Бұдан міндетті түрде тест жасау керек деген ой туындамау керек. Тест жасау, жасамау аудитордың өз еркінде десекте, аудитке қалам тартып зертеп жүрген. Ғалымдар мен авторлардың көпшілігі тест жасауды мақұлдайды. [25. 13-14 беттер]

Нақты тексеру дегеніміз – натуралдық түрде тексеретін объектінің көрсеткіштерінің нақты жағдайын зерттеп оларды анықтау. Нақты тексерудің көмегімен бастапқы құжаттар мен есеп жазуларының толықтығын, дұрыстығын анықтайды. Осыған орай нақты тексерудің методикалық тәсілдері бойынша тексеретің объектінің нақты жағдайын анықтау, орындалған жұмыстар мен оның көлемін анықтау, орындалған операциялардың құжаттарда дұрыс көрсетілуін анықтау және т.с.с.

Нақты тексерудің тәсілдері төмендегідей үш топқа бөлінеді:


  1. Түгендеу

  2. Эксперттік бағалау

  3. Көзбен шолу байқау.

Түгендеу- негізгі құралдардың, тауарлы-материалдық құндылықтардың, ақша қаражаттарының нақты қалдығын анықтау тәсілі және олардың бухгалтерлік есеп көрсеткіштеріне белгілі бір мезгілге сәйкестігі.

Эксперттік бағалау – кәсиби мамандар мен орындалған жұмыстардың, олардың сапалары, өндірілген өнімдердің көлемін эксперттік түрде анықтау тәсілі.

Көзбен шолу байқау – цехтардағы, бөлімшелердегі жұмыстардың ұйымдастырылуын зерттеу, қоймадағы тауарлы-материалдық запастардың сақталуын тексеру, метериалдардың сыртқа шығарылуын және ішке кіргізілуін тексеру.Аудиторлық қызмет жөніндегі заң, оның ролі және мазмұны. Аудиторлық қызмет екі топқа жататын құжатқа сәйкес ұйымдастырылуы қажет: мемлекеттік заң актілері және аудиторлық стандарт бойынша.

Аудиторлық жұмыстың тәуелсіз тексеру екендігін ескере отырып, оларға құқылық негіз беру қажет. Міне осыны ескере отырып 1998 жылы Қараша айының 20 күні ҚР Президентінің Жарлығы бойынша “Аудиторлық қызмет” жөнінде Заң қабылданды. Бұл заң аудиторлық қызмет жүргізу үшін мемлекеттік органдар мен заңды және жеке тұлғалардың өзара қарым – қатынасын реттеу. Бұл заңды ҚР территориясының тұратын барлық субъектілер қолданады. Заң 6 тараудан, 25 баптан құралған.

1-тарау – Жалпы жағдай (1-4 баптар)

2-тарау – Аудиторлар палатасы, аудиторлар және аудиторлық мекемелер (5-8 баптар)

3-тарау – Аудиторларға үміткелерді аттестациялау және аудиторлық қызметке лицензия беру (9-13 баптар)

4-тарау – Аудиторлық қызметті ұйымдастыру, жүргізу (14-16 баптар)

5-тарау – Аудиторлар мен аудиторлық мекемелердің міндеті, жауаптылығы, құқысы (17-20 баптар)

6-тарау – Аудиторлық қызмет жасайтын субъектілердің міндеті, жауаптылығы, құқысы (21-25 баптар) [23. 103-115 беттер]

Нарық экономикасына көшу кезеңіндегі аудиттің ролі және оның негізгі функциялары (қызметтері). Нарық экономикасы кезінде аудит тәжірибе жөнінде кәсіпкерлік қызметтердің бір түрі ретінде басты роль атқарады.

Төмендегідей функцияларды орындауы тиіс:



  • эксперттік ;

  • аналитикалық ;

  • кеңес беру ;

  • өндірістік.

Бұл функциялар схемалық түрінде былайша көрінеді :


Ішкі

тексерудің жағдайы



Ұсыныс жасау

Құқық жөнінде
Мүліктерді бағалау т.б. жөнінде

Отчет жасау үшін есепті тұрақты түде жүргізу

Осы схемада келтірілген аудиттің функцияларына қарасақ, ең алдымен аудитор экспертпен айналысуы қажет есебін, яғни шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық отчетын тексеру, өзінің қорытынды жазу мақсатында, өз пікірін айту жөнінде, отчет көрсеткіштерінің дұрыстығын және қаржы жағдайларының шындығын, олардың бухгалтерлік есепті белгіленген стандартқа және заңға сәйкес екендігін анықтап беру үшін. Отчетты тексерген кезде, оның кейбір формаларына көңіл бөліп, оны тереңірек зерттеуі қажет, ең алдымен бухгалтерлік балансты, оның көрсеткіштерінің дұрыстығын, бухгалтерлік есептің жазуларына сәйкес екендігіне көзін жеткізуі қажет. Шоттардағы жазулар бастапқы құжаттардың, мәліметтердің көрсеткіштеріне сәйкес болу керек. Сол себепті тексеру кезінде бухгалтерлік жазуларға, құжаттарға аса ұқыпты түрде көңіл бөлуі керек. Бұл көрсеткіштердің анықтылығына толық көзін жеткізу үшін түгендеу жүргізуіне болады, яғни қолда бар ақша қаражаттары мен материалдық құндылықтардың дұрыстығын, дәлдігін анықтайды.

Қаржылық отчеты толық тексерген соң аудитор қорытынды жазып, оны тапсырыс берушіге беруі қажет. Осы қорытындының нәтижесі бойынша тапсырыс берушілер өздерінің шешімдерін қабылдауына, бузгалтерлік есеп пен отчетты одан ары жақсартуға әсерін тигізеді.

Аналитикалық функцияның атқаратын ролі өте зор. Аудитор қаржы отчетын және қаржылық жобаларды талдай отырып, қаржы жағдайын жақсарту жөнінде өзінің ұсыныстарын береді. Ұсыныстар мен қатар сол НИМЭКС ЖШС-дің келешекте дамуы жөнінде өзінің пікірін айтады. Сонымен қатар аудиторлық жұмыс жүргізген мезгілде сол НИМЭКС ЖШС-дің әртүрлі сұрақтары бойынша кеңес беріп отырады. Бухгалтерлік есеп жөнінде, салық жөнінде, табыс жөнінде, декларация жасау жөнінде, ұйымдастыру сұрақтары бойынша т.б. сұрақтарға кеңес береді.

Нарық экономикасы дамыған мемлекеттерде кеңес беру функциясының ролі өте зор. Өйткені бұл мемлекеттерде аудиторлық қызметтің салмағы кеңес беру функциясына аударылған. [23. 78-81 беттер]

Аудиттің мақсаты, пәні және міндеті.

Әрбір ілімнің өзіне сәйкес пәні болады. Олсол ілімнің басқа салалардағы ілімнен айырмашылығын, оның өздеріне тән қасиеттерін, шектелуін анықтау үшін қажет.

Тану теориясына байланысты қандай да ілім болмасын, оның мәні объективті шындыққа негізделген. Егер, экономикалық теорияның пәні өндірістік қатынасқа, экономикалық заңдарға байланысты болса, аудит те барлық экономикалық ілімдер сияқты, шаруашылық жүргізуші субъектілердің өндірістік қатынастарын дамыту процестеріне негізделген. Бірақта, олар сол процестердің белгілі жұмыстарының бір бөлімін ғана қарастырады.

Сонымен, аудиттің пәні дегеніміз шарт бойынша және келісім арқылы тәуелсіз эксперттік негізде және бухгалтерлік (қаржылық) отчетты талдау, т.б. шаруашылық жүргізуші субъектілердің орындаған жұмыстарының дұрыстығын, анықтығын анықтай отырып, оған толық түрде объективті баға беру, сонымен қатар ішкі аудиттің тексеру жүйелерінің қабылданған есеп саясатына, нормативтік актілерге сәйкестігіне көңіл бөлу.

Осы келтірілген аудит пәнінің анықтамасы біздің ойымызша барлық талаптарға сай келеді деп ойлаймыз.

Арнайы әдебиттерде, т.б. ілімнің пәні мен объектілері бірдей деп немесе бір-біріне ұйқас деп айтылады, бірақта бұл түсініктемелер бір-бірімен ұйқас болғанымен, олардың мағыналары ажырата білген жөн. Объекті дегеніміз сол ілімнің оқитын пәнінің шындығы.

Мысалы: дәрігерлік ілімнің объектісі-адам болып есептелінсе, экономикалық ілімнің объектісі – мемлекет экономикасы, олардың салалары. Ал, аудиттің объктісі белгілі бір шаруашылық жүргізуші субъектілер (кәсіпорындар, бірлескен кәсіпорындар, т.б.) .

Аудит объектілеріне мыналар жатады: шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы жағдайлары, олардың өндірістік жұмыстары, шаруашылық жұмыстарының экономикасын дамыту жөнінде және тиімділігі жөнінде ұсыныс беру.

Егер, аудит объектісі болып жоғарыда айтылғандар болса, онда олардың міндеті болып мыналар есептелінеді: сенімділігі, нақтылығы, отчет көрсеткіштерінің ұқыпты түрде тексерілуі, олардың толықтылығы, дұрыстығы. Осыған орай аудиттің міндеті – қаржы нәтижесі бойынша жасалынған отчетқа (есептілікке) аудиторлық қорытынды беру, олардың бухгалтерлік есебі мен қаржы нәтижелері бойынша жасалынған көрсеткіштерінің заңдарға, стандартқа, нормативтерге сәйкестігін тәуелсіз экспертиза бойынша дәлелдеп көрсету және оның дұрыстығын анықтау. Ол жөнінде Аудиттің Қазақстандық стандартында толық мәлімдеме берілген. Аудиттің Қазақстандық бірінші стандартында былай делінген: “Қаражат нәтижесінің отчеттарын аудиторлық тексеру жүргізудің негізгі міндеті аудиторлық қорытындының заңдар мен нормативтік актілерге сәйкес жасалғандығын анықтау” .

Осы айтылғандарға сәйкес аудит пәні мен объектілерінің алдында төмендегідей мақсат пен міндеттемелер қойылады:


  1. Субъектінің ( ЖШС, акционерлік қоғамның, фирманың, бірлескен ЖШС т.б.) қаржы нәтижесі жөніндегі отчеттың (есептіліктің) дұрыстығын қамтамасыз ету;

  2. Дұрыс шешім қабылдау үшін керекті мөлшерде қажетті мағлұматтарды жинастыру және оларды бағалау;

  3. Тұрақты түрде субъектілердің экономикалық көрсеткіштерін талдау;

  4. Бухгалтерлік есепті жүргізу және отчет жөніндегі: заңдардың, қаулылардың, нұскаулардың дұрыс қолданылуын және іске асырылуын бақылау;

  5. Бастапқы құжаттардың белгіленген нормаға және нормативке сәйкестігін тексеру;

  6. Клиенттерге бухгалтерлік есепті дұрыс жүргіз, салық салу, құқық т.б. жөнінде кеңес беру;

  7. Өз клиенттерінің санының көбеюіне және олардың нығаюына ат салысу;

  8. Аудиторлық тексеруді жоғары сапада жүргізу. [23. 82-95 беттер]


3.3 Бухгалтерлік есеп жүргізу жолдарына аудиторлық қорытынды
Аудит жұмысы бір жүйеге клтірілген белгілі бір құжаттар арқылы жүргізілетін құжаттар арқала сатылап жүргізілетін тиянақты жұмыс.

Аудит тоериясында оның жүргізілцуі бірнеше сатыға бөлінеді:

Бірінші сатысы Жалпы қарастыру. Тапсырушылармен жұмыс істеу, аудитор ұйымдарды үшін жасау екзеңнен басталады. Олар дейті себебіміз: аудитор ұйымы өзінің тапсырушының аудиті аудит жүргізгенне бұрын оынң қаржы шаруашылығына толық зерттеу бастап, алдын ала өз пікірін тұжырымдайды. Соынмен қатар нақыт материалдарға сүйене отырып, оынң маркетинг жұмысын, құрал жабдықтық жағдайын, өндірістік жағдайын, өнім сату процесін толық зерттейді.

Екінші сатысы. Алдын ала танысу. Аудитор ұймы шарт жасасқан шаруашылық субьекмтісі мен аудит жұмысын бастаудан бұрын оның қаржы шаруашылық жағдайымен танысу мен зерттеуден бастайд. Осы кезде аудитор субьектінің қаржы есебін басылымға шыққан көресткішерін сұрастырулар зерттеп ғана қоймай сол субьекті туралы әр түрлі жүргізеді.Яғни субьект шаруашылығы күрделі болса оны зерттеу,танысу процесі де күрделі болады.аудит жұмысын сәтті,жедел,тиімді жүргізу қажет.

Үшінші сатысы:Аудит жұмысына бағдарлама.

Қандай жұмыс болмасын оның тиянақтылығы және жүйелі орындалуы үшін сол жұмысқа бағдарлама,жоспар жасауы қажет.Қазақстанның аудит стандарты (7-шілдесінде) аудит жұмысының жоспарлануы,оның тиімділігін,сапалылығын және белгіленген уақытта орындалатындығын атап көрсеткен.Аудит бағдарламасын жасау дегеніміз оның мағынасын және мақсатын тапсырушы талабына сәйкес,оның шаруашылық процесін түгелдей қарастырып тексеру жасауды тиянақты жүргізуге негіз болады.Аудит бағдарламасында аудит объектісі түгелдей анықталуы қажет.

Аудитті орындау сатысында,аудит процесін жүргізу үшін ол тиімді әрі жйелі болуы үшін бағдарламада оның тақырыбын немесе обьектілерін тізбектеп атап көрсету орынды:


  • негізгі құрал, материалдық емес активтер және күрделәі шығындар аудиті;

  • материалдар есебінің аудиті;

  • өндіріс шығындарының аудиті;

  • дайын өнім және оны сату процесінің аудиті;

  • ақша қаржысының, есептеу процеснің, инвесттициямының аудиті;

  • әр түрлі қорлар, резервтер, қаржылық табымстылық көрсетбкіштерінің аудиті.

Аудитор аудиторлық тексеру нәтижесі туралы есебін жасайды. Оны тапсырушыға шартында белгіленген мерзімнен кешіктірмей өткізуі қажет. Ол арнайы құжат “Қабылдау- өткізу актісі” арқылы орындаладжы. Негізінде аудит есебі қортынды Қазақсатннның бесінші стандартында келтірілген “қаржы есебін тексерудің аудиторлық қортындысы” талабына сәйкес жасалынады.

Басқадай көрсетілген аудиторлық қызметтер арнайы анықтама жазып берумен, сараптау қортындылары немес басқадай түрдегі актілермен анықталып тапсырылады.

Негізінде аудит есебінің мазмұнымен түрі арнайы принциптерге сәйкес болуы қажет.Олар:


  • есебінің тақырыбы болуы қажет, себебі әр бір есеп басқа есептерден өзінше бөлектеніп байқалатын болуы қажет;

  • аудит ессебінде аудит көлемі, мақсаты, ондығы мәліметтің шектелуі анықталуы қажет;

  • аудит есебі басылымға шығатын болса, онда оған қоса сол есепте негіз болған қаржылықты анықтаушы құжаттар да басылымға бірге шығуы қажет;

  • аудит есебінде барлық тексерілген қаржылықты анықтайьтын құжаттар түгелдей көрсетілуі тиіс;

  • ессебінде аудитті құұққылық негіз болатын за құжаттары, нормативті құжаттар көрсетільуі қажет;

  • есебінің мазмьұнында тұтынушылар үшін қажетті мәліметтер бухгалтерлік жәгне аудиторлық стандарттар талабына сай, тексеру әдістемесін дұрыс қолданғаны анықталған болуы қажет;

  • есептің мазмұнында келтірілген анықтамалар, түсініктер өте тиянақты түсінікті, күдіксіз, анық болуы қажет.

Осы принциптерге негізделе отырып, Қазақстанның 5-ші стандартында аудит қортындысының негізгі элементтері келтіріліп, оның мазмұны мен жүйесі анықталады.

Аудитор қортындысының негізгі бөлімінде аудитор тексеруін жалпы көлемі, мазмұны келтіріліп, оның құқықтық жағы Қазақстан стандарттарына сүйенен отырып жүргізілетіндігі көрсетіледі. Осы аудит материалы қолданушылар, тұтынушылар үшін сенімді мәлімет болады. [23. 132-133 беттер]

Аудит қортындысының негізгі бөлімінде келтірілген мәлімсет қаржы есебінде жіберілген қате немесе кемшіліктер болуы мүмкіндігін, аудит күдігі қандай мөлдшерде зияныды болатынын қарастырады. Яғни ол көрсеткіштерді мәлімет тұтынушылардың есіне салады. Одан кейін, аудит технологиясының барысы көрсетіледі:


  • тест арқылы талдау жасау. Қаржы есептерін құжаттар арқылы дәлелдеу, анықтау;

  • бухгалтерлік есеп принциптерін, оның қаржы есебін жасаудағы тиімділігін нақты, дәлелді түрде көрсету;

  • жалпы қаржы есебіне баға беру;

Аудит есебінің қортындлау бөльімінде аудит қортындысын жасау қажет. Оның негізгі мақсаты субьектінің қаржы есебінің дұрыстығын, оныңғ мемлекет заңына, нормативтік құжаттар талабына, бухгалтерлік және аудиторлық стандарт талабына сайкес жасалғандығын көрсету. Қаржы есебі туралы басқадай нақты мәлімет қажет болған жағдайда аудитор оны жеке анывқтамалар, сараптау қортындылары арөқыл көрсетіледі.Қазақстандағы аудит стандартының талабына сәйкес аудит қортындысының түрі мен мазмұны бір жүйеге келтіріледі.

Шет елдердер тәжірбиесінде сүйене отырып, қәзір Қазақстанда аудит қортындысы төрт түрде жазылады:



  • күдіксіз- сенімді аудиторлық қортынды.

  • күдіксіз- ескерту келтірілген қортынды;

  • күдікті- сенімсіз аудит қортындысы

  • теріс қортынды.

Күдіксіз- сенімді аудит қортындысы аудиторлық тексеру барысында ешқандай қате қаржылық есебі мүлтіксіз дұрыс болған жағдайда, бухгалтерлік есеп заңдылық пен, мемлекет бекіткен ереже- нұсқау талабына, бухгалтерлік -аудиторлық стандартқа сәйкес жүргізілген жағдайда ғана беріледі . Төменде ол аудит қортындысының мазмұнын келтіреміз.
Аудитор қортындысы

(үлгі ретінде)

Дербес аудитор Есжанов Сейдазим аудиторлық қортындысы. Біздер “Бірлік” кооперативінің 2005-2006 жылғы қаржы есебіне аудиторлық тексеру жасадық. Қаржы есебінің мәліметіне кәсіпоынның басшысы жауапты. Біздің міндетіміз сол қаржы есеібне тексеру жасап, аудиторлық қортынды беру.

Біз аудиторлық тексеруді Қазақстаннынң аудит стандарттарының талабына сәйкес жүргіздік. Ондағы анықталған мақсат бойынша қаржы есебінің дұроыстығын, айтарлықтай кемшіліктің жоқ екенін анықтап бухгьалтерлік есеп көрсеткіштерін негізге ала отырып, аудиторлық қортынды мазмұнын анықтау. Сол үшін кәсіпоырның шаруашылық барысының тапсырушы шартында көрсетілген обьектілер тексерілді. Нақты айтқанда банк операциясы, касса операциясы, өндіріс процесі, дайын өнімді сату және қызмет көсрету әрекеттері, еңбек ақы, төлем есебі, бюджеттен әлеуметтік қамсыздандыру меккемелерімен есеп айырсу, негізгі құрал және материалдық емес активтер, несие алу жбәне оны төлеу операциялары тексерілді.

Біздің ойымызша, тапсырушының қаржы есебі 31.12.2005. жылға, шаруашылық кәсіпоырнының 01.01.2006 жыл арлығындағы барлық бөлімдерінің қаржылық жағдайын толық, дұрыс көрсеткен. Бухгалтерлік есеп Қазақсатан Республикасының заңына сәйкес жүргізілген.

Аудитор Есжанов С

15.04.2006 ж

Аудит қортындысы негізінде құпиялық принципте ұсталатын құжат. Сондықтан аудит қортындысы тек қана кәсіпорын басшысының қолына тікелей тапсырылды. Тапсырушыға аудитор қортындысмен бірге аудит есебі тапсырылды.

Аудитор өзінің есебінде тапсырушының бухгалтерлік есебін қаржы есебін, тағы басқада экономикалық жұмысындағы кемшіліктерді, қателерді нақты анықтап көрсетті.Ал, оны түзету немесе бухгалтерлік стандакрт сәйкес етіп жөндеу ол кәсіпорынның жұмысы. Аудитор ешқандай есеп жұмысына немесе басқалай эконосмикалық қызхмет жасауға міндетті емес.[23. 132 бет]





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет